Аралық бақылау

СЕМИНАР САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢЕУ

Тақырыбы: АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ. МАЙЛАРДЫҢ АЛМАСУЫ. АМИН ҚЫШҚЫЛДАР МЕН НУКЛЕОТИДТЕРДІҢ АЛМАСУЫ»

Сағат саны: 5

Курс: 2

Мамандығы – жалпы медицина

Тақырыбы: Аралық бақылау: «Майлардың алмасуы. Амин қышқылдар мен нуклеотидтердің алмасуы». 

Сабақтың мақсаты: майлардың, амин қышқылдар мен нуклеотидтердің алмасуы бойынша маңызды сұрақтарды жалпылау және жүйелеу. 

Оқыту мақсаты: майлардың, амин қышқылдар мен нуклеотидтердің түсуі, транспорты, синтезі мен катаболизмі процестерінен алған білімді аурулардың патогенезін, диагностикасын, түзету жолдарын анықтауда пайдалана білу. 

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тағамдық майлар, тәуліктік тұтыну нормасы, қорытылуы, қорыту өнімдерінің сіңірілуі. Өт қышқылдарының рөлі.
  2. Ішек клеткаларында майлардың ресинтезі. Тағамдық майлардағы хиломикрон транспортының рөлі.
  3. Майлардың қорытылу мен сіңірілу процесстерінің бұзылуы. Хиломикронемия.
  4. Жоғары май қышқылдарының (ЖМҚ) тотығу , реакциялар тізбегі, ҮКҚЦ – мен байланысы, реттелуі, энергетикалық шығуы.
  5. Май қышқылдарының биосинтезі, реакциялар тізбегі, физиологиялық мәні, биосинтез жылдамдығының тәуліктік ритмі мен тағамның құрамына тәуелділігі.
  6. Бауырда және май ұлпаларында үшацилглецириннің (ТАГ) биосинтезі. Биосинтез жылдамдығының тәуліктік ритмі мен тағамның құрамына тәуелділігі. Семіруі.
  7. Үшацилглецириннің тотығуы. Майлардың жұмылдыру физиологиялық мәні. Гормондардың рөлі.
  8. Фосфолипидтердің биосинтезі. Бауырды май басу  . Липотропты факторлар.
  9. Көмірсу мен майлардың алмасуының өзара қарым-қатынасы. Майлардың алмасуының реттелуі. Гормондардың майлардың алмасуына әсері.
  10. Холестерин: құрылысы, физиологиялық рөлі, алу және қолдану  жолдары.
  11. Организмдегі холестерин биосинтезінің кезеңдері.
  12. Холестерин транспорты және осы процесстегі липопротеиндердің рөлі.
  13. Холестерин алмасуының реттелу механизмі. Атеросклероз. Гиперхолестеринемия. Өтке тас байлану.  Семіздік.
  14. Кетондық денелердің синтезі және қолданылуы. Кетонемияның  себептері.
  15. Қан сарысуындағы жалпы липидтерді, холестерин және липопротеиндерді анықтаудағы диагностикалық мәні.
  16. Амин қышқылдарын алу және жұмсалу жолдары. Құнды  және құнды  емес ақуыздар. Азоттық баланс. Квашиоркор.
  17. Ақуыздардың қорытылуы. Протеолитикалық ферменттер, олардың активтілігі.
  18. Асқазан сөлінің анализі. Асқазан ішек жолдары мүшелерінің аурулары кезіндегі ақуыздардың қорытылуының бұзылуы. Диагностикалау мақсатында анализ қорытындысын пайдалану.
  19. Амин қышқылдарының сіңірілуі. Ішекте ақуыздардың шіруі.
  20. Ұлпалық ақуыздардың құлдырауы. Катепсиндер.
  21. Амин қышқылдар биосинтезінің жалпы (қайта аминделу және трансаминделу) және спецификалық жолдары. Осы процесстердегі глутамин қышқылының рөлі.
  22. Амин қышқылдарының қышқылдық дезаминденуі. Глутаматдегидрогеназа. Амин қышқылдарының тікелей емес дезаминденуі.
  23. Амин қышқылдарының азотсыз қалдығының катаболизм жолдары. Гликогендік және кетогендік амин қышқылдар.
  24. Аммиактың алмасуы: алу және залалсыздандыру жолдары (аминденуі, амидтенуі, аммониогенез, мочевинаның биосинтезі). Аммиактың транспорты.
  25. Қанның азот қалдығы. Анықтау принципі, қалыпты көрсеткіштер, диагностикалық мәні.
  26. Мочевинаның биосинтезі аммиакты залалсыздандыру ретінде. Аммиак пен мочевина алмасуының бұзылуы.
  27. Глицин, серин, цистеин алмасуының ерекшеліктері. Бір көміртектік қалдықты тасымалдау реакцияларына ТГФК қатысуы.
  28. Метионин, оның трансметилдену реакцияларындағы рөлі. Бір көміртектік қалдықты тасымалдау реакцияларына ТГФК қатысуы.
  29. Фенилаланин мен тирозиннің алмасуының ерекшеліктері. Амин қышқылдарының алмасу процесстерінің тұқым қуалайтын бұзылыстары.
  30. Дикарбондық амин қышқылдарының алмасуы. Амидтену аммиакты залалсыздандыру жолдарының бірі ретінде.
  31. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі. Биогенді аминдер және олардың зат алмасу мен физиологиялық функцияларының реттелуіндегі рөлі.
  32. Биогендік аминдердің белсенділігінің жойылуы . Моноаминооксидазалар. Амин қышқылдарының қатысуы және олардың синапстық жүйке импульсінің туындылары.
  33. Пуриндік нуклеотидтердің биосинезі: пуриндік сақинаның атомдарының түзілуі, биосинтездің бастапқы сатылары (рибоза-5-фосфаттан фосфорибозиланге дейін). Биосинтездің реттелуі.
  34. Пуриндік нуклеотидтердің катаболизмі. Қандағы қышқылдың концентрациясы. Гиперурикемия. Ісікке қарсы заттар.
  35. Пиримидиндік нуклеотидтің катаболизмі және биосинтезі. Осы процесстердің реттелуі. Антиметаболиттер, емдеуде қолданылуы.
  36. Дезоксирибонуклеотидтердің биосинтезі. Процесстің реттелуі.
  37. Қалдықтық азот тауралы түсінік. Қандағы қалдық азоттың қалыпты деңгейі. Қандағы қалдық азот пен мочевинаны анықтаудың диагностикалық маңызы.
  38. Азоттық алмасудың патологиясы: квашиоркор, аминоацидурлар, гиперурикемиялар, т.б.

