Аяқтардағы иннервация перифериялық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл үлкен бел және сегізкөз өрімдерінің тармақтарымен жүзеге асады.
Иннервациялаушы жеке нервтердің бұзылуын, оның клиникалвқ көріністерін білу біздерге, болашақ дәрігер ретінде үлкен маңызға ие, себебі жүйке жүйесі ауруларының топикалық диагностикасын меңгеру дұрыс диагноз қоюдың іргетасы болып саналады.
Аяқтарды иннервациялайтын нервтер
Бел өрімі (Plexus lumbalis) жатады:
- N. femoralis (cruralis — сан нервісі)
- N. obturatorius (жапқыш нерв)
- N. cutaneus femoris lateralis (санның сыртқы терілік нерві)
- N. genito-femoralis (сан-жыныс нервісі)
Сегізкөз өрімі (Plexus sacralis)
- N. ischiadicus (шонданай нерві)
- N. peroneus (асықты жілік нерві)
- N. tibialis (шыбық нерві)
- N. glutеus superior (жамбастың жоғарғы нерві)
- N. glutеus inferior (жамбастың төменгі нерві)
- N. cutaneus femoris posterior (санның артқы терілік нервісі)
Бел өрімі, иннервациясы және зақымдалуы
Бел өрімі (pl. lumbalis) белдің жоғарғы үш нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және жұлынның TVII және LIV талшықтарынан құралған. Бел өрімі бел омыртқаларының көлденең өсінділерінің алдында, m. psoas major артында орналасқан.
Бел өрімінен шығады:
- Шап-құрсақ асты нервтері
- Шап-жыныстық нервтер
- Санның латеральды терілік нервісі
- Жапқыш нерв
- Сан нерві
Бел өрімінің құрамына кіретін қозғалтқыш талшықтар иннервациялайды:
- Құрсақ қабырғасы бұлшықеттері
- Жамбас астауы бұлшықеттері
Осы бұлшықеттер омыртқаны бүгеді, аяқтарды ұршық буынында бүгіп-жазады, аяқтарды әкету, әкелі, ротациясына қатысады, тізе буынында бүгеді.
Бел өрімінің сезімтал талшықтары иннервациялайды:
- Іштің төменгі бөлігінің терісі
- Санның алдыңғы, медиальды, сыртқы беткейінің терісі
- Ұма терісі
- Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігінің терісі
Зақымдалуы: Бел өрімі сирек зақымдалады.
Зақымдалу себептері: үшкір заттармен, сүйек сынықтарымен массивті травмалар, гематома, ісіктермен басылу, құрсақ арты кеңістігінің қабыну үрдістері: бел бұлшықеттерінің миозиттері, флегмона, абсцесс; инфильтраттар. Көбінесе бел өрімі бір жақты немесе белгілі бір бөлігі ғана зақымдалады.
Бел плекситінің клиникалық көрінісі:
- Іштің төменгі бөлігіндегі, бел аймағындағы ауырсыну (плекситтің невралгиялық формасы)
- Жамбас бөлімі мен санның сезімталдылығының барлық түрлері төмендейді (гипестезия немесе анестезия)
- Бел плекситінің паралитикалық формасы: жамбас бұлшықеттерінің әлсіздігі, гипотониясы және гипотрофиясы
- Тізе рефлексі төмендейді немесе жоғалады
- Омыртқаның бел бөлімінде, жамбас-сан және тізе буындарындағы қозғалыс шектеледі.
Бел өрімінен шығатын негізгі нервтер
1. N. femoralis (cruralis — сан нерві)
- Аралас нерв, LII, LIII және LIV түбірлерінен шығады
- Қозғалтқыш талшықтар иннервациялайды: m. iliopsoas, m. quadriceps
- Сезімтал талшықтар иннервациялайды: санның алдыңғы беткейінің үштен екі бөлігінің терісі (n. cutaneus femoris anterior), балтырдың алдыңғы-ішкі бөлігі (n. saphenus).
Зақымдалуы. Пупартов байламынан төмен жерде сан нервісінің зақымдалуы:
Балтырды жазу мүмкін емес, m. quadricipitis атрофиясы, тізе рефлексі жоғалады, n. saphenus иннервациялайтын аймақта сезімталдық бұзылған.
Пупартов байламынан жоғары жерде сан нервісінің зақымдалуы:
- Санның алдыңғы беткейіндегі сезімталдық бұзылыстары, m. ilio-psoas зақымдалуы мүмкін (санды бүгу (ішке қарай әкелу) және денені жатқан қалыпта көтеру мүмкін емес). Науқастың жүрісі бұзылған.
Сан нервісін тітіркендіру: - Вассерман симптомы – науқас ішпен жатқан кезде аяқты көтеру немесе балтырда тізе буынында бүгу шап аймағында немесе санның алдыңғы бетінде ауырсыну сезімін тудырады (n. femoralis созылуы)
2. N. obturatorius (жапқыш нерв)
- Аралас нерв, LII, LIII және LIV түбірлерінен шығады
- Қозғалтқыш талшықтар иннервациялайды: санды әкелетін бұлшықеттер тобы (mm. adductores) және m. obturator externus
- Сезімтал талшықтар (г. cutaneus n. obturatorii) иннервациялайды: санның ішкі беткейінің төменгі жартысы
Зақымдалуы
- Аяқты әкелу қиындайды
- Бір аяқты екіншісінің үстіне қою мүмкін емес
- Аяқты сыртқа аяналдыру қиындаған (m. obturator externus)
- Санның ішкі беткейінегі сезімталдық бұзылыстары
3. N. cutaneus femoris lateralis (санның латеральды терілік нервісі)
- Сезімтал нерв, LII, LIII түбірлерінен шығады
- Иннервациялайды: санның сыртқы беткейінің терісі
Зақымдалуы. Иннервациялау зонасындағы сезімталдық бұзылыстары
Тітіркендіру. Парестезиялар («шіркей жүргендей», жансыздану, ине піскілегендей/ meralgia paraesthetica немесе Рот ауруы)
4. N. genito-femoralis (сан-жыныс нервісі)
- Аралас нерв, LI-LIII түбірлерінен шығады
- Қозғалтқыш талшықтар (n. spermaticus externus) иннервациялайды: m. cremaster және tunica dartos
- Сезімтал талшықтар (nn. lumbo-inguinalis, spermaticus internus) иннервациялайды: санның жоғары үштігінің алдыңғы және ішкі беткейінің терісі
Зақымдалуы
- Кремастер рефлексі жоғалады
- Иннервациялайтын зонада сезімталдық бұзылыстары болады