Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы

 

Қазақстан Республикасының
Кодексі

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы

(2013.08.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 162-ө Өкімімен, ҚР Денсаулық сақтау  министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығымен бекітілген Кодексті іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді қараңыз

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) мазмұн өзгертілді

Мазмұны

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы

3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы

 

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару

4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат принциптері

5-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу  негіздері

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

8-бап. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті

9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті

11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл

 

3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау

13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау

13-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарлама

14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау

 

4-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау және жарнама

16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар

17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау

18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама

 

5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау  мен қадағалау

19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

20-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау

21-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау

22-бап. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау

 

6-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру

23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылай қамтамасыз ету көздері

24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары

25-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану

 

7-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері

27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері

28-бап. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

 

8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары

30-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық және құқықтық негіздері

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

 

2-бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті  ұйымдастыру

9-тарау. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру

31-бап. Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы

32-бап. Денсаулық сақтау субъектілері

33-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру

34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

35-бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен тәртібі

 

3-бөлім. Медициналық қызмет

10-тарау. Медициналық қызметтің мазмұны мен түрлері

36-бап. Медициналық қызметтің мазмұны

37-бап. Медициналық қызметтің түрлері

 

11-тарау. Медициналық көмек

38-бап. Медициналық көмектің түрлері

39-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек

40-бап. Білікті медициналық көмек

41-бап. Мамандандырылған медициналық көмек

42-бап. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек

43-бап. Медициналық-әлеуметтік көмек

44-бап. Медициналық көмекті ұсыну нысандары

45-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек

46-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек

47-бап. Стационарлық көмек

48-бап. Стационарды алмастыратын көмек

49-бап. Жедел медициналық көмек

50-бап. Санитариялық авиация

51-бап. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек

52-бап. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту

53-бап. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі

54-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)

55-бап. Зертханалық диагностика

56-бап. Патологиялық-анатомиялық диагностика

 

12-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері

57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама

58-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

59-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама

60-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама

61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар

62-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама

63-бап. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама

63-1-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау

64-бап. Ғылыми-медициналық сараптама

 

4-бөлім. Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы

13-тарау. Фармацевтикалық қызмет

65-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының жүйесі

66-бап. Фармацевтикалық қызметтің түрлері

67-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру

68-бап. Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау

69-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу

 

14-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы

70-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеу

71-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен  медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу

72-бап. Биологиялық активті заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу

73-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы техникалық жағынан сынау

74-бап. Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеу және (немесе) сынау

75-бап. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау

76-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды сатып алу

77-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор

78-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мен тасымалдау

79-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою

80-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу тәртібі

81-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкету тәртібі

 

15-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар

82-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы монтаждау, жөндеу, оларға техникалық және метрологиялық қызмет көрсету

83-бап. Қауіпсіздікті сыныптау және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолданудың ықтимал қатерінің дәрежесіне қарай қауіпсіздігін қайта сыныптау

84-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысына тыйым салу, оларды  тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою

85-бап. Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингі

86-бап. Жаңа дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен  медициналық техника туралы ақпарат

 

5-бөлім.  Азаматтардың денсаулығын сақтау

16-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және оларды қамтамасыз етудің кепілдіктері

87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері

88-бап. Азаматтардың құқықтары

89-бап. Балалардың құқықтары

90-бап. Азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері

91-бап. Пациенттердің құқықтары

92-бап. Пациенттердің міндеттері

93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы

94-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету

95-бап. Дәрігерлік құпия

 

17-тарау. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау

96-бап. Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

97-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңінде денсаулығын сақтау

98-бап. Бедеуліктен емделу

99-бап. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары, клондау

100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек

101-бап. Жыныстық жасушалар донорлығы және оларды сақтау

102-бап. Контрацепцияны пайдалану

103-бап. Хирургиялық стерилизациялау

104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу

 

18-тарау. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету

106-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танудың тәртібі

107-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негізі мен тәртібі

108-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастардың құқықтары

109-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау

110-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі медициналық байқау және емдеу

111-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек

 

19-тарау. АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

112-бап. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері

113-бап. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау

114-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы

115-бап. АИТВ-ға зерттеліп-қаралу

 

20-тарау. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші  адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

116-бап. Психиатриялық көмек алуға жүгінудің еріктілігі

117-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу

118-бап. Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу

120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың құқықтары

121-бап. Психиканың бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

122-бап. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық көмек көрсету және әлеуметтік қорғау

123-бап. Психиатриялық куәландыру

124-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарды динамикалық байқау

125-бап. Психиатриялық стационарға жатқызу

126-бап. Заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе олардың келісімімен психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды куәландыру

127-бап. Психиатриялық көмек көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

128-бап. Психиатриялық стационардан шығару

129-бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға орналастыру үшін негіздер

 

21-тарау. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

130-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

131-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын және медициналық-әлеуметтік оңалтуға мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш жасауы

132-бап. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану тәртібі

133-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары

134-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды есепке алу және байқау

 

22-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету

135-бап. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелері мен осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету

136-бап. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтарға медициналық көмек көрсету

137-бап. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға медициналық көмек көрсету

138-бап. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету

 

23-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қатынастарды реттеу

139-бап. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану тәртібі

140-бап. Биологиялық өлімді анықтау. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шараларды тоқтату жағдайлары

141-бап. Эвтаназия

142-бап. Анатомиялық сый

 

6-бөлім. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет және қоғамдық денсаулықты сақтау

24-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет

143-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі

144-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау

145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

146-бап. Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу

147-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

148-бап. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, халықтың улануының алдын алу

149-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитариялық қорғау

150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің шарттары

151-бап. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу және тексеру

152-бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар

 

25-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау

153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері

154-бап. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

155-бап. Медициналық тексеріп-қарау

156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу

157-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы

158-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы

159-бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу

160-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы

161-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы

 

7-бөлім. Донорлық және транспланттау

26-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы

162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау

163-бап. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар

164-бап. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету

165-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері

166-бап. Донорды медициналық зерттеп-қарау

167-бап. Донорға берілетін кепілдіктер

168-бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері

 

27-тарау. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау

169-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау және оларды алу шарттары

170-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау тәртібі

171-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары

 

28-тарау. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету

172-бап. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелу, әкету үшін негіздер

173-бап. Қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету үшін негіздер

174-бап. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелудің, әкетудің тәртібі

 

8-бөлім. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет

29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

175-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары

177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты

 

30-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет

178-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтің субъектілері

179-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру

180-бап. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану

181-бап. Этика мәселелері жөніндегі комиссиялар

 

9-бөлім. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі, оларды әлеуметтік қорғау

31-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қатынастары, Ар-намыс кодексі

182-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

183-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары

184-бап. Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі

 

10-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

32-тарау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

185-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

186-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

 

Жалпы бөлім

 

1-Бөлім. Жалпы ережелер

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі – мекендеу ортасы) – адамның тыныс-тіршілігі жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендік және әлеуметтік факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;

2) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;

3) анонимдік тексеріп-қарау – адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық тексеріп-қарау;

4) апаттар медицинасы – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған медицина және денсаулық сақтау саласы, ол халықтың ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмекті қамтиды;

5) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар – белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;

6) әскери медицина – ғылыми білімдердің жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер кешені) және әскери-медициналық қызметтің әскерлерді бейбіт уақытта және соғыс уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат тұтатын практикалық қызметінің жүйесін білдіретін медицина және денсаулық сақтау саласы;

7) әскери-медициналық көмек – әскери қызметшілерге және әскери қаруды қолдану салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметінің мамандары көрсететін медициналық көмек;

8) әскери-медициналық қызмет – Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтің болуы көзделген әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің жиынтығы;

9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер:

орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) және орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың тиісті контингентке әскери-медициналық және медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін өзге де бөлімшелері;

10) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету – материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігі мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында әскерлерде, бөлімшелерде және ведомстволық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

11) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

12) бас миының біржола семуі – бас миының бүкіл қатпарының семуімен қатар жүретін, бас миы жасушаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы;

13) бейінді маман – жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;

14) биологиялық активті заттар – жануарлар мен адам организмінің патологиялық өзгерген функцияларын қалыпқа түсіретін, дәрілік заттар алудың ықтимал көздері болып табылатын, әртүрлі жолмен алынатын заттар;

15) биологиялық активті қоспалар – тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық активті заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын өнімдерге қоспалар;

16) бірегей дәрілік зат – жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын дәрілік зат;

17) генетикалық түрлендірілген объектілер – гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен өнімдер, оның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;

18) дәрілік заттар – аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, табиғаттан алынатын дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк-өнімдер, дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;

19) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырысшыларға жеткізіп беру жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен (әкетуден басқа), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, көлемін шектемей сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен, өткізумен (халыққа дәрілік заттарды өткізуді қоспағанда), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;

22) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы – қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушының қолдануына дейін жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер -Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі ұйымдар;

24) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер – фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

25) Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімі – Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алу құжаты;

26) дәрілік заттың балк-өнімі – технологиялық процестің соңғы қаптамалаудан басқа барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дәрілік зат;

27) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі – уақыты біткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күні;

28) дәрілік заттың қаптамасы – дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы процесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;

29) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы – дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың белгіленуі бойынша әсер ету қабілетіне ықпал ететін қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;

30) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы – дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;

31) дәрілік препарат – белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;

32) дәрілік препараттарды дайындау – дәріханаларда дәрілік нысандарды дайындаумен, сондай-ақ дәрілік субстанцияларды сатып алумен, дайындалған дәрілік препараттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет;

