Артерия атеросклерозы

Атеросклероз қазақша

Атеросклероз (грек. ἀθέρος, « ботқа» және σκληρός, «қатты, тығыз») — липидтер алмасуының бұзылуы нәтижесінде , холестерин мен липопротеидтердің кейбір фракцияларының эластикалық және бұлшықетті-эластикалық типті артериялар қан тамырларының интимасына тұнып қалуымен сипатталатын созылмалы ауруы. Олар атероматозды дақ түрінде тұнады. Ары қарай дәнекер тіндену(склероздану), кальциноздану қуыстың деформациясына және облитерация (бітелу) сытысына дейін тарылуына дейін әкеледі.Атеросклерозды Менкеберг артериосклерозынан айыра білу маңызды, бұл ауруда артерия қабырғасының склеротикалық зақымдалу формасы : диффузды зақымдалу(дақтардың болмауы), артерияның ортаңғы қабатына кальций тұздарының тұнуы,тамыр аневризмасының (бітелу емес) дамуы . Тамырлардың атеросклерозы жүректің ишемиялық ауруына әкеледі.

Этиологиясы

  • Қазіргі кезде бұл аурудың туындауында бірыңғай теория табылмаған. Негізгі келесідей нұсқалар, байламдар келтірілген:
  • липопротеидті инфильтрация теориясы — біріншілік липопротеидтердің тамыр қабырғасында тұнуы,
  • Эндотелий дисфункциясы теориясы — біріншілік эндотелий мен оның медиаторларының қорғаныстық қасиетінің бұзылысы,
  • аутоиммунды — біріншілік дамыған макрофагтар мен лейкоциттердің қызметінің бұзылысы ,олармен тамыр қабырғасының инфильтрациясы ,
  • моноклональды — біріншілік жұмсақ бұлшықетті жасушалардың патологиялық клондарының пайда болуы,
  • вирусты — эндотелидің біріншілік вируысты зақымдалуы (герпес, цитомегаловирустар және т.б.),
  • Асқын тотықты — антиоксидантты жүйенің біріншілік бұзылысы,
  • генетикалық —тамыр қабырғасының біріншілік тұқымдық дефекті,
  • хламидиозды — хламидиялармен тамыр қабырғасының біріншілік зақымдалуы,негізінен Chlamydia pneumoniae.
  • гормональды — жасқа байланысты гонадотропты және адренокортикотропты гормондардың деңгейінің жоғарылауы , холестерин гормондарының құрылымдық метериалының синтезін жоғарлатады.

Қауіп факторлары:

  • Темекі шегу (аса қауіпті)
  • гиперлипопротеинемия (жалпы холестерин > 5 ммоль/л, ЛПНП > 3 ммоль/л, ЛП(a) > 50 мг/дл)
  • артериальды гипертензия (систолалық АҚ > 140 мм сын.бағ. диастолалық АҚ > 90 мм сын.бағ.)
  • қант диабеті
  • семіру
  • Аз қозғалатын өмір салты
  • Эмоциональды күйзеліс
  • Дұрыс тамақтанбау
  • Тұқымдық бейімділік
  • постменопауза
  • Гиперфибриногенемия
  • гомоцистеинурия

атеросклероз қазақша

Патоегензі: Атеросклероз патогенезін атерогенез деп атайды. Ол бірнеше этапта дамиды. Атеросклеротикалық зақым – интимаға липопротеидтер мен лейкоциттер түсуі және шығуы бірлесті,  пролиферация және жасушалар өлімі,түзілістер мен жасушааралық заттың қайта қалыптасуы, сонымен қоса тамырдың өсімділігі мен әктенуі.

Қалыптыда артерия интимасы бірклеткалы эндотелиальды қабатпен қапталған, оның астында жасушааралық затқа енген жұмсақ бұлшықетті клеткалар орналасады.

Аурудың біріншілік көріністері – липидті дақ түзілуі. Олардың пайда болуы жергілікті  интимаға  липопротеидтердің   тұнуы. Барлық липопротеидтер атерогенді емес, олар тығыздығы төмен липопротеидтер мен тығыздығы өте төмен липопротеидтер

Лейкоциттер ,негізінен моноциттер мен лимфоциттер миграциясы, – липидті дақтың пайда болуының екінші кезеңі. Олардың миграциясын қамтамасыз ететін эндотелиде орналасқан рецепторлар – адгезия молекулалары.

Модифицирленген липопротеидтерді макрофагтар жұтқаннан кейін цитокиндер мен өсу факторын бөледі, олар дақ дамуына әкеледі. Атеросклеротикалық түйіндақтар липидті дақтан пайда болады, дегенмен барлық дақтар атеросклеротикалық түйіндақтар бола алмайды. Егер де липидті дақтарға ксантомды жасушалардың жинақталуы тән болса, атеросклеротикалық түйіндақтарға фиброздану тән. Атеросклероздың кеш даму стадиясында цитокиндердің маңызды рөлі қан ұю жүйесіндегі өзгерістер. Липидті дақтардың пайда болуы үшін эндотелидің зақымдалуы міндетті емес. Бірақ кейіннен микроскопиялық зақымдар туындайды.Жалаңаштанған базальды мембранада тромбоциттердің адгезиясы жүріп, осы жерлерде ұсақ тромбоцитарлық тромбтар түзіледі. Активтелген тромбоциттер бірнеше қатар заттар бөледі ,ол фиброзды тездетеді.

