Бронхолитикалық (бронх кеңейткіш) препараттар

Бронхолитикалық, бронх кеңейткіш препараттар

Материалды оқып бастамас бұрын бронхиалды астма жайлы толықтай оқып шығыңыз. 

Ι. Бронходилятаторлар:

  • селективты емес  αβ-адреномиметиктер: эпинефрин (адреналин), эфедрин
  • селективты емес  β 1 β 2  адреномиметиктер: изопреналин (изадрин) , орципреналин

Селективты  β 2  адреномиметиктер:

  • Қысқа әсерлі: сальбутамол, фенотерол, тербуталин, кленбутерол -3-8 сағ.
  • Ұзақ әсерлі: сальметерол, формотерол -10-12 сағ.)

Метилксантиндер: теофиллин, аминофиллин, теодур, теотард

ΙΙ. Бронхтың шырышты қабатының ісінуін жоятын заттар:

  • Мембранастабилизациялаушы: Na кромогликаты (интал), недокромил Na, (тайлед), кетотифен (задитен)
  • Глюкокортикостероидтар (ингаляциялық): беклометазон (бекотид), флунизолид (ингакорт), флютиказон (фликсотид)

Бронхолитиктер, бронх кеңейткіш заттар

Адреномиметиктердің бронходилятациялық әсерлі механизмі

  • Бронхтардың тегіс салалы бұлшықеттерінің және бұлтты клеткалардың β2 рецепторларын стимуляциялайды, аденилатциклаза белсенділігін жоғарылатып, жасушадағы цАМФ-ті көбейтеді.
  • Cа ++-дің жасушаға түсуі тежеледі, бронхтардың тегіс салалы бұлшықеттерінің тонусы төмендейді.
  • Бронхтың спазмын шақыратын гистамин, серотонин,нің бұлтты клеткалардан шығуы тежеледі.

α1-адреноблокаторлар: празозин, доксазозин

М-холиноблокаторлар:

  • Селективты емес: ипратропий бромиді (атровент),  метацин, атропин сульфаты, платифиллин (М1,2,3)
  • Селективты: тиотропий бромиді (М1,3), (спирива)

Эпинефриннің (адреналин) фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы

Негізгі әсері:

  • дистальды бронхтардың босауы;
  • мукоцилиарлы клиренс стимуляциясы;
  • АҚҚ көтерілуі;
  • Жүрек жиырылуының күші мен жиілігінің ұлғаюы;

Фармакокинетика – б/етке және тері астына енгізеді 0,3-0,5 мл 0,1% ерітінді, әсері 3-7 мин басталып, 30-45 мин сақталады.

Адреналиннің жанама әсері:

  1. Кіші және үлкен қанайналым шеңберіндегі қысымның жоғарылауы.
  2. Гипергликемия
  3. Зәрдің тежелуі
  4. Синдром рикошета – бронхоспазм күшеюі (β–тежегіш әсерлі метаболиттің жиналуы)
  5. Синдром «замыкания легких» – кіші калибрлі бронхиальды тамырлардың кеңеюі – бронх шырышының ісінуі.
  6. «Үнсіз өкпе» синдромы – ұсақ бронхтардың ісіну сұйықтығымен (вязки транссудант) толуы.

 Селективты емес β-адреномиметиктер (изопреналин, орципреналин)

  • Изопреналин (изадрин) әсер ету механизмі жоғарыдағыдай, бірақ β1 және β2 – адренорецепторларын қоздырады.
  • Қолданылуы: Таблетка түрінде 5 мг ауыз арқылы, тіл астына немесе венаға баяу тамшылатып 0,5-1мг енгізіледі.
  • Көрсеткіштер: Аорта демікпесі, бронхылық демікпе, атриовентрикулярлық бөгет кезінде.
  • Жанама әсерлері: Жүректің жиі соғуы, жүрек ырғағының бұзылысы, жүрек айну, құсу.