33) дәрілік формуляр – денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен келісілген, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттардың жеткілікті мөлшері болуға міндетті денсаулық сақтау ұйымының бейіні ескеріле отырып түзілген дәрілік заттардың тізбесі;

34) дәстүрлі медицина – аурулардың алдын алу мен оларды емдеудің қоғамда жинақталған әдістері мен құралдарына негізделген, медициналық практиканың көпғасырлық дәстүрлерімен орныққан медицина саласы және медицина қызметкерлерінің қызметі;

35) денсаулық – аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік салауаттылық жағдайы;

36) денсаулық сақтау – аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;

37) денсаулық сақтау жүйесі – қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

38) денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама (бұдан әрі – денсаулық сақтау саласындағы сараптама) – денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі аяларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;

39) денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрі – стандарт) – медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қағидаларды, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

40) денсаулық сақтау саласындағы стандарттау (бұдан әрі – стандарттау) – стандарттарды, талаптарды, нормаларды, нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу, енгізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы процестердің, медициналық технологиялар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларын ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

41) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг – Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған, денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде ядролық медицина саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

43) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды

43-1) детоксикация – адам организмінен алкогольді шығаруға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені;

44) диагностика – аурудың болу немесе болмау фактісін белгілеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

45) диагностикалық реагенттер – пациентке диагноз қою немесе оның физиологиялық жай-күйін бағалау мақсатында адам организмінен алынған сынамаларды зерттеуге арналған және олардың параметрлері туралы мәліметтер беруге қызмет ететін реагенттер, реагенттердің жиынтықтары;

46) динамикалық байқау – халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

47) донор – донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шәует, жыныс жасушалары, аналық жасуша) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;

48) емдеу – ауыруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) барысын жеңілдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

49) ерікті емделу – науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылатын емдеу;

50) жалған дәрілік зат – құрамы, қасиеттері және басқа да сипаттамалары бойынша өндірушінің бірегей немесе қайта өндірілген дәрілік затына (генерикке) сәйкес келмейтін, құқыққа қайшы және әдейі түрде қолдан жасалған этикеткамен жабдықталған дәрілік зат;

51) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат;

52) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) – адамның иммун жүйесінің АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;

53) инвазиялық әдістер – адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері;

54) инновациялық медициналық технологиялар – медицина (биомедицина) саласына, фармацияға және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруға енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік мәні бар болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің әдістері мен құралдарының жиынтығы;

55) инфекциялық және паразиттік аурулар – мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берілу мүмкіндігі әсерінен болатын және таралатын адам аурулары;

56) йод тапшылығы аурулары – организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын организмнің патологиялық процесі;

57) кәсіптік ауру – қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;

58) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу – адамның денсаулығына ерекше әсер етуін және (немесе) қауіпсіздігін зерделеу мақсатында сыналатын затты немесе физикалық әсерді, аурулар профилактикасының, оларды диагностикалау мен емдеудің құралдарын, әдістері мен технологияларын зерделеу жөніндегі химиялық, физикалық, биологиялық, микробиологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да эксперименттік ғылыми зерттеулер немесе зерттеулер сериясы;

59) клиникалық зерттеу – субъект ретінде адамды қатыстыра отырып, аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау мен емдеу құралдарының, әдістері мен технологияларының қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау немесе растау үшін жүргізілетін зерттеу;

60) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

61) контрацепция – қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері мен құралдары;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 62) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

62) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы – дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін нормалайтын ұлттық стандарттар мен ережелердің жинағы;

63) қоғамдық денсаулық – азаматтардың дұрыс тамақтануын қоса алғанда, салауатты өмір сүруіне, аурулар мен жарақаттардың профилактикасына, сондай-ақ мекендеу ортасының қолайсыз факторларының әсерін болғызбауға қоғамның күш-жігер жұмсауын көрсететін, халықтың психикалық, тәни және әлеуметтік салауаттылығының кешенді сипаттамасы;

64) құпия медициналық зерттеп-қарау – дәрігерлік құпияның және тексерілетін адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

65) маман сертификаты – жеке тұлғаға нақты мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, белгіленген үлгідегі құжат;

66) мәжбүрлеп емдеу – сот шешімінің негізінде жүзеге асырылатын, науқасты емдеу;

67) медицина қызметкерлері – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

68) медициналық-әлеуметтік оңалту – жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмірге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтік және еңбек іс-шараларын кешенді пайдалану арқылы науқастар мен мүгедектердің денсаулығын қалпына келтіру;

69) медициналық иммундық-биологиялық препараттар – инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;

70) медициналық көмек – халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дәрілік көмекті қамтитын кешені;

71) медициналық көмектің сапасы – көрсетілетін медициналық көмектің уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технологияның қазіргі заманғы даму деңгейі негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейі;

72) медициналық куәландыру – жеке тұлғаны онда ауруының болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, оның денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, кәсіптік және өзге де жарамдылығын айқындау мақсатында зерттеп-қарау;

73) медициналық қызмет – жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі;

74) медициналық қызметтер көрсету – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;

75) медициналық мақсаттағы бұйымдар – профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;

76) медициналық оңалту – науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

77) медициналық оптика бұйымдары – көздің көру қабілетін түзеу және жарықпен емдеу үшін медицинада және фармацевтикалық қызметте пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар;

78) медициналық техника – аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсатта жеке түрде, кешеннің немесе жүйенің құрамында қолданылатын аппараттар, аспаптар мен жабдықтар;

79) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

80) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау – халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;

81) никотин – темекі жапырақтары мен темекі түтінінде болатын алкалоид;

82) нутрицевтиктер – құрамында эссенциалдық (ауыстырылмайтын) тағам компоненттерінің (кейбір амин-қышқылдар, витаминдер, минералдық заттар мен микроэлементтер, жартылай қанықтырылған май қышқылдары, дисахаридтер мен тағам талшықтары) ұсынылған тәуліктік тұтынудан аспайтын әртүрлі берілген үйлесімі бар биологиялық активті қоспалар;

83) орфандық препараттар – орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған препараттар;

84) орфандық (сирек кездесетін) аурулар – адамның өміріне қауіп төндіретін немесе мүгедектікке әкеп соғатын, болу жиілігі ресми айқындалған деңгейден аспайтын, сирек кездесетін ауыр аурулар;

85) парафармацевтиктер – фармакологиялық әсері бар және аурулардың профилактикасына, көмекші терапияға, ағзалар мен жүйелердің функционалдық активтілігін реттеуге бағытталған табиғи жолмен алынатын, емдік мөлшерлемедегі биологиялық активті қоспалар немесе олардың синтетикалық баламалары;

86) патенттелген дәрілік заттар – Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасына сәйкес құқықтық қорғалатын дәрілік заттар;

87) пациент – медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

88) профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;

89) психикаға белсенді әсер ететін заттар – бір рет қабылдағанда адамның психикалық және дене функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәни тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғаттан алынатын заттар;

90) психиканың бұзылуы (ауру) – адамның бас миы жұмысының бұзылуына байланысты психикалық қызметінің бұзылуы;

91) реципиент – донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құйылатын, еркектің немесе әйелдің донорлық материалы (шәует немесе аналық жасуша) енгізілетін не донордан алынған тіндерді және (немесе) ағзаны (ағзаның бөліктерін) транспланттау жасалатын пациент;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 92) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

92) санитариялық-карантиндік бақылау – адамдар мен жүктердің кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезінде ел аумағына инфекциялық және паразиттік ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттар мен өнімді кіргізуге жол бермеу мақсатында өткізілетін, жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адам денсаулының жай-күйін бақылау;

93) санитариялық-қорғаныш аймағы – арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы жайлар мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;

94) санитариялық-эпидемиологиялық жағдай – белгілі бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының белгілі бір уақыттағы жай-күйі;

95) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс- шаралар – мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 95-1) тармақшамен толықтырылды

95-1) спорттық медицина – спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін және спорттағы дәрігерлік және функционалдық бақылауды, спортшыларды функционалдық және медициналық оңалтуды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық ауруларының терапиясын, спорттық травматологияны, спорттағы жедел жәрдемді және спорт гигиенасын қамтитын медицина мен денсаулық сақтау саласы;

96) тамақ өнімін байыту (фортификациялау) – тамақ өнімін өндіру немесе қайта өңдеу процесінде оған витаминдерді, минералдарды және басқа да заттарды тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамда олардың тапшы болуына байланысты аурулардың профилактикасы мақсатында енгізу;

тәуекелді бағалау – инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына кері әсеріне және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларға ғылыми негізделген баға беру;

98) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға;

99) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;

100) темекі – темекі бұйымдарын өндіру үшін пайдаланылатын никотині бар өсімдік;

101) темекі бұйымы – никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, құрамында темекі бар кез келген бұйым;

102) темекі бұйымының ингредиенті – темекіден, судан немесе темекі жапырағынан басқа, өндіріс процесінде не темекіге, не темекі бұйымдарының темекі емес компоненттеріне қосылатын кез келген зат;

103) темекі бұйымының қаптамасы – темекі бұйымының белгілі бір қорап санын қамтитын топтап тұтыну ыдысының бірлігі;

104) темекі бұйымының қорабы – картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекі бұйымының белгілі бір санын қамтитын тұтыну ыдысының бірлігі;

105) темекі шегушілік – темекі шегуші организмінің никотинге тәуелденуін тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекі шекпейтіндердің денсаулығына кері әсер ететін және қоршаған ортаны ластайтын темекі бұйымын тұтыну процесі;

106) транспланттау – тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сіңістіру;

107) туберкулездің жұқпалы түрі – науқас адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөліп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауіп төндіретін ауру;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 107-1) тармақшамен толықтырылды

107-1) уақытша бейімдеу – адамды масаң күйінен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс;

108) улану – мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бірмезгілді) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуі кезінде туындайтын ауру (жай-күй);

