Психиатрия

Психиатрия (психе – жан, иатрия – емдеу) психикалық аурулардың көріністерін, этиологиясын және патогенезін, ауру ағымының заңдылықтарын, мүмкін болатын асқынуларын, емдік шараларың және реабилитациясын қарастыратын ғылым.

 

Психиатрия басқа да ғылыми пәндермен тығыз байланыста:

философия (біріншілік материя)

психология (қалыпты және патологиялық психика, қарым-қатынас; логика заңдылықтары және оның патологиялық психикаға енуі;олигофрения және т.б.)

медициналық  пәндер  (терапия, нервтік аурулар және т.б.)

Психиатрия- жалпы медицина бөлігі болып табылады және психиатрияның  басқа бағыттары: соматикалық аурулардағы психикалық бұзылыстарды (соматопсихиатрия) және соматикалық аурулардың психикалық себептерінің пайда болуын (психосоматика) қарастырады.


 

Психикалық бұзылулардың үш дәрежесі бар:

  • Психотикалық жағдай (психоз)  мінездемеленеді көрсетілген бұзылыстарының біреуімен (сана сезімінің алжасуы, сандырақ идеялары, галлюцинациялар) және өз жағдайын сын ретінде бағаламауымен.
  • Психотикалық емес (шекаралық)  психикалық бұзылулар мінездемеленеді эмоциональды және ерік-қозғалыстық өзгерулері мен, бірақ науқастар сын ретінде бұзылуларды бағалайды.
  • Дефектілі-органикалық бұзылулар мінездемелінеді интеллектуальдік өзгерістермен, бұл ес, назар және ойлау сфералары.

 

 Психиатрияның тарихи дамуы

 1. Ежелгі кезең- ерте заманнан эллиндік медицинаның пайда болуына дейін.Бұл кезең науқастың ақаулы іс-әрекеттерінің примитивті-теологиялық түсінігін қарастырған. Жан аурулары бар науқастарға ешқандай медициналық көмек ұйымдастырылмаған.

2. Ерте гректік-римдік медицина –шартты түрде  6-7 ғасыр  біздің  эрамызға  дейінгі  уақытты қамтиды. Бұл кезеңде  жан  ауруы  бар  науқастарға  көмек көрсетуге  ынталана бастаған. Осы аурулар табиғи (нағыз) өзгерістер  деп қарастырылған . Психикалық  бұзылыстарды   теологиялық  тенденциядан тыс  түсінуге  алғашқы  қадамдар (Гипократтық  конституция және  темперамент,  истерия, ауру  дамуында жан мен  тәннің  өзара  әсері  туралы  зерттеулерінде)  жасалған. Гиппократ (460-370 гг до н.э.): меланхолия, мания, френия, эпилепсия. Психикалық бұзылыстардын гуморальдік теориясы.

Сонымен  қатар психикалық  өзгерістері  бар  науқастарға  көмек  ұйымдастыру орындары қарастырылған.

               Платон (427—347 б.з.д.)  алжасудың екі түрін ажыратқан: біріншісі құдайдың әсерінен, екіншісі жанның тепе теңдігінің бұзылысына байланысты деген. Осы кезеңде позитивті және негативті жанның класификациясы жасалған. Аристотель (384—322 до н.э.)  эмоцияларды сипаттаған (қорқыныш, үрей) және өте күшті эмоция – аффектіге бөлген.  Гален  депрессия қара өттің көп болып кетуінен деген тұжырым жасаған. Осы периодтың ең күшті ғалымы – Асклепиад болған.  Ол психикалық науқастарды емдеуде мынадай әдістер қолданған: жарық және желдетілген бөлмелер, әуендер, ванналар, массаж. Асклепиад  жедел және созылмалы ағымды ауруларды диффернциялауды және сандырак пен галюцинацияларды ажыратудың маңыздылығын айтқан. Ол психикалық аурулар эмоциональды куйзелу нәтижесі деп түсінді.

Авиценна (980—1037 б.э.)  «Медицина канондарында” психикалық бұзылыстарға әкелетін екі фактор: қемақылдылық пен махаббат туралы айтады. Ол сонымен бірге адамдардың жануарға ұқсап, солардың істерін қайталау  түріндегі ұстаманы (одержимость) сипаттады. Тағы да Авиценна  дәрігердің психикалық науқаспен сөйлесу кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы жазды.

3. Орта ғасыр  кезеңі (инквизиция) – ғылыми  көзқарас  деңгейіне  дейінгі  регресспен  сипатталады. Науқастарға  деген  көзқарас  қарама-қайшы, психикалық бұзылулар «сайтандар әсерінен» деп санау, қоғамда  оларға  деген  жеккөрініштілікпен  және оларды инквизиция алаңда  өртеген болатын. Бірақ бұл кезеңде Парцельс химиотерапияны ұсынды және  Шығыс медицинасы жақсы дамыды. Жан ауру бар науқастарға арналған алғашқы госпиталь ашылған (Багдад госпиталі), оны басқарған Гази болған.   Гази науқастарды емдеуде психологиялық анализ бен емдік әдістер қолданған. 

