Дизентерия ауруы
Дизентерия – антропонозды бактериальды ауру. Жұғу механизмі фекальді-оральді. Клиникалық картинасы комплитикалық синдроммен және жалпы интоксикациялық синдроммен белгіленеді.
Этиологиясы: қоздырғышы Shigella туысына жатады. Shigella 4 тобы (А,В,С,Д) және 4 түрі ажыратылады:
- dysenteria
 - flexneri
 - Sh.boydi
 - sonnei
 
Sh.sonnei-ден басқа түрлері бірнеше сероварианттардан құралады. Шигеллада О және К антигендері бар. Олар эндотоксионнен тұрады, ал Sh. dysenteria, Sh.flexneri, Sh.sonnei экзотоксин өндіреді. Энтеро-нейро және цитотоксикалық белсенділігін иеленеді. Антибактериальді препараттарға полирезистенті және сыртқы ортаға төзімді.
Эпидемиологиясы: Барлық жерде таралымды.
Инфекция көздері:-жедел және созылмалы дизентериямен ауыратындар транзиторлы бактерия тасымалдаушылар. Көбінесе эпидемиологиялық қауіптілікті өкпе ауруымен ауыратындар төндіреді. Осылардың ішінде ең қауіптісі қоғамдық орында тамақтанатын жұмысшылар.
Берілу жолы: су, тамақ, тұрмыстық қатынас арқылы беріледі. Көбінесе жазда немесе жаз-күз айында ауырады. Сезімталдық-жоғары болады.
Иммунитет: 1-2 жыл мезгілінде спецификалық түрде болады.
Патогенезі: Шигелла асқазанға түскенен кейін ашы және тоқ ішеке өтеді. Тоқ ішекте олар колоноцитке өтіп, сол жерде көбейіп өледі де эндотоксин босап жергілікті әсер көрсетеді. Sh.dysenteriae (Григорьева-Шига) дизентерияларынан басқасына бактериемия тән емес. Токсин әсер ету кезінде күрделі процесстер пайда болады. Олар: ащы ішектің функцияларының бұзылуы (асқорыту, сіңу, моторлы-эвакуаторлы). Сондай-ақ алмасу процестер (белок алмасуы), дәрумендердің және гемостаз жүйесінің бұзылуы. Аурудың дамуында басты рольді организм сенсибилизациясы ойнайды (г.з.т.) Дизентерияның дамуына макроорганизм және қорғаушы факторлар маңызды мағына береді.
Патологиялық анатомиясы: патоморфологиялық өзгерістер дизентерия кезінде тоқ ішектің дистальді бөлімінде көрінеді. Қабынудың келесі түрлері кездесуі мүмкін:
- катаральді
 - катаральді-эрозиялы
 - катаральді-геморрагиялық
 - ойық-жаралы
 - фибринозды
 
Клиникасы. Дизентерияның клиникалық жіктелуі:
1.Жедел дизентерия ұзақтығы 3 айға дейін (ауырлау ағымы, егер 3-4 аптаға дейін сауығу кезеңі болмаса).
- колитикалық формасы (жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр)
 - гастроэнтероколиттік формасы (жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр)
 
- Созылмалы дизентерия ұзақтығы 3 айдан 2 жылға дейін
 
- қайталану формасы (рецидивирующие)
 - үзіліссіз формасы (непрерывное)
 
- Бактерия тасымалдаушы формасы (транзиторлы)
 
Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан (6-12 сағат) 7 күнге дейін тербелісте болды. Орташа есеппен 2-3 күн. Дизентерия клиникасында екі синдром ажыратылады:
- колитикалық
 - жалпы интоксикациялық
 
Басталуы жедел, кейінен жиі колитикалық синдром көрінеді.
- іште толғақ тәрізді ауырсыну (сол жақ мықын аймағында)
 - жиі сұйық нәжіс (3-5-тен тәулігіне 20 рет). Нәжіс массасының
 
