Бүйрек поликистозы

Бүйрек поликистозы – тұқым қуалаумен жүретін, екі бүйректі зақымдайтын ауру. Бүйрек поликистозының екі түрін анықтайды (балалық кездегі және ересектік).

 

Снимок9987

 

Бүйректің кистозды зақымдалуының әртүрлі формалары. 1 -тотальді, 2-солитарлы киста, 3-ошақты түрде зақымдалу

 

 

Этиологиясы: Бүйрек поликистозының себебі болып, алғашқы аптадағы эмбриогенездің бұзылуы.  Поликистоз кезінде бүйрек үлкейген пішінде, әртүрлі формада деформацияланған болады. Поликистозбен ауырған балалар ішінде 5% бауырдың кистозды өзгерістерін, ал 4% көкбауыр, сирек жағдайда өкпе, ұйқы безі, аталық без зақымдалады.

 

 

Клиникалық көрінісі:

Бүйрек поликистозының көрінісі кистозды дисплазия  таралғандығы мен көлемімен көрініс береді. Қатерлі түрімен кездесетін балаларда ауру ерте көрініс беріп, тұрақты түрде лейкоцитурия, транзиторлы гематурия, протеинурия, гипоизостенуриямен көрінеді. Кейбір жағдайларда артериалды гипертензия дамиды. Дамып келе жатқан ауру өте тез Бүйрек созылмалы жетіспеушілігіне алып келеді.

Баяу дамып келе жатқан поликистоз ересек жаста көрінеді. Науқастар бел аумағындағы тұйық (тупой) ауырсынуға, тез шаршағыштыққа шағымданады. Асқынған жағдайда, пиелонефрит және артериалді гипертензия белгілері пайда болады. Науқастың жанұялық анамнезін толықтай алып, тексеру көп жағдайда дұрыс диагноз қоюға көмектеседі.

 

Диагностика

Поликистозды негізінен УДЗ, экскреторлы урография, ангиография және КТ арқылы байқауға болады.

Эхограммада бүйрек паренхимасының проекциясында көптеген эхотеріс (эхонегативные) көлеңкелер көрінеді. Олар сопақша тәрізді пішінде, және бүйректің коллекторлы жүйесімен байланыссыз орналасады. Поликистозға күдік туғанда тек қана бүйректі тексермей, қосымша бауыр, ұйқы безі, жыныс бездеріне де УДЗ жүргізу керек.

Урограммаларда бүйрек функциясының сақталуымен бірге оның көлемінің үлкеюін көреміз. Бірақ дерттің алғашқы бастапқы кездерінде урограммада көрініс бермеуі мүмкін.

Снимок547

 

Бүйрек паренхимасындағы көптеген кисталар. Ультрадыбыстық зертту

 

Емі:

Консервативті емнің бағыты –дертке қосылған пиелонефрит пен артериалді гипертезниямен күресіп, су-электролиттік балансты түзету. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі табылса, гемодиализ және бүйректің трансплантациясы қажет болады.

Кисталардың жоғары жылдамдықпен үлкейгенін байқасақ –хирургиялық ем қолдану керек. Ол –кисталарға пункция жасау. Бұл процедура, Ультрадыбыстық бақылумен немесе лапароскопиялық техникамен жасалады. Бұл ем кисталардың көлемін азайтып, қанайналымды жақсартады. Науқас жағдайы тұрақталады.

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!