Жүректің қанайналым ерекшелігі
Артерия қан тамыры қанды жүректен мүшелерге жеткізеді. Ең үлкен артерия қан тамыры- қолқа, екіншісі- өкпе сабауы. Мүшенің артериясы артериолаларға тармақталып, капиллярларға жалғасады.
Артерияның қабырғасы ішкі, орталық және сыртқы үш қабаттан тұрады. Артерия қан тамыры қанды жүректен мүшелерге жеткізеді.
Вена қан тамыры арқылы қан мүшелерден жүрекке ағып келеді. Қан алдымен венуоллаларға одан мүшелердің ішіндегі майда венаға, одан ірі веналарға бірігеді. Денедегі барлық вена бірігіп жүреке құяды. Вена қан тамырларының қабырғасы үш қабатты. Бірақ олардың қабырғасы жұқа және серпімді талшықтары аз, ал ішкі қабатында қанды кері ағудан сақтайтын қақпақшалары болады.
Үлкен қанайналым шеңбері жүректің сол жақтағы қарыншасынан қолқа болып басталып, одан артерия қан тамыры күйінде денеге қанды тарқататады.
Вена қан тамыры арқылы қанды дененден жоғары және төменгі қуыс венасы болып жинап, оң жақ құлақшаға келіп құятын тұйық шеңбер үлкен қанайналым шеңбері деп аталады.
Кіші қан айналым шеңбері- қан оң қарыншадан өкпе сабауы болып өкпе қақпасы арқылы өкпеге кіріп, оттегіге байыққан қанды жинап, өкпе қан тамырлары деп аталып, қанды жүректен сол құлақшасына құяды.
Коронарлы қан айналым
Миокардтың қан тамырлары бойымен қан айналымы. миокардқа оттегіне қаныққан қанды апаратын тамыр – коронарлы артерия деп аталады
Жүрек бұлшықетінен деоксигенирленген (веналық) қан -коронарлы көктамыр деп аталады.
Жүректің жоғарғы беткейінде орналасқан коронарлы артериялар эпикардиальды деп аталады
Бұл артериялар қалыпты жағдайда каронарлы қан ағымында миокардтытың қажеттілігін қамтамасыз етіп отырады. Бұлар атеросклерозбен зақымдалып, ағымы тарылып коронарлы жетіспеушілікке әкеледі.
Миокардқа терең орналасқан коронарлы артериялар субэндокардиальды деп аталады.
Коронаарлы артериялар анатомиясы
Анатомиялық тұрғыдан коронарлы артерия екі бөліктен тұрады- оң және сол.
Хирургиялық жолмен коронарлы тамырлар төрт бөліктен тұрады: сол жақ негізгі корнарлы артерия
(баған), сол алдыңғы төмендеген артерия немесе алдыңғы қарынша аралық тармақ , оның тармақтары, сол жақ иілген коронарлы артерия, оң коронарлы артерия және оның тармақтары.
Коронарлы артерияның физиологиясы
- Жүрек қан айналымы тыныштық жағдайда минутына 0,8 — 0,9 мл/г құрайды. (жалпы жүрек лақтырылысы 4 %)
- Жоғары жүктеме кезінде коронарлы қан айналым 4-5 ретке дейін жоғарылайды
- Коронарлы артерия қолқа қысымымен, жүрек жиырылуымен, вегетативті иннервациямен анықталады.
Миокардтың толық жұмыс істеуіне коронарлы артерияларды қамтамасыз ету үшін оттегі толығымен түсу керек
Бұл аорта доғасының негізінен басталады. Оң жақ коронарлы артерия -қанмен оң жақ қарыншаның көп бөлігін, қарыншааралық пердені, сол қарыншаның артқы қабырғасын, ал қалған бөліктерді- сол коронарлы артерия қамтамасыз етеді. Коронарлы артериялар жүрекше мен қарынша арасындағы жүлгеде орналасады және көптеген тармақтарға бөлінеді.
Коронарлы қан айналымның ерекшелігі
- Жоғары инттенсивтілік
- Қандағы оттегін экстракциялау қабілеттілігі
- Көп көлемдегі анастамоздар саны
- Жиырылу кезіндегі тегіс бұлшықеттердің жоғары тонустылығы
- Қан қысымының жоғары деңгейлігі
Коронарлы артерия физиологиясы
Коронарлы артерия қан қысымының салыстырмалы жоғары деңгейімен сипатталады. Систола кезінде жүрекке 15 % дейін, ал диастола кезінде 85 % дейін қан түседі. Бұл систола уақытында бұлшықет талшықтарының жиырылуы коронарлы артерияны қысады. Нәтижесінде жүректен порционды лақтырылыс пайда болады да бұл қан қысымының мөлшеріне әсер етеді.
Коронарлы жетіспеушілік – миокардты оттегі мен немесе қажетті заттармен қамтамасыз ететін коронарлы қан айналымның төмендеуі немесе толығымен тоқтауы.
Коронарлы жетіспеушілік – тарылу, атеросклероз немесе тромбтық тарылулар , коронарлы артериялардың қабаттасуы, пролиферативтік қабынулардан кейінгі фиброз, ісік бөгде денелермен басылуы.
Коронарлы жетіспеушілік ишемиялық аурулардың патогенетикалық негізі немесе басқа да ауруларда коронарлы артериялардың зақымдалуы ( миокардит, коронарит, аорталды ақауларда). Жедел коронарлы жетіспеушілік коронарлы артериялардың жылдам бұзылысынан миокард инфарктының дамуына себеп болады.
Созылмалы коронарлы жетіспеушілік коронарлы артериялардың баяу тарылуына байланысты және стенокардия ұстамаладың пайда болуымен жүреді.
Жедел коронарлы синдром жайлы толықтай оқыңыз.