Реналды тубулалық ацидоз (РТА) РТА-ң бірнеше типтерін ажыратады: проксималды, дисталды, гиперкалиемиялық дисталды. РТА-ң клиникасы — ацидоз бой өсудің кідіруіне әкеледі. Жиі белгілері — анорексия, құсу, бұлшықет әлсіздігі. I типті рта (классикалық дисталды РТА, дРТА) дРТА дисталды өзекшелерде қышқыл валенттіліктердің (Н+) экскрециясының төмендеуімен жүретін гиперхлоремиялық метаболикалық ацидозбен сипатталады. Дисталды реналді тубулярлық ацидозда бүйрек несепті қышқылдандыра алмайды. Сондықтан бұл науқастарда өмірге қауіп төндіретін ауыр метаболикалық ацидоз дамуы мүмкін. дРТА-ның ілкі (тұқым қуалайтын) және салдарлық формаларын ажыратады.
Салдарлық дРТА нефрокальциноз, аутоиммундық аурулар сияқты бүйректің аурулары кезінде немесе дисталды өзекшелерді немесе жинақтаушы түтікшелерді зақымдайтын токсиндер мен дәрі-дәрмектердің әсерінен дамуы мүмкін. Клиникасы: аурудың белгілері 3 ай мен 2 жас арасында көрінеді. Сүйектік өзгерістер: аяқ сүйектерінің деформациясы, патологиялық сынулар, сүйектердің ауыруы.
- Нефрокальциноз.
- Полиурия.
- Кейде кереңдік.
- Зертханалық өзгерістер: несеп талдауында: сілтілі реакция (рН 6,0-ден төмен емес), гиперкальциурия. Қан талдауында: гипокалиемия, гиперхлоремия, декомпенсацияланған метаболизмдік ацидоз
Емі. Негізгі емдік мақсат ацидозды жою болып табылады. Ол үшін сілтілендіруші препараттарды тағайындау керек. Әдетте бұл ацидоздың толық
- Ацидозды жою мақсатында қышқыл-сілтілі жағдайдың көрсеткіштеріне қарай натрий бикарбонаты 1–3 ммоль/кг және одан жоғары мөлшерде қолданылады (мақсатты деңгей SВ 22 ммоль/л-ден жоғары).
- Электролиттік бұзылыстарды (гипокалиемияны, гипокальциемияны) қалпына келтіру: калий хлориді 1–3 ммоль/кг, кальций карбонаты.
- Сондай-ақ, қоспалар түрінде цитраттар: уралит, блемарен, Олбрайт қоспасы.
- Нефрокальциноз жоқ болса, D3 витаминінің белсенді метаболиттерімен остеопатияны емдеу (альфакальцидол 0,5–1 мкг/тәул).