Егуге қарсы көрсеткіштер, асқынулары
Әртүрлі вакциналарға егуден кейінгі реакцялар
Егуден кейінгі (поствакциналық) реакцялар – бұл вакцинаға организмің қалыпты рекциялары және олар салдар қалдырмайды. Вакцинадан кейінгі реакция ұзаққа созылмайды (бірнеше сақаттан бірнеше тәулікке дейін). Тірі емес вакцина енгізілгеннен кейін 3 күнге дейін, ал тірі вакцина қолданғанда- орташа 3-5 күнге созылады.
Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында (жергілікті поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін немесе жалпы ағзалық (жалпы поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін.
Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында қызарумен, тығыздалумен, ауырсынумен көрінуі мүмкін. Жергілікті реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады:
- Әлсіз реакция – вакцина енгізілген орында гиперемия немесе диаметрі 2, 5 см-ге дейінгі инфильтрат гиперемиямен.
- Орташа реакция – инфильтрат диаметрі 2,6 см – 5,0 см лимфангоитпен немесе лимфангоитсіз.
- Күшті реакция – инфильтрат диаметрі 5,0 см – 8,0 см; лимфангоит және лимфаденит болуымен.
Вакцинадан кейінгі жалпы реакциялар дене температурасың жоғарылауымен, әлсіздікпен немесе жылай берумен көрінуі мүмкін.
Жалпы реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады:
- Әлсіз реакция – дене температурасы 37,5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары болмайды;
- Орташа реакция – дене температурасы 37,6˚С – 38, 5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары шамалы;
- Күшті реакция – дене температурасы 38,5˚С жоғары, бірақ интоксикация симптомдары қысқа.
Тірі вациналарды еккенде табиғи инфекция әлсіреген түрде толықтай дерлік көрініс беруі мүмкін. Мысалы: қызылшалық моновакцина балалардың 5-15%-да 4-14 күн аралығында арнайы реакция береді. Ол дене температурасынын 37,5-38,50С жоғарылауымен, катаральді көріністермен (жөтел, аздаған конъюнктивит, ринит) және аз мөлшердегі бозғылт-қызғылт бөртпелер шығуымен сипатталады. Балалар бұл кезде қоршаған ортаға жұқпалы емес.
Тірі паротит моновакцинасын енгізгенде, кейбір балаларда вакцинациядан кейінгі 4- 12 күн аралығында дене температурасынын жоғарылауы және катаральды белгілер байқалады. Кей жағдайларда құлақ маңы безінің аздаған және қысқа уақытқа (1-2 күн) ұлғаюы байқалады.
Көбінесе вакцинадан кейінгі реакциялар АКДС вакцинасын енгізгеннен кейін байқалады. Кейбір балаларда екпеден кейінгі алғашқы 1-2 тәулікте дене температурасының 37,5-390С көтерілуі, мазасыздық, ұйқы бұзылысы, тәбетінің төмендеуі, кейде құсу түріндегі жалпы реакциялар және вакцина енгізген орында гиперемия және ісіну түріндегі жергілікті реакция болуы мүмкін.
Барлық балаларға АКДС вакцинасы енгізілгеннен 1 сағат өткен соң әр 6 сағат сайын, бірақ тәулігіне 4-тен көп емес, дене салмағына 10-15 мг/кг мөлшермен есептеп, 1-3 тәулік бойы парацетамол беру ұсынылады!!!
БЦЖ енгізгеннен кейінгі поствакциналық реакция дамуы жеке және маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Әдетте, БЦЖ вакцинациясы енгізілгеннен кейін бірден папула пайда болады, ол 15–20 минуттан кейін жоғалады.
Сонымен қатар, аймақтық лимфа түйіндерінің 15-20 мм дейін ұлғаюмен жүретін жалпы қалыпты реакциясы болуы мүмкін. Ал лимфа түйіндерінің ұлғаюы 20 мм асса арнайы ем тағайындау қажет. Лимфадениттердің кері дамуы 6-9 ай бойы жүреді.