Селективты β2 адреномиметиктер. (Қысқа әсерлі)

  • Сальбутамол β2 – адренорецепторларының белсенділігін арттырады, әсері ұзаққа созылады.
  • Қолданылуы: Ингаляция арқылы  2,5–5 мг небулайзер арқылы 10-15 минут. Әсері 5 мин соң басталып, максималды ісері 30-90 мин-та дамиды. Ұзақтығы 3-6 сағат. Қажет болса ингаляцияны әр 20 мин сайын қайталауға болады.
  • Жанама әсерлері: Тремор, тахикардия, нервозность, жүрек айнуы.
  • Қарсы көрсеткіштер: Гиперсезімталдық; ЖИА, тахиаритмия, тиреотоксикоз кезінде сақтықпен тағайындау керек.
  • Фенотеролмен салыстырғанда қауіпсізірек.

Фенотерол  0,5-1,0 мг (ауыр ұстама кезінде 2 мг дейін) небулайзер арқылы 10-15 мин аралығында. Әсері 5 мин кейін басталады, максималды әсері 2-3 сағатта дамиды. Ұзақтығы 6-8 сағат. Қажет болса ингаляцияны әр 20 мин сайын қайталауға болады.

Жанама әсері мен қарсы көрсеткіштері: Сальбутамолдікіне ұқсас.

Сальбутамолға қарағанда феноторолдың жүрекке әсері үлкен. Сондықтан оны миокард инфаркты кезінде, WRW синдромы, митральды клапанның стенозы мен жеткіліксіздігінде қолданбайды.

Селективты β2 адреномиметиктер: (Ұзақ әсерлі)

Сальметерол бронхтардың тегіс салалы бұлшықетін босаңсытып, бронхтарды кеңейтеді. Қолданылуы: 2 ингаляциядан (50 мкг) күніне екі рет. Әсері 15 мин ішінде дамиды, ұзақтығы 12 сағатқа дейін.

Жанама әсерлері:

  1. Жиі қолданғанда озінің әсерін жоюы мүмкін, нәтижесінде тұрақты бронхобструкция дамуы мүмкін.
  2. Кеуде тұсында ауырсыну, бас ауруы, айналуы, естен тану т.б.
  3. Қарсы көрсеткіштер: Гиперсезімталдық, жүктілік, 12 жасқа дейінгі балалар.
  4. Препарат бронхоспазмды басуға емес, оның алдын алуға арналған.

М холиноблокаторлар. Ипратропий бромиді (атровент)

  1. Фармакодинамика: М-холинергиялық жүйке жүйесінің тежелуімен, фосфолипаза С-тің белсенділігінің тежелуімен байланысты.
  2. Фосфолипаза С ингибирленуі екіншілік мессенджерлер (диацилглицирол және инозитолтрифосфат) синтезінің азаюына әкеледі.
  3. Нәтижесінде С протеинкиназасының белсенділігі тежеліп, жасушалық деподан Ca++ шығуын тежейді.

Метилксантиндердің (теофиллин, аминофиллин) механизмі: бронхтың α1 және α2 аденозинді реепторларын тежейді. Катехоламиндер шығуын күшейтеді. Фосфодиэстеразаны басады, ц-АТФ-ты көбейтеді. Талшық ішіндегі К ионы азайып, кеңірдек тарамының салалы бұлшық еті босайды. Қан қысымын төмендетіп, жүректің, бүйректің, мидың қан айналысын жақсартады.

  • Қолданылуы: Венаға баяу 10-15 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін (5-6 мг/кг салмағына) глюкозаның 10-20 мл 5% ерітіндісімен бірге енгізіледі.
  • Көрсеткіштері: β2 миметиктерге рефрактерлі астматикалық статусты купировать ету; бронхоспазм ұстамаларының алдын алу үшін;
  • Жанама әсерлері: транзиторлы жүрек айну, тахикардия, тремор, бас ауруы, ұйқы бұзылысы.

