Медицинадағы латын тілі

Латын тілі тарихы. Медицинада қолданылуы

Латын және грек тіліндегі ежелгі римдік медициналық шығармалар.

Б.з.б. 754 жылы негізі қаланған Ежелгі Рим мемлекеті Батыста б.з.б. 476 жылға дейін өмір сүрді. Негізгі тілі латын тілі болды, ең бірінші таратушы латындар – Алоннин түбегінің орталық бөлігіндегі Лацияда тұрған тайпа. Рим ірі жерорта теңіз державасына айналды, ол б.з.б. IIғ. ортасында өз шекарасын белсенді түрде кеңейтті.

Латын тілі италиялық өлі тілдер тобына жатады. Ең ерте жеткен жазбаша ескерткіштер б.з.б. VIIIғ аяғы мен Vғ басын қамтиды.

Әдеби латын тілі б.з.б. II-Iғғ қалыптаса бастап, б.з.б. I ғ даму шегіне жетіп, классикалық немесе «алтын» латын кезеңіне жетті. Ол бай лексикасымен, күрделі абстактті түсінік бере алуымен, дамыған ғылыми-философиялық, саяси, қаржылық, үй шаруашылық және техникалық терминологиясымен ерекшеленеді. Әртүрлі әдеби жанрлардың жоғары дамуы бұл кезеңге тән. Бұл кезеңнің соңынан классикадан кейінгі немесе «күміс» латын (б.з.I-IIғғ), яғни фонетика мен морфология нормалары қалыптасып, орфография ережелері анықталғанда орын алды. Бұл кезеңге Сенека, Марциал, Ювенал, Тацит, Апулей сияқты авторлардың еңбектері кіреді. Латынның пайда болуындағы соңғы кезең – кейінгі латын ( б.з. III-Ivғ), яғни жазбаша, кітапты және халықтық сөйлеу латын тілі арасында алшақтық пайда болу кезеңі.

латын тілі
Латын тіліндегі жазбалар

Римдіктердің батыс және шығыстағы кең шекараны жаулап алғанда латын тілі Рим сол кездегі тәуелді тайпалар мен халықтар арасында кең етек алды. Бірақ латын тілдің беделі мен рөлі әр жерінде әр түрлі тарады.

Б.з.б. IIғ аяғында батыс жерорта теңізі елдерінде латын тілі Галлиядағы кельт тайпасында және б.з.б. Iғ аяғында – Пиремей түбегіндегі ибер, кельт, лузитан тайпаларында мемлекеттік тіл болып танылды.

Б.з. 43ж бастап 407ж дейін Британияда тұрған кельттер Римнің қол астында болды.

Егер Батыс Еуропада латын сөлеу формасында тайпалық тілдермен бәсекеге түспесе, ал Жерорта теңізі бассейіндегі: Греция, Кіші Азия, Мысыр  – мәдениеттің жоғарғы деңгейін көрсететін ұзақ уақытты жазбаша дәстүрлі тілдермен соқтығысты. Бұл өңірде кең тарған грек тілі болып табылды.

Латын жазбасы грек алфавиті кіретін әлемдегі басым халықтың тілдерінің негізіне кірді.

Б.з.б. IIғ бастап римдіктер грек ғылымының, философиясының және медицинасының лексикасын меңгере бастады. Сонымен қатар латын тілінде ғылыми мазмұндар, яғни терминдер пайда бола бастады.

Византия және Батыс Еуропа медицина тарихында грек, латын және араб тілдерінің маңызы (орта және кейінгі ғасырда).

395ж. Рим империясы екіге бөлінді – Батыс және Шығыс. Шығыста – Византия империясының астанасы Константинопль болды. Византия империясының құрамына Греция, Мысыр, Кіші Азия және Месопотамиянің ежелгі және эллинистикалық мәдениетінің дәстүрлі орталығы кірді.

Грек және латын тілдерінің тарихи тағдыры, әлемдік функциясы үлкен өзгеріске ұшырады.

IV – VI ғғ. Византия империясының мемлекеттік тілі болып латын, ал VIIғ. Бастап, 1453ж. түрік-османдарымен жаулап алғанша дейін грек тілі танылды. Византияда IV – VIIғғ көптеген атақты дәрігерлердің еңбектері осы Византияда дамып, өріс алды. Олардың профессионалды тілдік мәдениеті дәстүрлі грек медицина мектебінде құрылды. Олардың ішінде танымал ғалымдар: Орибазий, Немезий, Аэций Амидийский, Александр Тралесский, Павл Эгинский кірді. Олардың еңбектерінен энциклопедиялық кең жүйеленген медицина ғылымының бөлігі табылған. Бұл дәрігерлердің әдеби еңбектері ұрпақтарға мұра ретінде қалдыруға және медицинаның профессионалды тілінің жаңарып, баюына септігін тигізді.