109) ұрпақты болу денсаулығы – адамның толымды ұрпақты өмірге келтіру қабілетін көрсететін денсаулығы;

110) фармакологиялық зат – белгіленген фармакологиялық активтілігі мен уыттылығы бар, клиникалық сынақ объектісі және әлеуетті дәрілік зат болып табылатын зат немесе заттардың қоспасы;

111) фармацевтика қызметкерлері – фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

112) фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау (медициналық техникадан басқасын), көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресімдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;

113) халықтың денсаулығына қауіп төндіретін өнім – уәкілетті орган белгілеген, қолданылуы немесе тұтынылуы кезінде адамның денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін өнім түрлері;

114) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы – мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі;

115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, гигиеналық оқытуды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тәуекелді бағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қамтитын қызметі;

116) хирургиялық стерилизациялау – нәтижесінде әйел немесе еркек ұрпақты болу қабілетін жоғалтатын хирургиялық операция;

117) шарананың тірі тууы немесе өлі тууы – жаңа туған баланың (шарананың) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тірі туу мен өлі туудың тиісті халықаралық критерийлері бойынша айқындалатын жай-күйі;

118) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин – инфекциялық аурулардың таралуын болғызбауға бағытталған әрі кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шаралар;

119) эвтаназия – аурудың беті бері қарамайтын жағдайларда дауасыз науқастың өз өлімін жеделдету туралы өтінішін қандай да бір іс-әрекетпен немесе құралдармен, оның ішінде дәрілік немесе өзге де заттарды енгізу арқылы, сондай-ақ оның өміріне дем беріп тұрған жасанды шараларды тоқтату арқылы қанағаттандыру;

120) эпидемия – инфекциялық аурулардың әдетте тіркелетін науқастану деңгейінен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;

121) эпидемиологиялық мәні бар объектілер – өндіретін өнімі және (немесе) қызметі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында тағамнан уланудың және инфекциялық аурулар таралуының белең алуына әкеп соғуы мүмкін объектілер;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 122) тармақшамен толықтырылды

122) ядролық медицина – онкологиялық ауруларды қоса алғанда, адам ағзасы мен жүйесiнiң әртүрлi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында радиоактивтi элементтер мен иондандырушы сәулелену қолданылатын медицина саласы.

  1. Өзге терминдердің мазмұны осы Кодекстің жекелеген баптарында айқындалады.

 

2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы

  1. Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
  2. Тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын өтеу, сондай-ақ тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы

  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
  2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

2-тарау.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару

 

4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат принциптері

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат:

1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;

2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;

3) ана мен баланы қорғау;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;

5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;

6) медициналық көмектің қолжетімділігі;

7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің сабақтастығы;

10) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;

11) отандық медицина ғылымын мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені енгізу;

12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу;

13) отандық әзірленімдерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;

14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;

15) денсаулық сақтаудың халықтың сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы;

16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;

17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу принциптері негізінде жүргізіледі.

 

5-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу негіздері

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді:

1) Қазақстан Республикасының Президенті;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

3) уәкілетті орган;

4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) медициналық, фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау;

2) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;

3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;

4) денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау;

5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректемесіне өзгерістер енгізу;

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда және шарттар талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;

7) дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтерді шығарады;

3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;

4) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тәртібін айқындайды;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекітеді;

8) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

9) төтенше жағдайлар кезіндегі халыққа медициналық көмектің тәртібін, түрлері мен көлемін айқындайды;

10) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекітеді;

11) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекітеді;

12) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық және фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды;

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекітеді;

13) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекітеді;

14) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидасын бекітеді;

15) денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін айқындайды;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың енуіне және таралуына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асырудың және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды;

17) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдану мен өткізуге тыйым салу тәртібін айқындайды;

18) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу тәртібін, мерзімдерін және жоспарлы егілуге жатқызылатын халықтың топтарын айқындайды;

19) Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді, сондай-ақ халық тұрмысының және кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті жүргізудің ерекше шарттары мен режимдерін жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

20) туындау және таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін белгілейді;

21) иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін бекітеді;

22) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды;

23) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындайды;

24) клиникалық базалар тізбесін бекітеді;

25) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттарын бекітеді;

26) Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді;

27) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьюторды айқындайды;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды

27-1) Қазақстан Республикасында ядролық медицинаны дамыту тұжырымдамасын бекiтедi;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 27-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

27-2) медициналық көмек көрсету тәртібін бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

  1. Уәкілетті орган:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу;

3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзірленімдердің басымдықтарын айқындау;

4) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлеу және өз құзыреті шегінде бекіту;

6) стандарттарды әзірлеу және бекіту;

7) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;

8) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;

9) денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз ету;

10) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;

11) денсаулық сақтау саласындағы салалық көтермелеу жүйесін және құрметті атақтар беру тәртібін әзірлеу мен бекіту;

12) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру;

13) денсаулық сақтау саласында медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, олардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды ұйымдастыру;

14) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізу, сондай-ақ оларды бақылау;

15) медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша даярлауға арналған, сондай-ақ медицина және фармацевтика кадрларының денсаулық сақтау саласындағы біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;

16) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларын тағайындауды келісу;

17) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасу;

18) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде медициналық және фармацевтикалық білім беру және ғылыми ұйымдардың қызметіне басшылық жасауды, басшылары мен олардың орынбасарларын тағайындау мен босатуды жүзеге асыру;

19) салааралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

20) дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

21) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) әкімшілендірілетін бюджеттік бағдарламалар бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу;

23) консультациялық-кеңесші және сарапшы комиссиялар құру;

24) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;

25) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын кәсіптік құзыреттілікке аттестаттауды жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы аттестаттауды жүргізудің тәртібін айқындау;

26) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізуді ұйымдастыру;

27) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу;

28) денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;

29) медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерін лицензиялау;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды

29-2) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жасау тәртібін бекіту;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 29-3) тармақшамен толықтырылды

29-3) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жүргізу;

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды

29-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу;

30) халықаралық және шетелдік фармакопеялардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің дәрілік заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техникасына арналған стандарттау жөніндегі фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және басқа да нормативтік құжаттарды тану;

31) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

32) Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуді келісу;

33) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше шарттары болатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу;

34) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

35) құзыреті шегінде өнімдерге, тауарларға, процестерге, көрсетілетін қызметтерге арналған ұлттық және халықаралық стандарттардың жобаларын және жобалау нормаларын келісу;

36) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу;

37) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

38) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;

39) өз құзыреті шегінде электрондық қызметтер көрсету;

40) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау;

41) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

42) гигиеналық оқытуды ұйымдастыру, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру;

43) халық арасында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

44) тағамнан улану, инфекциялық және басқа да аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

45) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;

46) қоғамдық бірлестіктермен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

47) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

48) өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

49) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау стандарттары мен Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

50) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 50-1) тармақшамен толықтырылды

50-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

51) инфекциялық ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;

52) денсаулық сақтау саласындағы сараптамалардың жүргізілуін бақылау;

53) медициналық қызметтер көрсетуді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті қоспаларды, сондай-ақ профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін жарнамалауды бақылау;

54) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

55) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

56) халықты профилактикалық егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;

57) жобалардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу;

58) аумақты немесе оның бір бөлігін ауру таралмаған немесе аурудың таралуы төмен деңгейде деп айқындау;

59) басқа елдердің санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын, егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалы деп тану;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 60) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

60) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құру;

61) эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту;

62) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

63) тәуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындау және тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін белгілеу;

64) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыретін және қызмет тәртібін айқындау;

65) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын әзірлеу және бекіту;

66) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

67) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуын, сондай-ақ медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылау;

68) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін айқындау;

69) ведомстволық бағынысты ұйымдардың төтенше жағдайлар кезінде халықтың ауруларының алдын алу және оларды емдеу бойынша дайындығын қамтамасыз ету;

70) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу тәртібін бекіту;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 71) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

71) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы инспекциялауды жүргізу қағидаларын бекіту;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 72) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 72) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 72) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

72) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 73) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

73) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қарау жүргізу тәртібін бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

  1. Уәкілетті орган осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

8-бап. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті

Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету тәртібін бекітеді;

4) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

5) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

6) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде медициналық көмек көрсету тәртібін бекітеді;

7) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердегі ұйымдар мен бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді, үлгілік штаттарды және штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

8) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды іске асырады;

9) уәкілетті органға әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (оны тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;

10) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде тиісті контингентке медициналық тексеріп-қарау жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілейді;

11) Әскери-дәрігерлік комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді.

 

9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті

  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары:

1) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік бағдарламаларды бекітеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды;

3) денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді;

4) азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;

5) азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;

6) денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекітеді;

7) донорларға қосымша көтермелеу беру туралы шешім қабылдайды;

8) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын уәкілетті орган бекіткен ең төменгі нормативтерден артық қосымша кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешімді оларды толық көлемінде орындау шартымен қабылдайды;

9) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдеседі;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) тиісті аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;

4) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;

6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады;

7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөніндегі шараларды қабылдайды;

8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін үйлестіреді;

9) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;

10) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

11) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;

12) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, олардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді;

13) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14) белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және олардан емдеуді, оған қоса тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

15) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;

16) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

17) уәкілетті органмен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандум жасасады және оны іске асырады;

18) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындауға жәрдемдеседі;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды

18-1) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз өкілеттігі шегінде:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және өңірлік денсаулық сақтау бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;

4) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

5) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері функциясын жүзеге асырады;

2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді жүзеге асырады;

7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды:

амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;

стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуды жүзеге асырады;

8) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастырады;

9) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

10) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;

11) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

12) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына береді;

13) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

14) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;

15) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;

16) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;

17) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен  18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;

19) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді.