БЦЖ кейін жергілікті реакция алғаш вакцинация жүргізілген балаларда тек 4-6 аптадан кейін дамиды. Бастапқыда вакцина енгізілген жерде қызарған дақ, одан кейін диаметрі 5-9 мм болатын папула пайда болады. Кейіннен папула везикулаға, пустулаға одан қабыршаққа айналып, тыртық қалыптасады. Сипатталған реакциялар қалыпты жағдай болып табылады және ешқандай дәрілік заттармен өңделуді қажет етпейді.
Сонымен қатар, таңғыш таңуға және көпіршік құрамын қысып шығаруға болмайды. Түзілген қабыршақты алып тастауға немесе жуынған кезде жөкемен ысуға болмайды, себебі, бұл жергілікті инфекциялық үрдістің ағымын бұзуы мүмкін. 5-6 ай өткеннен кейін балалардың 95-97% нәзік беткей тыртық қалыптасып, өзінің соңғы түріне тек екпеден 1 жыл өткен соң енеді. Тыртықтың пайда болуы екпенің дұрыс қалыптасқанын (жергілікті тері туберкулезі орын алғанын) және ағзаның туберкулез микобактериясына қарсы арнайы қорғанысының түзілгенін куәландырады. Тыртықтың диаметрі 5-8 мм болуы ең оңтайлы болып саналады.
БЦЖ ревакцинациясы жүргізілген балаларда жергілікті поствакцинациялық екпелік реакция 1 аптадан кейін дамиды (дақ-папула- көпіршік-пустула-қабыршақ-тыртық).
Вакцинацияланған және ревакцинацияланған балаларды бақылау үлескелік дәрігерлермен жүргізіледі. Бұл кезде кезеңмен әрбір 1, 3, 6, 12 ай өткеннен соң жергілікті екпе реакциясы тексеріледі, оның сипаты мен өлшемі есепке алу – есеп беру медициналық құжаттардың 063/у, 112/у формаларына тіркеледі. Сонымен қатар, ағзаның вакцинацияға жалпы реакциясын және регионарлы лимфааденитті уақытында анықтау мақсатында перифериялық лимфа түйіндерінің реакциясы бақыланып отырылады.
Вакцинация және ревакцинацияның қорытынды нәтижелері екпе жүргізілгеннен 1 жылдан кейін тыртық өлшеміне сәйкес бағаланады. Балалардың 95-97% тыртық қалыптасады, оның ең оңтайлы диаметрі 5-8мм. Кейбір жағдайларда БЦЖ вакцинациясын енгізген жерде апигментті дақ (түссіз) түзіледі (2-3% жағдайда).
Егер жергілікті екпе реакциясы болмаса (тыртықтың болмаса), ондай балалар есепке алынып, 6 айдан кейін алдын ала Манту сынамасын жүргізбей және 1 жылдан кейін Манту сынамасының теріс нәтижесінде қайталап (тек бір рет) егілуі тиісті.
Егуден кейінгі асқынулар
Егуден кейінгі (поствакциналды) асқынулар– вакцинациямен байланысты патологиялық өзгерістер қатарындағы ағзадағы өзгерістер, сәйкес вакцинаның болашақта қарсы көрсеткіш болып табылады.
Вакцинадан кейінгі асқынулар сирек дамиды және оның пайда болу себебі:
- вакцинаның тасмалдауы мен сақталу шартының бұзылысы (ұзақ уақыт бойы шамадан тыс қызу, қатыруға болмайтын вакциналарды шамадан тыс суыту және қатыру );
- вакцинаның сапасының сай болмауы;
- енгізу техникасының бұзылуы (мысалы БЦЖ қатаң түрде тері ішіне енгіз тиіс);
- вакцина енгізу бойынша нұсқаманың бұзылысы;
- қарсы көрсеткіштерді сақтамау;
- ағзаның жеке ерекшеліктері (вакцинаны қайталап енгізгенде күтпеген күшті аллергиялық реакция);
- иньекция орнында іріңді қабынулар және инфекцияның қосылуы.
