Инсекті аллергия
Инсекті аллергия – бұл жәндіктермен байланыста болғанда дамитын аллергиялык реакция: денеге тигенде, жәндіктердің дене бөлшектерімен немесе олардың тіршілік әрекеті бар өнімдері тыныс жолдарына түскенде, шаққанда, тістегенде дамиды. Сезімталдықтың арту әдісі бойынша ағзаға аллерген түсуінің келесі түрлерін ажыратады. Ағзаға жарғақ қанаттылар уының биологиялық әсері төрт түрлі: геморрагиялық, гемолитикалық гистамин тәрізді:
Жарғаққанатты жәндіктердің бірнешеуі шаққанда жергілікті және жалпы токсикалық реакциялар болады: жүрек айну, құсу, бас ауыру, 100-200 түрі тістегенде жалпы токсикалық реакцияның орташа дәрежесі көрінеді. Егер 300-400 түрі шақса бір сәтте ауыр токсикалық реакция болады. 500-ден көп шақса өлімге әкеледі.
Клиникалық көрінісінде: симптомдары жалпы уланумен (бас ауыруы, қалтырау, жүрек айнуы) қанда өзгерістер (эритроциттер гемолизі, гемоглобинурия) және жүйке жүйесінің зақымдалуы (сандырақтау, арефлексия, гиперсаливация, тырысу, салдану) болады.
Жарғаққанатты жәндіктердің уының токсикалық әсері барлығында бірдей, кейде айырмашылыктар болады. Токсикалық реакциялар бір топ жәндіктердің шағуынан болады, олар орналасу жеріне қарамай өлімге әкеледі. Ара асыраушылардың ішінде 2% ара шағуына төзімді, бірақ уақыт өткен сайын ара уына сезімталдық жоғарылайды. Олардың клиникалық көрінісі де токсикалыққа қарағанда ерекше болады: бұл жаңа симптомдар – есекжем, тұншығу ұстамалары (бронхоспазм), риноррея, коньюнктивит. Негізінде бұл көріністердің пайда болуы иммунологиялық механизмге байланысты, жоғары аллергендік белоктық фракциялар ағзаның сезімталдығының артуын қамтамасыз етеді.
Жарғақ қанаттылардың уының – антигендік құрамы күрделі, бал шығаратын аралардың антигендік фракциясы 2-21-ге дейін. Осыған қарай фракцияның молекулалық салмағы жоғарылаған сайын оның антигендік қасиеті жоғарылай түседі. Аса жоғары антигендік белсенділікке фосфолипаза А ие (аралар уының үлкен аллергені) және гиалуронидаза І , фосфолипаза А антидене көп адамдардың қан сары суында кездеседі. Сонымен қатар удың осы екі аллергендік компонентінен басқа қышқылды фосфатаза (аллерген В), меллитин және аллерген С бар. Осылардың ішінде аллергендік белсенділігі азы меллитин. Ол удың 50% құрғақ затын құрайды. Ол тікелей гемолитикалық әсер етеді. Жасушаларға цитотоксикалық эсері бар. Меллитинге антидене І§ Е 30% науқастардың сарысуында кездеседі. Улар құрамында 8 аллерген анықталған. Жоғары дәрежелі белсенділікке фосфолипазаА және В, гиалуронидаза, антиген 5 ие. Жарғақ қанаттылар тұқымдастығына құмырсқалар жатады.
Сары құмырсқа адамды шаққанда ағзаға 0,04 мкг уы түседі. Оның құрамында гиалуронидаза және фосфолипаза бар. Біз науқасты тексеріп қарағанда құмырсқа шаққан жерде айқын жергілікті аллергиялық реакция 12-15 тәуліктей болды. Бұл науқастың ара шағуға аллергиясы болған. У гистамин либераторы болып табылады. Аллергиялық реакцияның негізгі механизмі региондық типті. Аса жоғары сезімталдық науқас қан сары суында удың антиденелер класының болуына байланысты. Соңғы мәліметтерді ескере отырып, айтуға болады:
- Уға арнайы Іg Е антиденелер бір жарғақ канатты жәндіктің шағуына ауыр, айқын жергілікті және жалпы реакциясы бар науқастың қан сары суында анықталған;
- уға арнайы Іg Е антиденелер жәндіктер шағуына аллергиясы жоқ адамдарда және басқа генезді аллергиясы жоқ науқастарда анықталмаған;
- уға арнайы ІgЕ антиденелер деңгейі жәндіктер шаққаннан кейін жоғарылайды да, арнайы гипосенсибилизациядан кейін төмендейді;
- уға арнайы ІgЕ антиденелер ара асыраушыларда табылған және шакқанға төзімді ара асыраушыларда олардың титрі жоғары;
- уға арнайы ІgЕ антиденелер шағуына аллергиясы бар науқастарда табылған. Олардың титрі арнайы гипосенсибилизациядан кейін жоғарылайды. Бұл антиденелер қорғаныс ролін атқарады – блоктайтын антиденелер;
- уға арнайы Іg Е антиденелер жарғаққанатты жәндіктер шағуына аллергиясы жоқ адамдарда табылмаған.