 

11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары

  1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлеу мен орындауға қатысу;

3) медициналық көмектің барлық түрін көрсету;

4) инновациялық медициналық технологияларды байқаудан өткізу, оларды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына енгізу және трансферттеу;

5) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысу;

6) стандарттарды әзірлеуге және оларды денсаулық сақтау ұйымдарына енгізуге қатысу;

7) консалтингтік, ақпараттық-консультациялық, электрондық және басқа да қызметтерді көрсету;

8) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

9) денсаулық сақтау саласындағы жобаларға қатысу;

10) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

  1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

 

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар денсаулық сақтау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде көмек көрсетуге міндетті.
  2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші орган құрылады. Жергілікті атқарушы органдар жанынан мәртебесі мен өкілеттігін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіруші органдар құрылады.
  3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
  4. Орталық атқарушы органдар әзірлейтін, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады.
  5. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер ведомстволық тиесілігіне қарамастан, органдар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен  6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітіп берілген контингенттің денсаулық жағдайы жөніндегі ведомстволық есептіліктің денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына табыс етілуін қамтамасыз етеді.
  2. Мемлекеттік органдардың ведомстволық медициналық қызметтерінің басшыларын тағайындауды тиісті мемлекеттік органдардың басшылары уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырады.
  3. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің, ақпараттық-коммуникациялық желілерінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарымен және ақпараттық жүйелерімен, ақпараттық-коммуникациялық желілерімен ақпарат алмасу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  4. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелердің техникалық параметрлерін, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстардың мазмұнын уәкілетті органмен келісуді қамтамасыз етеді.

 

3-тарау.

Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау

 

13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау

Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады.

 

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды

13-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарлама

Денсаулық сақтау саласындағы мынадай:

1) халықты гигиеналық оқыту;

2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;

3) медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу;

4) медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу;

5) медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.

 

14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

  1. Көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында денсаулық сақтау субъектілері және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады.

Жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық бағалау жүргізу үшін аккредиттелуге жатады.

  1. Аккредиттеу ерікті сипатта болады және аккредиттелетін субъектінің қаражаты есебінен және тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
  2. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган бекіткен аккредиттеудің белгіленген стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде жүргізіледі және ол мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде ескеріледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу олардың біліктілігін кешенді бағалау негізінде жүргізіледі.

Тәуелсіз сарапшылар тарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

  1. Аккредиттеуді уәкілетті орган не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді.
  2. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және аккредиттелген субъектілер мен тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады.

Аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

 

15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау

  1. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау – денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың орынбасарларының (медициналық білімі бар), сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар) кәсіптік құзыретінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсімі.
  2. Уәкілетті орган денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың орынбасарларының (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды жүргізеді.
  3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды жүргізеді.
  4. Уәкілетті орган мен денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары аттестаттаудың объективті және құзыретті түрде жүзеге асырылуы мақсатында аттестаттау комиссияларын құрады.
  5. Аттестаттау кезіндегі бағалаудың негізгі критерийі аттестатталатын адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындау құзыреттілігі болып табылады.
  6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.

 

4-тарау.

Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау және жарнама

 

16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар

  1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың түрлері:

1) денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттары;

2) денсаулық сақтау саласындағы операциялық рәсімдер стандарттары;

3) медициналық және фармацевтикалық білім беру стандарттары;

4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы стандарттар.

  1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.

 

17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау олардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін айқындау мақсатында жүргізіледі және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
  3. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалау уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілетін рұқсат бар болған ретте жүзеге асырылады.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Медициналық қызметтер көрсетудiң, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдiстерi мен құралдарының (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтердің) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасы дәйекті болуға, арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай түсініліп-танылуға, басқа да көрсетілетін қызметтермен, дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен, тағамға биологиялық активті қоспалармен салыстыруды болғызбауға, тұтынушыларды, олардың сеніміне, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне деген сеніміне қиянат жасау арқылы жаңылыстырмауға тиіс.
  2. Мыналарға:

1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті қоспаларды, профилактика құралдарын жарнамалауға;

2) дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік препараттардың үлгілерін жарнама мақсатында таратуға;

3) балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан басқа, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарнамасына балаларды, олардың бейнесі мен дауысын пайдалануға;

4) қоғамдық көлікте, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың мақсатына, пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда олардың жарнамасын таратуға және орналастыруға;

5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың плакаттар, стендтер, жарықты табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және жарнаманы тұрақты орналастырудың өзге де объектілері түрінде ұсынылған сыртқы (көзге көрінетін) жарнамасын орналастыруға;

6) дәрілік заттар туралы және медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпаратты ғылыми немесе білім беру мақсатында, сондай-ақ пациенттерді хабардар ету мақсатында тарату жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тағайындауға уәкілетті медицина қызметкерлерін жарнама таратушылар ретінде пайдалануға;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы және жарнамаға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін рұқсаты болмаған кезде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

7-1) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензия болмаған кезде көрсетілетін қызметтерді жарнамалауға;

8) медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ тұлғалардың көрсететін қызметтерін жарнамалауға тыйым салынады.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасы уәкілетті орган айқындаған сарапшы органның жарнама материалына алдын ала сараптамасынан кейін уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүргізіледі.
  2. Көрсетілетін қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын мамандандырылған медициналық басылымдарда, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында таратуға және орналастыруға жол беріледі.

Рецепт бойынша босатылатын, оның ішінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды қамтитын дәрілік заттардың жарнамасы тек медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Жарнаманы шығаруды, тарату мен орналастыруды бақылауды уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.

 

5-тарау.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

 

19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы мен орындалуын тексеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және оларды жоюға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
  2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау:

1) медициналық қызметтер көрсету;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы;

3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында жүзеге асырылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Тиісті саладағы жоғары тұрған бас мемлекеттік инспектор немесе бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе актілерге берген арызы (шағымы) бойынша шешімдер шығарылғанға дейін төмен тұрған бас мемлекеттік инспектордың немесе бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің актісінің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не оны кері қайтарып алуға құқылы.

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен   (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін қара

 

20-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау

  1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауын бақылауға бағытталған.
  2. Жеке және заңды тұлғалар көрсететін медициналық қызметтер медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де бақылау нысандарында жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары;

2) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар;

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары, олардың орынбасарлары;

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

  1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдар басшылары лауазымдарына Қазақстан Республикасының жоғары медициналық білімі бар азаматтары тағайындалады.
  2. Қазақстан Республикасының Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы тексеру нәтижесі негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының басшысына нұсқама беруге құқылы.
  3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) денсаулық сақтау субъектілеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге;

2) денсаулық сақтау субъектісінен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

3) медициналық қызметтер көрсету саласында бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттардан көшірмелер түсіруге;

4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелу туралы куәліктің қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға және одан айыруға бастамашылық жасауға;

5) өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік жаза қолдануға;

6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға бастамашылық жасауға;

7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензиядан айыруға бастамашылық жасауға;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен маман сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға бастамашылық жасауға;

9) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе уәкілетті органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;

10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.

  1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер денсаулық сақтау субъектілерінің орындауы үшін міндетті және оған жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

 

21-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау

  1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау және мекендеу ортасын қорғау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылауға бағытталады.
  2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілері жеке және заңды тұлғалар, жайлар, ғимараттар, өнеркәсіп орындары, өнім, жабдық, көлік құралдары, су, ауа, тамақ өнімдері және қызметі, пайдаланылуы, тұтынылуы, қолданылуы мен іске қосылуы адамның денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін өзге де объектілер болып табылады.

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдер тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бақылаудың өзге де нысандары, мынадай:

бару объектінің (субъектінің) орналасқан жері бойынша құқықтық статистика органдарын барғанға дейін бір тәулік бұрын міндетті түрде хабарлама жасай отырып, рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты болған кездегі;

жеке тұлғалардың (үйдегі ауру ошағы) инфекциялық және паразиттік аурулар, тамақтан улану жағдайларында, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін эпидемиологиялық бақылау жүргізу кезіндегі жағдайларды қоспағанда, бақылау объектілеріне (субъектілеріне) бармай-ақ қажеттілік және жеткіліктілік қағидаттарына сәйкес жүргізіледі.

  1. Осы Кодекске сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және оның орынбасарлары;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшылары мен мамандары;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелерінің басшылары – тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, олардың орынбасарлары және мамандар;

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары мен мамандары болып табылады.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары лауазымына Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімі бар азаматтары тағайындалады.
  3. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының мыналарға:

1) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен тыйым салуға;

2) адам денсаулығына зиянды әсер ететін балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануға тыйым салуға немесе қолдануды тоқтата тұруға;

3) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың лаузымды адамдарын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыртуға;

4) халықтың декреттелген топтарына жататын, инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеріп-қараудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға;

5) жекелеген объектілерде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілеуге;

6) инфекциялық және паразиттік аурулардың ықтимал таратушы көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық зерттеп-қарау нәтижелері алынғанға дейін жұмыстан шеттете отырып, медициналық зерттеп-қарауға жіберуге;

7) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды айғақтар бойынша ауруханаға жатқызуға жіберуге;

8) халыққа міндетті түрде вакцина егуді, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді талап етуге;

9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің бұзылуы жойылғанға дейін жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан объектілерді пайдалануды Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тоқтата тұруға;

10) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салуға;

11) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін бағалауды зерделеуге қажетті материалдарды сұратуға, сондай-ақ осы өнімнің құнын өтеместен, сараптама жүргізуге жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің сынамасын алуға және үлгілерін іріктеуді жүргізуге;

13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қоюға;

14) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;

15) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеуге және олардың көлемдерін өзгертуге;

16) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының және тағамға биологиялық активті қоспалардың енгізілуі мен практикада қолданылуын бақылауға;

18) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салуға құқығы бар.

