Асқорту жүйесінің аурулары сан алуан, және әрқайсысы өзіне тән клиникалық көріністерімен ерекшеленеді. Асқорту жүйесіне жататын ағзалар (өңеш, асқазан, бауыр, ішек) әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөліп қарауды талап етеді. Сондықтан осы мақалада біз оларға бөлек тоқталмай, жалпы көріністері мен себептерін айтып кетеміз.
Өңештегі негізгі симптомдар және синдромдар
- Өңеш бойынша тамақтың асқазанға өтуінің дисфагиялық өзгерістері:
- Өңештің қатерлі ісігі
- Асқазанның кордиалды бөлігінің аденокорциномасы
- Өңештің қатерлі емес ісігі
- Өңеш стриктурасы
- рефлюкс-эзофагит
- Өңештің қолқа аневризмасымен, медиастиналды ісіктермен, диафрагмалды жарықпен басылуы
- Жүйелі аурулар: склеродермия, дерматомиозит
- Жүктілік
Диагностикасы:
- Баримен рентгендік тексеру
- эзофагоскопия
- биопсия
- Монометриялық және кинорадиографиялық тексеру
Іштің ауырсынуы
Себептері:
- Ішек қабырғаларының шамадан тыс созылуы немесе спастикалық тартылуларының нәтижесінде, күшті толқын тәрізді ауырсынуларға әкеледі, ол тамақ түрлерәне де байланысты болуы мүмкін;
- Ішкі ағзалардың ишемиялары, сонымен қатар жүректің, колика түріндегі ішектің ишемиясы;
- Іш қуысының қабынуы – «жедел іш» суретімен перитонит.
- Іштегі ауырсынудың сипаттамасы:
- орналасуы, берілуі, үзақтығы: жиілігі және уақыты, факторлары, күшейетін және басатын ауырсыну.
Диагностикасы:
- физикалық әдістер, лабораторлы тестер қанның, зәрдің, нәжістің, контрастпен АІЖ рентгенологиялық тексерілуі, өзгерген тіндердің биопсиясымен эндоскопия, УДЗ, КТ, лапароскопия, лапаротомия.
- Әштегі ауырсынуды тудыратынаурулар:
- холецистит, холелитиаз, сүлелі панкреатит, сүлелі перитонит, жүйелі аурулар: жүйелі қызыл жегі, түйінді периартериит, Шенлейн-Генох ауруы;
- уланулар: диабеттік кетоацидоз, порфирия, қорғасынды улану.
Асқазандық диспепсия.
Бірқатар симптомдармен сипатталады: жүрек айну, құсу, кекіру, аузында ашты дәм, күйдіру.
Себептері:
- Ұлтабар және асқазанның ойық жарасы
- Антралды гастрит, дуоденит
- Сүлелі холецистит
- Өт тас ауруы
- Жүйке жүйесінің аурулары
- улану
- инфекция
- жүктілік
Диагностикасы:
- Асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау
- Зерттеудің эндоскопиялық әдістері
- Helicobacter pylori анықтау
Емі: 1) диета; 2) антисекреторлы препараттар: холинолитиктер, антацидтер, Н2-блокаторлар, протонды помпа блокаторлары; 3) антиоксиданттар, иммуномодуляторлар; 4) антихеликобактериалды ем: протонды помпаның блокаторлары, висмут, метронидазол, тетрациклин, кларитромицин, азитромицин; 5) антидепрессанттар
Диарея
Ішек қызметінің бұзылыстары:
- қортылу
- Қортылған тамақтардың, сұйықтықтың, электролиттердің, витаминдердің сіңірілуі.
- қорғаныс (иммунологиялық, механикалық, энзиматикалық, перисталтикалық).
Себептері:
- инфекциялар: холера, дизентерия
- Қалқанша бездің қатерлі ісігі
- Жаралы колит, Крон ауруы
- Медикаменттермен улану: колхицин, дигоксин, хинидин, антибиотиктер
- демпинг-синдромы
- Карциноидты ісіктер
- гипертиреоз
- диабеттік нейропатия
- склеродермия
Диагностикасы:
- қан және зәрдің лабораторлық текесрулері
- капрология, нәжісті себу
- Эндоскопиялық әдістер
Іш қату – тоқ ішектің сирек босаңсуымен нәжістің кідіруі.
