Жедел және созылмалы бронхит
Жедел бронхит – сыртқы ортадан өкпеге ауа келетін, бронхиалды түтіктердің қабынуы (бронхтардың). Бронхит сыртқы орта инфекциялары және тұмау шақыратын қоздырғыштар әсерінен дамиды.
Жедел бронхит түрлері:
Қабынудың даму механизміне байланысты ауру түрлерінің жіктелуі:
- біріншілік – бронхтардағы өзіндік дамитын қабыну процессы;
- екіншілік – басқа патология әсерінен асқынудың болуы
Зақымдалу деңгейіне байланысты жіктелуі:
- төменгі тыныс жолдарының бронхиты (трахеобронхит, бронхиолит және бронхит, ортаңғы калибр бронхтарын зақымдайды);
- кең таралған бронхит;
- сегментарлы бронхит.
Бөлінетін қақырық түріне қарай бронхит жіктелуі:
- шырышты
- іріңді
- катаралды
- аралас
Этиологиясы:
Әсер ету түріне байланысты жедел бронхит себебі инфекциялық, инфекциялық емес және себебі белгісіз болып жіктеледі. Көп жағдайда аурудың аралас түрін кездестіруге болады. Жедел бронхит дамуының басты механизмы — инфекция. Кең таралған вирустар: тұмау вирусы, жедел респираторлы-вирусты инфекция, хламидия типінің бактериясы, пневмококк, стафилококк, микоплазма.
Бронхтарға қоздырғыш бірнеше жолмен түседі: гематогенды, ауа арқылы, лимфогенді. Жедел бронхит дамуының инфекциялық емес түрлеріне физикалық, химиялық факторлар (түтін, шаң, улы заттармен дем алу, ыстық ауа) жатады. Генетикалық тұрғыда аллергияға бейім науқастарда белгілі бір аллергеннің ұзақ әсерінен жедел аллергиялық бронхит дамуы мүмкін.
Жедел бронхит жоғары тыныс жолдарының вирус немесе бактериямен зақымдалуының асқынуы ретінде пайда болуы ықтимал. (мұрын – жұтқыншақ, бадамша бездері, трахея). Жедел бронхит дамуына әсер ететін факторлар: еңбектің зиянды жағдайлары, жиі суық тию, зиянды әдеттер, иммунды жүйе әлсіреуі. Жедел бронхит түріне балалар мен қарт адамдар жиі шалдығады. Күз – көктем айында ауру өршуі байқалады. Кей жағдайда ауру дамуы үшін ағзаның тоңазуы әсер етеді, температура өзгерістері, ылғалдылығы жоғары жерде ұзақ болу, сондықтан ауру жиілігі көктем және күз айларында өршиді.
Клиникасы:
Жедел бронхитқа дауыс қарлығуы, тұмау, тамақтың қышуы әсер етеді. Кейін әлсіздік, бел тұсындағы ауырсыну, дене температурасының жоғарылауы байқалады. Ерте көріністері жөтел болып табылады. Аурудың екінші – үшінші күндері қақырық шыға бастайды және жөтел бас кезіндегідей ауырсынулы болмайды. Жөтелдің ұзақ ұстамалары кезінде бас ауруы, бас айналу байқалады. Жөтел бронхтарды қақырықтан тазартуға әсер ететіндіктен, қорғаныш механизмі болып табылады.
Жедел бронхит симптомдары бірдей болмайды, байланысты:
- ауру себебі
- ауру мінездемесі
- қабынудың таралуы және дәрежесі
- бронхтардың зақымдалу деңгейіне
Жедел бронхиттің алғашқы көріністері: жалпы интоксикация симптомдары. Екіншілік жедел бронхит симптомдары: тұмау, тамақтың қышуы, мұрын бітелуі, конъюнктивит, дауыс қарлығуы. Жалпы интоксикация симптомдары байқалады жалпы әлсіздік, бас ауруы, қалтырау, тершеңдік, дене температурасының жоғарылауы, буындар мен бұлшықеттегі ауырсыну. Бронхтардың жедел қабынуының басты симптомы — құрғақ үдемелі жөтел, кеуде тұсындағы, құрсақ бұлшықеттеріндегі күйдірмелі ауырсыну. Жедел бронхит кезінде қақырықты жөтел ауру сатысына байланысты қақырық консистенциясы мен түрі өзгеріп тұрады. Алғашында қақырық созылмалы, аз көлемде бөлінеді және серозды – іріңді түрде болады. Жедел аллергиялық бронхит ұстама тәрізді жөтелмен жүреді, қақырық сипаты ашық шыны тәрізді болады. Токсикалық затпен демалу әсерінен болатын жедел бронхит кезінде жөтел ларингоспазм, кеуде тұсындағы қысу сезімімен жүреді. Ауру сатылары:
- өршу
- интоксикация
- жазылу
Диагностика:
Аускультативты қатаң дыбыс, ысқырықты сырыл естіледі. Екі күннен соң ылғалды, орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Қақырық бөлінуімен науқас жағдайы жақсарады. Жедел көріністер бірінші апта соңында жойылады, ал жөтел 10 – 14 күн сақталады. Ауа өткізгіш жолдардың қызметі екінші апта соңында қалпына келеді. Жалпы қан анализінде нейтрофилды лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы байқалады.