Поствакциналық асқынуларға жатады:
1) Күшті реакциялар: дене қызуының 400С және одан да жоғары көтерілуі, дірілдер (қалыпты температура фонында да) әдеттегідей емес ұзақ жылау(3 сағаттан көп), естен тану.
2) Аллергиялық реакциялар:
- анафилактикалық шок;
- есекжем;
- Квинке ісігі;
3) Энцефалит немесе менингиттің дамуы.
Барлық аллергиялық реакциялар вакцинаны енгізгеннен кейін бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін дамиды. Сондықтан, екпеден кейін 30 минут бойы баланы бақылау керек, бұл тез және мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Көбінесе АКДС енгізгеннен кейін поствакциналық асқыну жиі дамиды:
- гипертермия (400С және жоғары);
- енгізу орнындағы жұмсақ тіндердің ісінуі мен гиперемиясы түріндегі ауыр жергілікті реакция;
- анафилактикалық шок;
- Квинке ісігі;
- ұзақ ащы айғай;
- естен танумен жүретін фибрилді діріл;
- энцефалиттің дамуы (дірілдер мен ұзақ естен танумен гипертермиямен, құсумен, гиперкинездермен, аяқ-қол шаласалданумен (парез), жергілікті симптомдармен көрініс береді). Энцефалит 1:250000-300000 мөлшер жиілігінде дамиды.
ОПВ енгізгеннен кейін вакцинамен ассоциирленген полиомиелит дамуы мүмкін. Ол екпеден кейінгі 4-30 тәулік аралығында және егілгендермен қатынаста болғандарда 60 тәулікте дамиды. Оның даму жиілігі 1:1,5 млн. дозаға қатынасындай. Бұл асқыну иммундықтапшылық балаларда байқалады.
Тірі паротитті моновакцинациясына немесе ҚҚП-ға қатерсіз түрде өтетін серозды менингитке асқынуы мүмкін.
БЦЖ енгізгендегі поствакциналық асқынуларға ерекше назар аудару қажет, оған жергілікті сипаттама тәні:
- регионарлы лимфааденит (екпеден 2-3 ай өткен соң мойын, қолтықасты лимфа түйіндері ұлғаяды);
- теріасты суық абцесс (вакцинаны тері астына енгізу техникасы бұзылғанда немесе жоғары дозаны енгізгенде – асептикалық инфильтрат дамиды);
- беткей жара;
- келоидты тыртық (тері бетінен көтеріліп тұратын дәнекер тіндік түзіліс);
- лимфа түйініндегі диаметрі 10мм-ден жоғары кальцинат;
- сүйек жүйесінің зақымдалуы (түтікті сүектердің зақымдануы басым оститтер). Клиникалық көрінісі сүйек туберкулезі сияқты;
- терінің жүйелі қызыл жегі түріндегі зақымдалуы (өте сирек болады);
- жалпы ауыр ауру түрінде әртүрлі органдар мен жүйелердің зақымдануымен өтетін жайылған БЦЖ-инфекциясы. Өте сирек иммундықтапшылығы бар балаларға вакцинация жүргізгенде байқалады.
Вакцинациядан кейінгі асқынуларға күдік туғанда немесе диагноз нақты қойылғанда дәрігер міндеті:
- науқасқа жедел медициналық көмек көрсетуге, қажет болса стационарға жатқызуға;
- алғашқы анықталған күні мемлекеттік эпидемиологиялық бақылаудың аймақтық мекемесіне жедел хабарландыру жіберу (форма 058/у). Кейіннен стационарда ол диагноз нақтыланады немесе жоққа шығарылады;
- вакцинациядан кейінгі асқынулар балалар мекемесіне бармайтын балаларға- баланың даму тарихына (форма 112/у), профилактикалық екпе картасына (форма 063/у), ал балалар мекемесіне баратын балаларға -баланың медициналық картасына (форма 026/у), профилактикалық екпе картасына (форма 063/у) тіркеледі).
