Бағаналы жасушалар

Гемопоетикалық жасушалар трансплантациясы. Бағаналы жасушалар

Сүйек кемігі – жұмсақ борпылдақ зат, сүйек ішінде орналасады. Сүйек кемігі дамымаған, гемопетикалық немесе қан түзетін бағаналы жасушалардан тұрады. Гемопоетикалық бағаналы жасушалар эмбриональды жасушалардан айырмашылығы бар, ол эмброналды жасушалар ағзаның барлық жасушалар алды болып келеді, ал гемопоетикалық жасушаларға тек қан жасушалары жатады . Оған лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер жатады. Гемопоетикалық бағаналы жасушалар негізін сүйек кемігін құрайды. Осы жасушалардың барлығын трансплантация үшін қолдануға болады. Бұл процедура, бағаналы жасушалар көмегімен науқас ағзасындағы жасушаларды қалпына келтіру, жоғарғы дозалы химия және сәулелі терапия әсерінен бұзылған жасушаларды қалпына келтіру әдісі.

бағаналы жасушалар
Бағаналы жасушалар көрінісі

Трансплантация түрлері:

  • Аутогенді – науқасқа өзінің бағаналы жасушаларын салады
  • Сингенді – бір жұмыртқалы егіздерден алып жасалады.
  • Аллогенді – ағасынан, апайынан, ата-анасынан немесе туысы емес донорлардың жасушаларын қолданады.

Сүйек кемігін, перифериялық қандағы бағаналы жасушалар трансплантациясын неге ракты емдеуде қолданады? Рак кезінде ем қолдануда жоғары дозалы химиотерапия немесе сәулелі терапия қолданады, бұл терапияда қолданатын дәрілер тек рак жасушаларын ғана емес сонымен қоса сау сүйек кемігін бұзады, ал сүйек кемігінің жасушаларынсыз ағза оттегін тасмалдайтын, инфекциядан қорғайтын, қан кетудің алдын алатын жасушаларды өндіре алмайды. Соған байланысты бағаналы жасушалар трансплантациясы сүйек кемігін қалпына келтіруге көмектеседі.

Сүйек кемігін, перифериялық қандағы бағаналы жасушалар трансплантациясын қандай ауру түрлерінде қолдануға болады?

Қатерлі аурулар:

  • Жедел лимфобластты лейкемия
  • Жедел миелогенді лейкемия
  • Созылмалы миелогенді лейкемия
  • Созылмалы лимфоцитарлылейкемия
  • миелодиспластикалық синдром
  • ходжкин лимфомасы
  • нейробластома
  • және т.б

Қатерсіз аурулар:

  • идиопатиялық апластическалық анемия
  • Фанкони анемиясы
  • Даймонда –Блекфена анемиясы
  • талассемия
  • амегакариоцитозды тромбоцитопения
  • комбинирленген иммунодефицит
  • х-байланысқан лимфопролиферативті синдром
  • лейкоциттер дефицит адгезиясы
  • Костмана синдромы
  • Барра синдромы
  • Харлера синдромы
  • Леш-Нихана синдромы
  • Гюнтер ауруы
  • остеопетроз
  • адренолейкодистрофия

Басқа жүйелі аурулары:

  • резистентті ювенильді артрит
  • туа пайда болған иммунодефициттер
  • ұмытшақ склероз
  • Крона ауруы
  • коллагеноздар
  • жүйелі қызыл жегі

Транспантация кезінде доннорлық бағаналы жасушалар қалай тандалады? Жеке белоктар – антигенді тіндік сәйкестік (гистосәйкестік немесе НLA- антигендері ), оны арнайы қан анализдері арқылы анықтайды.

Сүйек кемігін трансплантация үшін қалай алады? Сүйек кемігінен борпылдақ тінді алады үлкен сүйектер ішінде орналасқан. “сүйек кемігін жинау” процедурасын жасайды, барлық трансплантация түрлеріне бірдей. Ол процедура жалпы анестезиямен жасалады (донор сол уақытта ұйықтайды). Мүмкін жұлын милық (перидуральды) анестезия қолданамыз.Инені тері арқылы жамбас сүйегіне енгізеді, сирек жағдайда төстен аламыз, сүйек кемігін шприцпен алады. Бұл процедура 1 сағатқа созылуы мүмкін. Алынған сүйек кемігін өңдейді қан мен сүйек фрагменттерін алу үшін. Егер трансплантация сол уақытта жасалмайтын болса, консервант қосып, мүздатылып, бағаналы жасушалар керек болғанша сақталады. Бұл әдіс криоконсервирлеу деп аталады. Бағаналы жасушаларды көп жылдар бойы мұздалған күйіде сақтауға болады.

