Өкпе перкуссиясы. Өкпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы.
Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы – өкпенің екі бөлігінің симметриялық аймақтарындағы перкуторлық дыбысты салыстыру.
Өкпенің салыстырмалы перкуссиясының жасау ережелері:
- Өкпенің симметриялық аймақтарынан шыққан дыбыс салыстырылады;
- Перкуторлық соққы дыбысы орташа немесе күшті. Шыққан дыбыстың дауыстылығы тері асты шел майының, бұлшықеттің қалыңдығына немесе дерттік ошақтың орналасу тереңдігіне байланысты өзгеруі мүмкін;
- Перкуссия қабырға аралықтарға жасалады;
Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жасаудағы іс-әрекеттер реттілігі
Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы.
Кеуде алдыңғы беткейі бойынша:
- дәрігер науқастың оң жағына орналасады;
- перкуссияны кеуденің оң бөлігінен бастап жасайды;
- плессиметр саусағын бұғана үсті шұңқырына, бұғанаға паралель қойып орташа күшпен оң және сол бөліктердің симметриялық аймақтарына перкуссия жасайды;
- осы әдіспен тікелей бұғаналар үстінен соққы түсіріледі;
- содаң соң перкуссия 1, 2, 3 қабырғаралықтарға бұғана ортаңғы сызығы бойымен оң және сол бөліктердің симметриялық аймақтарын салыстыра отырып жасайды.
Кеуде алдынан сол жақта перкуссия жүрек тұсына дейін жүргізіледі (IV қабырға дейін)
Өкпенің салыстырмалы перкуссиясының нәтижесі келесідей болуы мүмкін:
- екі жақта ашық өкпелік сақталған дыбыс;
- бір жағында перкуторлық дыбыс таралып немесе шектеліп тұйықталған;
- шектелген аймақта (жауырын сызығы бойымен 6-7 қ/а) тұйықталған тимпаникалық;
- өкпенің барлық аймағында корапты дыбыс;
- бір жағында жоғарыдан төмен қарай тимпаникалық дыбыс.
Кеуде бүйірілерінің салыстырмалы перкуссиясы:
дәрігер науқастың алдына орналасады;
- науқасқа қолдарын көтеріп желкесіне қоюды сұрау;
- плессиметр – саусақ қабырғаралықтарға қолтық ортаңғы сызығы бойымен орналастырады;
- біртіндеп төмен түсіп оң және сол жақ бөліктерді әр қабырғаралықты салыстыра отырып перкуссия жасалады;
Кеуде артқы аймағының салыстырмалы перкуссиясы
кеуде артқы аймағының перкуссиясы –
- жауырын үсті аймақтарынан бастайды -плессиметр саусақты дәрігер көлденеңінен жауырын үсті аймағына қойып екі жақты салыстырып соққы жасайды;
- жауырын ортасы аймағының перкуссиясы:
- науқасқа қолдарын алдына айқастырып өзін құшақтап тұруын сұрау- жауырын арасы ашылады;
- дәрігер – плессиметр саусағын тік қояды, яғни омыртқаға параллель;
- алдымен жоғарғы бөліктерінің дыбысы салыстырылады;
- сосын төменгі бөліктері салыстырылады;
- жауырын асты аймақтарының перкуссиясы:
- науқас қолдарын түсіреді; дәрігер плессиметр саусағын көлденең, яғни қабырғаға параллель қояды;
Перкуссия жауырын сызығы бойымен екі жақта салыстырылып жасалады– 1-2 қабырғаралық тексеріледі (кеуде пішініне байланысты).
Өкпенің топографиялық перкуссиясы
Өкпенің топографиялық перкуссиясы – бұл өкпенің шекараларын анықтау – жоғарғы, төмен және өкпенің төменгі жиегінің жылжымалығы
Өкпенің топографиялық перкуссиясының жасау ережелері:
- Перкуссия нақты топографиялық сызықтар бойымен жүргізіледі
- Перкуторлық соққы дыбысының күші – әсіз, жәй, өте әлсіз;
- Перкуссия қабырғаралықтарға және қабырғаларға жасалады;
- Перкуссия бағыты – ашық өкпелік дыбыстан тұйыққа дыбысқа қарай;
- Өкпе шекарасы ашық өкпелік дыбыс жағынан белгіленеді.
Жоғарғы шекарасы – өкпе ұштары биіктігін анықтау.
Өкпе ұштары биіктігін алдынан анықтау:
- дәрігер науқастың оң жағынан тұрады;
- саусақ-плессиметрді оң бұғана үсті шұңқырына бұғанаға параллельді орналастырады;
- перкуссия бұғана ортасынан жоғары және ішке қарай – самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісі бағытында- тұйықталған дыбыс пайда болғанға дейін
Қалыптыда өкпе ұштары биіктігі – 3-4 см.;
Өкпе ұштары биіктігін артынан анықтау
- дәрігер науқастың сол жағынан артына тұрады;
- науқастың басын сәл еңкейтеді:
- саусақ-плессиметрді жауырын өсіндісінен жоғары және паралельды орналастырады;
- перкуссия жоғары УІІ мойын омырқа деңгейінде және одан 3-4 см сыртқары орналасқан нүктелер бағытына қарай тұйықталған дыбыс пайда болғанға дейін перкуссия жасайды; ашық дыбыс жағынан шекара белгіленеді;
- алған мәліметіне баға береді;
- осы реттілікте сол өкпе ұшының биіктігін артынан анықтайды;
- екі көрсеткішті салыстырады.