 

Қайта өрлеу кезеңі

      Леанардо Да Винчи ми анатомиясын  және Микеланжело екеуі психикалық науқастардың мимикаларын суреттейді. Феликс Платтер (1537-1614) : бірінші психикалық аурулардын жіктелуіПсихикалық аурулардын себептерін екіге бөлу: ішкі және сыртқы.

 Джероламо Кардано ауруды емдеу үшін науқас дәрігерге сену керек деген тұжырым жасайды. У.Харвей кардиоцентірлік теориясын ұсынады.

Томас Сиденхем истерияның түрлері сипаттады.

4. 18 және 19 ғасырдың басы – психиатрияның  медицинаға  ену кезеңі (Ф.Пинель және  Дж. Коннолли). Ф.Пинель  реформасы (1745-1826): науқастарды түрмеден шығарып; оларды ауру ретінде санау.

Дж. Конноли (1828): шынжырлардан босату;

Жан ауруы  бар  науқастарды  қинамау  принципі талқыланды. Психиатриялық  көмек үшін ауруханаларын  салу, онда  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу. Осы  зерттеулер  көмегімен  симптоматологиялық  психиатрия  дамыған.

  • А.Л.Ж.Бейль (1882): үдемелі параличтін клиникасын қарастыру.
  • Ж. Эскироль (1838): ремиссия және интермиссия ұғымдары, иллюзия мен галлюцинциялар арасындағы айырмашылығы ;
  • Н.Нойман (1814-1884): бірінғай психоз концепциясы.
  • Е.Морель (1859): дегенерация теориясы
  • 5. Э. Крепелиннің  нозологиялық  психиатрия  кезеңі – психикалық  бұзылыстардың  нозологиялық  жіктелуін  құрастыру. Эмиль Крепелин (1856-1926) – нозологиялық бірлік, емдеудің этиопатогенетикалық негізделген әдістерін жасауға мүмкіндік ашты.

Невроз  және  психоневроз  шекаралық  жағдайларын  зерттей  отырып «кіші психиатрия»  терминін  енгізген.

 

  • В.Гризингер (1845) – психикалық аурулар бұл мидың ауруы.
  • Француз психиатрлары Морель (1809-1873) мен Маньян (1835-1909) психикалық аурулардың шығуындағы тұқым қуалаушылықтын ролін зерттеуге негіз қалады.
  • К.Кальбаум (1828-1899) – нозологиялық бірліктерге бөлуге әрекет жасады, кататонияның сүреттемесін берді.
  • Е.Блейлер (1911): шизофрения ;

 

1779 жыл – Петербургта бірінші психиатриялық госпиталь ашылды.

1809 жыл Мәскуде Преображеский психиатриялық аурухана ашылды.

  • И.М.Балинский (1827-1902) – Петербургтін медико-хирургиялық академиясында 1857ж. психиатрия курсын оқи бастады.
  • И.П. Мержеевский (1838-1908) балалардың психикалық ауруларын зерттеуде әрі Ресейдегі психикалық ауру балаларға жәрдем ұйымдастыруда алғашқы қадамдар жасады.
  • С.С. Корсаков (1854-1900) – Мәскеуде 1887ж. психиатрия курсын оқи бастады. Полиневритикалық  алкогольдік психоз – «корсаков психозы».

 

Кәзіргі замандағы психиатрияның негізгі тараулары

  • Балалар, жасөспірімдер және гериатриялық психиатрия қарастырады жас шамасына байланысты психикалық бұзылулардың ерекшеліктерін.
  • Наркология бұл алкоголизм, нашақорлық және токсикоманияның диагностикасын, емін және алдан алуын зерттейтін пән.
  • Соттық психиатрия сот-психиатриялық сараптаманың және ортаға қауіпті іс-әрекеттердін алдын алуының негізгі қағидаларын іске асырады.
  • Әлеуметтік психиатрия назар аударады психикалық ауруларға алып келетін түрлі  әлеуметтік факторларға.
  • Психотерапия науқастарды түрлі психотерапиялық әдіс әсерлері мен емдейді.
  • Сексопатология сексульді бұзылулардын емі мен алдын алуын қарастырады және жүргізеді.
  • Әскери психиатрия әскедегі адамдарда психикалық бұзылулардың  ерекшеліктерін қарайды.
  • Экологиялық психиатрия экологиялық апаттар кезінде психикалық өзгерістерді қарайды.