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген актілерден бөлек, мынадай актілер шығарады:

1) санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісі – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам объектінің Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша беретін құжат;

2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқама;

3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшыларына тәртіптік жаза қолдану туралы қаулысы;

4) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің:

санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу;

жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету;

халықтың пайдалануы мен қолдануына, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулылары.

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22-бап. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау

  1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауға бағытталған.
  2. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылаудың объектілері болып табылады.
  3. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік фармацевтика инспекторы және оның орынбасарлары;

2) мемлекеттік фармацевтика инспекторлары;

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік фармацевтика инспекторлары және олардың орынбасарлары;

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік фармацевтика инспекторлары болып табылады.

  1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жоғары фармацевтикалық білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.
  2. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының:

1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сараптама жүргізу үшін оны жүргізуге жеткілікті және осыған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың үлгілерін, осы өнімнің құнын өтемей алып қоюға;

2) жарамсыз болған, қолдан жасалған, жарамдылық мерзімі өткен және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, онда өндіруге, дайындауға, сақтауға, қолдануға және өткізуге тыйым салуға;

3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;

4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметке арналған лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға;

5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметке арналған лицензиядан айыруға бастамашылық жасауға;

6) заңды талаптарды немесе уәкілетті органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды жеке және заңды тұлғалар орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;

7) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан фармацевтикалық қызмет жүзеге асырылатын объектілерге баруға;

8) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы субъектілерден дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы мәселелері бойынша ақпарат, есептеме алуға құқығы бар.

 

 

6-тарау.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру

 

23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері

  1. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері:

1) бюджет қаражаты;

2) ерікті сақтандыру қаражаты;

3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер болып табылады.

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
  2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру:

1) мемлекеттік медициналық мекемелер үшін – жеке-дара қаржыландыру жоспары бойынша;

2) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары үшін – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шарт негізінде жүзеге асырылады.

 

25-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану

  1. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеуге;

2) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды іске асыруға;

3) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;

4) дәрілік заттарды, орфандық препараттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға;

5) инфекциялық аурулардың көріністері мен эпидемияларын жоюға;

6) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауға, олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға;

7) медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады.

  1. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
  2. Шығындарды өтеу көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

 

 

7-тарау.

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру

 

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері

  1. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері мен электрондық қызметтер көрсетуі денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері болып табылады.
  2. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың субъектілері болып табылады.
  3. Денсаулық сақтау саласының ақпараттандыру саласындағы қызмет «электрондық үкімет» шеңберінде денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды, жеке және заңды тұлғаларды медициналық-статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ өзге де электрондық қызметтер ұсынуды қамтиды.

 

27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру мынадай:

1) басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау мен ресмилендіру, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске асыру;

2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды кеңінен пайдалану;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;

4) жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі;

5) денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстары деректерінің сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) әрбір пациент туралы ақпараттық ресурстарды персоналдауды және пациенттің персоналдық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;

7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету принциптеріне негізделеді.

 

28-бап. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

  1. Денсаулық сақтаудың жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстары алынуы, өңделуі мен пайдаланылуы оларды жинау мақсатымен шектелетін құпия электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады.

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан (пациенттерден) денсаулық жағдайы туралы мәліметтер ұсыну жеке тұлғаның (пациенттің) немесе оның заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
  2. Персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері оларды жария етуден қорғау (құпиялылықты сақтау) жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Мұндай міндет персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жібергенге не дерексіздендіргенге дейін немесе осы деректер өзіне тиесілі адамнан оларды жария етуге келісім алынғанға дейін сақталады.
  3. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
  4. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға медициналық персоналдың қолжетімділігі жеке тұлғаға (пациентке) медициналық көмек көрсету мақсатымен ғана шектелуге тиіс.

 

 

8-тарау.

Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

 

29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары

  1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары:

1) Қазақстан Республикасының және оның азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін қорғау;

2) Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді мемлекетаралық деңгейде шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін қолдану;

4) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру болып табылады.

  1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары:

1) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;

2) денсаулық сақтау саласындағы техникалық көмекті мемлекетаралық деңгейде тарту және көрсету;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және шетелдік азаматтарға медициналық көмек көрсету;

4) халықаралық инновациялық технологияларды енгізу және денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту;

5) әлемдік медицина ғылымына интеграциялану;

6) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ақпараттық және зияткерлік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;

7) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау саласындағы мемлекетаралық өзара іс-қимыл;

8) төтенше жағдайлар туындаған кезде денсаулық сақтау саласында халықаралық көмек көрсету;

9) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында ақпарат, технология алмасу және фармацевтикалық және медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды үйлестіру;

10) шекараларды санитариялық қорғау, әкелінетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

 

30-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық және құқықтық негіздері

  1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негізін:

1) халықаралық ұйымдарға берілетін міндетті және ерікті жарналар;

2) халықаралық жобалар мен іс-шараларды қаржыландыруға қатысу;

3) гранттарды тарту мен пайдалану;

4) жасалған халықаралық шарттарға сәйкес қаржыландыру құрайды.

  1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негізі халықаралық шарттар мен келісімдер болып табылады.

 

 

Ерекше бөлім

 

2-Бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру

 

9-тарау. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру

 

31-бап. Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы

  1. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.
  2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан тұрады.
  3. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады.

Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

 

32-бап. Денсаулық сақтау субъектілері

  1. Денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілері болып табылады.
  2. Денсаулық сақтау жүйесінде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары:

1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;

2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;

3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары;

4) апаттар медицинасы ұйымдары;

5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары;

6) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар;

7) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

8) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

9) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

12) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;

13) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

14) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) спорттық медицина ұйымдары;

15) ұлттық холдингтер жұмыс істейді.

  1. Уәкілетті орган:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын және олардың қызметі туралы ережелерді;

2) денсаулық сақтау қызметкерлерінің медициналық және фармацевтикалық мамандықтары мен лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын;

3) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгілік штаты мен штат нормативтерін;

4) денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл тәртібін әзірлейді және бекітеді.

  1. Жеке тұлғалардың осы мамандық бойынша маман сертификаты, кемінде бес жыл жұмыс стажы және тиісті лицензиясы болған ретте жекеше медициналық практикамен айналысуға құқығы бар.

 

33-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру

  1. Медициналық көмекті ұйымдастыруды уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық көмек көрсетуді денсаулық сақтау субъектілері осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
  2. Денсаулық сақтау субъектілері:

1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмектің көрсетілуін;

2) уәкілетті орган рұқсат берген диагностиканың, профилактика мен емдеу әдістерінің, сондай-ақ дәрілік заттардың қолданылуын;

2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) төтенше жағдайлар, әскери жанжалдар мен терроризм актілері жағдайларындағы жұмысқа дайындықты;

4) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін;

5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және дәйекті ақпарат берілуін;

6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын;

7) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және өз қызметіндегі сабақтастықты;

8) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың қалыптастырылуын;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен  9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп пен мерзімдер бойынша алғашқы медициналық құжаттардың жүргізілуін, есептердің табыс етілуін;

10) инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы – уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының пайда болу қатері және (немесе) пайда болуы туралы – төтенше жағдайлар жөніндегі органдарға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар туралы мәліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.

 

34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді қамтиды.
  2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:

1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;

2) мыналарды:

алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;

алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;

3) уәкілетті орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шекті көлемі) шеңберінде – алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша жолдаманың болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық көмек;

4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;

5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кіреді.

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету:

1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде – медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес;

2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде – белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен бейімделген емдік өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
  2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі шарттарды жасасуда артықшылықты құқыққа денсаулық сақтаудың аккредиттелген ұйымдары ие болады.

 

35-бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен тәртібі

  1. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар, аурудың бейіні және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келгенде жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.
  2. Ақылы медициналық қызметтер:

1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, диагностикалық және емдік қызметтер көрсету;

2) дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;

4) тиісті жолдамасыз санаториялық емдеу;

5) медициналық айғақтарсыз медициналық-генетикалық зерттеулер жүргізу;

6) азаматтарды жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін медициналық зерттеп-қарау;

7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;

8) қосымша сервистік қызметтер ұсыну;

9) осы Кодекстің 87-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады.

  1. Ақылы медициналық қызметтер пациент пен осы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектісінің арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.

Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт мынадай негізгі талаптарды:

1) медициналық көмектің түрлері мен көлемін;

2) медициналық көмек көрсету мерзімдерін;

3) медициналық және медициналық емес қызметтерге арналған тарифтерді және оларды төлеу тәртібін;

4) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;

5) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу және оның қолданылуын тоқтату тәртібін;

6) тараптардың шарт міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеуін қамтуға тиіс.

  1. Ақылы қызметтер көрсетудің түрлері мен олардың баға прейскуранты мемлекеттік, жекеше медициналық ұйымдардағы және жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалардағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі.
  2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің бағасы медициналық, сервистік қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығын түрлерін және өзге де қосымша шығыстарды ескере отырып айқындалады және ол жарты жылда бір реттен аспайтын жиілікпен қайта қаралуы мүмкін.

Ақылы қызметтер көрсетудің бағасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгілейтін осыған ұқсас медициналық қызмет тарифінен төмендетілмей белгіленеді.

  1. Азаматтарға ақылы қызметтер көрсеткен кезде есепке алу және есеп құжаттамасын жүргізу уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.
  2. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған кезден бастап оларға ақылы медициналық қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
  3. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

 

3-Бөлім. Медициналық қызмет

 

10-тарау. Медициналық қызметтің мазмұны мен түрлері

 

36-бап. Медициналық қызметтің мазмұны

Медициналық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.

 

37-бап. Медициналық қызметтің түрлері

Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері:

1) медициналық көмек;

2) зертханалық диагностика;

3) патологиялық-анатомиялық диагностика;

4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет;

6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;

7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми қызмет;

8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;

9) осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жүзеге асырылады.