Вакциналардың барлық түрлеріне тұрақты және уақытша қарсы көрсеткіштер
4 желтоқсан 2008 жылы ҚР-да Денсаулық сақтау Минстрлігінің № 636 «Иммунизацияға қарсы көрсеткіштер, егуден кейінгі асқынуларды тексеру және есепке алу туралы» бұйрығы шыққан, оған кіреді:
- №1 Қосымша – профилактикалық егулер жүргізуге уақытша және тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштер;
- № 2 Қосымша – егуден кейінгі асқынуларды тексеру және есепке алу;
- №4 Қосымша – егуден кейінгі асқынуларды тексерудің эпидемиологиялық акті.
Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы қарсы көрсеткіштер бар, олар: тұрақты және уақытша болып бөлінеді.
Вакциналардың барлық түрлеріне тұрақты жалпы қарсы көрсеткіштер:
- Вакцинаны енгізгеннен 48 сағат өткеннен кейінгі күшті реакция (дене температурасының 400С және одан жоғары болуы, баланың 3 сағаттан артық ұзақ жылауы, фебрильді немесе афебрильді тыртысу, гипотониялық-гипореактивті синдром (коллапс);
- Алдыңғы осы вакцинаны енгізудегі асқынулар: (екпе жүргізгеннен кейінгі 24 сағат ішінде дамыған анафилактикалық шок, жедел аллергиялық реакциялар (Квинке ісігі, есекжем, бронхообструкция және т.б.), вакцина енгізгеннен кейінгі 7 күн ішінде дамыған энцефалит немесе энцефалопатия).
Тірі вакциналарды (БЦЖ, КҚП және ОПВ) енгізуге тұрақты қарсы көрсеткіштер):
- тұрақты иммундық жетіспеушілік;
- АИВ-инфекциясының клиникалық көріністері;
- қатерлі қан аурулары мен қатерлі ісіктер;
- жүктілік.
Вакциналардың барлық түрлеріне уақытша және жалпы қарсы көрсеткіштер:
- температурасына байланыссыз орташа және ауыр дәрежелі жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, сауыққаннан 2-4 апта өткеннен кейін иммунизация жүргізіледі;
- әртүрлі патологияларда стероидтарды және басқа иммуносупрессивті қасиетке ие препараттарды қолдану (преднизолон бойынша тәулігіне салмағына есептегенде >1 миллиграмм, 14 күнненнен артық жүйелі қолдану);
- орталық жүйке жүйесінің жедел аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) – сауыққан күннен бастап 1 жылға дейін вакцинация шегеріледі;
- жедел гломерулонефрит – сауыққаннан бастап 6 айға дейін; нефротикалық синдром – кортикостероидтармен емдеу аяқталғанға дейін иммунизация шегеріледі;
- созылмалы үдемелі аурулары бар адамдарға вакцинация жүргізілмейді; созылмалы аурулары бар адамдарға толық ремиссия кезеңінде жүргізіледі.
БЦЖ вакцинасына қарсы көрсеткіштер:
Оларға уақытша және жалпы қарсы көрсеткіштер жатады!
- жақын туыстарында жайылған БЦЖ-инфекциясы анықталуы (тума иммундық тапшылық болуы);
- АИВ – инфекциясының клиникалық көрінісінің болуы;
- туберкулез микобактериясын жұқтыру;
БЦЖ вакцинасына уақытша қарсы көрсеткіштер:
- жатырішілік инфекция және нәресте сепсисі;
- шала туу (баланың туғандағы салмағы 2000 граммнан төмен немесе гестациялық жасы 33 аптадан кем);
- ОЖЖ зақымдануы –неврологиялық симптоматикасы ауыр және орташа ауыр дәрежелі туу кезіндегі жарақаттар;
- нәресте баланың гемолитикалық ауруы (ауыр және орташа ауыр формалары)
- егер анасы туберкулездің белсенді формасымен ауырса бала 3 айға химиопрофилактика алуға бөлектенеді, одан кейін Манту сынамасының нәтижесін ескере отырып БЦЖ вакцинасы егіледі және баланы тағы 2 айға бөлектейді.