 

Психиатриялық көмекті ұйымдастыру

Аурудың алдын алуына, ерте анықталуына, психикалық ауруларды емдеуге, науқастардың жағдайын жүйелік бақылауға, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған ауруханадан тыс және стационарлық психоневрологиялық мекемелер жүйесі құрылды.

Ауруханадан тыс психиатриялық көмек

  • психоневрологиялық диспансер,
  • диспансерлік бөлім,
  • психиатриялық кабинет,
  • күндізгі стационар.
  • Психоневрологиялық диспансер орталық психикалық науқастарға көмек көрсететін орын болып табылады.

Психоневрологиялық диспансер – бұл емдік-профилактикалық мекеме, ол психикалық ауруларды

  • ерте анықтауға,
  • науқастарды бақылауға,
  • емдік көмек көрсетуге,
  • науқастардың еңбек-әлеуметтік жағдайын жақсартуға,
  • сонымен қатар ауруды зерттеп, оның себептерін анықтауға,
  • аурулардың алдын алуына,
  • санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге арналған.

 

Психиатриялық ауруханаға жатқызу психоневрологиялық диспансерлердің, жедел психиатриялық көмек, кейде емхана және жалпы соматикалық ауруханаларының дәрігерлерінің бағыттамасы бойынша жүзеге асырылады.

Бағыттамада науқастың психикалық жағдайы, анамнездік мәліметтер, болжам диагнозы және госпитализация мақсаты қысқаша жазылу керек.


 

Психиатриядағы диагностика және ауруларды зерттеу әдістері:

Психиатриялық тәжірибеде келесі зерттеу әдістері орын алады:

  1. Әнгімелесу;
  2. Клиникалық диагностика;
  3. Параклиникалық зерттеу.

 

Әнгімелесу– психиатриялық зерттеудің негізгі әдісі болып табылады.

  • Субьективті  (аурудың өзін);
  • Обьективті (туыстары мен таныстары арқылы) бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Психикалық аурулардың көптеген симптомдары көбіне субьективтік кеселдің болуынан байқалады. Бұл аурудың бар екендігін және оның ерекшелігін білікті әңгімелесу көмегімен ғана анықтауға болады.

Субьективті анамнез жинастыру кезінде қазіргі кездегі патологиялық жай – күй (өткенді сандырақ түсіндіру конфабуляция, ұмыту) ескеріледі, мұның өзі анамнезді емес, аурудың осы сәттегі жай – күйін, оның статусын сипаттайды.

  Обьективті анамнез – аурудың жақын – жуықтарынан, олардың таныстарынан қызметтестерінен, көршілерден оны жақсы білетін адамдардан жинастырады. Сондай – ақ обьективті анамнезді жинау барысында да тұқым қуалаушылық жөніндегі мағлұмат алыс туыстардың арасында ерекше орын алады.  

Клиникалық диагностика:

}Клиникалық әдіс психикалық аурулардың диагностикасында маңызды орынды алады, ол бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

  • симптомдар квалификациясы және анықталуы
  • олардың байланысы, синдромдар квалификациясы
  • синдромдардын  жетілу динамикасының бағасы
  • алдын ала диагноз қою
  • дифференциальдік диагностика
  • жіктелу бойынша диагноз қою

 

 Диагностиканың параклиникалық әдістері:

  • Инструментальдік және лабароторлық диагностика.
  • Диагностиканың тәжірибелік-психологиялық әдістері.
  • Компьютерлік диагностика.

Психикалық ауыру кезінде психиатриялық зерттеу:

  1. Неврологиялық зерттеу;
  2. Бас – сүйекті шолу ренгенограммасы;
  3. Электроэнцефалография;
  4. Жоғарғы жүйке қызметін лабораториялық зерттеу;

 

    Неврологиялық зерттеу – бірқатар психикалық ауру мидың дөрекі түрде органикалық зақымданудың нәтижесінде пайда болады, көптеген психикалық аурулар әртүрлі неврологиялық бұзылыстармен, вегетативтік кеселдермен қоса жүреді. Жүйке және вегетативтік жүйені зерттеу невропатология белгілеген ережеге сай орындауы тиіс.

  Дөрекі органикалық тұрғыдан ми зақымданғанда пайда болатын психикалық аурулар кезінде жұлыннан сұйықтық алып зерттеу қажет.

    Электроэнцефалография – ми биотоктарын жазып алу . Ми токтарының көзі оның клеткаларының метоболизмі , клетка мембраналарының белсенді қарсыласудағы өзгерісін , сеанс арқылы импульстардың жүргізілу және басқа да жете зерттелмеген факторлар болмақ.

Ми биотоктарының қалыпты жағдайда екі түрде : альфа- және бетта- толқын түрінде байқалады.