 

 

11-тарау. Медициналық көмек

 

38-бап. Медициналық көмектің түрлері

Медициналық көмектің негізгі түрлері:

1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

2) білікті медициналық көмек;

3) мамандандырылған медициналық көмек;

4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек;

5) медициналық-әлеуметтік көмек болып табылады.

 

39-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек

  1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек – аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
  2. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналық көмекті медициналық білімі жоқ, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тиісті даярлықтан өткен адамдар (парамедиктер), сондай-ақ зардап шегушілердің өмірін құтқару мақсатында өзге де адамдар көрсетуі мүмкін.
  3. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган белгілейді.

 

40-бап. Білікті медициналық көмек

  1. Білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

41-бап. Мамандандырылған медициналық көмек

  1. Мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
  2. Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың көпбейінді ұйымдары консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді.
  3. Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілейді.

 

42-бап. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек

  1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
  2. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

43-бап. Медициналық-әлеуметтік көмек

  1. Медициналық-әлеуметтік көмек – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

 

44-бап. Медициналық көмекті ұсыну нысандары

Медициналық көмек:

1) амбулаториялық-емханалық көмек:

алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

консультациялық-диагностикалық көмек;

2) стационарлық көмек;

3) стационарды алмастыратын көмек;

4) жедел медициналық көмек;

5) санитариялық авиация;

6) төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;

7) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

8) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;

9) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) нысандарында ұсынылуы мүмкін.

 

45-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек

  1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін:

1) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді;

2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды;

3) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды;

4) халықты қауіпсіз сумен жабдықтау және оның кенеулі тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер және мейірбикелер көрсетеді.

  1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі азаматтарға медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша құрылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету түрлерін, көлемін, тәртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
  2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.

 

46-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек

  1. Консультациялық-диагностикалық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

47-бап. Стационарлық көмек

  1. Стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.
  2. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті күтім жасалуын және олардың тамақтануын қамтамасыз етеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Стационарлық көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

48-бап. Стационарды алмастыратын көмек

  1. Стационарды алмастыратын көмек – бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

49-бап. Жедел медициналық көмек

  1. Жедел медициналық көмек – денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.
  2. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгілеген тәртіппен жедел медициналық көмектің мамандандырылған ұйымдары мен қызметтері құрылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

50-бап. Санитариялық авиация

  1. Санитариялық авиация – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

51-бап. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек

  1. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде апаттар медицинасы қызметінің медициналық көмек ұсыну нысаны.
  2. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну тәртібін, оның түрлері мен көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

52-бап. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту

  1. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегетін азаматтарға көрсетіледі.
  2. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ санаториялық-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.
  3. Азаматтарға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен санаториялық-курорттық емделуге жолдамалар беріледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

53-бап. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі

  1. Паллиативтік көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.
  2. Мейірбике күтімі дәрігер бақылауы талап етілмейтін жағдайларда мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында) немесе үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

54-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)

  1. Дәстүрлі медицина әдістеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлекс-терапия, фитотерапия және табиғаттан алынатын құралдармен емдеу жатады.
  2. Медициналық білімі бар, тиісті лицензия алған адамдардың дәстүрлі медицина саласындағы қызметке құқығы бар.
  3. Халық медицинасы (емшілік) – халық жинақтаған емшілік құралдар туралы, сондай-ақ емдеу және гигиена тәсілдері мен дағдылары және оларды денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу мен оларды емдеу үшін практикада қолдану туралы эмпирикалық мәліметтердің жиынтығы.
  4. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
  5. Жаппай емшілік сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізуге тыйым салынады.

 

55-бап. Зертханалық диагностика

  1. Зертханалық диагностика – аурудың (жай-күйдің) болу немесе болмау фактісін пациенттен алынған биоматериалдарды зертханалық зерттеу жолымен анықтауға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

56-бап. Патологиялық-анатомиялық диагностика

  1. Патологиялық-анатомиялық диагностика патологиялық-анатомиялық ашып қарау барысында мәйіттің тіндері мен ағзаларындағы, сондай-ақ науқастың хирургиялық операция және (немесе) биопсия жолымен алынған ағзаларындағы (ағзаларының фрагменттеріндегі) және тіндеріндегі өзгерістердің жиынтығын талдау арқылы диагноз қою мақсатында жүргізіледі және ол тікелей тексеріп-қараудың (макроскопиялық зерттеулердің), үлкейткіш аспаптарды (микроскопиялық зерттеулер), өзге де технологияларды пайдалану арқылы зерттеулердің нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық-анатомиялық салыстыруларға негізделеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Патологиялық-анатомиялық ашып қарау өлімнің себептерін белгілеу және аурудың диагнозын нақтылау мақсатында жүргізіледі.

Ана және сәби өлімі, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болу жағдайларын қоспағанда, өлімнің күш қолданудан болғанына күдік болмаған және жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша өтініші не осы адамның тірі кезінде берген жазбаша ырық білдіруі болған кезде, мәйітті патологиялық-анатомиялық ашып қарау жүргізілместен, өлімнің болу фактісін куәландыратын уәкілетті орган бекіткен нысандағы құжатты бере отырып, беруге рұқсат етіледі.

Қайтыс болған адамның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің талап етуі бойынша патологиялық-анатомиялық ашып қарауды тәуелсіз сарапшы (сарапшылар) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізуі мүмкін.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

 

12-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері

 

57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама

  1. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылады.
  2. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың мынадай түрлері:

1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама;

2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама;

3) әскери-дәрігерлік сараптама;

4) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар;

5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;

6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама;

7) ғылыми-медициналық сараптама жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы жүргізуді жеке және заңды тұлғалар тиісті лицензия және (немесе) аккредиттеу туралы тиісті куәлік негізінде жүзеге асырады.

 

58-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

  1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама – жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызметтер көрсету сапасының деңгейі жөнінде қорытынды жасау үшін медициналық қызметтер көрсетудің тиімділік, толымдылық және стандарттарға сәйкестік көрсеткіштерін бейнелейтін индикаторларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы.
  2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ішкі және сыртқы сараптама болып бөлінеді.
  3. Ішкі сараптама жүргізу үшін әрбір медициналық ұйымда ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы көрсетілетін медициналық қызметтер көлеміне қарай бекітеді.

Ішкі бақылау (аудит) қызметі медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруына, клиникалық қызметіне, медициналық көмек көрсету тәртібін және стандарттарды бұзу фактілерінің анықталуына, сондай-ақ емделуде жатқан пациенттер жолданымдарының бес күннен аспайтын мерзімде қаралуына ағымдағы талдау жүргізеді.

Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізілген аудит нәтижелері бойынша көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының төмендеуінің анықталған себептері мен жағдайларын жою жөнінде медициналық ұйым басшысына ұсыныстар енгізеді.

  1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы уәкілетті орган және (немесе) тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

59-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама

  1. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жеке тұлғаның еңбекке жарамсыздығын ресми тану және оны ауыру кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босату мақсатында жүргізіледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізудің, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 60-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

60-бап. Әскери-дәрiгерлiк сараптама

  1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, iшкi iстер органдарындағы, қылмыстық-атқару жүйесiнiң, өртке қарсы қызмет, қаржы полициясы, кеден органдарындағы, прокуратура органдарындағы қызметке (бұдан әрi – әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет) жарамдылықты белгiлеу үшiн, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметтi немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi және әскери жиындарды өткерумен (мiндеттердi орындаумен) байланысты ауруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрi – мертiгу) және қайтыс болуының себептi байланыстарын айқындау үшiн жүргiзiледi.
  2. Әскери-дәрiгерлiк сараптама:

1) мыналарды:

шақыру учаскелерiне тiркелетiн, әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылатын және әскери (арнайы) оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетiн азаматтарды;

әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызметке кiретiн азаматтарды;

әскери қызметтi шақыру бойынша немесе келiсiмшарт бойынша өткеретiн әскери қызметшiлердi;

арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін;

әскери (арнайы) оқу орындарының, арнаулы мемлекеттік органдары оқу орындарының курсанттарын, кадеттер мен тәрбиеленушiлердi;

радиоактивтiк заттармен, иондандырушы сәулелену көздерiмен, зымыран отыны компоненттерiмен, электр-магниттiк өрiс көздерiмен қызметке (жұмысқа) iрiктеп алынатын және қызмет өткерiп (жұмыс iстеп) жүрген әскери қызметшiлердi (Қарулы Күштер қызметшiлерiн), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін (жұмыскерлерін);

мемлекеттiк авиацияның авиация персоналын;

әскери жиындарға, арнаулы мемлекеттік органдар жиындарына немесе әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезiнде;

2) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кiретiн азаматтарға психологиялық-физиологиялық iрiктеудi жүзеге асыру кезiнде;

3) әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткерген әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немесе азаматтардың мертiгуiнiң, ауруының себептi байланыстарын айқындау кезiнде;

4) азаматтар әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санатын айқындау кезiнде;

5) әскери қызметшiлердiң, әскери мiндеттiлердiң, қызметкерлердiң әскери қызмет (әскери жиындар) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметі кезеңiнде не әскери қызметтен (әскери жиындардан) немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, құқық қорғау органдарындағы әскери қызметтен (жиындардан) босатылғаннан кейiн әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткеру кезеңiнде мертiгуі, ауруы салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себептi байланыстарын айқындау кезiнде жүргiзiледi.

  1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда және iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзедi.

Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрiгерлiк сараптаманы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары жүргiзедi.

  1. Денсаулық жағдайының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, iшкi iстер және мемлекеттiк авиация органдарындағы қызметке сәйкестігіне қойылатын талаптарды қорғаныс, iшкi iстер саласындағы орталық атқарушы органдар және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттiк орган уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.

