Аппендикулярлы инфильтрат

Аппендикулярлы инфильтрат

Аппендикулярлы инфильтрат – ол қабынған құрттәрізді өсіндінің айналасында орналасқан жабысқан ішкі органдардан тұратын конгломерат (фибрин,соқыр ішек,үлкен шарбы,мықын  ішек ілмектері). Ол ауру басталғаннан кейін 3-5тәуліктен кейін пайда болады. Ауру сезімінің интенсивтілігі іште төмендейді,сипаты өзгереді (тупая боль), локализациясы айқын емес, тек тұрып жүрген кезде,жөтелгенде ғана ауырсыну күшейеді. Дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді болады. Құрсақ қуысында әртүрлі көлемдегі қабынған инфильтраттарды сезе аламыз. Алғашында түзілістің контуры айқын емес, ауырсынбалы болады. Артынан ауырсыну сезімі басылып, инфильтрат формасы айқындалып, тығыздалады. Инфильтрат париетальді қуыста орналасса ол пальпация кезінде қозғалмайды. Инфильтрат үстінде құрсақ қуысы бұлшықеттерінің  тонусы аздап жоғарлаған болады, айналасы жұмсақ, ауырсынбайды. Іш тітіркену симптомы теріс, лейкоцитоз, аздаған нейтрофильді ауытқумен.

Аппендикулярлы инфильтрат соңы оның толық сорылуы немесе абсцедирленуі болады. Сорылуы 1,5-2,5 аптада болуы мүмкін. Ол кезде пальпациядағы ауырсыну басылады. Дене температурасы мен қандағы өзгерістер қалыпқа келеді.

Инфильтрат іріңдеуінен ауырсыну сезімі қайта пайда болады. Дене температурасы гектикалыққа дейін жоғарлайды, қалтырау мен тахикардия пайда болады. Обективті инфильтрат шекаралары кеңейеді, айқын емес, пальпацияда ауырсынбалы. Егер инфильтрат құрсақ қабырғасында жатса кейде флюктуация байқалады. Іш тітіркеу симптомы оң болады.

Аппендикулярлы инфильтраттың асқынуы абсцедирлену болып табылады. Науқастың жағдайы ауырлайды, жалпы әлсіздік, шаршау, температураның жоғарлауы (гектикалық), тершеңдік пен қалтырау болады, пальпацияда ауырсынады, контурлары айқын емес болады.

Аппедикулярлы инфильтраттың емі консервативті болып табылады. Ем хирургиялық стационарда жасалады.

  • Төсектік режим
  • Диетотерапия
  • Инфильтрат аймағына суық басу (мұз).
  • Антибактериальді терапия (жартылай синтетикалық пеницилиндер, ІІ-ІІІ, цефалоспориндер, аминогликозидтер, метронидазол, ципрофлоксацинмен монотерапия ).

Кейде аппендикулярлы инфильтратты операцияға дейін диагностикалау мүмкін емес болғандықтан диагнозды лапароскопияда немес операцияда қояды.

 

Егер аппендикулярлы инфильтрат операция кезінде анықталса инфильтрат сипаты ”рыхлый” болса онда әрі қарайғы тактика аппендектомия жасау болып табылады.

Ал егер инфильтрат ”тығыз” болса, бір-бірінен бөлуге мүмкін болмаған жағайда онда оған резиналы-марлелі тампон қоямыз. Операциядан кейін жоғарыда айтылғандай консервативті терапия жүргізіледі. Науқас ауруханадан жағдайы жақсарғанда және инфильтрат толық сорылып соқыр ішекті тексерістен өткізгенннен кейін ғана ауруханадан шығады. 3-4 айдан кейін науқасқа жоспарлы түрде аппендектомия жасалады.

Абсцедирленген аппендикулярлы инфильтраттың емі ол шұғыл хирургиялық болып табылады. Бірінші іріңдікті дренирлеу, себебі абсцестің құрсақ қуысына ашылу қаупі бар. Операция алдында УДЗ жасалады, ол диагнозды нақтылау және іріңдіктің орналасқан жерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Абсцесті пункциялау және дренирлеуіміз керек.

Операция внебрюшинный енумен жасалады, ол инфицирлену қаупін төмендетеді. Тілік қиғаш оң жақ мықыннан жасалады. Тері, теріасты май қабаты, сыртқы қиғаш бұлшықеттің апеноврозы және ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттер ашылады. Париетальді қуысты ашпаймыз. Сұқ саусақпен еніп,париетальді қуысты сыламыз. Инфильтрат туго-эластикалық сипатта болады. Саусақпен флютуацияны сеземіз. Оны саусақ немесе корнцангпен ашамыз да іріңдікті сорамыз. Артынан ревизия жасап, секверторлар мен калды тастардың бар жоқтығына көз жеткізу. Іріңдік перекись водород  ерітіндісімен жуып және трубка мен резиналы-марлелі тампонмен дренирлейміз.

Инфильтратты ажырату, құрттәрізді өсіндіні бөлуге тырысу немесе аппендектомия жасауға болмайды. Операциядан кейін таңғышты ауыстырып отырамыз. Науқаста калды жыланкөз даму қаупі барын естен шығармауымыз керек. Жыланкөз құрттәрізді өсіндінің негізінен шығатын түтікті болады, өздігінен жабылады. 6 айдан кейін жоспарлы түрде аппендектомия операциясы жасалады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жедел аппендицит
  2. Жедел аппендицит асқынулары
  3. Жедел флегманозды аппендицит
  4. Гинекологиядағы өткір іш синдромы
  5. Аппендэктомия операциясы

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!