Теофиллин орталық жүйке жүйесіне ынталандырушы әрекет етеді. Миокард жиырылуын күшейтеді.
Қолданылуы: 10-15 мг/кг/тәул. 2 рет қабылдау, 12 сағаттық интервалмен. 3-4 күннен кейін көрінеді.
Қарсы көрсеткіштері: Қалқанша бездің гиперфункциясында, өткір миокард инфарктында,   стенозда, экстросистолияда, эпилепсияда, жүктілікте. Асқазанның және он екі елі ішектің жара ауруларында байқап қолдану.
Жанама әсерлері: Қыжыл, жүрек айну, құсу, іш өту, бас ауыруы.  Тік ішек арқылы бергенде күйдіру сезімі болуы мүмкін.   Көп  мөлшермен қолданғанда эпилепсиялық талмалар болуы мүмкін. Теофиллинді ұзақ қолдануға болмайды.

Ингаляционных ГКС (беклометазон, флунизолид, флютиказон)

  1. Липомодулин синтезін күшейтеді, фосфолипаза А2-ні ингибирлейді.
  2. Эксудацияның алдын алады (бронх шырышының ісінуін азайтады)
  3. β2-реепторларының сезімталдығын қалпына келтіреді.
  4. IgE-нің бұлтты клеткалардың рецепторларымен байланысын тежейді.

Беклометазон  ингаляциялық жолмен ересектерге 100-200 мкг және балаларға 50-100 мкг 2-4 рет тәулігіне қолданады. Интроназальды мұрын кіреберісіне тәулігіне 2-4 рет беріледі.
Қарсы көрсеткіштері. Жүктілік (1 триместр), бала емізу кезінде.
Жанама әсерлері. Дауыстың қырылдауы, мұрынның кебуі, мұрыннан қан ағу, атрофиялық ринит, фарангит, көздің ішкі қысымының   көтерілуі, лейкоцитоз, лимфопения, эозинопения, ауыздық және мұрындық кандидоз, аллергиялық реакциялар.

Будесонид ингаляциялық  жолмен  ересектерге 1-4 мөлшерде, балаларға  1-2 мөлшерде (0,2-0,8 мг тәулігіне). Мұрынға 60-120 мкг (2-3 тамшыны әр  мұрын  жолына) 2 рет  тәулігіне, сыртқы  мазь  немесе крем теріге 1-2 рет тәулігіне, ішуге 3 мг капсула түрінде Крон  ауруында  тәулігіне 3 реттен қолданады.
Қарсы көрсеткіштері: Өкпе туберкулезінің  белсенді  сатысы, бүйрек қызметінің  күрделі  бұзылысы.
Жанама әсерлері: Ішке  қабылдау  кезінде диспептикалық  бұзылыстар  тромб түзілуінің қаупі, артериялық қысымның  төмендеуі, ульцерогендік  қозғалыс т.б.

Флунизолид. Ересектерге 8 рет тәулігіне (2 мг), балаларға 2 рет (500мкг) ингаляциялық  жолмен.
Қарсы көрсеткіштері: Вирустық интербактериалдық  және  саңырауқұлақтық инфекциялар ауызқуысында  және  брохтарда туберкулездің  белсенді  сатысында, жүктілік, 5 жасқа дейін аралықта.
Жанама әсерлері: Кандидоз ауыз-жұтқыншақтық, дисфания, жөтел.

Қақырықтың сұйылуына әсер ететіндер:

  • Бромгексин  түймедақ  және драже түрінде мөлшері 4 және 8 мг-нан; сиропы және тамшысы 0,8% және 0,16% ерітіндісі 50 мл-ден 250 мл-ге дейін; 0,2% – 2 мл ампуласы бар.
  • Жанама әсері: Көп қолданса аллергиялық және диспепсиялық бұзылыстар болуы мүмкін.
  • Қарсы көрсеткіштер: Жүкті әйелдер, бала емізетіндер.
  • Aмброксол бромгексинге ұқсас келеді. Балаларға: 2 жасқа дейін-2,5 мл күніне 2 рет; 2-5 жас – 2,5 мл күніне 3 рет; 5 жастан бастап – 5 мл күніне 2-3 рет. Ингаляция ретінде 5 жасқа дейін 2 мл күніне 1-2 рет,  ал 5 жастан әрі 2-3 мл күніне 1-2 рет тыныс жолымен беріліп отырылады. 12 жастан асқандарға 30 мг-нан тәулігіне 3 рет.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!