Батыс Рим империя шекарасында латын тілі сапалы тасымалды басынан кешті.  Нәтижесінде IXғ басында латын тілі  қарапайым түрде, яғни халықтық сөйлеу формасы өлі тілге айналды. Ол бұрын қолданған халықтарға түсініксіз бола бастады. Бұл халықтар  уақыт өте келе жаңа роман: француз, итальян, испан және румын тілдеріне көшті. Бұл тілдерінің пайда болу негізіне халықтық латын әсерін тигізді. Бірақ ғылыми, мектептік қолдануларда Батыс Еуропада орта ғасырларда барлық ғалым мен шәкірттерге түсінікті бірнеше жазбаша, кітап түріндегі латын тілі қалды.

Осы уақытта Батыста латын тілімен және Шығыста грек тілімен араб тілі бәсекеге түсті.

VIғ тарих сахнасында арабтар белсенді түрде өздерін танытты. Араб халифаттарының билігіне біртіндеп Византия империясы мен Батыс Еуропасының бір бөлігі енді. Билік араб тілін енгізумен жүргізілді. Кейбір мұсылман халықтары маңызды ежелгі грек еңбектерін араб тіліне аудару жұмысын ұйымдастыра бастады. VIII – Xғғ аралығында арабтарда қызығушылық тудырған барлық медициналық шығармалар аударылды. Араб тілінде атақты еңбектер пайда бола бастады. Бес ғасыр – 800ж – 1300ж аралығында медицина саласында араб еңбектерімен 70 автор, әсіресе мұсылмандар, бірнеше христиандар танымал болды. Араб тілінде жазылған атақты «Медицина Каноны» еңбегі жоғары жетістігі болып саналды. Ол XIIғ латын тіліне аударылып, Еуропа медицинасында XVIғ аяғына дейін басымдық көрсетті.

Сонымен қатар XІғ, әсіресе Салерно қаласында Батыс еуропада бірінші медицина мектебінің ашылуынан кейін еуропалық медицинаның қайта тууы басталды. Мұнда білім алу үшін оқулықтар қажет болды. Сондықтан грек тілінен аударылған араб аудармаларын латын тіліне аудару қажет болды. XI XIIғ Гиппократ, Гален, Аристотельдің он шақты шығармалары аударылды.

XIIIғ – арабтан латын тіліне аудару кезеңі. XIVғ еуропадан арабтардың кетуінен кейін араб тілінің дәрежесі төмендеді. Көптілдік профессионалды тіл үшін қиын болды. Медициналық терминология латындалынған арабизм, гебраизм, арабталынған грецизм және латинизм сияқты қоспадан тұрды. Синоним сөздері шектен тыс көбейе бастады. Медициналық ғылымға «терминологиялық тұншығу» қаупі төнді.Медицинаның атақты реформаторы швейцар ғалымы және дәрігері Парацельс Базель университетінде студенттерге дәрісті неміс тілінде оқыған. Өзінің ғылыми еңбектерін де неміс тілінде жазған. Ал атақты француз хирургы Амбруаз Паре (1510 – 1590) өзінің шығармасын француз тілінде жазған. Кейін олардың кейбіреулері латын және еуропа тілдеріне аударылған. Осындай ұлттық тілдерден латын тілі аартта қалғанымен Жаңа ғасыр (17ғ.) басында, 18 ғасырда биология мен медицина саласында ұлтаралық тіл болып қала берді. Латын тілі сабақтарда, ғылыми еңбектерде қолданылды. 18 – ғасырда латын тілі ұлттық тілдермен қатар жүре бастады.

Ғылымның ұлтаралыққа ұмтылысы әртүрлі елдердің ғалымдары өз жаңалықтарында латын тілін қолдануды қажет етті.

латын тілі

Академик В.И. Вернадский ұлтарлықтың механизмін былай анықтады: «Латын тілі мемлекет және ұлттан тыс ғылыми тіл болғанда философия тарихында және Жаңа ғасыр басында белсенді рөл ала бастады».

17 – 18 ғ. Атақты жаңалықтар және шығармалар латын тілінде жазылды. Мысалы, ағылшын ғалымы және дәрігері Вильям Гарви еңбектері (1578 – 1656). Ерекше маңызды орын алған «Exercitatio anatomica de motu cordis et sanguinis in animalibus» – «Жануарлардағы жүрек пен қан қозғалысының анатомиялық зерттеуі» еңбегі.

1757 -1766 ж.ж швейцар физиологы, медицина докторы Галлер 8 томдық анатомиялық атлас «Elementa physiologiae corporis humani» – латын тілінде жарыққа шықты.

Тек қана ғалым-дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар, білім саласында әртүрлі мамандар, философтар өз ойларын латын тілін қолдану арқылы жеткізді.

Грек тілі туралы

Ерте грек медицинасындағы тілдердің құрылуы.

