Өспелер-2 Дәрістік кешен

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Патологиялық физиология бойынша  PF– 1 2211

Мамандығы  051301 «Жалпы медицина»

Тақырыбы: Өспелер-2.

Сағат саны: 1 с

Курс – 2

Семестр-4

 1.Тақырыбы: Өспелер-2

2.Мақсаты: Студенттерді өспелік өсудің биологиялық ерекшеліктерімен және антибластомдық төзімділік тетіктерімен таныстыру.

3.Дәріс тезистері:

  • Өспе тінін қалыпты тіннен ерекшелендіретін, өспелік өсудің биологиялық ерекшеліктерін құрайтын белгілердің жиынтығы атипизм деп аталады.

Морфологиялық атипизм, биохимиялық атипизм, өспелік жасушаларда өсу мен нақтылануды реттеу атипизм түрлері болады.

  • Канцерогенез (онкогенез) – реттеуші ықпалдардың бұзылуымен және шексіз өспелік өсуімен байланысты жағдай. Онкогенездің маңызды ықпалдарына жатады: 1) химиялық канцерогендер (шамамен обырдың 80-90 %); 2) физикалық; 3) онкогендік вирустар. Метастазалану – өспенің бөлек жасушаларының басқа ағзаларға тасымалдануы және онда гистологиялық құрылысы дәл сондай екіншілікті өспелік түйіндердің дамуы. Өспелік жасушалардың метастазалану жолдары: лимфогендік, гематогендік, гематолимфогендік, «қуыстық», имплантациялық.
  • Метастазаланудың лимфогендік және гематогендік жолдардың сатыларыя: 1. Инвазия сатысы – қан немесе лимфа тамырларының кемерінен солардың қуысына өспелік жасушалардың өтуі. 2. Жасушалық эмболия сатысы – өспелік жасушалардың тамырлар бойымен тасымалдануы және жасушалық эмболдардың пайда болуы. 3. Өспелік жасушалардың қалыпты тінге енуі сатысы, олардың көбеюі және жаңа өспелік түйіндердің пайда болуы.
  • Антибластомдық төзімділіктің механизмдері: антиканцерогендік механизмдер, олар канцерогендер әсер ету сатысында қызметін атқарады; антитрансформациялық механизмдер, олар қалыпты жасушаның өспелік түрге айналуының алдын алады; антицеллюлярлық механизмдер, олар өспелік жасушалар колонияларының пайда болуының алдын алады. Олар  иммуногендік және  иммуногендік емес механизмдерге ие.

4.Иллюстрациялы материалдар: презентация (Power Point).

6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Өспелереге тән алғашқы, түбегейлі белгіні атаңыз.
  2. Онкогендер дегеніміз не?
  3. Онкоақуыздар қандай қызметтерді атқарады?
  4. Өспенің өсуі барысында өспенің қатерлілігінің күшеюі қалай аталады?

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!