Асқазан ісігінің макроскопиялық түрлері:
- экзофитті
- эндофитті
- аралас
Экзофитті(полип, саңырауқұлақ және табақша тәрізді ісік жиегі) анық болуымен сипатталады. Олардың түрлері полип, табақшалы немесе саңырауқұлақ тәрізді өседі. Қатерлі өсу эндофитті түрінде кездеседі. Инфильтративтікарциномалар асқазан қабырғасынан лимфалықтамырларға дейін жайылып, метастаздануғабейім болады. Эндофитті түрініңмакроскопиясында жаралы-инфильтративті, беткей, табақша тәрізді және жайылмалы болады. Ісіктің эндо- және экзофитті өсуі қатар жүруін аралас түріне жатқызады.
Экзофитті ісік асқазанда сау тіннен шеті анық болып, ішіне қарай жай өсетін ісік.
Полип тәрізді ісік (3–-10% жағдайда) – шеті анық көрінетін,астыңғы жағы түбі (табаны) кең асқазан ішіне өсетін обыр. Көбінесеасқазанныңкіші иінінде және саңырауқұлақ қалпағына ұқсас, беті эрозияланған, фибрин талшықтарынан тұрады. Шырышты қабат ісік айналасында өзгермеген, сау. Ісік мөлшері бірнеше миллиметрден басталып, гигантты ісікке дейін өседі. Көбіне процесүдерісс созылмалы ағымда өтеді, метастазы сирек лимфа түйінінде, бауырда іш аймағында болуы мүмкін.
Табақша тәрізді ісік 8% жағдайда кездеседі. Макроскопиялық сұр түсті, шырышты қабаттың 1–-2 см диаметрлі қалың дамуымен жүреді. Жиі пилороантралды бөлімінде орналасады. Ісіктің түбі кең, ортасында ыдырауы ойық-жара сияқты жан-жағы биік білекше тәрізді. Ісіктің түбі ойлы-қырлы, беті қоңырқай-кір өңезбен жабылған. Ойық-жара ішінде қан тамырын, ұйынды қанды көруге болады.
Эндофитті ісік асқазанның барлық қабаттарында инфильтративті өсетін ісік.
Жаралы-инфильтративті обыр. Асқазанның шырышты қабатының ортасынанинфильтративті өседі. Жараның түбітегіс, көбінесе ойлы-қырлы болады, ісіктің кездесу жиілігі 60%-ды құрайды. Асқазан қабаты қалыңдайды, ісік айналасындағы шырышты қабат атрофияланған. Ісік көбінесе пилороантралды бөлімінде, кіші иіні және субкардиалды бөлімінде орналасады. Ерте метастаз береді.
Диффузды-фибринозды обыр (скирр) жиілігі жағынан 2 орында, 10–-20% жағдайда кездеседі. Дәнекер қабатының қалыңдауымен сипатталады. Жиі асқазанның шыға берісінде орналасады.
Диффузды коллоидты обыр. Шеті анық емес, сирек кездесетін обыр түрі, шырыштықабатпен бұлшықет қабатының арасында өседі. Диагноз қою қиындық туғызады, қосымша белгілері: зақымданған аймақ регидтенеді, бедеріжәне шырышты қабаттың түсі өзгереді. Асқазан қабаты айқын қалыңдаған.
Аралас ісік эндо-экзофитті өсумен ерекшеленеді. Метастаз беруге өте бейім, 10–15% жағдайда кездеседі.