 

61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар

  1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларды тағайындау мен жүргізудің процестік тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген.
  2. Көрсетілген сот сараптамасы түрлерін ұйымдастырудың және сот-сараптама зерттеулерін жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасында белгіленген.

 

62-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – физикалық факторлардың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулерінің және басқа да зерттеулер мен сынаулардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобаларды сараптау.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өз құзыреттері шегінде жүргізеді.
  2. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жобалардың сараптамасы бөлігінде – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары, санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.
  3. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, эпидемиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханалық зерттеулер, тамақ өнімдерінің энергетикалық және биологиялық құндылығына зерттеулер, шуылды, дірілді, электр-магниттік өрістерді және физикалық факторларды өлшеуді жүргізуге, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулер жүргізуге байланысты бөлігі болып табылады.
  4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы табыс етеді.
  5. Жарамсыз тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаты болған жағдайларда санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмейді.
  6. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама не ғылыми сараптама нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін әлеуетті қауіпті деп танылған химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады. Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттар тіркелімі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға жатады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер, бақылаудың өзге де нысандары және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде:

1) атом энергетикасы мен өнеркәсібі, ғарыш қызметі және жер қойнауын пайдалану объектілерін, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың шығарындылары, физикалық факторлары бар объектілерді, экологиялық зілзала аймақтарындағы объектілерді және баламасы жоқ, жаңа технологиялық процестері бар объектілерді орналастыруға, реконструкциялауға және кеңейтуге;

2) өндірістік күштерді орналастыруға, қалалар мен ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысының бас жоспарларына, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің техникалық-экономикалық негіздемелеріне, құрылысы мен реконструкциялау жобаларына;

3) болжамды құрылыстың немесе функционалдық бейінін (мақсатын) ауыстыра отырып, реконструкциялануға жататын объектінің учаскесіндегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарға;

4) қоршаған ортаға ластаушы заттардың және физикалық факторлардың жол беруге болатын шекті шығарындылары мен жол беруге болатын шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары, геологиялық зерттеулер, технологиялар бойынша техни- калық-экономикалық негіздемелерге, жобаларға және басқа да нормативтік құжаттамаға;

5) шикізатқа, тамақ өнімдеріне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетіктерге, мәшинелерге, жабдыққа, құрылыс материалдарына арналған нормативтік құжаттардың жобаларына, сондай-ақ халықтың әр түрлі топтарын оқыту, тәрбиелеу, олардың тәни даму, еңбек ету, өмір cүpy, демалу, тамақтану, сумен жабдықталу, медициналық қызмет көрсетілу режімдеріне;

6) шикізатты, тамақ өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану және өткізу, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызметтер көрсету жағдайларына;

7) халықтың әр түрлі топтарын оқыту, тәрбиелеу, олардың тәни даму, еңбек ету, өмір сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықталу және медициналық қызмет көрсетілу жағдайларына;

8) санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын материалдарға, инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар туралы және уланулар туралы мәліметтерге;

9) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға;

10) жаңа өнімге, технологияға, жабдыққа;

11) жобаланып жатқан, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге, өнеркәсіп бұйымдары мен көлікке, сондай-ақ халықтың денсаулығы үшін ықтимал қауіпті және (немесе) маңызы бар басқа да объектілерге;

12) сәйкестігі міндетті расталуға жатпайтын тамақ өнімдеріне, тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарға;

13) білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемесі мен оқу режіміне;

14) балаларға арналған тауарларға, тағамдық қоспаларға;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15) елдi мекендер құрылысын жоспарлаудың, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi орналастырудың, салу мен реконструкциялаудың, санитариялық-қорғаныш аймақтарының, су пайдалану мен сарқынды суларды бұру, уытты, радиоактивтi және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату мен көму шарттарының, шикiзаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ өнiмдерi өндiрiсi процестерiнiң, азық-түлiк шикiзатының, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерiнiң, химиялық заттар мен өнiмдердiң, биологиялық, дәрiлiк, дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың, медициналық иммундық-биологиялық препараттардың және азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және ауыз сумен жанасатын ыдыстардың, орама және полимерлiк материалдардың, парфюмериялық-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарының жаңа түрлерiне арналған стандарттар мен нормативтiк құжаттардың жобаларына;

16) елді мекендердегі шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің объектілеріне, олардың санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемдеріне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (гигиеналық қорытынды, гигиеналық сертификат) – жобалау құжаттамасының, мекендеу ортасы факторларының, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат беріледі.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

63-бап. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама

  1. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама – дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға физикалық-химиялық, биологиялық, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу, олардың биоэквиваленттігін айқындау, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеуге табыс етілген тіркеу деректерінің құжаттарын, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды зерделеу арқылы олардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы тұрғысынан зерттеу немесе сынау.

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама жүргізу мемлекеттік монополияға жатады және оны дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 63-1-баппен толықтырылды

63-1-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау

  1. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасының оларды Қазақстан Республикасында тіркеуге негіз болған тіркеу деректемесінің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың деректеріне сәйкестігін айқындау арқылы жүргізіледі.
  2. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары бар, дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

64-бап. Ғылыми-медициналық сараптама

  1. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектілері:

1) іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулер бағдарламаларының жобалары;

2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалар;

3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелері;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылатын ғылыми жұмыстар;

5) денсаулық сақтау практикасына енгізу жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлемелер болып табылады.

  1. Ғылыми-медициналық сараптаманы жүргізудің тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

 

4-Бөлім. Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы

 

13-тарау. Фармацевтикалық қызмет

 

65-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының жүйесі

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының бірыңғай жүйесіне:

1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган;

2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы және оның аумақтық бөлімшелері кіреді.

 

66-бап. Фармацевтикалық қызметтің түрлері

  1. Фармацевтикалық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік фармацевтикалық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.
  2. Фармацевтикалық қызмет мынадай түрлерді:

1) дәрілік заттарды өндіруді;

2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруді;

3) медициналық техниканы өндіруді;

4) дәрілік препараттарды дайындауды;

5) медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауды;

6) дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді;

7) медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуді;

8) медициналық техниканы көтерме саудада өткізуді;

9) дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді;

10) медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді;

11) медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуді қамтиды.

 

67-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы топтап шығару үшін қажетті, шикізат, материалдар мен жартылай фабрикаттар сатып алуға, технологиялық процеске, оның ішінде осы процесс сатыларының бірін жүзеге асыруға, өндірілген өнімді сақтауға, өткізуге, сондай-ақ оларға қоса жүретін бақылаудың барлық түрлеріне байланысты барлық жұмыстардың жиынтығын қамтитын фармацевтикалық қызмет.
  2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруді дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру құқығына лицензия алған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер өндіру қағидаларына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру және олардың сапасын бақылау, сондай-ақ тұрақтылығына сынақтар жүргізу және сақталу мерзімі мен қайта бақылау мерзімін белгілеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
  2. Мыналарға:

1) мемлекеттік тіркелуі кезінде, жабдықтар мен технологиялық процестерді ретке келтіру және іске қосу кезінде сараптама жүргізуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ тиісті өндірістік практика жағдайында өндірілген дәрілік субстанцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;

2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру құқығына лицензиясы жоқ;

3) Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру мен олардың сапасын бақылау қағидалары бұзылған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге тыйым салынады.

  1. Өндірілген және әкелінетін дәрілік заттар:

1) құрамында тізбесін уәкілетті орган Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттар болмауға тиіс;

2) уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжатты жасау, келісу және оның сараптамасы қағидаларына сәйкес әзірленген, дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа сәйкес бақылауға жатқызылуға тиіс.

  1. Патенттелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру мен өткізу Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Диагностика немесе емдеу жүргізуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың функционалдық мақсатына сәйкес пайдаланылуын көздеуге және диагностиканың немесе емдеудің алынған нәтижелерін түсіндіру кезінде пайдаланушының қателесу тәуекелін болғызбауға тиіс.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

68-бап. Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау

Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауды дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауға тиісті лицензиясы бар, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. Дайындалған дәрілік препараттар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен дәріханаішілік бақылануға жатады.

 

69-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізудi дәріхана қоймаларында көтерме саудада өткізуге тиісті лицензия алған не «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзудi дәріханаларда, дәріхана пункттерінде, жылжымалы дәріхана пункттерінде бөлшек саудада өткізуге тиісті лицензия алған не «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. Мыналарға:

1) Тиісті өндірістік практика жағдайында өндірілген дәрілік субстанцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) сапасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпсіздігі және сапасы туралы қорытындымен расталмаған;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін;

4) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен;

5) осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық ұйымдардағы медицина қызметкерлері өткізетін;

6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймалары арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Дәрігердің рецепті бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады.

Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз өткізуге жатқызу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

  1. Аудан орталығынан шалғайдағы, дәріханалар жоқ елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жеке және заңды тұлғалар алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы жүзеге асыра алады.

Бұл ретте, фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар сапасының, қауіпсіздігі мен тиімділігінің сақталуын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған медициналық білімі бар мамандар қамтамасыз етеді.

  1. Тіркеу куәлігінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және онда өндірілген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасының аумағында шектеусіз қолданылады, айналысқа түседі және пайдаланылады.