- Ауру, іш қатумен жүреді
- Механикалық обструкция: қатерлі ісік, стриктуралар, ректоцеле, мегаколон, аналды тескітің жарылулары, операциядан кейінгі асқынулар;
- Метаболикалық ем: қант диабеті, гипотиреоз, гиперкальциемия, гипокалиемия, гипомагниемия, уремия, ауыр металдармен улану;
- Жүйелі аурулар: амилоидоз, жүйелі склеродермия;
- Неврологиялық аурулар: Паркинсон ауруы, жұлын жарақаты немесе ісігі, цереброваскулярлы аурулар, склероз;
- Басқа жағдайлар: депрессия, буынның дегенеративті аурулары, иммобилизация, жүрек ауруы.
Диагностикасы: проктосигмоскопия, нәжісті тексеру.
Емі:
- Толықтыратындар: отруби, жолжелкен дәні
- Осмосты босататын заттар: лактулоза, магнидің сульфаты, полиэтиленгликоль, макрогол
- Ішектің қызметін ынталандыратын заттар: бисокодил, сенна
- прокинетиктер: тегасерод (6 мг/тәу)
Сіңірілудің бұзылу синдромы
- Колоридің жетіспеушілігінің нәтижесінде саламқтың азаюы
- Тамақтың жеке компоненттерінің жетіспеушілігі шақыратын симптомдар: анемия, қанталау, тетания
- Диарея және стеаторея түрінде ашы ішектің қызметінің бұзылуы
Себептері:
- Асказан ішек жолында ас қорытылуының жетіспеушілігі : панкреатит, ісіктер , гастроеюностомия кезіндегі билиарлы обструкция.
- Шырышты қабық эпителиінің сіңіру қабілетінің бұзылысы: целиакия, спру, лямблиоз, ішек резекциясы , ферментопатиялар, Крон ауруы , Уиппл ауруы , амилоидоз, лимфома.
- лимфа жолдарының обструкциясы салдарын ішектен лимфа және қан ағымының бұзылысы (лимфома, туберкулез, мезентериальды тамырлық жетіспеушілік )
- Созылмалы алкоголизм
- Ұзаққа созылған жара ауруы
- Кең спектрлі антибиотиктермен емдеу
Асқорыту жолдарынан қан кету
Симптомдары:
- кофетәрізді құсу
- мелена (қара түсті нәжіс)
- АҚ төмендеуі, тахикардия, суық жабысқақ тер
- Орталық веноздық қысымның төмендеуі (қалыпты жағдайда 6-13 мм су бағанасы)
- Қызба және азотемия
- гематокриттің 30-40% және одан да төмендеуі
Себептері:
жоғары бөлімдерден:
- 12-ішек және асқазан жарасы, гастрит
- Өңеш веналарының варикозды кеңеюі
- Маллори-Вейс синдромы
- эзофагит
- Асқазан және өңеш ісіктері
- телеангиэктазиялар
- Көптеген полипоздар.
Төменгі бөлімдерден:
- жаралы колит
- Крона ауруы, амебиаз
- геморрой
- Тоқ ішектің полипозы,ісіктері
Диагностика:
- эзофагогастродуоденоскопия
- ангиография
- Радиоизотопты зерттеу
- Асқорыту жолдарын рентгеноконтрастты зерттеу
- Қан анализі
- Жасырын қанға нәжісті тексеру
Гастроэнтерологиядағы қазіргі кездегі зерттеу, диагностика әдістері:
- Рентгенологиялық әдістер
- УДЗ
- КТ және МРТ
- Селективті ангиография
- Эндоскопия
- Helicobacter pylori-ды анықтау
- серологиялық иммуносорбентті әдіс
- тыныстық тест
- шырышты қабаттың биоптаттарын морфологиялық бағалау (ПЦР)
Бауыр зақымдануының негізгі симптомдары
Холестаз және сарғаю
Себептері:
1) билирубин метаболизмінің бұзылуы
- Конъюгирленбеген гипербилирубинемия
- Билирубин өнімінің жоғарылауы (гемолиз, гематоманың таралуы, гемотрансфузиялар)
- Бауырдың сіңіру қабілетінің төмендеуі (дәрілік генез)
- Конъюгацияның төмендеуі (нәрестелерде Жильбер, Криглер-Найар синдромы);
- Каналшалық транспорттың төмендеуі (Дубин-Джонсон, Ротор синдромы);
- Бауыр аурулары: – вирусты гепатиттер А, В, С, гепатотоксиндер (саңырауқұлақтар, алкоголь), дәрілік (изоланид, метилдопа), метаболикалық бұзылыстар (жүктілік, Вильсон-Коновалов ауруы), бауыр ишемиясы(гипотония, операциядан кейінгі), альфа 1-антитрипсин жетіспеушілігі, гемохроматоз
-Айқын холестазбен көрінетін бауыр аурулары: отбасылық бұзылыстар, саркоидоз, лимфомалар, инфекциялар;
-Бауыр ішілік, өт өзектерінің қабынуы(біріншілік билиарлы цирроз, дәрілер)
- Өт өзектерінің обструкциясы: тастар,өт жолдарының аурулары, біріншілік склероздаушы холангит, операциядан кейінгі стриктуралар, ісіктре,ұйқы безі басының қатерлі ісігі, панкреатит, порталды венаның аневризмасы.
