СЕМИНАР САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢЕУ
Тақырыбы: АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ. МАЙЛАРДЫҢ АЛМАСУЫ. АМИН ҚЫШҚЫЛДАР МЕН НУКЛЕОТИДТЕРДІҢ АЛМАСУЫ»
Сағат саны: 5
Курс: 2
Мамандығы – жалпы медицина
Тақырыбы: Аралық бақылау: «Майлардың алмасуы. Амин қышқылдар мен нуклеотидтердің алмасуы».
Сабақтың мақсаты: майлардың, амин қышқылдар мен нуклеотидтердің алмасуы бойынша маңызды сұрақтарды жалпылау және жүйелеу.
Оқыту мақсаты: майлардың, амин қышқылдар мен нуклеотидтердің түсуі, транспорты, синтезі мен катаболизмі процестерінен алған білімді аурулардың патогенезін, диагностикасын, түзету жолдарын анықтауда пайдалана білу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Тағамдық майлар, тәуліктік тұтыну нормасы, қорытылуы, қорыту өнімдерінің сіңірілуі. Өт қышқылдарының рөлі.
- Ішек клеткаларында майлардың ресинтезі. Тағамдық майлардағы хиломикрон транспортының рөлі.
- Майлардың қорытылу мен сіңірілу процесстерінің бұзылуы. Хиломикронемия.
- Жоғары май қышқылдарының (ЖМҚ) тотығу , реакциялар тізбегі, ҮКҚЦ – мен байланысы, реттелуі, энергетикалық шығуы.
- Май қышқылдарының биосинтезі, реакциялар тізбегі, физиологиялық мәні, биосинтез жылдамдығының тәуліктік ритмі мен тағамның құрамына тәуелділігі.
- Бауырда және май ұлпаларында үшацилглецириннің (ТАГ) биосинтезі. Биосинтез жылдамдығының тәуліктік ритмі мен тағамның құрамына тәуелділігі. Семіруі.
- Үшацилглецириннің тотығуы. Майлардың жұмылдыру физиологиялық мәні. Гормондардың рөлі.
- Фосфолипидтердің биосинтезі. Бауырды май басу . Липотропты факторлар.
- Көмірсу мен майлардың алмасуының өзара қарым-қатынасы. Майлардың алмасуының реттелуі. Гормондардың майлардың алмасуына әсері.
- Холестерин: құрылысы, физиологиялық рөлі, алу және қолдану жолдары.
- Организмдегі холестерин биосинтезінің кезеңдері.
- Холестерин транспорты және осы процесстегі липопротеиндердің рөлі.
- Холестерин алмасуының реттелу механизмі. Атеросклероз. Гиперхолестеринемия. Өтке тас байлану. Семіздік.
- Кетондық денелердің синтезі және қолданылуы. Кетонемияның себептері.
- Қан сарысуындағы жалпы липидтерді, холестерин және липопротеиндерді анықтаудағы диагностикалық мәні.
- Амин қышқылдарын алу және жұмсалу жолдары. Құнды және құнды емес ақуыздар. Азоттық баланс. Квашиоркор.
- Ақуыздардың қорытылуы. Протеолитикалық ферменттер, олардың активтілігі.
- Асқазан сөлінің анализі. Асқазан ішек жолдары мүшелерінің аурулары кезіндегі ақуыздардың қорытылуының бұзылуы. Диагностикалау мақсатында анализ қорытындысын пайдалану.
- Амин қышқылдарының сіңірілуі. Ішекте ақуыздардың шіруі.
- Ұлпалық ақуыздардың құлдырауы. Катепсиндер.
- Амин қышқылдар биосинтезінің жалпы (қайта аминделу және трансаминделу) және спецификалық жолдары. Осы процесстердегі глутамин қышқылының рөлі.
- Амин қышқылдарының қышқылдық дезаминденуі. Глутаматдегидрогеназа. Амин қышқылдарының тікелей емес дезаминденуі.
- Амин қышқылдарының азотсыз қалдығының катаболизм жолдары. Гликогендік және кетогендік амин қышқылдар.
- Аммиактың алмасуы: алу және залалсыздандыру жолдары (аминденуі, амидтенуі, аммониогенез, мочевинаның биосинтезі). Аммиактың транспорты.
- Қанның азот қалдығы. Анықтау принципі, қалыпты көрсеткіштер, диагностикалық мәні.
- Мочевинаның биосинтезі аммиакты залалсыздандыру ретінде. Аммиак пен мочевина алмасуының бұзылуы.
- Глицин, серин, цистеин алмасуының ерекшеліктері. Бір көміртектік қалдықты тасымалдау реакцияларына ТГФК қатысуы.
- Метионин, оның трансметилдену реакцияларындағы рөлі. Бір көміртектік қалдықты тасымалдау реакцияларына ТГФК қатысуы.
- Фенилаланин мен тирозиннің алмасуының ерекшеліктері. Амин қышқылдарының алмасу процесстерінің тұқым қуалайтын бұзылыстары.
- Дикарбондық амин қышқылдарының алмасуы. Амидтену аммиакты залалсыздандыру жолдарының бірі ретінде.
- Амин қышқылдарының декарбоксилденуі. Биогенді аминдер және олардың зат алмасу мен физиологиялық функцияларының реттелуіндегі рөлі.
- Биогендік аминдердің белсенділігінің жойылуы . Моноаминооксидазалар. Амин қышқылдарының қатысуы және олардың синапстық жүйке импульсінің туындылары.