Клиникасы. Коронарлы артериялардың зақымдалуы біртіндеп коронарлы жетіспеушілікке әкеледі, ол жүректің ишемиялық ауруымен білінеді. Церебральды артериялардың қатысуы бас миының ишемиясына не инсультке соқтырады. Аяқ-қолдың артериялары зақымдалуы – ауыспалы ақсақтық пен құрғақ гангрена себебі. Құрсақ қуысы артерияларының атеросклерозы ішектің ишемиясына және инфарктіне(мезентериальды тромбоз) әкеледі. Сонымен қатар бүйрек артериялары зақымдалуымен жүретін Голдблатта бүйрегі . Жекешеленген артериальды бассейндердің аймағында жергілікті зақымдалуы тән. Солай , жүректің тамырларындағы окклюзия жиі сол жақ коронарлы артерияның қарыншааралық тармағының алдыңғы проксимальды бөлімінде дамиды. Басқа типті локализация – бүйрек артериясының проксимальды бөлімі және ұйқы артериясының бифуркациясы. Кейбір артериялар , мысалы, кеудеішілік артериялар коронарлы артерияларға орналасуы және құрылысы бойынша ұқсас болғанмен сирек зақымдалады . Атеросклеротикалық түйіндақтар жиі бифуркациялық артерияларда ,көбіне қан ағысы тұрақсыз аймақта дамиды,яғни түйіндақтардың орналасуында  жергілікті гемодинамика маңызды орында.

Диагностика.

  • Науқасты жалпы қарау : ағзаның қартаюы белгілері, аорта ошағында систолалық шудың естілуі ; барлық артерияларды пальпациялау:аорта, сыртқы мықын артериялары және т.б.
  • Артерияның аускультативті аймақтарынан систолалық шуды анықтау.
  • Аяқтардың артериальды жүйесінің зақымдалуына күдіктенгенде-капиллярлы жауапты анықтау.
  • ҚЖА
  • ЭКГ
  • Ангиография
  • КТ
  • МРТ
  • Қанда холестерин деңгейін және липидті балансты анықтау;
  • Кеуде клеткасы рентгені, рентгенэндоваскулярлы әдістер.
  • Жүректі құрсақ қуысы ағзалары мен ішастар арты кеңістігі ағзаларын УДЗ ;
  • Аяқ –қол тамырларының доплерографиясы, ультрадыбысты дуплексті және триплексті бронхиоцефальды артерияларды,аяқ артерияларын, аорта-мықын сегменттерді сканирлеу, сонымен қоса транскраниальды доплер .

Емі. 

  • Медикаментозды емес гиперлипидемияны коррекциялау
  • Адекватты әсерге жету үшін бұндай емнің ұзақтығы 6 айдан кем болмау керек.
  • Темекіден бас тарту
  • Ішімдіктен бас тартау
  • Антиатеросклеротикалық емдәм — мысалы, «ортатеңіз»: зәйтүн майы(или рапсовое) , бутербродтар үшін жартылай қанықпаған май қышқылдары бар маргарин (дүкендерде ассортиментте), ішімдіктен тек асханалық шарап 150 мл/күніне , жоғарғы сортты ұннан нан өнімдерін азайту, жеміс-жидектер күн сайын,көбіне қызғылт тұқымды, жасыл шөптер, балық , етті азайту (үй құсы пайдалырақ).
  • Белсенді өмір салты — күнделікті физикалық жүктемені өлшеу.
  • Психологиялық және физикалық комфорт ұстану
  • Дене массасын төмендету

Медикаментозды терапия.

  • I —холестерин сіңуін шектеуші(холестирамин, гемфиброзил).
  • II —бауырда холестерин мен триглициридтер синтезін төмендететін және қан плазмасындағы концентрациясын азайтатын дәрілір (ловастатин(мевакор, медостатин, апекстатин)
  • III — атерогенді липидтердің және липопротеидтердің катаболизмін жоғарлататын және сыртқа шығаратын заттар (линетол, липостабил, трибуспамин)
  • IV — Эндотелиотропты препараттар ( эндотелийді қоректендіруші). Интимадағы холестерин деңгейін төмендетеді.. Перикарбат(пармидин, ангинин), синтетикалық аналогы простациклина(мизопростол, вазопростан), А, Е (Аевит), С.витаминдері.

Хирургиялық коррекция.

  • Ангиопластикa (коронарлы, балонды терапия, артерияларды стенттеу)
  • Тромболитикалық терапия
  • Аорто-коронарлы шунттау (АКШ)
  • Артерияларға операция ашық (эндартеректомия), түйіндақты алу немесе кедірлікті түзету ашық операция арқылы ,немесе эндоваскулярлы – баллонды катетерлер арқылы артерия дилатациясы, тарылған жерді стенттау, тамырлардың реокклюзиясы дамуын алдын алу үшін (трансилюминальды балонды ангиопластика және артерияны стенттау). Тамырдың тарылуы орыны мен таралуына ,немесе қуысының жабылуына байланыты әдіс таңдалады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!