Аутизм ауруы
Аутизм – социалды қарым – қатынас жеткіліксіздігі тән, психика бұзылысы. Аутист балалар дамуында өмір бойы сақталатын бұзылыстар оның қабылдау, түсіну әрекетіне кері әсерін тигізеді.
Аутизм қай жастан бастап көрініс береді?
Балалық аутизм бүгінгі таңда 100 000 балаға 2 – 4 жағдайда кездеседі. Ақыл кемдігімен қоса (атипиялық аутизм) анықталуы 100 000 адамға 20 жағдаймен кездеседі. Ұлдар мен қыздар ара қатынасы 4/1. Аутизм кез келген жаста кездеседі. Жас ерекшелігіне байланысты клиникалық көріністері де өзгеріп тұрады. Ерте балалық аутизм ( 3 жасқа дейін), балалық аутизм ( 3 жастан 10 – 11жасқа дейін) және жасөспірімдік аутизм (11 жастан жоғары).
Аутизм бар баланың ерекшелігі.
Бұл аурудың симптомдары әртүрлі және жас ерекшеліктеріне байланысты болғанмен, ортақ аутист балаларға тән өзіндік ерекшеліктері болады.
- социалды контакт және қарым – қатынас бұзылысы;
- қызығушылықтың шектелуі және ойын ерекшеліктері;
- қайталамалы әрекеттерге бейімділік (стереотипияға);
- вербалды қатынас бұзылысы;
- интеллектуалды сфера бұзылысы;
- жүрісі мен қозғалыс ерекшеліктері
Қайталамалы әрекеттерге бейімділік (стереотипияға)
Аутизммен ауыратын балалардың 80 пайызында қайталамалы әрекеттер немесе стереотипия кездеседі. Стереотипия іс – әрекеттерінде және сөйлеу кезінде байқалады. Жиі ол қозғалыс стереотипиялары, оларға бір бағытты бас қозғалысы, иықтың қозғалысы, саусақтарын жұмуы жатады. Ретта синдромы кезінде стереотипты саусақ бүгуі және қол жуу байқалады.
Жиі кездесетін стереотипты әрекеттер:
- жарықты қосу және өшіру;
- құм, мозаика, дәнді дақылдарды қайта төгу;
- есікті тербету;
- стереотипты санау;
- қағазды мыжу немесе жазу;
- аяқты босату және қысу.
Сөйлеу кезінде кездесетін стереотипиялар эхолалия деп аталады. Ол дыбыспен манипуляция, сөзбен, сөз тіркесімен болуы мүмкін. Бұл кезде балалар ата – анасынан естіген, теледидардан естіген сөздерді қайталайды, бірақ мағынасын түсінбейді. Мысалы, «шырын ішесің бе?» сұрағын қойған кезде, бала «шырын ішесің бе, шырын ішесің бе» деп қайталай береді. Немесе бала бір сұрақты бірнеше рет қайталауы мүмкін, мысалы:
Бала – «қайда бара жатырмыз?»
Анасы – «дүкенге»
Бала – «қайда бара жатырмыз?»
Анасы – «дүкенге сүт алуға»
Бала – «қайда бара жатырмыз?»
Вербалды қатынас бұзылысы
Cөйлеу бұзылысы аутизмның барлық формасында кездеседі. Сөйлеу кешігіп дамиды немесе мүлде дамымай қалады. Сөйлеу бұзылысы ерте бала жаста анық байқалады. Бұл кезде тіптен мутизм де байқалады (сөйлеудің толықтай болмауы). Көп ата – аналар бала қалыпты сөйлеп бастаған соң, біршама уақытқа үндемей қалатынын айтады (жыл немесе одан көп). Кейде бастапқы сатыларында бала өз жасындағылардан алда жүреді. Кейін 15 – 18 айдан бастап регресс байқалады, яғни бала қоршағандармен мүлде сөйлеспейді, тек өзімен және ұйқы кезінде ғана сөйлейді. Аспергер синдромы кезінде сөйлеу және когнитивты қызмет жартылай сақталады. Ерте бала жаста балада гуілдеп сөйлеу болмайды, анасында бірден күмән туады. Бала дамуына байланысты экспрессивты сөйлеу бұзылады. Балалар сөз тіркесін дұрыс қолданбайды және өздерін екінші немесе үшінші жақта айтады. Мысалы, «тамақ ішкім келеді» сөз тіркесінің орнына бала «ол тамақ ішкісі келеді» немесе «тамақ ішу келеді » деп айтады. Өзіне сол қалпында сөйлейді, мысалы, «Антонға қалам қажет». Көп жағдайда балалар үлкендерден немесе теледидардан естіген сөз тіркесін қолданады. Қоғамда бала мүлде сөйлемейді және сұрақтарға жауап бермейді. Бірақ, жеке қалған кезде өз әрекеттерін комментариялайды және тақпақ айтады. Кей кезде баланың сөйлеуі цитата, неологизм, өзгеше сөздермен, бұйрықпен болады. Олардың сөйлеуінде аутодиалог және рифмды сөйлеуге бейімділік болады. Олардың сөйлеуі көп жағдайда бір сарынды, интонациясыз болады. Сөйлеу бұзылысы көп жағдайда логопед және дефектологтарға қаралуға қажет етеді. Сөйлеу бұзылыстарының себебін білу үшін, әңгімелесу кезінде сөйлейтіндігін анықтап алу қажет. Сөйлеу бұзылыстары аутизм кезінде қоршаған ортамен әрекеттескісі келмейтіндігінен болуы мүмкін, бұл аномалия балалардың социалды контакт бұзылысын көрсетеді.