Жоғары айтылғандар жаңа туған балалардың алғашқы күндерінде жүргізілетін тек БЦЖ вакцинациясына қатысты. Ал 6 жаста жүргізілетін БЦЖ ревакцинациясына қатысты тұрақты қарсы көрсеткіштерге келетін болсақ:
БЦЖ ревакцинасына тұрақты қарсы көрсеткіштер:
- БЦЖ вакцинасын енгізгеннен кейінгі кезеңдегі асқынулар;
- Манту реакциясы оң және күдікті болуы (туберкулин сынағының виражы);
- Анамнезінде туберкулездің болуы немесе туберкулез микобактериясын жұқтыру;
- АИВ – инфекциясының болуы;
- Жақын туыстарында жайылған БЦЖ-инфекциясы анықталуы;
- Иммунтапшылық жағдайлар, қатерлі ісіктер.
БЦЖ ревакцинасына уақытша қарсы көрсеткіштер: жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың өршуі, сондай-ақ аллергиялық аурулар. Ревакцинация сауыққаннан кейін немесе ремиссиядан 1 айдан кейін жүргізіледі
ОПВ ревакцинасына қарсы көрсеткіштер:
- алдыңғы ОПВ екпесін жүргізгеннен кейінгі 30 күн ішінде дамыған салдану. Кейінгі иммунизация тоқтатылады немесе инактивирленген полиомиелит вакцині енгізіледі (ИПВ);
- АИВ – инфекциясының клиникалық көрінісінің болуы.
ИПВ ревакцинасына қарсы көрсеткіштер: неомицин немесе стрептомицинге жедел аллергиялық реакциялар.
АКДС вакцинациясына қарсы көрсеткіштер: ОЖЖ үдемелі аурулары: эпилепсия, үдемелі энцефалопатия және анамнезінде афебрильные тырыспаның болуы.
Құрамында сіреспе анатоксині кіретін вакциналарға (АДС, АДС-М, АД-М) қарсы көрсеткіштер: Гийена –Барре синдромы құрамында тыртыспа анатоксины бар вакцина енгізілненнен кейін 6 ай ішінде дамиды. Гийена –Барре (жедел полирадикулит) синдромы – жедел аутоиммунды қабынулық полирадикулоневропатия, ол солғын шаласалдану (парез), сезімталдық және вегетативті бұзылыстармен көрініс береді.
Құрамына әлсіретілген вирус кіретін вакциналарға (ҚКП) қарсы көрсеткіштер: құс жұмыртқасының ақуызына анафилактикалық реакция (егер вакциндік вирустар құс эмбрионында өсірілсе –мысалы қызылша және паротит вакциндері, вакцинді өндіруде қолданылатын аминогликозидтер, неомицин және басқа антибиотиктер.
Вирусты гепатит В қарсы көрсеткіштер: Рекомбинантты вакциндерді өндіруде қолданылатын ашытқы тәріздес саңырауқұлақтар компоненттеріне, бактерияларға және басқа жасушаларға жедел аллергиялық реакция.
Егулер арасындағы интервал
Бір мезетте әртүрлі вакциналарды еңгізуге рұқсат етіледі. Егер вакциналарды бір күнде енгізбесе, тірі вакциналар арасында 4 аптадан кем емес аралықты сақтау керек. Тірі және өлі вакциналар арасында интервалдар сақталмайды.
