Сүт бездерінің қатерсіз дисгормоналды аурулары

Сүт бездерінің қатерсіз дисгормоналды аурулары

Диффузды фиброзды – кистозды мастопатия

  1. Безді компоненті басым фиброзды – кистозды мастопатия;
  • Жоғары дифференцияланған, бөлінбеген сүт бездерінің бөліктерінің гиперплазиясы;
  • Сүт бездері аурулары, ісінуі , әсіресе етеккір алды кезеңінде;
  • Сүт бездерінің барлық немесе кейбір бөліктері диффузды тығыздалған;
  • Аденоз жас қыздарда және жүктіліктің басында, өткелі жағдай ретінде кездеседі.
  1. Фиброзды компоненті басым фиброзды – кистозды мастопатия деп сүт бездерінің бөлік аралық тіндерінің фиброзды өзгерістерімен тін аралық өзектерінің кішірейуімен, облитирациясымен сипатталатын жағдайды айтады.
  • сүт бездері ауырады;
  • пальпация кезінде сүт бездерінде құрылымдар анықталады;
  • фиброзды өзгерістер үлкен жастағы әйелдерде, пременапаузалді кезеңде кездеседі.
  1. Кистозды компоненті басым фиброзды – кистозы мастопатия дегеніміз сүт бездерінде басқа тіннен жақсы шектелген, көптеген тығыздығы эластинді кистозды құрылымдар анықталады.
  • сүт бездері ауыршаң болады, әсіресе етеккір алдында;
  • кистоз құрылымы 54 жастан асқан әйелдерде жиі кездеседі;
  • 25% әйелдерде кисталары кальцинацияланады , бұл қатерлі ісік айналу процесінің белгісі.
  1. Аралас түрі. Диффузды фиброзды – кистозды мастопатияның таза түрлері сирек кездеседі, олар көбінесе аралас түрде болады.

Cүт безіндегі мастопатия

Түйінді фиброзды – кистозды мастопатия

Сүт бездеріндегі өзгерістер локалды сипатты, жалғыз немесе бірнеше түйіннің болуымен сипатталады.

  • бұл мастоматияның түрінде сүт безінің ауруы анық білінеді, ауру сезімінің иррадиациясы жауырынға иыққа беріледі;
  • кейде қолтық асты түйіндер үлкейеді;
  • мастодония немесе масталгия – еттеккір кезінде сүт безінде болатын патологиялық өзгерістермен сипатталады, бұл кезде сүт безінің стромасының ісінуі , венозды қан тұрып қалу байқалады.

Диагностикасы:

  • Анамнезінде – бұл аурулардың жақын туысқандарына, әсіресе анасы жағынан онкологиялық аурулар бар екенің анықтауға болады;
  • Сүт бездерінің гормоналды ауруларының алдында етеккір циклының бұзылыстарын анықтауға болады;
  • Көп әйелдерде бұрын немес қазіргі кезде гинекологиялық аурулардың бар екенін анықтауға болады (жатыр қосалқыларының созылмалы ауруы, жатыр лейомиомасы,эндокринді полипозды, аналық бездерінің ісіктері т.б)
  • Объективті тексергенде – сүт бездерінің орналасу симметриялығын, олардың көлемі мен формасын, контурларының дұрыстығын, сүт бездерінің ұштарының жағдайы мен формасының терінің түсі мен жағдайын, тамырлардың кеңеюін анықтау керек.
  • Пальпация жасау керек, әйел өзін – өзі тексеруі қажет.
  • Термография, мамография (контрасты-дуктография ) УДЗ, радиоизатопты диагностика, лимфография, биопсия.

Емі.

  • Емді бастағанда патологиялық процестің сипатын, аналық бездердің гормоналды сипатын, пролиферативті процестің дәрежесін, ісік тінінде жыныстық хромотиннің деңгейін білу керек.
  • Ошақты мастопатия – хирургиялық жолмен емделеді, алынып тасталған ісікті гистологиялық зерттейді.
  • Кистозды түйінді мастопатиядан тек кистаны алып тастайды, оның құрамын тез зерттеп, қуысты йодконтрасты затпен толтырып содан кейін ғана операция көлемін анықтайды.
  • Диффузды түйінді мастопатия кезінде консервативті ем жүргізеді, гормоналды дәрілерді қолданып, аналық бездің қызметін реттейді.
  • Емді онколог қармағына өткізеді.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!