Бүйректі зерттеудің сәулелік әдістері бірнеше түрге бөлінеді:
- Рентгенологиялық зерттеулер;
- КТ;
- Ультрадыбыстық зерттеу;
- Магниттік – резонансты томография;
- Радионуклидтік зерттеу.
Жалпы бүйрек ағзасын зерттеудің ең негізгі әдістерінің бірі ол рентген түсірілімі арқылы зерттеу. Бұл кезде тек қана ісік емес, әртүрлі тас тәрізді түзілімдер, пиелонефрит, бүйрек жарақаты және т.б патологияны көруге болады. Рентген арқылы зерттеу келесідей болып бөлінеді:
- Экскреторлы урография,
- Ретроградты пиелография,
- Томография,
- Цистография,
- Жасанды
- Пневморетроперитонеум негізінде зерттеу,
- Уретерография
Бүйрек ісіктері қатерсіз ісіктер (липома, фиброма, миома, ангиома, лифангиома, аденома) өте сирек кездеседі және көлемдері кішкентай болғандықтан ешқандай белгі бермей өседі. Тек басқа дертке жасалған операция кезінде байқалады, не өлген адамды ашқан кезде мәйітінде кездеседі.
Жиі кездесетін қатерлі ісіктер (гипернефрома, рак, саркома). Олар үш түрлі белгімен анықталады:
- Гематурия;
- Бүйрек тұсы қатты ауырады;
- Бүйрек тұсында ісік пайда болады (алақанмен сипап анықтауға болады).
Аумақты жасалған рентген суретінде пішіні өзгерген, аумағы үлкен, шеттері бұжырланып келген бүйрек көлеңкесі көрінеді.
Пиелограммада бүйрек түбегі өскен ісік арқылы ССАҚ- ға толық толмайды. Бүйрек шөлмектері бір жерінде қысқарып (жартылай ісікпен бітелген), екінші бір жерінде қзарып кеңиді. Ісік бүйрек шөлмектерінің арасында өссе, онда олар ұзарып көрінеді. Несепағарды бітей өссе, несептің төмен ағуына кедергі жасайды да, оның жоғарғы бөліктері кеңіп, гидронефроз дертіне шалдықтырады. Бқндай жағдайда ССАҚ-ны шынтақ көктамырына жіберіп зерттеген дұрыс.
Құрсақ ішіндегі ісік. Ішектер сол жаққа ығысқан. Сол жақ бүйректің нефробластомасы (Вильмс ісігі)
ал мына жерде сол жақ бүйректің кистасын көріп тұрмыз
Оң жақ бүйректе орналасқан ісік көрінісі.
Бүйректің УДЗ. Киста анықталады. Бүйректің қысылған тамырлары байқалады.