Емі:
- инфекция, бронхиалды өткізгіштіктің қалпына келуімен және зиянды заттарды алыстатумен байланысты.
- микробты агентты жою үшін антибиотик, сульфаниламид, А, С және В витаминдері қолданылады.
- горчичник, банка, ыстық ванна, сілтілі ингаляция, ыстық сүт, шай.
- дәрілік шөптер, ыстық түсіргіш және тер айдағыш дәрілер
- емдік физкультура, массаж
Медикаментозды ем
Антибиотикотерапия жүргізіледі:
- пенициллин (аугментин, амоксил, оспамокс, амоксиклав);
- макролид (азитромицин, макропен);
- цефалоспорин (цефтриаксон, цефикс, цефазолин, цифадокс);
- фторхинолон (норфлоксацин, левофлоксацин).
Қосымша:
- пробиотиктер (лактовит, бифиформ, линекс).
- гепатопротектор (дарсил, карсил)
Созылмалы бронхит
Созылмалы бронхит бронхтардың ұзақ әсерлі және үдемелі қабынуы. Егер науқаста аурудың симптомдары – жөтел тағы басқа көріністері үш айдан артық уақыт бойы және екі жыл қатарынан сақталса қойылады.
Этиологиясы:
- Инфекция
- Тұқым қуалаушылық және бронхиалды ағаштың туа пайда болған ерекшеліктері
- Темекі түтіні
- Зиянды әдеттері бар жұмыс орны
- Химиялық полютант
- Климат жағдайлары
- Иммунитет бұзылысы
Клиникасы:
- Жөтел құрғақ немесе қақырықты болуы мүмкін.
- Ентігу. Ол дамуы үшін қабыну белсенді және үдемелі болуы қажет және ұзақ уақыт созылуына байланысты.
- Қақырық. Ауру басында қақырық аз мөлшерде және түссіз болады, ауру үдеуіне байланысты сипаты шырышты – іріңді түріне ауысады. Ол жасыл түсті және жоғары созылғыштыққа ие. Бұл қақырықты түрінің пайда болуы микробты флораның пайда болуын және қажетінше медикаментозды емді қажет етеді. Егер таңертең бірнеше рет үлкен көлемде (60-100 мл) іріңді қақырық бөлінсе, бронхоэктаз (бронхтардың сауыт сияқты кеңеюі) дамуын көрсетеді.
- Сырыл. Ауру ремиссиясы кезінде құрғақ сырыл естіледі, егер үдесе ылғалды сырылдар естіледі.
- Қан қақыру. Ауру ұзақ дамуы кезінде және асқынулары кезінде дамиды. Қан көп көлемде және жиі бөлінсе бронхтардың шырышты қабатының қатерлі ісігіне күмән тудырады.
- Астматикалық синдром. Бронхиалды обструкциясы бар созылмалы бронхит үшін тән.
- Цианоз. Аурудың обструктивті түріндегі тыныс жеткіліксіздігімен жүрсе, ылғи цианоз анықталады.
Емі
- Антибактериалды заттар
- Қақырық айдаушы заттар
- Бронхолитиктер
- Қабынуға қарсы және антигистаминды заттар
- Ингаляциялық терапия
- Физиотерапевтикалық әдістер (галотерапия);
- Өмір сүру деңгейін қалпына келтіру
- Антибактериалды заттар
- Жартылай синтетикалық аминопенициллин (аугментин, амоксиклав)
- Макролид (азитромицин, макропен)
- Цефалоспорин (цефтриаксон, цефуроксим)
- Фторхинолон (лефофлоксацин, ципром, авелокс)
- Қақырық айдаушы заттар
- АЦЦ, лазолван, флавамед, бромгесин.
- Бронхолитиктер
- эуфиллин, теофиллин, неофиллин;
- ипратропий бромид (атровент), спиротропий бромид (спирива);
- сальбутамол (вентолин), фенотерол (беротек);
- флутиказон (флексотид);
- беродуал, симбикорт, серетид.
- Ингаляциялық терапия
- Диоксидин
- Хлорофиллипт
- Сілтілі ерітінді
- Атровент
- Беротек
- Вентолин
- Флексотид
- Ацетилцистеин
- Лазолван
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Балалардағы бронхоэктазия ауруы
- Бронхолитикалық (бронх кеңейткіш) препараттар
- Балалардағы бронх демікпесі
- Бронхоэктазиялық ауру
- Бронх демікпесі (астма)
- Обструктивті бронхит, ауру тарихы