Клиникалық көрінісі: шаққанға аллергиялық реакция әр – түрлі болады. Пайда болу және даму механизміне байланысты реакциялар ерте және кеш болып бөлінеді.
Ерте реакциялар 95-98% жағдайда кездеседі.Олар шаққаннан кейін тез немесе бірінші сағаттарда болады. Бұл ауырлығы бойынша анафилактикалык шоктың әр – түрлі көріністері. Негізінде реагинді механизм жатыр. Ерте реакциялар ауырлығы бойынша 3 дәрежеге бөлінеді.
I дәрежелі реакция – жедел жалпы аллергиялық реакция. Бұнда тері жабындысы және шырышты қабаттардағы көріністер болады. Оған жайылмалы қышыну сезімі, есекжем, терінің және тері асты клетчаткасының ісігі, тілдің және көмейдің ісінуі болады (асфиксия қаупі). Мұрынның шырышты қабаты ісінеді, ол түшкіру, ринит, мұрынның бітелуімен көрінеді. Сонымен қатар жалпы сипаттағы симптомдар: ыстықты сезіну, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жалпы қозғыштық және керісінше, селқостық, депрессия болады. Алып уртикарлы бөртпе фонында гипотензия болуы мүмкін ол қантамырлық доғадан плазманың шығуына байланысты және қысқа мерзімді бас айналуы мүмкін.
II дәрежелі реакция — жалпы аллергиялық реакция орташа жағдайда. Оның бірінші көрінісі ішкі мүшелердің тегіс бұлшық етінің спазмымен шакырылған (бронхоспазм, асқазан – ішек жолының бұлшық еттерінің спазмы, әйелдерде жатыр бұлшық етінің спазмы), сонымен қатар ішкі ағзалардың шырышты қабаттарының ісінуі (тыныс және аскорыту жолдарының). Бір мезгілде терілік симптомдар I дәрежедегі реакцияға ұксас, бірақ әлсіз түрде кездеседі. Жалпы сипаттағы көріністер: әлсіздік, бас ауруы, жүрек жиырылу ырғағының және жиілігінің өзгерістері (брадикардия, тахикардия, жыпылық аритмиясы) тән. Кейде коллаптоидты жағдайлар (әлсіздік, көздің қысқа мерзімді қарауытуы, АҚ төмендеуі) кездеседі.
III дәрежел реакция – ауыр аллергиялық реакция – анафилактикалық шок. Жедел қантамыр жетіспеушілігі (ауыр коллапс) және оның нәтижелері: миокардтың, орталық жүйке жүйесінің ишемиясы, сонымен қатар бронхоспазм, асқазан – ішек жолдарының бұлшық еттерінің спазмы, жатырдың спазмы, ауыр жағдайда – өзіндік дефекация мен зәр шығару. Тері жабындысы жағынан реакция кейінірек болады яғни, жедел реакцияны басқан кезде: мысалы жайылмалы уртикарлы бөртпе реакция басталғаннан кейін 30- 40 минуттан соң (және одан кеш) пайда болады, АҚҚ қалыпқа келгенде.
Егер III дәрежелі реакцияда жүрек – қантамыр жағынан өзгеріс болса, оның болжамы қолайсыз болады.
Шағу орнына байланысты аллергиялық реакция үлкен көлемді болады және морфологиялық өзгерісіне байланысты уртикарлы, везикулярлы , буллезді, некротикалық болуы мүмкін. Біздің тексерулеріміз бойынша 300 науқастың жалпы аллергиялық реакция шаққан орнында байқалған. I дәрежесінде 100 % жағдайда, II дәрежесінде 43-44%, III дәрежесінде -10%.
