Гистология және цитология даму тарихы

Гистология (грекше histes — ұлпа, logos — ілім, ғылым) жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым.  Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.

Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты зерттеулердің негізінде әр түрлі ұлпалар мен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяғына дейін созылған.

Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптын шығуынан басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскоп құрастырған екен деген мәлімет бар.

Алғашқы ойлап табылған микроскоптар ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолданылмады. Ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, жеке ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук   “клетка”   деп  атады   (гректің   “китос”— қуыс  деген сөзінен шыққан). Сонымен Р. Гук “клетка” деген терминді алғаш қолданған ғалым. Бұл қазіргі әрине біздін ұғымымыздағы клетканың ашылуы емес.

Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскопты өсімдіктердің құрылысын зерттеуге қолданды. 1671 жылы Мальпиги “Өсімдіктер анатомиясы жөніндегі түсініктер” деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда “Өсімдіктер анатомиясы” деген кітабын жариялады. Сонымен бірге Грю 1671 жылы “Өсімдіктер анатомиясының бастамасы” деген еңбегін де Лондонның Королевалык қоғамына тапсырады. Мальпиги, әсіресе, Грю өсімдіктердің микроскопиялық күрылысын зерттей жүріп өсімдіктердің әр түрлі беліктерінің күрамында көпіршіктердің болатынын анықтайды. Өсімдіктердің клеткалық қүрылысын зерттеген XVII ғасырда зерттеуші А. Левенгук болды, бірақ та ол өзі ашқан жаңалықтарынын маңызын үғына алмады. А. Левенгук жануарлар клеткаларында эритроциттерді, сперматозоидтарды, бір клеткалы жануарларды алғаш зерттеп көрді. Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің “клеткалық құрылысы” ашылды. Бірақта шын мағынасындағы клетка осы ғасырда өмір сүрген оқымыстыларға белгісіз болды.

XVII ғасырдағы микроскоптың құрылысы әлі де тым қарапайым болатын. Ал XVIII ғасырда микроскоптың құрылысына біршама жаңалықтар еңгізілді — штативі азды-көпті жетілдірілді. Бұның себебі XVIII ғасырда ғұмыр кешкен ғалымдар микроскопқа аз көңіл бөлді, күнделікті ғылыми жұмысқа қолдана бермеді.

XVII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезінде өсімдіктер клеткасын зерттеуде елеулі жаналықтар болмады. XVII және XVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы зерттелді. XIX ғасырдың басында ғалымдар өз назарын клетканың ішіне аудара бастады. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада ядроны (1825) байқады. Оны алғаш тауық жұмыртқасынан тауып, ұрык көпіршігі деп атады. Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы. Р. Броун ашты. Осыдан соң клетканың қалған құрылымьш атау үшін Я. Пуркинье протоплазма (1839-1840) деген термин енгізді. Сонымен 1830 жылдары өсімдіктер анатомиясьш зерттеу ісінде елулі жаңалықтар ашылды. Егер де XIX ғасырдың басында клетканың өзінің не екендігі, өсімдіктердің клеткалық қүрылысының маңызы жөніңдегі мәселе әлі де анық болмаған болса, өткен ғасырдың  екінші   ширегінің  бас  кезінде  жағдай  баскаша өзгерді. Клетканың барлық өсімдіктер организмінің қүрылымдық элементі екендігі белгілі болды.

XIX ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралуы клеткалық қүрылыстын өсімдіктерге ғана емес, жануарлар организміне де тән екенін көрсетті. Бүл бағытта Я. Пуркинье мен И. Мюллердің мектептері көп еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста Пуркииье өзінің шәкірттерімен бірге (әсіресе Валентинмен) адам мен жану-арлардың әр түрлі үлпаларын зерттейді. Пуркинье микро-скопиялық анатомияның ғана емес, сонымен бірге микроскопиялық техниканың да негізін салушылардың бірі болды.

Иоганнес Мюллер мектебі ғылым тарихында ерекше орын алады. Оның шәкірттері: Т. Шванның, Я. Генленің, Р. Ремактың, гистологияның негізін қалаушылардын бірі А. Келликердін, Э. Дюбуа-Реймонның, Р. Вирховтын, Э. Геккельдің, И. М. Сеченовтың енбектері бүкіл әлемге мәлім. 1838 және 1839 жылдары немістін екі ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн көптеген деректік материалға сүйеніп клеткалық теорияны жасады. Т. Шванн клетканы өсімдіктер мен жануарлардың универсал-дық құрылымдық компоненті деп қарастырды.

Алайда, М. Шлейден мен Т. Шванн организмдегі клеткалар қүрылымы жоқ заттан пайда болады деп қате түсінген. Клеткалық теория барлық тірі табиғаттың біртүтас екендігін көрсетеді. Оның биологияның дамуына ғана емес, философияның да дамуьша үлкен прогрессивтік әсері болды.

