Инвагинация, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.

    Ішек инвагинациясы деп— ішектің бір бөлігінің екінші бөлімнің ішіне кіріп кетуінің нәтижесінде пайда болатын ішек өтімсіздігін айтады. Бұл ішек өтімсіздігінің түрі жиі  4 айдан 9 ай аралығындағы омыраудағы балаларда (85-90%) кездеседі.1 жастан асқан балаларда инвагинация сирек кездеседі,көбінесе органикалық табиғатпен байланысты (мықын ішек дивертикулы,  лимфоидты тіндердің гиперплазиясы , полип, қатерлі  түзілістер және т.б)  болады.

        Инвагинацияға бейімдейтін  факторлар:

  • Туа пайда болған факторлар:
  • Анатомиялық ерекшеліктер (Ішек бөліктерінің ұзаруы (мегаколон, долихосигма)).
  • Туа пайда болған аномалиялар (аяқталмаған ішек айналымы, аганглиоз (Гиршпрунг ауруы)).
  • Жүре пайда болған факторлар:
  • * Іш қуысындағы жабысқақ аурулар;
  • * Іш қуысында және ішектегі жаңа түзілістер, ішектегі бөгде заттар;
  • * Гельминтоздар;
  • * Өт- тас ауруы;
  • * Іш қабырғасының жарықтары;
  • * Дұрыс емес ретсіз қоректену.
  • Инвагинация омырау балаларындағы дәнекер тінінің ерекшелігіне байланысты ішек перистальтикасының бұзылысынан (илеоцекального клапанның жетіспеушілігі,тоқ ішектің жоғары қозғалғыштығы) немесе ішек қабырғаларындағы  ісік,бөгде зат ретінде органикалық тосқауылдардың  болуынан дамиды.
  • Бұлшықетті қабаттың дұрыс жиырылмауына режим бойынша дұрыс тамақтанбау,прикормның енгізілуі әсер етуі мүмкін.

Клиника.

  • Іштегі ауырсыну : Ауырсынулар ұстамалы сипатта болады,ұстама арасындағы уақыт 3-10 минут.Ауырсыну қалай кенеттен басталды солай кенеттен аяқталады,яғни ол ішектің перистальтикасына байланысты.
  • Құсу: Ұстамадан кейін 1-2 реттік құсу болады.Құсу бас кезінде рефлекторлы түрде ,содан кейін кезеңдеп өтеді.
  • Іштің сыртқы көрінісі. Іш асимметриялы,инвагинат орналасқан жер томпайған,пальпацияда ауырсынады.
  • Газ бен нәжісітң бөлінуі – бастапқы 1-2 сағата нәжіс қалыпты,ал 6-10 сағаттан кейін қан аралас(«малиновое желе»).
  • Ұстамалардан кейінгі пальлацияда іш жұмсақ,үрделмеген,ал ұстама кезінде пальпацияда бала рефлекторлытурде іш бұлшықеттерін қатайтады.

 Диагностикасы:

Міндетті түрде  cito бойынша:

Жалпы қан анализі, қандағы глюкоза, қан тобы, резусты анықтау, per rectum қарау, ЭКГ, іш қуысының вертикальді жағдайда рентгенографиясы.

  • Көрсеткіштер бойынша: жалпы белок, билирубин, мочевина, креатинин, иондар.

УЗИ ішекте барий пассажымен іш қуысының  рентгенографиясы, ректороманоскопия, ирригография, колоноскопия, терапевт қарауы.

Анамнез жинау.

Б. Объективті қарау :

  1. Жалпы қарау : Нервті-психикалық статус. Ps және АД (брадикардия – жиі странгуляция). Тері және щырыштарды қарау т.б.
  2. Ішті объективті қарау:

а) іштің ассиметриясы, тыныс алу актісіне қатысуы;

б) жарық сақиналарын қарау;

в) Ішті беткей пальпациялау: Іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің қорғаныс және жергілікті кернеулігі;

г) Перкуссия: тимпанит пен тұйықтықты анықтау;

д) Іштің біріншілік  аускультациясы: металлды рең немесе кеш стадиясында –құлап бара жатқан тамшы шуы, әлсіз  перистальтика, жүрек тондарының естілуі.;

е) Терең пальпация: Іш қуысындағы патологиялық түзілістер, іш мүшелерін пальпациялау, жергілікті ауырсынуларды анықтау;

ж) Қайталанбалы аускультация: Ішек шуларының әлсізденуі немесе күшеюі;

Инструментальді зерттеулер :

  • Рентгенологиялық зерттеулер.
  • УЗИ.
  • Колоноскопия(диагностикалықжәне емдік).
  • Ирригоскопия.
  • Лапароскопия(диагностикалықжәне емдік ).
  • Компьютерлі диагностика (КТ, МРТ, программлар).

Г. Лабораторлы зерттеулер.

              Емі

Инвагинация  себебіне байланысты ем консервативті немесе операциялық жағдайда жүргізілуі мүмкін.Инвагинаттын бастапқы сатысында бала ауруханаға жедел жеткізілсе 60%-да тоқ ішекке ауа жіберу арқылы дезинвагинация жасауға болады.Омыраудағы балаларға көбінесе консервативті ем қолданады(монометриялық  груша арқылы тоқ ішекке ауа жіберу).

Операцияға  жіберілетін көрсеткіштер:

  • Консервативті емнің көмегі болмаса;
  • Асқынулармен түссе(некроз);
  • 1 жастан асқандарға

Емдік –диагностикалық шаралар мен операцияалды дайындық шаралар комплексіне кіреді:

  • Вегетативті нерв жүйесіне әсер ету –екі жақты паранефральді новокаинді блокада.
  • Назогастральді зонд арқылы аспирациялау нәтижесінде және сифонды клизма арқылы асқазан –ішек жолдарының декомпрессиясы.
  • Су –электролитті бұзылыстарды қалпына келтіру, дезинтоксикациялық, спазмолитикалық ем жүргізу.

Дезинвагинация жасалмай,инвагинат некрозға ұшыраса ішек резекциясы жасалады

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!