қалыптыда– УІІ мойын омырқа деңгейінде;
Өзгерістері:– төмендейді, жоғарлайды.
Кренинг алаңы енін анықтау:
- дәрігер науқастың артына орналасады;
- науқастың басын сәл еңкейтеді:
- саусақ-плессиметрді оң жақта трапеция тәріздес бұлшықет қырының ортасына орналастырады;
- перкуссия алдымен медиальды бағытта тұйықталған дыбыс пайда болғанға дейін жүргізіледі; ашық дыбыс жағынан шекара белгіленеді;
- плессиметр-саусақ бастапқы орнына қайта орналастырылады; 6- перкуссия иық буыны бағытына тұйықталған дыбыс пайда болғанға дейін жүргізіледі, ашық дыбыс жағынан шекара белгіленеді;
- екі аралық өлшенеді;
- осы реттілікте сол өкпе ұшына жасалады;
- екі көрсеткішті салыстырылып алған мәліметіне баға береді.
Кренинг алаңы ені қалыптыда -5-8 см;
Өзгерістері: кішірееді, ұлғаяды
Өкпенің төменгі шекарасын анықтау оң өкпенің шекарасын анықтаудан бастайды:
- дәрігер науқастың алдына оң жағынан орналасады;
- науқас қолдарын түсіріп тік тұрады немесе отырады;
- плессиметр-саусақ 3 қабырғаралыққа қабырғаға паралель орналастырады;
- перкуссия төмен бағытта қабырғаралықтармен тұйықталған дыбыс пайда болғанға дейін жүргізіледі;
- ашық дыбыс жағынан шекара белгіленеді;
Осы сызықтар бойымен оң өкпенің төменгі шекарасы – Y қ/а және YІ қабырғаның жоғарғы қыры;
Өкпенің төменгі шекараларын кеуденің бүйірінен анықтау
дәрігер науқасқа қолын көтеріп желкесіне қоюды сұрайды;
6. әрі қарай біртіндеп оң қолтық асты алдыңғы, ортаңғы және артқы сызықтары бойымен қабырғаралықтарға төмен бағытта тұйықталған дыбыс пайда болғанға дейін және анықталған шекараларды белгілей отырып перкуссия жүргізеді;
7. осы реттілікте сол өкпенің төменгі шекарасын қолтық асты сызықтарымен анықтап белгілейді
Осы сызықтар бойымен оң және сол өкпенің төменгі шекаралары – YІІ, YІІІ,ІХ қабырғалар;
Өкпенің төменгі шекараларын кеуденің артқы беткейінен
8. дәрігер науқасқа қолын түсіруді сұрайды; 10– оң өкпенің төменгі шекараларын жауырын және омыртқа бағанасы маңы сызықтарымен жалғастырып, ашық дыбыс жағынан белгілейді;
9. осы реттілікте сол өкпенің төменгі шекараларын жауырын және омыртқа бағанасы маңы сызықтарымен анықтап ашық дыбыс жағынан белгілейді;
10. алған мәліметтеріне баға береді;
осы сызықтар бойымен оң және сол өкпенің төменгі шекаралары – Х қабырға, ХІ кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісі;
өкпенің төменгі шекаралары төмендейді, жоғары ығысады;
Өкпенің төменгі жиегінің жылжымалығын анықтау.
қалыпты тыныста шекарасын анықтау – қолтық артқы сызығы бойымен қабырғаралықтарға перкуссия жасап қалыпты төменгі шекараны анықтап белгілеу;
- науқасқа терең тыныс алып ұстап тұруын сұрау;
- анықталған қалыпты тыныстағы шекарадан төмен бағытта тұйықталған дыбыс пайда болғанға дейін перкуссия жасап ашық дыбыс жағынан шекараны белгілеу;
- науқас терең толық тыныс алып шығарады; 5 – осы кезеңде анықталған қалыпты тыныстағы шекарадан жоғары бағытта ашық дыбыс пайда болғанға дейін перкуссия жасап тұйық дыбыс жағынан шекара белгіленеді;
- екі шекара аралығы өлшенеді;
- алған мәліметтеріне баға береді;
қалыптыда осы сызық бойымен жылжымалығы 6-8 см тең;
Өзгерістері:– шектеледі – жоғалады
Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі:
- Салыстырмалы перкуссия жүргізген кезде қорапты перкуторлық дыбыс анықталады.
- Топографиялық перкуссия кезінде өкпенің төменгі шекаралары біркелкі 2 см-ге төмендеген, өкпенің белсенді қозғалғыштығы 3 см.
- Салыстырмалы перкуссияда оң жақ жауырын астында және қолтық асты аймағында тұйық дыбыс, басқа бөліктердің үстінде ашық дыбыс.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Өкпе аускультациясы
- Тыныс алу ағзаларын тексеру әдістері
- Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары, шулары
- Жүрек перкуссиясы. Жүрек пішінін анықтау