Б.з.б. 1900ж. шамасында бірінші рет тарих сахнасында грек тайпасы пайда болды. Олардың ежелгі Шығыс, әсіресе Мысыр елімен, Крит мемлекетімен, ал кейінірек Персия халқымен қатынастары ежелгі грек цивилизациясының өрістеп, қарқынды дамуына зор әсерін тигізді.

Грек тілі – ол үнді-еуропалық жанұя тілі болып табылады – өз дамуында бірнеше кезеңдерден өтті: классикалық (б.з.б. VIII-VII –ғасырдан – IV ғ. дейін); эллинистикалық (IV-I ғғ. дейін); жалпы грек тілі және кейінгі грек тілі (б.з. I-IV ғғ.); V ғасырдан XV ғасырға дейін – орта грек тілі кезеңі; XV ғасырдан – жаңа грек тілі кезеңі.

Грек алфавиті б.з.б. IX-VIII ғасырларда пайда болған. Ежелгі грек жазбаларында ежелгі ескерткіштер б.з.б. VIII-VII ғасырларға қатысты. Ал папирус гректердің қолына б.з.б. VIII ғасырда түскен. 27 әріптен тұратын классикалық алфавит б.з.б. V-IV ғасырларда пайда болды.

Медицина жазбаларының аздаған үзінділерінің ең ерте жеткендері б.з.б. VI ғ. аяғы мен Vғ. басында орын алды. Ежелгі әдеби-мәдени, медициналық емес жазбалар медицина дамуында зор үлес қосқан. Бұлар «Илиада» және «Одисея» – б.з.б. VIII ғ. өмір сүрген Гомердің эпостық поэмалары.

Ежелгі грек дәрігерліктің арнайы тілінің құрылуы әр түрлі жердегі бірнеше алғашқы дәрігерлер топтарының пайда болуымен байланысты. Бұл топтасулар бір-бірімен медициналық принциптерімен ерекшеленетін медициналық мектептері бар және өздерін асклепиадалар деп атаған, яғни Асклепия атақты дәрігер әулетінен шыққан ұрпақтары болып саналады.

Ең дамып, атағы шыққан Кос аралындағы Косской деген атқа ие болған медицина мектебі болып табылады. Бұл арада асклепиадалардың ұрпақты дәрігерлері жанұясынан туған ең атақты дәрігер – Гиппократ (б.з.б. 460-377жж.). оның 100 ең ірі және аздаған шығармалары бар. Гиппократ жазған шығармалар «Corpus Hippocraticum» – «Гиппократ корпусына» таңдалып енді. Шығармаларының ішіндегі ең атақтысы – «Афоризмдер». Бұл жұмыста еуропалық клиника медицинасының атасы, негізін салушы – Гиппократ оқытуы туралы бейнеленген. Маңызды Гиппократтың теориялық шығармаларының бірі – «Prognostikon» – «Прогностикон» болып табылады, мұнда аурудың жалпы қасиеті туралы берілген. Сонымен қатар «Эпидемия» («Epidemiai»); «Адам табиғаты туралы» («Peri physeos tou anthropou») және «Ант» («Horos» лат. « Jus jurandum») – тарихта «Гиппократ анты» деген атпен белгілі.

Гомер де анатомия жағынан әртүрлі атаулар берілген. «Гиппократ корпусы» – бұл физиология, патология, симптоматика және нозология салаларында үлкен қазына болып табылады.

Гиппократ шығармаларынан көптеген атаулар ашылды: бронх, уретра, герпес, илеус, кахексия, карцинома, кифоз, лордоз, кома, нефрит, нома, парез, полип, симфиз, тиф, холера, экзантема, эмфизема, эритема, эпидемия және т.б.

Биологиялық және медициналық терминологияға өз үлесін қосқан атақты грек философы және ғалымы – Аристотель (б.з.б. 384-322жж). Оның шығармаларынан ғылыми тілге келесі атаулар енді: аорта, диафрагма, kolon, pancreas, kondylos, трахея, фаланга, экзофтальм, алопеция және т.б.

Эллинизм эпохасы басталысымен (б.з.б. IV аяғы – I ғғ.) ежелгі грек ғылымы мен медицина орталығы грек метрополия мен аралдан Александрияға ауысты. Мұнда атақты Александриялық медицина мектебі құрылды. Бұл мектепке дәрігерлер  Герофил және Эразистрат үлестерін қосты. Герофил – «простата», «диастола», «систола», «meninx pacheia және meninx lepte» атты терминдер авторы. Ол ең бірінші болып kolon dodekadaktylon – он екі елі ішек атауын қолданды.

Эрозистрат – (б.з.б. 25жылы қайтыс болған) – паренхима, аностомоз, плетора, булимия және т.б. терминдер авторы болып табылады.

Эллинистикалық медицина ежелгі рим медицинасының құрылуына әсерін тигізді.

Грек тілі – медицинаның ұлтаралық тіл қызметін толық орындап, әртүрлі этникалық топтағы дәрігерлер арасындағы қарым-қатынас үшін маңызы зор болды.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!