мөлшерінің азаюынан шырышты және қан аралас болады. Нәжіс түрі «ректальді плевка» тәрізді болады.
Жалпы интоксикация синдромы кейінірек пайда болады (2-3 сағаттан кейін).
- дене қызуы жоғарлайды (қалтыраумен немесе қалтыраусыз)
 - әлсіздік, бас ауруы, лоқсу, құсу, тәбеті төмендейді
 
Интоксикация синдромы аурудың 2-3 күнінде көрінеді
- аурудың жақсы болжамды ағымында сауығу 2-4 аптада басталады
 - ауырлау ағымында сауығу аурулардың 0,5-10% басталуы мүмкін.
 
Гастроэнтероколитикалық формаға тән:
- қысқа инкубациялық кезең (6-8 сағат)
 - жедел басталуы жалпы интоксикация симптомы және гастроэнтерит болуымен. Колит белгілері аурудың 2-3 күнінде қосылады.
 - жиірек сусыздану синдромы дамиды
 - алиментарлы жолмен жұғуын қармайды
 
Дизентерияның созылмалы ағымы аурулардың 2-5% кездеседі. Созылмалы дизентерияның қайталану ағымында клиникалық ремиссия болады, ал үзіліссіз ағымында ол болмайды.
Ал бактерия тасымалдаушы (транзиторлы) туралы айтуға болады мынандай жағдайда:
- егер шигелланың капрокультурасы бөлінсе
 - егер ағымның 3 айында бөлінген копрокультурада диарея болмаса
 - егер қанның серологиялық зерттеуде теріс қорытынды болса
 - егер патоморфологиялық өзгерісте
 
Асқынулары: – инфекция-токсикалық шок
- гепатоволемиялық шок
 - аралас шок
 - ішектен қан кету
 - перитонит (перфорациялық ойық жара кезінде)
 - инвагинация
 - тік ішекке түсу
 - артқы өту жолының жарылуы
 
Дизентерияны шығыны:– сауығу (көптеген аурулардың негізгі шығымы)
- созылмалы формаға өтуі (2-5% ауруларда)
 - постдизентериялық колит
 - ішек дисбактериозы
 
Диагностика: дизентерия диагнозы мынаған негізделеді:
- клиникалық негізге
 - эпидемиологиялық негізге
 - арнайы зертханалық негіздерге
 
Арнайы диагностикалық әдістер:
- бактериологиялық зерттеу (нәжістің, құсық массанының)
 - серологиялық реакция (РНГА)
 - аллергиялық сынама
 
Арнайы емес әдістер:
- капрограмма
 - ректороманоскопия
 
Салыстырмалы диагностикасы:
- тамақтық токсикоинфекция
 - сальмонеллез
 - холера
 - амебиаз
 - иерсиниозбен және басқа ауруларымен (диарея бұзылуы кезінде).
 
Емдеуі: Дизентерия емдеуі стационарлы және үйде болады. Госпитализация клинико-эпидемиологиялық байланысты жэүргізіледі.
Режим ауыр ағымына байланысты
Этиотропты препараттар (фуразолидон, неваграмон, метациклин, ципрофлоксоцин) жеңіл түрінде күніне 2-3 рет, орташа және ауыр ағымында 5-7 күн.
- патогенетикалық терапия интоксикациялық синдром негізінде жүргізеді
 - дезинтоксикациялық терапия
 - регидратациялық терапия –дегидратация кезінде
 - негізгі белгілерде қолданылады: организмнің иммундық реактивтігін жоғарлаттын препарат (метилурация)
 - ферменттер (креон, фестал)
 - эубиотики (бифидум бактерин, лактобактерин)
 - физиолечение
 - симптоматикалық заттар
 
Профилактикасы: дизентерия кезінде профилактика жүргізіледі: жалпы санитарлы-гигиеналық талаптар берілу жолына байланысты жүргізу
Дизентерия жайлы толық мәліметті оқи кетіңіз.
Жазған: Молдаханов Еркебулан
 
 