Оқыту және үйрету әдістері: коллоквиум – ауызша және жазбаша бақылау.

Жазбаша бақылау:

Билет №1

  1. Тамақтық майлар, тәуліктік норманың пайдалануы, қорытылуы, қорытылған азықтың сіңірілуі. Липидтің қорытылуы мен сіңірілу процесінің бұзылуы. Хиломикронемия. Өт қыщқылының рөлі.
  2. Май қышқылының биосинтезі, реакцияның жүруі, физиологиялық мағынасы, тамақтану және тамақ құрамына байланысты биосинтездің жүруі.
  3. Фенилаланин мен тирозиннің құрамының алмасуы. Аминқышқылының алмасуының тұқымқуалаушылық бұзылуы.

Билет №2

  1. Ас ішек жасушасындағы майдың ресинтезі. Май алмасуындағы хиломикронның маңызы.
  2. Жоғары май қышқылының (ЖМҚ) тотығуы, ренакцияның жүруі, ҮКҚЦ байланысы, оның реттелуі.
  3. Глициннің, сериннің, цистеиннің алмасуының маңызы. ТГФҚ-ның біркөміртектік қалдығының тасымалдану реакциясына қатысуы. Фолий қышқылының жетіспеушілігі. Сульфаниламидтік құралдағы бактериологиялық үрдістің механизмі.

Билет №3

  1. Холестерин алмасуының реттелуінің механизмі. Атеросклероз. Гиперхолестеринемия. Өтте тас пайда болу ауруы. Май басу. Қан сарысуындағы жалпы липидті анықтаудың диагностикалық маңызы.
  2. Бауырда және май ұлпаларындағы ТАГ биосинтезі. Биосинтездің тамақтану мен тағам құрамына байланысты жылдамдығы.
  3. Пуриндік нуклеотидтердің катаболизмі. Қандағы зәр қышқылының концентрациясы. Гиперурикемия және подагра. Ісінуді басу.

Билет №4

  1. Холестерин оның құрылысы, физиологиялық рөлі, жолының қолдануы. Холестерин тасымалы және осы процестегі гипопротеиннің рөлі.
  2. Фосфолипидтер биосинтезі. Бауырдың майлануы. Липотроптық факторлар.
  3. Жалпы аминқышқылдың (аминның қалпына келуі мен трансамині) биосинтездің спецификалық жолы.

Билет №5

  1. Майлар және көмірсу алмасуының байланысы. Липидтер алмасуының реттелуі. Май алмасуға гормондардың әсері.
  2. Аммиак алмасуы, залалсыздандыру жолдары (аминді, амидті, аммониогенез, зәр синтезі). Аммиак тасымалы. Аммиак залалсыздандыруындағы зәр биосинтезінің механизмі. Аммиак пен зәр алмасуының бұзылуы.
  3. Пириминді нуклеотидтердің биосинтезі мен катаболизмі. Осы процесстің реттелуі. Антиметаболиттер, оның ісінуін басу терапиясында қолданылуы.

Билет №6

  1. Ағзадағы холестерин биосинтезінің кезеңдері.
  2. Аминқышқылының тотығуы мен түзу емес дизаминденуі. Глутаматдегидрогеназа. Аминқышқылының азотсыз қалдығының катаболизм жолы. Гликогенді және кетогенді аминқышқылы.
  3. Пуриндік нуклеотидтердің биосинтезі. Пуриндік атомның айналуы, биосинтездің басты кезеңдері (рибоза- 5- фосфаттан 5- фосфорибозиламинға дейін). Биосинтездің реттелуі.

Билет №7

  1. Кетонды денелердің синтезі, кетонемияның мәселелері. Кетондық дененің физиологиялық мағынасы және оларды пайдалану.
  2. Аминқышқылының декарбоксилденуі. Зат алмасуындағы биогенді аминның рөлі және физиологиялық қызметінің реттелуі. Биогенді аминнің (инактивациясы). Моноаминооксидаза. Нерв импульсінің синаптикалық тасымалындағы аминқышқылының және оның туындыларының қатысуы.
  3. Пириминдік нуклеотидтердің биосинтезі және катаболизмі. Осы процесстің реттелуі. Антиметаболиттер, оның ісінуін басу терапиясында қолданылуы.

Билет №8

  1. Аминқышқылының бастамасы мен жолының шығымдануы. Құнды және құнсыз ақуыздар. Азоттық баланс. Ақуыздың қорытылуы. Протеолитикалық фермент, оның белсендірілуі.
  2. Жоғары май қышқылының (ЖМҚ) тотығуы, реакцияның жүруі. ҮКҚЦ байланысы, реттелуі, энергетикалық шығуы.
  3. Метионин және оның трансметилдену реакциясындағы рөлі. ТГФҚ-ның біркөміртектік қалдығының тасымалдану реакциясына қатысуы.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!