ДӘРІСТІК КЕШЕН
Патологиялық физиология бойынша PF– 1 2211
Мамандығы 051301 «Жалпы медицина»
Тақырыбы: Өспелер-2.
Сағат саны: 1 с
Курс – 2
Семестр-4
1.Тақырыбы: Өспелер-2
2.Мақсаты: Студенттерді өспелік өсудің биологиялық ерекшеліктерімен және антибластомдық төзімділік тетіктерімен таныстыру.
3.Дәріс тезистері:
- Өспе тінін қалыпты тіннен ерекшелендіретін, өспелік өсудің биологиялық ерекшеліктерін құрайтын белгілердің жиынтығы атипизм деп аталады.
Морфологиялық атипизм, биохимиялық атипизм, өспелік жасушаларда өсу мен нақтылануды реттеу атипизм түрлері болады.
- Канцерогенез (онкогенез) – реттеуші ықпалдардың бұзылуымен және шексіз өспелік өсуімен байланысты жағдай. Онкогенездің маңызды ықпалдарына жатады: 1) химиялық канцерогендер (шамамен обырдың 80-90 %); 2) физикалық; 3) онкогендік вирустар. Метастазалану – өспенің бөлек жасушаларының басқа ағзаларға тасымалдануы және онда гистологиялық құрылысы дәл сондай екіншілікті өспелік түйіндердің дамуы. Өспелік жасушалардың метастазалану жолдары: лимфогендік, гематогендік, гематолимфогендік, «қуыстық», имплантациялық.
- Метастазаланудың лимфогендік және гематогендік жолдардың сатыларыя: 1. Инвазия сатысы – қан немесе лимфа тамырларының кемерінен солардың қуысына өспелік жасушалардың өтуі. 2. Жасушалық эмболия сатысы – өспелік жасушалардың тамырлар бойымен тасымалдануы және жасушалық эмболдардың пайда болуы. 3. Өспелік жасушалардың қалыпты тінге енуі сатысы, олардың көбеюі және жаңа өспелік түйіндердің пайда болуы.
- Антибластомдық төзімділіктің механизмдері: антиканцерогендік механизмдер, олар канцерогендер әсер ету сатысында қызметін атқарады; антитрансформациялық механизмдер, олар қалыпты жасушаның өспелік түрге айналуының алдын алады; антицеллюлярлық механизмдер, олар өспелік жасушалар колонияларының пайда болуының алдын алады. Олар иммуногендік және иммуногендік емес механизмдерге ие.
4.Иллюстрациялы материалдар: презентация (Power Point).
6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
- Өспелереге тән алғашқы, түбегейлі белгіні атаңыз.
- Онкогендер дегеніміз не?
- Онкоақуыздар қандай қызметтерді атқарады?
- Өспенің өсуі барысында өспенің қатерлілігінің күшеюі қалай аталады?