Егу кабинеті. Жұмысын ұйымдастыру

Егу кабинеті, оның құжаттары және егу жұмысын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 2295 қаулысы бойынша, вакцинация жанұялық амбулатория (ЖДА) мен аралас типті емханаларда (АҮЕ) арнайы жабдықталған екпе қабинеттерінде жүргізу қажет. Онда егу техникасын және екпеден кейінгі асқынулар кезінде жедел көмек көрсету жолдарын толық меңгерген медбике жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар, МДМ-де, мектептерде санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтап, арнайы қабинеттерде жүргізеді. Елді мекендерде профилактикалық егу жасау орны болмаса, онда вакцинация арнайы екпелі бригада келіп жасайды.

Егу кабинетінде болуы керек:

  1. вакцина сақталатын тоңазытқыш;
  2. дәрілік заттар мен құрал-жабдықтарға арналған шкаф;
  3. залалсыздандырылған материалдар салатын бикстер;
  4. баланы орайтын стол;
  5. кушетка;
  6. вакцинаны дайындауға арналған стол;
  7. құжаттарды сақтауға арналған стол;
  8. залалсыздандыратын сұйық құйылған ыдыс;
  9. әрбір екпені жүргізуге арналған нұсқаулар (вакциналық препараттардағы нұсқауларды қатаң сақтап, екпені көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерге сәйкес жүргізу);
  10. жедел және шокқа қарсы терапияның жиынтығы, оларды қолдануға нұсқаулар (вакциналардан кейінгі асқынулар дамыған жағдайда);
  11. құжаттар.

Кабинетте келесі құжаттар болуы керек:

  1. Балаларды есепке алу (переписи) журналы. Бөлімше бойынша балалар тізімінің (от 0 -дан 18 жас) журналы
  2. Екпенің жылдық (сандық) журналы
  3. Әрбір бөлімшеде проф. екпенің айлық жоспарының ( аты –жөні бойынша) журналы, онда екпенің орындалуы мен уақытша шегереуі белгіленген.
  4. Ерекше есепке алу журналы (туберкулезге қарсы егілмеген, туб.вираж, вирусты гепатиттен кейінгі реконвалесценттер, екпеге тұрақты немесе ұзақ уақытқа қарсы көрсеткіштері бар балалар)
  5. Вакциналардың қозғалысы бойынша (форма 064-2/у) журнал
  6. Инфекциялық аурулар, жедел тағаммен улану, егуге айрықша реакция болу жағдайы туралы жедел хабарлама (форма 058/у)
  7. Профилактикалық егулер картасы (форма 063/у), ол әрбір жаңа туған балаға немесе жаңадан тіркелген балаларға толтырылады.

Профилактикалық егулер картасын (формы 063/у) егу кабинетінде сақтауға болады. Онда егу кабинетінің медбикесі әрбір бөлімшеге, МДМ-ге, мектепке егу жоспарын жасайды, одан кейін оларды аталған мекемелердің медбикесіне береді. Сондай-ақ, бөлімшелік дәрігердің кабинетінде сақталуы мүмкін, онда екпе жоспарын медбике дәрігермен бірігіп жасайды.

Бұл жағдайда біздің елде тұрғылықты жері бойынша ЖДА немесе АҮЕ екпе картотекасы тек ұйымдаспаған балаларға ғана құрастырылады. Ал әр МДМ және мектепте осы МДМ және мектепке баратын балаларға өз екпе картотекасы болады. Бұл жағдайда екпелерге аумағында МДМ немесе мектеп орналасқан ЖДА немесе АҮЕ жауап береді.

Екпе жұмысын ұйымдастыруда берілген аумақта тұратын барлық балалардың, сонымен қатар екпе алған және алмаған балалардың қатаң есебі маңызды. Балалардың есебі жылына екі рет жүргізіледі. Ал ұйымдасқан балалардың есебі тікелей МДМ және мектептерде жүргізіледі.

Егер бала бір жаққа уақытша, бірақ ұзақ уақытқа жол жүрсе, оған жасалған және жақын мерзімге жоспарланған екпелер жайында анықтама беріледі. Әрине, қазіргі кезде екпе паспортының болуы жағдайды анағұрлым жеңілдетеді.

Егу бөлмесінде жұмыс

Егуді жүргізуді үйымдастыру келесі жағдайларға негізделген::

  1. Осы аймақта тұратын балалардың нақты және толық тізімі;
  2. Әрбір баланың медициналцқ құжаты (бала даму тарихы-форма 112/у, профилактикалық егу картасы-форма 063/у, МДМ немесе мектепке баратын баланың медициналық картасы- форма 026/у);
  3. Егу күнтізбесіне байланысты жоспарлы балаларға егу жүргізу;
  4. Емдік профилактикалық мекемелерде сапалы вакцинамен қамтамасыз ету;
  5. Егу алған және алмаған балалардың тізімі қатаң қадағалау керек;
  6. Есеп (айлық, тоқсан және жылдық), балаларға иммунизация жүргізу сапасына байланысты.

Вакцинация жүргізу ережелері

Алдын алу екпелерін жүргізудің алдында медициналық бике имунизацияға жататын балаларды, олардың ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ауызша немесе жазбаша түрде хабарландырылады.

Профилактикалық екпе жүргізілетін күні бала үлескелік дәрігермен мұқият қаралады, міндетті түрде дене температурасы өлшенеді. Анамнез жинау барысында, баланы қарау кезінде ауру белгісінің бар-жоғына назар аударылады, бұрын жүргізілген екпелерді қалай көтергендігі, аллергиялық реакциялардың болуы ескеріледі. Алдын алу екпесін жүргізуге берілген рұқсат бала дамуының тарихына (112/у формасы) жазылады. Міндетті түрде екпенің атауы жазылады!!! Егер бала МДМ немесе мектепке баратын болса, баланың медициналық картасына (026/у формасы) тіркеледі.

Дәл профилактикалық екпе жүргізу алдында екпе бөлмесінің медбикесі вакцинаның сапасын тексереді: флаконның (ампуланың) бүтіндігі, жарамдылық мерзімі, белгіленуі, вакцинаның еріткішке және ұсынылған нұсқауға сәйкес келуі. Алдын алу екпелерін жүргізуге тек Қазақстан Республикасында ресми тіркелген медициналық иммунобиологиялық препараттар ғана қолданылатынын айта кету керек.

Алдын алу екпелері 2 жолмен жүргізіледі: парентеральды – өздігінен бұзылатын шприцтердің көмегімен және пероральды – ішке қабылдау арқылы.

Екпе алғаннан кейін бала вакцинадан кейінгі реакциялар мен асқынулар дамуы жағдайында шаралар қолдану үшін 30 минут бойы жаңа ғана вакцина қабылдаған медициналық ұйымда бақылауда болу керек.

Жүргізілген егу туралы мәліметтер (вакцинаны дайындаған мекеменің аты, егу жасалған күн, ай, жыл, вакцинаның жарамдылық мерзімі, сериясы, номері, енгізілген мөлшері, егуге болған реакция сипаты) келесі медициналық есепке алу формаларына тіркеледі:

  1. Профилактикалық егу картасына (форма 063/у),
  2. Баланың даму тарихына (форму 112/у),
  3. Балаланың медициналық картасына (форму 026/у),
  4. Егу паспортына
  5. Вакцина қозғалыс журналына (форма 064-2/у)

Сонымен қатар егуге байланысты келесі материалдарды оқи кетіңіз:

  1. ҚР қолданылатын вакциналық препараттар. Егу күнтізбесі
  2. Егуге қарсы көрсеткіштер, асқынулары

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!