Ф. Энгельс клеткалық теорияны XIX ғасырдағы үш ұлы жаңалықтың (энергиянын түрақтылық заны, клеткалық теория және Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Клеткалық теория шыққаннан кейін 20 жылдан соң неміс дәрігері Рудольф Вирхов (1859) клетка клеткадан ғана пайда болады деген корытынды жасап клеткалық теорияны одан әрі дамытты.

Қазіргі кездегі клеткалық (жасушалық) теорияның негізгі қағидалары мыналар:

  1. Жасуша— тіршіліктің  ең нәзік әрі кішкене бірлігі (единицасы);
  2. Түрлі  организмнін клеткалары қүрылысы  жағынан ұқсас;
  3. Клеткалар бөліну арқылы көбейеді;
  4. Көп клеткалы организмдер клеткалар мен олардың туындыларының жиынтығы.

XIX ғасырдың ортасынан бастап гистология жедел дамыды. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалар қүрамы және олардың гистогенезі түбегейлі зерттелді. Осымен бірге Еуропада Гассельдің, Келликердің, Лейдигтің және басқалардың алғашқы гистология жөніндегі оқулықтары щықты.

Микроскоппен зерттеу әдістері мен оның техникасының жетілуі XIX ғасырдың екінші жартысында гистологияның жедел дамуына жағдай жасады. Осы кезде жақсартылған иммерсиялык объективтер тәжірибеге енгізіліп, микроскоптың үлкейтіп көрсету мүмкіндігі артты, жаңа фиксаторлар — формалин (Блум 1893), хром қышқылы (Ганновер 1840) жәие пикрин қышқылы (Ранвье 1865) тағы басқалары қолданыла бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы елеулі жаңалық микротомның шығуы, оны Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац жасап шығарған. Осы қүралдың гистология тәжірибесіне енуі клеткалар мен ұлпалардың нәзік қүрылысын зерттеуге мүмкіндік берді. 1876 жылы клетка орталығы, 1894 жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи аппараты ашылды. Осы органоидтардын ашылуы цитоплазмада клетканың тіршілігі мен кызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті.

Клеткалық теорияның қалыптасуьша клетканың бөлінуі жайындағы жаңалыктың ашылуы игі әсерін тигізді. Клетканың тікелей емес бөлінуі жөніндегі алғашқы мәлімдемені 1873 жылы Шнейдер жасаған. Оның бүл жаңалығы кезінде тиісті бағасын ала алмады. Сонымен бірге автордын өзі де жаңалығшшң универсалдық зор маңызын жете ұғына қоймаған болатын. Бүдан кейінгі жылдары клетка бөлінуінің жаңа әдістері туралы көптеген ғылыми еңбектер жарияланды.

1874 жылы Н. Д. Чистяков митоздық бөлінудің бірнеше фазаларьш жазды. Ол жанадан пайда болған клеткалардың ядросы аналық клеткалар ядросының бөлінуінің нәтижесінде пайда болатынын түсінді. Бірақ та Н. Д. Чистяков бөліну фазаларының тәртібін толықтай біле алмады. 1875 жылы клетка бөлінуінің жаңа ашылған әдісіне арналған бірнеше енбектер басылып шықты. Э. Страсбургер бірнеше өсімдіктер митозын баяндауға арналған “Клетканың бөлінуі және клетканың пайда болуы” деген моногра-фиясьш жарыққа шығарды. Страсбургер өсімдіктермен бірге шеміршек клеткаларының, асцидий жүмыртқасының бөлінулерін де қарастырды. Түрлі организмдердің тікелей емес  бөлінуі   ортақ  заңдылықпен  жүретінін  Страсбургер дүрыс түсінді. Бірақ та митоздың жеке детальдарына баға берген кезде ол еңбегінде көптеген кателер жіберді.

1978-1879 жылдар кариокинез ашылуының шарықтау кезеңі болып саналады. 1878 жылы Страсбургердін “Клетканың бөлінуі және үрықтану жөнінде” деген екінші монографиясы шықты. 1879 жылы В. Шлейхердің, П. И. Перемежконын және В. Флеммингтің осы тақырыпқа арналған еңбектері жарық көрді. Флемминг өзінің “Клетканың субстанциясы, ядросы және клетканын бөлінуі” деген 1882 жылы шыққан монографиясында кариокинез жөнінде шықкан жүмыстарды қорытты. Осы кездегі қолданылып жүрген кариокинезге байланысты көптеген терминдер Флеммингтің осы монографиясында қолданылады. Мысалы: тікелей және тікелей емес бөліну, митоз және амитоз, ядро торы, хроматин мен ахроматин, экваторлық пластинка, аналық және балалық жұлдыздар. “Кариокинез” деген терминді казіргі мағынасында пайдаланған да Флемминг.