Интеллектуалды сфера бұзылысы
75 пайыз жағдайда интеллекттің әртүрлі бұзылыстары байқалады. Ол ақыл кемістігі немесе жартылай ақыл кемістігі болуы мүмкін. Көп жағдайда ол әртүрлі дәрежедегі интеллектуалды дамудағы артта қалушылық болып табылады. Аутист бала бағыт – бағдарлауға, есін жинақтауға қиналады және қызығушылықты тез жоғалтады, қабылдау бұзылысы байқалады. Манипуляция және визуалды әрекеттерге байланысты тестты бала жақсы орындайды. Бірақ, символиялық және абстрактты ойлануды, логиканы қажет ететін тест қиын орындалады. Кей кезде балаларда белгілі дисциплина және интеллекттің белгілі тұстарын дамытуға қызығушылық болады. Мысалы, оларда кеңістіктік есте сақтау жақсы дамыған.10 пайыз жағдайда жылдам интеллектуалды даму, интеллекттың ыдырауымен көрініс береді. Аспергер синдромы кезінде интеллект жасқа сай дәрежеде сақталады.
Өзін сақтау сезімінің бұзылысы
Өзін сақтау сезімінің бұзылысы, аутоагрессия арқылы көрініс береді және 1/3 аутист балаларда кездеседі. Агрессия – өмір сүру барысындағы қолайсыз жағдайларға жауап беру қабілеті. Бірақ, аутизм кезінде социалды контакт болмайтындықтан, негативты энергия өз – өзіне бағытталады. Аутист балалар өзін соғу, тістеу арқылы көретеді. Бұл балалар қауіпті сезбейді. Ерте балалық кезде коляскадан сырғып түсу, ал үлкенірек жастағыларда жоғарыдан секіру немесе автокөлік жүретін жолға жүгіріп шығу байқалады. Көбінде құлаған соң, күйген соң да теріс әсер қалмайды. Мысалы сау бала қолын кескен соң немесе құлаған соң, кейін одан алыс жүреді, ал аутист бала бір әрекетті бірнеше рет жасайды және тоқтамайды.
Жүрісі мен қозғалыс ерекшеліктері.
Аутист балаларда спецификалық жүріс болады. Олар көбінесе аяқ ұшымен жүріп, көбелекті ұқсатады, ал кейбіреулері секіріп қозғалады. Қозғалыс ерекшелігі қауіптен сақтанбау, бей – берекеттік. Бұндай балалардың жүгірісі қалыпты емес, қолымен сермеп және аяқтарын кең салып жүгіреді.
Аутист балалар қандай болады?
Бір жасқа дейінгі балалар
Омыраудағы баланың сырт келбетінде мимика байқалмайды, күлу, басқа эмоциялар. Басқа балалар сияқты белсенді емес, өзіне көңіл аудармайды. Көп жағдайда ол белгілі бір затқа үнемі қарап тұрады. Бала қолға талпынбайды, оған күліп қараса күлмейді. Оған қызықты заттарға қол созбайды, көрсетпейді. Өз атына мән бермейді, гуілдеп сөйлемейді. Аутист бала артық проблема туындатпайды, өте байсалды бала ретінде байқалады. Көп сағат бойы өз бетімен ойнайды, қоршағандарға қызығушылық танытпайды.
Бір жастан үш жасқа дейінгі балалар.
Балалар сол қалпы жабық, эмоциясыз болады. Сөйлемейді, тұйық болады. 15 – 18 айдан бастап балалар мүлде сөйлемей кетеді. Бала қасындағы адамға қарамайды. Ерте жастан бастап бұндай балалар өздеріне қарап, сыртқы ортадан тәуелсіз бола бастайды. Соған қарамастан, егер сөйлей бастаған кезде өздерін екінші немесе үшінші жақта атайды. Мысалы, «Олег су ішкісі келеді» немесе «су ішкің келе ме». «Су ішесің бе?» сұрағына олар жауап береді : «ол су ішкісі келеді». Ерте жастағы балаларда сөйлеу бұзылысы эхолалиямен көрінеді. Басқа адамдардан естіген сөз тіркестерін қайталауға құмар болады. Көп жағдайды вокалды тики байқалады. Балалар аяғын басып жүре бастаған кезде ата – анасы баласының жүрісіне мән береді. Аяқ ұшымен жүру байқалады және қолын қатты сермейді. (көбелек сияқты) Психомоторлы жоспарда балалар гипер белсенді немесе гипо белсенді болады. Көп жағдайда бірінші вариант байқалады. Балалар үнемі қозғалыста болады және қозғалысы стереотипты. Олардың қозғалысы бір бағытты және механикалық. Жаңа затты үйренген кезде (мысалы,анасы жаңа ойыншық сатып алса) оны иіскеп, ұстап, дірілдетіп көреді. Баланың қозғалыстары ерекше, форсирленген болады. Балада қалыпты емес ойындар мен әрекеттер пайда болады. Ол жиі сумен ойнайды немесе жарықты өшіріп, қосып ойнайды. Баланың ерекшелігі бала мүлде жыламайды, тіптен қатты құлап қалса да. Сирек бір затты сұрайды және жылайды. Аутист бала басқа балалармен қарым қатынасты қаламайды. Балалар жиналған жерлерде ол жеке отырады немесе мүлде қашып кетеді. Кейде аутист балалар басқа балалар ортасында агрессивты болады, олардың агрессиясы өзіне немесе қоршағандарға бағытталады.
