Асқазан жара ауруы. Джонсон классификациясы бойынша 3-типке бөлінеді:
I.-медиогостральі жара, асқазан денесінде орналасады.
II.-асқазан мен 12 елі ішек біріккен жара ауруы.
III.-пилорикалық каналдың және препилорика-лық жара.
Асқазан медигостральді жара ауруы дуоден-альді жара ауруынан 4 есе жиі кездеседі.
Патогенезі. Дуоденогастральді рефлюкс-созылмалы антральді гастрит-шырышты қабаттың қышқыл-пептикалық әсерге қарсы тұруының төмендеуі.
Клиникасы. 40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Ауырсыну эпигастрий аймағында. Ас қабылдағаннан кейін немесе 15-45 мин соң бас-талады. Ауырсыну тамақ асқазаннан шыққан кезде басылады. Ауырсыну семсер тәрізді өсінді-ден кіндік аймағында, орта сызықтан солға қарай болады, төс артына, сол кеуде бөлігіне, арқаға таралады. Қыжылдау мен кекіру жиі болады. Ауырсыну күшейгенде құсу болады, жеңілдік береді.
Емі: оперативті ем. Асқазанның дистальді рез-екциясы антральді бөлімді алу, гастродуодено-анастомоз Билирот I әдісі қолданылады. Асқазан мен 12 елі ішек біріккен жарасы. Ең алдымен 12 елі ішек жарасы пайда болып, 1-неше жылдан соң асқазан жара ауруы дамиды.
Клиникасы. 2 периодтан тұрады.
- 12 елі ішек жара ауруы дамиды;
- 2. асқазан жара ауруы дамып клиникасы өзгереді. Ауырсыну симптомы жалғасады, асқыну ұзарады,жара баяу тыртықтанады, асқыну жиілігі 60%.
Емі: оперативті. Пилорикалық каналдың және препилорикалық жара. Клиникалық ағымы 12 елі ішек жара ауруымен бірдей, ерекшелігі малигнизация (3%) болады.
Диффенринциальды диагноз: қатерсіз және малигнизацияланған жара ауруымен жүргізіледі. Гастроскопия мен биопсия жасалады.
Емі: оперативті.
Асқынулар. Перфорация. Жіктелуі:
- бос іш қуысына перфорация;
- жабық перфорация;