Перифериялық қандағы бағаналы жасушаларды трансплантация үшін қалай алады? Бағаналы жасушаларды қаннан алады. Бұл процедура аферез немесе лейкафарез деп аталады. 3-4 күн бойы бұл процедура алдында донорға бағаналы жасушалар санын көбейтетін арнайы препараттар береді. Афарез кезінде қанды венадан немесе орталық веналық катертер арқылы алады. Іріктелген бағаналы жасушаларынан босаған қан қайтадан донарға құйылады , бөліп алынған жасушалар мұздатылып сақталанады. Афарез 4-6 сағатқа созылады.

Кіндіктен бағаналы жасушаларды трансплантация үшін қалай алады?

  • ол үшін бала дүниеге келмес бұрын анасы кіндік қанының банкымен келісімге отыруы керек.
  • нәресте туғаннан кейін кіндік кесілгенен соң, қан кіндіктен және плацентадан алынады. Бұл процедура анамен балаға қауіпті емес, алынған қанды банктарда мұздатып сақтауға болады.

Сүйек кемігін беру кезінде донорға қауіптілік туу мүмкін бе? Аса донорға қауіп тудырмайтын процедура, тек анестезиялық процедуралар ауырлық тудыруы мүмкін және бірнеше күн сүйек кемігі алынған жерде ауырсыну. Донорда әлсіздік, шаршағыштық белгілері болуы мүмкін ол 2-3 күн ғана, бірақ кейбір адамдарда 3-4 аптаға созылуы мүмкін.

Перифериялық қандағы бағаналы жасушалар қауіптілік туу мүмкін бе? Аферез минимальды дискомфорт тудырады. Сол кезде донор бас айналу, ерінде сезімталдықтың жоғалуы, қолда талма белгілері болуы мүмкін. Ал донорға берілетін стимуляциялық препараттар бұлшық еттер мен сүйектердегі ауырсыну, бас ауру, шаршағыштық, жүрек айну, ұйқы бұзылу белгілерін тудыруы мүмкін. Бұл жағымсыз белгілер препараттың аяққы дозасынан соң 2-3 күнге созылуы мүмкін.

Бағаналы жасушалар трансплантациялауы процедурасын қалай жүргізеді? Толық жоғарғы дозалы химиотерапия немесе сәулелі терапия курсынан кейін, науқас бағаналы жасушаларды вена ішілік катетер арқылы алады, қан құйған сияқты. Бағаналы жасушалар трансплантациясы 1-5 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Аутогенді трансплантация кезіндегі ерекше шаралары? 

  • аутогенді трансплантацияда қолданылатын бағаналы жасушаларда рак жасушалары аз болуы керек.
  • қолданар алдында бағаналы жасушаларды тазартады.

Науқаста бағаналы жасушалар орналастырғанан кейін не болуы мүмкін? Сүйек кемігіне түсіп, лейкоциттер, эритроциттер мен тромбоциттер өндіре бастайды, бұл процесс «приживление» деп аталады бұл кез 2-4 аптадан кейін трансплантация жасағанан соң болады. Дәрігерлер рак жасушалары пайда болуының алдын алу мақсатында ретті түрде анализдер алып, науқасты толық жазылғанша бақылайды.

«мини-трансплантация» дегеніміз не? немесе миелоабласты транспантация деп атауға болады ол алогенді трансплантация түрі, бұл кезде аз дозалы химиотерапиялық және сәулелік ем қолданғанан соң трансплантация жасаймыз.

«тандемді трансплантация» дегеніміз не? Аутогенді трансплантация түрі бұл кезде науқас екі курс ем қолданады жоғары дозаланған химиотерапия трансплантациямен бірге екі курсын алады, арасында үзіліс апта немесе ай. бұл рак рецидивтерін алдын алуы мүмкін.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!