 

Психологиялық  зерттеу

Он сөзді есте сақтау. Бұл нұсқау  қысқа мерзімде,ұзақ мерзімде және өндірілген,өндірігмеген есте сақтауға қолданылады.Науқасқа он сөз беріледі, яғни бұл сөздер арасында байланыс болмауы тиіс.(тау, ине, гул, мысық, сағат, шарап, пальто, кітап, терезе, ара темір).

Содан кейін қайта оқылады.Қалыпты жағдайда 4-5 рет оқығаннан кейін 10 сөз дұрыс болады.

 

Ассоциативті есте сақтау пробасы. Науқасқа 10-дана жеңіл жатталатын сөздер ұсынылады. Дәрігер бірінші сөзді айтады, науқас екіншісін айтуға тиіс. Мысалы: алма-алмұрт, өзен-көл, кеш-таңертең, аға-іні, кітап-дәптер, көгершін-қарға т.б.

Пиктограмма – науқасқа 10-15 белгілі-бір тұжырымдама ой айтылып жатталады. Кейін науқас осы тұжырымдарды суретке бейнелеуі тиіс. Кейін 40-60 минут өткеннен кейін сол суреттерін өзіне кайта ұсынып берілген тұжырымдарды есіне түсіреді.

Қабылдаудың бұзылыстары , сенсорлық бұзылысты тексеру. Науқас адамға әр түрлі ракурстағы қозғалыстағы фигураларды мүмкіндігінше есіне сақтауына ұсынады “қозғалыстағы тік төрт бұрыштар”,  “толқынды фон” Науқас осы фигуралардың түсін ,санын сипатын айтуы тиіс.


 

Психикалық ауруларға әкелетін негізгі факторлар:

  • Экзогенді:
  • Жұқпалы аурулар (тұмау, тонзилит, сепсис, сүзек, ревматизм, бруцеллез, энцефалиттер, менингоэнцефалиттер т.б.).
  • Бас ми  жарақаттары (мидың әр түрлі жарақаттары, соғып алу, шайқалу, жаралану мен жарылыс толқынынан зақымдану).
  • Психикалық жарақаттар (күйзеліс жағдайлары, әлеуметтік факторлар (жанжалдар, тұрмыстық және жанұялық ұайымдар, жақын адамды жоғалту т.б. өте күшті эмоциялар).
  • Уланулар (алкогольмен улану, нашақорлық, токсикомания, дәрімен улану, өндірістік улар).
  • Физикалық фактор (температура (гипертермия, гипотермия), радиация, климат, географиялық орналасу, метеорологиялық өзгерістер т.б.).

 

Психикалық аурулар сараптамасы үшке бөлінеді.

  1. Сот сараптамасы
  2. Еңбек сараптамасы
  3. Әскери сараптамасы

 

Соттық сараптама дегеніміз сотқа тартылған адамның ақыл-есінің дұрыс немесе дұрыс еместігін дәлелдеу.Сараптама комиссиясында үш психиатрдан кем болмау керек.

Медициналық критерийді 4 топқа бөлеміз:

1-топ.Созылмалы психикалық бұзылыстар.

2-топ.Уақытша психикалық бұзылыстар.

3-топ.Туа біткен және жүре пайда болған ақыл-естің төмендеуімен жүретің психикалық бұзылыстар.

4-топ. Басқа аурудың әсерінен болатын психикалық бұзылыстар.

 

Еңбек сараптамасы дегеніміз психикалық ауытқулары бар адамдардың еңбекке жарамдылығын бағалау:

1-топқа өзін күте алмайтын және біреудің қарауында болатын науқастарды жатқызамыз.

2-топқа айқын түрде психоорганикалық төмендеумен,анық сандырақпен және галлюцинаторлы бұзылыспен жүретін бірақта терапияға резистентілігі бар науқастарды жатқызамыз.

3-топқа анық емес психикалық бұзылысы бар бірақ мамандығы бойынша жұмыс істей алатын науқастарды жатқызамыз.

 

Әскери сараптама әскерге жарамдылығын анықтайды.   8 топқа бөлінеді:

  • Мидың органикалық зақымдалғаннан кейінгі психикалық және психикалық емес психологиялық бұзылыстар.
  • Эндогендік психоз.
  • Симптоматикалық психоз және басқа экзогенді психикалық бұзылыстар.
  • Реактивті психоз және невротикалық бұзылыстар.
  • Тұлғалық бұзылыстар.
  • Созылмалы алкоголизм,наркомания және токсикомания.
  • Ақыл-ойдың қалуы.
  • Эпилепсия.

Әрбір топ өзіндік топқа бөлінеді:

А- әскерге жарамды.

Б- шамалы шектеулермен әскерге жарамды.

В- шектелген,бірақ әскерге жарамды.

Г- шектелген,бірақ әскерге жарамсыз.

Д- әскерге мүлдем жарамайды.

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!