Бауыр паренхимасының цитолизі – зақымдалған бауыр клеткаларынан аминотрансфераза, лактатдегидрогеназа, γ – глютамилтранспептидаза ферменттерінің қанға өтуімен сипатталатын лабораторлы синдром.
Бауырклеткалық жетіспеушілік:
- Протромбин,белок синтезінің бұзылуы
- Холестерин синтезінің бұзылуы
- Бірнеше биологиялық белсенді заттар инактивациясының бұзылуы: токсиндер, эстрогендер (бауырлық энцефалопатия, бауырдан тыс белгілер)
- Серотонин мөлшерінің жоғарылауы.
Емі: белокты шектеу,антибактериальді заттар, іш өткізетін заттар, омепразол, ацетилцистеин.
Гиперспленизм – порталды гипертониямен қатар, эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі.
Диагностика: гемограмма, жасырын гиперспленизм кезінде сүйек миын зерттеу.
Емі: спленэктомия.
Порталы гипертензия:
- Асцит
- Кіндік және іштің бүйір қабырғасының веналарының кеңеюі, өңеш веналараның варикозды кеңеюі
- Көкбауыр ұлғаюы
- УДЗ кезінде порталды веналар диаметрінің 12 мм-ден жоғарылауы
Диагностика: рентгенконтрасты зерттеу, эзофагогастроскопия, спленопортография, құрсақ қуысының УДЗ.
- Өңеш веналарынан қан кетуді емдеу:
- Вазопрессин (терлипрессин), дицинон, жаңа мұздатылған плазма,үнемі β-адреноблокаторларды қабылдау.
Хирургиялық әдістер: өңештің варикозды кеңейген веналарының эндоскопиялық склеротерапиясы, оларды лигирлеу, бауыр трансплантациясы.
Ісінулік – асциттік синдром
Натрий мен судың ұсталуы, порталды гипертония
Диагностика: 1) асциттік сұйықты (клеткалық құрам), белок, нейтрофилдер мөлшерін, амилаза белсенділігін анықтау, бактериологиялық зерттеу, атипиялық клеткаларға цитологиялық зерттеу, МТ;
2) Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-і
Емі: 1) диуретикалық терапия: спироно лактон (100-400 мг/с) фуросемидпен бірге (40-160 мг/с), натрий сарысуын бақылау (126-135 ммоль/л)
2) рефрактерлік асцит кезінде терапевтік парацентез жасау.
Бауырлық энцефалопатия (БЭ) – бауырдың детоксикациялық бұзылысы нәтижесінде қайтымды психикалық және неврологиялық бұзылыстар(аммиак детоксикациясы).
Триггерлі факторлар: асқазан-ішек жолдарынан қан кету, инфекция, тағам белогының артық мөлшнрі, алкоголь қабылдау, диуретиктермен улану, массивті парацентез.
БЭ формалары: 1) латентті – клиникалық симптоматиканың және ЭЭГ да өзгерістердің болмауы; 2) БЭ жедел және жедел асты рецидивирлеуші формалары I – IV кезеңдері (команың)
3) портожүйелі БЭ – порталды гипертония және бауыр жетіспеушілігі
4) созылмалы портожүйелі БЭ – айқын портожүйелі коллатералдар.
Емі: негізгі принциптері
- этиологиялық факторды шектеу
- Триггерлі факторды жою
- Тоқ ішекті тазарту (клизма)
- диета (белок тағамдарын шктеу)
- Медикаментозды терапия:
- лактулоза (дюфалак)
- антибиотиктер: метронидазол, рифампицин, дипрофлаксоцин, альфанормикс.
- Бауырда аммиакты инактивациялайтын препараттар (орнитин)
- ОЖЖ тежеуші процестерді азайтатын препараттар (флумазенил)