Осыларды ескере отырып диагноз қойғанда, кейде шаққан жерде жергілікті аллергиялық реакциялық өзгерістері болмағандықтан қате болжамға келеді. Ерте аллергиялық реакцияларда ЭКГ өзгерістер (қарынша миокардында диффузды өзгерістер) болады. Ол кейін тез қалпына келеді, Меньер типі бойынша бас айналу 2 апта бойы, өтпелі гемипарез, жергілікті нейротрофикалық бұзылыстар, астенодепрессивті синдром болады. Аралар шағуына аллергиялық реакциялар латентті аллергиялық аурулары бар науқастарда – бронх демікпесі, созылмалы рецидивті есекжем т.б. өршіту ролін атқарады.
Барлық шағулардың 2-5% жағдайында кеш реакциялар кездеседі. Олар шаққаннан кейін 6-12 сағаттан соң дамып және жайламалы васкулитпен патологиялық үрдіске тері қантамырлары, ішкі мүшелер (бүйрек, бауыр), жүйке жүйесінің бұзылысы қосылады.
Даму уақытына және клиникалық көрінісіне байланысты III немесе IV типке жатқызады. Бұл реакциялардың клиникалық көрінісі патологиялық үрдістің шокты мүшеге орналасуына байланысты. Кеш реакцияларда патологиялық үрдістің орналасуы әр – түрлі; бүйрек, бауыр, қантамырлардың жүйелі зақымдалуынан өлім-жітім болады, геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох синдромы) және тағы басқалары болады. 2% жағдайда реакция сарысулық ауру түрінде байқалған. Шағуға кеш аллергиялық реакциялар кезінде ОНЖ зақымдалады. Неврит, полиневрит, миелит, некроз. Кеш аллергиялық реакциялар кезінде морфологиялық өзгерістерге васкулиттермен некротикалық түріне дейін периваскулярлы кеңістіктің лимфоцитарлы – гистиоцитарлы инфильтрациясы, ішкі мүшелердің паренхимасының альтерациясы, ОНЖ демилинизациясы болады.
Жалпы аллергиялық және жалпы токсикалық реакцияның салыстырмалы диагностикасы аса қиындық туғызбайды. Жалпы токсикалық реакцияға 100 және одан көп жәндіктердің бірмезгілде шағуының болуы қажет; клиникалык көрінісінде қанда өзгерістер болуы қажет (удың геморрагиялык және гемолитикалық әсері), жүйке жүйесіне удың тікелей және тікелей емес әсерінің нәтижесінде тоникалық және клоникалық тырысулар, гиперсаливация, сандырақтау, арефлексия анықталады. Жіті аллергиялық реакцияға диагностика жасауды дамыған реакция мен шағудың тікелей байланысы туралы мәліметтің болмауы қиындатады (жәндік шаққандығын айтуға үлгермей науқас есін жоғалтуы мүмкін) және клиникалық көрінісінде уртикарлы бөртпе болмай жедел қантамырлық коллапс дамуы мүмкін. Жіті жүрек – қантамырлық жетіспеушіліктен салыстырмалы диагностика жасаудан басқа, клиникалық көрінісін эпилепсиямен салыстыру қажет (III дәрежелі реакция тырысулар мен өзіндік зәр шығару болған кезде), ыстық өту және күн тиюмен (науқас араның ұясының қасында есін жоғалтты), жатырдан тыс жүктілікпен және т.б. Жедел жәрдем: – шағудан сақтану, жіті аллергиялық реакцияларды басу, инсекті аллергендермен арнайы гипосенсибилизация жасау. Аралардың шағуына аллергиясы бар науқастарға біз негізінен алдын – алу ретінде нұсқау береміз: жаз айларында ас үйдегі тамақ қалдықтарын өңдеу үшін тез әсер ететін инсектицидтерді қолдану, аэрозоль түрінде, сонымен катар егінде, бақшада жұмыс істегенде өзімен бірге алып жүру. Егер маңайында аралар пайда болса себу қажет,далаға сыртқы киіммен шығу, денені жабатын киім болуы керек, айналаңызда аралар ұшып жүрсе тез қимыл жасамау қажет және қолыңызды бұлғамау қажет; далаға жалаң аяқ шықпау, шөп үстінде жалаң аяқ жүрмеу; прополис қолданбау қажет, себебі оның құрамында антиген бар; – анамнезінде аралар шағуына аллергиялық реакциясы бар науқастарда жедел жәрдем қобдишасы болуы қажет. Оны науқас жаз айларының барлығында өзімен бірге алып жүруі қажет; Шет елдерде дайын анафилактикалық жиынтық «Анакит» сатылады. Ал біз мынадай жиынтықты ұсынамыз: стерильді бір реттік шприц, жгут, спирт, мақта, адреналин, димедрол, преднизолон ампулалары әр – қайсынан 2 дана.