Мектепке дейінгі балалар (3 жастан 6 жасқа дейін)
Бұл жастағы балаларда социалды адаптация қиындықтары туындайды. Бала балабақшаға немесе дайындық курстарына барған кезде анық байқалады. Бала қасындағы балаларға көңіл аудармайды, жаңа жағдай оған ұнамайды. Бұндай өміріндегі өзгерістерге ол қатты қозумен жауап қайтарады. Ол сыртқы ортадан қашып, жеке қалуды қалайды. Егер өз ойыншықтары болса, арнайы кезектілікпен оларды орналастырады түсіне немесе өлшеміне байланысты. Үлкендер аутист бала бөлмесінде тәртіп барын байқайды, яғни ойыншықтары түсі бойынша немесе жасалған зат бойынша белгілі реттілікпен орналастырылады , керекті затты қажетті орнынан табу бала үшін қорғанышты білдіреді.
6 жастан жоғары балалар
Аутист балалар арнайы мектепте немесе ортақ мектептерде оқиды. Егер балада интеллектуалды сферада бұзылыс байқалмаса және сабақпен үлгерімі жақсы болса өзінің қалауымен ұнататын сабақтары болады. Оған сурет салу, музыка, математика сабақтары жатады. Орташа интеллект балаларда қабылдау жеткіліксіздігі байқалады. Олар қиындықпен есептерге мән береді, бірақ өз шаруасына максималды көңіл аударады. Көбінесе кітап оқудан қиындықтар туындайды (дислексия). Сонымен қатар, 1/10 жағдайда аутист балаларда ерекше интеллектуалды қабілет байқалады. Оған музыкадағы талант, өнер немесе ерекше еске сақтау қабілеті болуы мүмкін. Бір пайыз жағдайда аутист балаларда савант синдромы кездеседі, яғни бірнеше білім жүйесі бойынша ерекше дарын байқалады.
Үйде балада аутизм барын қандай тест арқылы анықтауға болады?
Тест пайдалану мақсаты балада аутизм барын анықтау. Тест нәтижесі толықтай балада аутизм диагнозы барын растамайды, бірақ мамандарға қаралуға бағыт береді. Бала дамуын ескере отырып, бала жасына сай арнайы тестты қолдану қажет.
Аутизмды анықтау үшін тест:
- ортақ даму көрсеткіштері бойынша баланың әрекетін бағалау– туғаннан 16 айға дейін;
- M-CHAT тест (модифицирленген скринингты тест) –16-30 ай аралығындағы балалар үшін ұсынылған;
- CARS аутизм шкаласы (балалардағы рейтингты аутизм шкаласы) – 2 – 4 жас аралығы;
- скринингты тест ASSQ – 6 – 16 жас аралығындағы балалар үшін.
Туғаннан бастап аутизмге мүмкіндігін тексеру тесты
Бала денсаулығы бойынша ұжымдар баланың әрекетіне туғаннан бастап көңіл бөлуін және сәйкес емес қылықтар анықталса мамандарға қаралуын ұсынады. Туғаннан бастап бір жасына дейінгі кезеңде келесі әрекетердің болмауы, бала дамуының дұрыс еместігін көрсетеді:
- күлу немесе қуаныш эмоциясын білдіру;
- күлуге, мимикаға жауап реакциясы;
- тамақтандыру кезінде анасына қарау немесе баланы қоршаған адамдарға мән беру;
- өз атына немесе таныс дауысқа реакция;
- жест, қолын сермеу;
- өзіне қажетті заттарға қолын созу;
- сөйлеу әрекеті (гуілдеу );
- қолына көтеруді сұрау;
- қолға алған кездегі қуаныш сезімі.
Жоғарыда аталған бір көрініс байқалса, мамандарға қаралу қажет. Бұл аурудың тағы бір көрінісі отбасындағы бір адамға қатты үйреніп алу, жиі анасына. Сырттай бала оны көрсетпейді, бірақ алшақтау қаупі туған кезде бала тамақ ішпейді, құсады, дене температурасы көтеріледі.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Даун синдромы
- Ген және геном жайлы түсінік
- Генетика пәні, зерттеу жолдары
- Адам генетикасын зерттеу әдістері