“Профаза”, “Метафаза” және “анафаза” деген терминдерді Э. Страсбургер 1884 жылы, “телофаза” деген тер-минді 1894 жылы Гейденгайн үсынған.

Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бүл сала Ресейде де дами бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт-Петербург (1864), Мәскеу (1866), Харь-ков (1867), Қазан (1871), Томскі (1883) университеттерінде және Санкт-Петербургтің Дәрігерлік-хирургиялық академиясында (1869) гистология кафедралары ашылды. Осы кафедралардың алғашқы меңгерушілері А. И. Бабухин, Ф. В. Овсянников, Н. М. Якубович, Ф. Н. Заварыкин, К. А. Аршптейн, П. И. Перемежко, Н. А. Хржонщевский болған еді. 1869 жылдан бастап Мәскеу университетінің гистология кафедрасын А. И. Бабухин (1835-1891) басқарды. Оның шеткі нерв талшықтарының нәзік қүрылымын анықтаған, балықтардың электрлік органдарынын гистофизиологиясын, кез бүршағын және иіс-сезім органьш зерттеуге арналган енбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. А. И. Бабухин өзінің гистофи-зиологиялық бағытын одан әрі жалғастырған көптеген шәкірттерін (И. Ф. Огенев, А. А. Колосов, Н. А. Арсеньев) кдлдырды.

Қазан гистологтар мектебін ашқан К. А. Арнштейн (1840-1919). Оның негізгі еңбектері шеткі нерв ұштарын зерттеуге арналған. Қазан нейрогистологтар мектебіне жататындар: А. С. Догель, А. Е. Смирнов, Д. А. Тимофеев,

Б. А. Лаврентьев, А. Н. Миславский тағы басқа көрнекті мамандар.

Санкт-Петербург университетіиде гистология кафедрасын 1864 жылдан бастал академик Ф. В. Овсянников (1826-1906) басқарды. Ол морфологиядағы гистофизиологиялық бағыттың негізін салушылардың бірі болды. Ф. В. Овсянников әр түрлі жануарлардын нерв жүйесі мен сезім мүшелерін зерттеген.

А. С. Догель (1852-1922) Томск, кейіннен Санкт-Петербург гистологтар мектебін ашкан ғалым. Ол өз еңбектерінің көпшілігін вегетативтік нерв жүйесі мен сезім мүшелеріне арнаған. А. С. Догельдің шәкірттерінің бірі — академик А. А. Заварзин (1886-1945) болды.

Санкт-Петербург гистологтар мектебінің негізін қалаушылардың бірі М. Д. Лавдовский (1847-1963) қуықтың ганглия клеткаларына, нерв талшықтарының ре-генерациясы мен дегенерациясы жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Ол Ресейдегі салыстырмалы гистология мен микро-физиология саласында да танымал.

Орыс гистология ғылымының негізін салушылардың бірІ — орталық нерв жүйесінің нәзік құрылысын зерттеумен есімі танылған Н. М. Якубович (1817-1879). Киев университетінің гистология, эмбриология және салыстырмалы анатомия кафедрасын ұйымдастырған П. И. Пере-межко (1823-1863). Оның негізгі енбектері клетканын белінуіне арналған. Кенес өкіметінің гистология мектебі цитологияның, гистологияның онан әрі дамуына үлкен үлес қосты (Д. А. Тимофеев, А. Н. Миславский, А. А. Заварзин, Б. И. Лаврентьев, Н. Г. Хлопин, А. В. Румянцев және т. б.).

Б. И. Лаврентьев пен А. А. Заварзин нерв жүйесінің салыстырмалы морфологиясын, А. В. Немилов пен А. В. Румянцев ішкі секреция мүшелерішң қүрылысын, Н. Г. Хлопин үлпалардың қүрылысы мен дамуын, Г. Н. Хрущев лейкоциттер жүйелерінің салыстырмалы гистологиясын зерттеуде үлкен табыстарға жетті. Қазақстан галымдары да: академик Ф. Мүхамедғалиев, Қазакстан ҰҒА-ның кор-респондент мүшелері Т. Масенов, А. М. Мырзамадиев, А. Ракышев, профессор Г. Мұсағалиева, биология ғылымдарынын докторы, профессор М. Нүрышев т. б. гистология мен цитологиянын дамуына белгілі дәрежеде өздерінін үлестерін қосты.

Гистология кептеген биологиялық пәндермен, жалпы және салыстырмалы анатомиямен, эмбриологиямен, физиологиямен, биохимиямен, зоологиямен тағы пәндермен тығыз байланысты.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!