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша ОПВ мен ҚҚП екеуіде тірі вакцина болғанына қарамастан 4 апталық интервал сақталмауынсыз егіледі.
Құрамында иммуноглобулині бар қан препараттарын енгізгеннен кейін қызылша, паротит моновакциналарын, сонымен қатар қызылша, қызамық, паротитке (ҚҚП) қарсы қабаттастырылған (комбинированный) вакцинаның енгізілуі кем дегенде 3 айға кейінге шегеріледі, ал АКДС, АДС, БЦЖ, ОПВ интервалдың сақталуынсыз енгізіледі..
БЦЖ, қызылшалық, паротиттік, қызамықтық, полиомиелиттік ҚҚП вакциналарын енгізгеннен кейін, иммуноглобулиндер 2 және одан артық апта өткен соң еңгізіледі. Ал АКДС, АДС, АДС-М, АД-М енгізген соң мұндай интервалдың сақталуын қажет етпейді.
Тірі вакциналар иммуносупрессивті терапиядан кейін 3 ай өткен соң еңгізіледі.
Манту сынамасын басқа екпелерден кейін 2 ай өткен соң жүргізуге рұқсат етіледі.
Жасы бойынша егілмеген балаларды иммунизациялау әрекеті
Жасына байланыссыз бұрын егілмеген немесе вакцинациясы жайлы ақпараты жоқ бала туберкулезге, полиомиелитке, қызылшаға, қызамыққа, паротитке, дифтерияға қарсы біріншілік вакциналық кешенін алу қажет. Иммунодиагностикалық препараттар бар болса баланың иммундық статусын алдын ала зерттеуге болады.
Иммунизаия бойынша ерекше шарттар
- Егер АКДС вакцинациясы кеш аяқталса, АКДС-3 пен АКДС-4 (ревакцинасы) екпелері арасында 1 жылдан кем емес интервал сақталуы керек.
- Егер АКДС вакцинасындағы көкжөтелдік компонентіне қарсы көрсеткіштер болса, келесі екпелерді құрамында көкжөтелдік компоненті жоқ препараттармен жүргізу керек, яғни АДС-анотоксинімен.
- АДС-М балалардың біріншілік иммунизациясына жарамайды.
- Балалардың 12 жастағы ревакцинациясы тек АД-М препаратымен жүргізілу керек.
- Бұрын егілмеген жасы 7-ден асқан балалар мен ересектер мына вакцинация типі бойынша егілуі қажет: 2 екпе аралығы 4 апта болатын АДС-М препаратымен, үшінші екпе 6 айдан кейін.
- 15 жастан асқан балаларға ВГВ қарсы егу –алдын ала ВГВ-ға маркерлік диагностика өткізілгеннен жүргізіледі. Тексеру нәтижесі оң адамдарға вакцинация жүргізілмейді.
- Онкогематологиялық науқастар, сонымен қатар иммуносупрессивтік терапияны қабылдайтын науқастар әлсіз иммундық жауапқа қарсы ВГВ-ға қарсы вакцинаның екі еселенген дозасымен егілді және вакцинация аяқталғаннан 6 ай өткен соң қосымша ревакцинация жүргізіледі.
- Туберкулезге қасрсы екпе басқа парентеральді манипуляциялармен бір уақытта жүргізілмеуі тиіс.
- Қан ұйығыштығы бұзылған (гемофилия) науқастарға барлық вакциналар қауіпсіздік шаралардың сақталуымен тері астына немесе тері ішіне енгізіледі.
- ҚҚП және құрамында АКДС вакцинациясы бар қабаттастырылған вакциналар уақытында еңгізілмеген жағдайларда, олардың еңгізілуін біріктірмеу керек.
Инфекциялық науқастармен қарым-қатынаста болу және карантин жоспарлы екпе жүргізуге қарсы көрсеткіш болып табылмайды!!!!
Сонымен қатар егу тақырыбына келесі материалдарды оқи кетіңіз: