Қуық зақымдалуы
Қуық зақымдануынаі құрсақ ішілік және құрсақтан тыс түрлерін ажыратады. Құрсақ ішілік жарылу, қуықтың қатты басылуы нәтижесінде және іштің төменгі жағын соққаннан, биіктен құлағаннан болады. Бұл жағдайда, зәрдің құрсақ қуысына ағуына байланысты құрсақтың жоғарғы артқы қабырғасы тарылады. Құрсақтан тыс зақымдалу, көбінесе жамбас сүйегінің сынықтары әсерінен қуық мойынында болады. Бұл жағдайда, жамбас қуысына зәр құйылып (қуық маңы май қабатына), одан алдыңғы құрсақ қабырғасынан өтіп, құрсақтан тыс жерлерге тарайды. Сонымен қатар, мұндай зақымдалуда құрсақ алды қабырғасынан өтіп, құр-сақ арты кеңістігіне құйылып, қуық маңы кеңістігіне жиналады.
Клиникасы және диагностикасы. Құрсақ ішілік жарылулар іш пердесінің тітіркену белгілерімен сипатталады: құрғақ тіл, іштің қатаюы, ауырсынуы, төменгі бөліктерінің тұйықталуы, Щеткин-Блюмберг симптомы оң болады. Эксикоз мен токсикоз белгілері тез дамиды. Зәрдің құрсаққа кетуіне байланысты, зәр шығару жоғалады. Құрсақтан тыс жарылулар кезінде, қатты ауырсыну және қасаға үстінгі қампаю байқалады. Зәр қанмен белсенді боялады, аздаған порциялармен бөлінеді, зәр шығару ауырсынумен болады. Кей жағдайда, зәр шығуынсыз, кіші дәретке жалған шақырулар болады. Жамбастың бос алаңында, зәрлік инфильтрация нәтижесінде, шап және мықын аймағында жұмсақ консистенциялы, пальпация кезінде кенеттен қатты ауырсынуы болатын домбығу пайда болады. Диагнозды нақтылау үшін, тек операция алдында жасалатын өрлемелі цистография жасалады.
Емі. Қуықтың құрсақ ішілік жарылу кезінде шокқа қарсы терапия фонында құрғату мен құрсақ қуысының санациясы, қуықтың ақауын тігуга бағытталған оперативтік ем жасалады. Құрсақтан тыс жарылу кезінде қуық ақауын тігіп, паравезикальдық кеңістікке дренаж өткізеді. Операциядан кейінгі зәрді шығару цистотомиялық немесе уретральдық катетер арқылы жасалады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы
- Гипоспадия және Эписпадия
- Несеп-жыныс жүйесінің даму ақаулары
- Уретерогидронефроз