Қан тобын анықтау
Қан тобын цоликлондар Анти А және Анти В көмегімен анықтау
- Құрғақ пробиркаға венадан қан алып, тыныштыққа қояды сарысу бөліну үшін 20-30 минутқа.
 - Ақ пластинкаға (планшетке) солдан оңға қарай : анти –А, анти – В, және анти – Д цоликлондарын тамызамыз. Жоғарғы жағына қан тобын анықтайтын адамның фамилиясы мен инициалдарын жазады.
 - Анти – А, Анти – В, Анти- Д цоликлондарын үлкен тамшымен (0,01 мл) тамызады.
 - Антитела тамшылары жанына зерттейтін қаннан кіші тамшыдан (0,01- 0,03) құямыз да араластырамыз.
 

- Пластинканы 3 минут шайқап тұрып бақылаймыз, цоликлондар мен эритроциттер агглютинациясы бастапқы 3 – 5 секундта байқалады.
 - Анти – А цоликлоны және анти – В цоликлондарымен агглютинация жоқ болса, онда қан 0 (I) топқа жатады.
 - Егер тек анти – А цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан А (2) топқа жатады
 - Егер тек анти – В цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан В (3) топқа жатады
 - Егер анти – А цоликлоны және анти – В цоликлондарымен агглютинация бар болса (+), онда қан АВ (4) топқа жатады.
 
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Қан кету. Қан ағуды тоқтату жолдары
 - Қан түзу жүйесі ауруларын тексеру әдістері
 - Жалпы қан анализі мен жалпы зәр анализіне дайындық ережелері.
 - Қан өндіру (гемоцитопоэз)
 
 
 