- Пуриндік нуклеотидтердің биосинезі: пуриндік сақинаның атомдарының түзілуі, биосинтездің бастапқы сатылары (рибоза-5-фосфаттан фосфорибозиланге дейін). Биосинтездің реттелуі.
- Пуриндік нуклеотидтердің катаболизмі. Қандағы қышқылдың концентрациясы. Гиперурикемия. Ісікке қарсы заттар.
- Пиримидиндік нуклеотидтің катаболизмі және биосинтезі. Осы процесстердің реттелуі. Антиметаболиттер, емдеуде қолданылуы.
- Дезоксирибонуклеотидтердің биосинтезі. Процесстің реттелуі.
- Қалдықтық азот тауралы түсінік. Қандағы қалдық азоттың қалыпты деңгейі. Қандағы қалдық азот пен мочевинаны анықтаудың диагностикалық маңызы.
- Азоттық алмасудың патологиясы: квашиоркор, аминоацидурлар, гиперурикемиялар, т.б.
Оқыту және үйрету әдістері: коллоквиум – ауызша және жазбаша бақылау.
Жазбаша бақылау:
Билет №1
- Тамақтық майлар, тәуліктік норманың пайдалануы, қорытылуы, қорытылған азықтың сіңірілуі. Липидтің қорытылуы мен сіңірілу процесінің бұзылуы. Хиломикронемия. Өт қыщқылының рөлі.
- Май қышқылының биосинтезі, реакцияның жүруі, физиологиялық мағынасы, тамақтану және тамақ құрамына байланысты биосинтездің жүруі.
- Фенилаланин мен тирозиннің құрамының алмасуы. Аминқышқылының алмасуының тұқымқуалаушылық бұзылуы.
Билет №2
- Ас ішек жасушасындағы майдың ресинтезі. Май алмасуындағы хиломикронның маңызы.
- Жоғары май қышқылының (ЖМҚ) тотығуы, ренакцияның жүруі, ҮКҚЦ байланысы, оның реттелуі.
- Глициннің, сериннің, цистеиннің алмасуының маңызы. ТГФҚ-ның біркөміртектік қалдығының тасымалдану реакциясына қатысуы. Фолий қышқылының жетіспеушілігі. Сульфаниламидтік құралдағы бактериологиялық үрдістің механизмі.
Билет №3
- Холестерин алмасуының реттелуінің механизмі. Атеросклероз. Гиперхолестеринемия. Өтте тас пайда болу ауруы. Май басу. Қан сарысуындағы жалпы липидті анықтаудың диагностикалық маңызы.
- Бауырда және май ұлпаларындағы ТАГ биосинтезі. Биосинтездің тамақтану мен тағам құрамына байланысты жылдамдығы.
- Пуриндік нуклеотидтердің катаболизмі. Қандағы зәр қышқылының концентрациясы. Гиперурикемия және подагра. Ісінуді басу.
Билет №4
- Холестерин оның құрылысы, физиологиялық рөлі, жолының қолдануы. Холестерин тасымалы және осы процестегі гипопротеиннің рөлі.
- Фосфолипидтер биосинтезі. Бауырдың майлануы. Липотроптық факторлар.
- Жалпы аминқышқылдың (аминның қалпына келуі мен трансамині) биосинтездің спецификалық жолы.
Билет №5
- Майлар және көмірсу алмасуының байланысы. Липидтер алмасуының реттелуі. Май алмасуға гормондардың әсері.
- Аммиак алмасуы, залалсыздандыру жолдары (аминді, амидті, аммониогенез, зәр синтезі). Аммиак тасымалы. Аммиак залалсыздандыруындағы зәр биосинтезінің механизмі. Аммиак пен зәр алмасуының бұзылуы.
- Пириминді нуклеотидтердің биосинтезі мен катаболизмі. Осы процесстің реттелуі. Антиметаболиттер, оның ісінуін басу терапиясында қолданылуы.
Билет №6
- Ағзадағы холестерин биосинтезінің кезеңдері.
- Аминқышқылының тотығуы мен түзу емес дизаминденуі. Глутаматдегидрогеназа. Аминқышқылының азотсыз қалдығының катаболизм жолы. Гликогенді және кетогенді аминқышқылы.
- Пуриндік нуклеотидтердің биосинтезі. Пуриндік атомның айналуы, биосинтездің басты кезеңдері (рибоза- 5- фосфаттан 5- фосфорибозиламинға дейін). Биосинтездің реттелуі.
Билет №7
- Кетонды денелердің синтезі, кетонемияның мәселелері. Кетондық дененің физиологиялық мағынасы және оларды пайдалану.
- Аминқышқылының декарбоксилденуі. Зат алмасуындағы биогенді аминның рөлі және физиологиялық қызметінің реттелуі. Биогенді аминнің (инактивациясы). Моноаминооксидаза. Нерв импульсінің синаптикалық тасымалындағы аминқышқылының және оның туындыларының қатысуы.
- Пириминдік нуклеотидтердің биосинтезі және катаболизмі. Осы процесстің реттелуі. Антиметаболиттер, оның ісінуін басу терапиясында қолданылуы.
Билет №8
- Аминқышқылының бастамасы мен жолының шығымдануы. Құнды және құнсыз ақуыздар. Азоттық баланс. Ақуыздың қорытылуы. Протеолитикалық фермент, оның белсендірілуі.
- Жоғары май қышқылының (ЖМҚ) тотығуы, реакцияның жүруі. ҮКҚЦ байланысы, реттелуі, энергетикалық шығуы.
- Метионин және оның трансметилдену реакциясындағы рөлі. ТГФҚ-ның біркөміртектік қалдығының тасымалдану реакциясына қатысуы.