 

 

14-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы

 

70-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеу

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеудің мақсаты қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жасау болып табылады.
  2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушінің құқықтары Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасымен қорғалады.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеуші ұлттық стандарттардың талаптарын сақтауға тиіс.
  2. Бірегей дәрілік заттың атауын бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

71-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын, дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың фармацевтика нарығында болуының құқыққа сыйымдылығын айқындау, олардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын бағалау және дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы белгілі бір мерзімге Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізіліміне енгізу рәсімі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік қайта тіркеу – мемлекеттік тіркеудің қолданылу мерзімін белгілі бір мерзімге ұзарту, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылып, бұрынғы тіркеу нөмірі бойынша жаңа тіркеу куәлігін берумен, сондай-ақ Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізумен сабақтастыра жүргізіледі.
  2. Тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу – тіркеу куәлігінің қолданылуы бойында өтініш беруші тіркеу деректеріне енгізетін, дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына әсер етпейтін және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сараптама жасалуға жататын өзгерістер.
  3. Қазақстан Республикасында өндірілген, сондай-ақ оның аумағына әкелінетін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, оған қоса:

1) сауда атауы бар, дәрілік нысаны, мөлшерлемесі, орамы көрсетілген дәрілік препараттар;

2) Қазақстан Республикасына әкелінетін дәрілік заттардың балк-өнімдері;

3) бұрын Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың дәрілік нысаны, мөлшерлемесі, орамы көрсетілген жаңа құрамалары;

4) бұрын Қазақстан Республикасында тіркелген, бірақ басқа өндіруші ұйымдар басқа дәрілік нысандарда жаңа мөлшерлемемен, жаңа ораммен, жаңа қаптамамен, көмекші заттардың басқа құрамымен, басқа атаумен өндірген дәрілік заттар;

5) медициналық мақсатта қолданудың ықтимал тәуекел дәрежесіне қарай сыныпталуы ескерілген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника;

6) медициналық иммундық-биологиялық препараттарға жатпайтын диагностикалық реагенттерді қоспағанда, адам организмінен тыс диагностикаға арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар, сондай-ақ көзге салынатын және көру қабілетін түзейтін линзалар мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге жатады.

  1. Дәрілік заттың саудадағы атауы – дәрілік зат тіркелетін атау.
  2. Биосимиляр – сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі бойынша бұрын тіркелген эталондық инновациялық биологиялық дәрілік затқа ұқсас деп мәлімделген және соған ұқсас халықаралық патенттелмеген атауы бар түрлендірілген биологиялық дәрілік зат.
  3. Биологиялық жолмен алынған дәрілік препараттар – құрамында биологиялық ақуыздар бар препараттар (гормондар, цитокиндер; қанның ұюының факторлары, оның ішінде төмен молекулярлы гепариндер; инсулиндер, моноклональді қарсы денелер, ферменттер, колоние ынталандырушы факторлар, тіндердің жасушаларының базасында жасалған, гендік-инженерлік және гибридомдық технологиялар көмегімен алынған препараттар), сондай-ақ биосимилярлар.
  4. Өндіруші елде тіркелген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуге жатады.
  5. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік тіркеудің, қайта тіркеудің жеделдетілген рәсімі бойынша тіркелуі мүмкін. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеудің, қайта тіркеудің жеделдетілген рәсімінің тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
  6. Мемлекеттік тіркелген мерзімі өткеннен кейін дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасында қайта тіркелуге жатады.

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Мемлекеттік тіркеудің, қайта тіркеудің, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізудің міндетті шарты дәрілік затқа, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техникаға сараптама жүргізу болып табылады.

Сараптаманы уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізеді.

Өндіріс жағдайларын және сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш берушінің қаражаты есебінен өндіруші кәсіпорынға бару арқылы жүзеге асырылады.

Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу кезінде оларға сараптама жүргізуге байланысты шығыстарды өтініш берушілер көтереді.

  1. Дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкендерінде дайындалған медициналық мақсаттағы бұйымдар, оптика дүкендерінде дайындалған медициналық оптика бұйымдары, сондай-ақ Тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дәрілік субстанциялар мемлекеттік тіркелуге жатпайды.
  2. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы және (немесе) оларға жұмсалатын материалдарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу, олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу туралы өтінішті мәлімделген өнімді ұсынудың барлық сатысында оның сапасы үшін жауап беретін, дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы әзірлеуші немесе өндіруші немесе олардың өкілдері жазбаша нысанда береді.

Өтінішке тізбесін уәкілетті орган айқындайтын құжаттарды қамтитын тіркеу деректері қоса тіркеледі.

Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде өтініш беруші табыс еткен, келісілуге немесе бекітілуге жататын құжаттарды есепке алу мен жүйелеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

  1. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу куәлігінің телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.
  2. Дәрілік затқа, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама кезінде олардың мәлімделген сапа, қауіпсіздік пен тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, өтініш берушіге оларды мемлекеттік тіркеуден, қайта тіркеуден және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуден уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бас тартылады.
  3. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган белгілеген үлгіде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі.
  4. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу туралы шешім уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кері қайтарып алынуы мүмкін.
  5. Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі ішінде өндіруші зауыт Қазақстан Республикасының нарығында бар, тіркелген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы үшін жауапты болады, олар мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге табыс етілген үлгілерге, тіркеу деректерінде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келуге және тұтынушы үшін ақпараты бар уәкілетті орган бекіткен құжаттарымен қоса жүруге тиіс.

 

72-бап. Биологиялық активті заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу

  1. Биологиялық активті заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулердің мақсаты биологиялық активті заттардың фармакологиялық активтілігі мен қауіпсіздігінің бағасы мен дәлелдерін ғылыми әдістермен алу болып табылады.
  2. Биологиялық активті заттардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерін жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
  3. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

 

73-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы техникалық жағынан сынау

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы техникалық жағынан сынаудың мақсаты медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың техникалық сипаттамаларының ұлттық стандарттарға сәйкестігін анықтау болып табылады.
  2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға техникалық жағынан сынау жүргізу туралы шешімді техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.

 

74-бап. Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеу және (немесе) сынау

  1. Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеу және (немесе) сынау зерттелетін дәрілік препараттың клиникалық, фармакологиялық және (немесе) фармакологиялық-динамикалық әсерін анықтау немесе растау және (немесе) жанама әсерлерін анықтау үшін субъект ретінде адамды қатыстыра отырып және (немесе) олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін белгілеу үшін сіңірілуін, таралуын, биотрансформациясын және шығарылуын зерделеу мақсатында жүргізіледі.
  2. Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеу және (немесе) сынау уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

 

75-бап. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік заттар тұтынушылық (бастапқы және қайталама) қаптамасына мемлекеттік тілде және орыс тілінде жақсы оқылатын қаріппен басылған және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіптің талаптарына жауап беретін таңбасымен айналысқа түсуге тиіс.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника тікелей медициналық мақсаттағы бұйымға және медициналық техникаға және (немесе) тұтынушылық қаптамаға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай басылған таңбасымен айналысқа түседі.
  2. Қымбат тұратын, сирек қолданылатын, орфандық препараттардың шектеулі көлемін әкелу кезінде стикерлерді пайдалануға жол беріледі.

Тұтынушылық қаптамаға стикерлерді жапсыру уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

76-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды сатып алу

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар халықаралық патенттелмеген атауымен сатып алынады. Көп компонентті дәрілік зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетіледі.
  2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға баға құрау ережесін караңыз

 

77-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьюторды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютер қызметінің негізгі нысанасы өнім берушілерді таңдау және олармен өнім беру шарттарын жасасу, тапсырысшыларды уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар тізімі бойынша дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және беру жөніндегі қызметтерді тапсырысшының ұсынуы болып табылады.

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
  2. Өнім берушінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші не өндірушінің ресми өкілі мәртебесінің болуы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютердің әлеуетті өнім берушіні таңдауының негізгі критерийі болып табылады.
  3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың принциптері:

1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) сатып алуды жүргізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

4) сатып алу процесінің жариялылығы және ашықтығы;

5) отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады.

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

78-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтаумен тасымалдау

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақталады және тасымалданады.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймаларында техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін үй-жайлар, алаңдар, арнаулы жабдықтар, жиhаз, мүкәммал, өртке қарсы жабдықтар, аспаптар болуға, сондай-ақ уәкілетті органның рұқсаты болуға тиіс.

  1. Дәрілік препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімін ұзартуға тыйым салынады.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 79-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

79-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою

Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі және олар осы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қарауында тұрған, олардың айналысы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жоюына жатады.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 80-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

80-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу тәртібі

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. Тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етілмейді.
  3. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы:

1) егер олар:

мемлекеттік тіркеуге;

одан әрі өткізу құқығынсыз көрмелер өткізуге;

сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр ауруларды жеке-дара емдеуге;

төтенше жағдайлар салдарларының алдын алуға және оларды жоюға;

денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тіркелген, баламасы жоқ бірегей медициналық техникамен жарақтандыруға;

клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтар жүргізуге арналса, уәкілетті органның рұқсаты бойынша;

2) мынадай:

егер олар Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жеке тұлғаның емделу курсына қажетті мөлшерде жеке басына пайдалануына арналса;

Қазақстан Республикасының аумағына келетін көлік құралының жолаушыларды емдеуге арналған алғашқы көмек дәрі қобдишасының құрамында уәкілетті органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол беріледі.

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.
  2. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес келмейтін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника тәркіленуге және жойылуға жатады.
  3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді:

1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге лицензиясы бар өндіруші ұйымдар;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуге арналған лицензиясы бар не қызметін бастағаны туралы хабарлама жасау бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің тізіліміне енгізілген, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы осы Кодекске сәйкес әзірлеу және мемлекеттік тіркеу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар;

4) мемлекеттік тіркеу кезінде сараптама, клиникалық зерттеулер және (немесе) сынаулар жүргізу үшін және Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндірушілердің көрмелеріне қатысу үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруші шетелдік ұйымдар, олардың уәкілетті өкілдіктері (филиалдары) немесе олардың сенім білдірілген жеке және заңды тұлғалары;

5) медициналық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыра алады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы кеден одағының шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өткізген кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі көрсетіле отырып, әкелінген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрқайсысының мемлекеттік тіркелуі туралы уәкілетті орган растаған мәліметтер табыс етілуге тиіс.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы уәкілетті органға дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгені және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілгені туралы мәліметтерді табыс етеді.

 

81-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкету тәртібі

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника:

1) Қазақстан Республикасының аумағынан кететін жеке тұлғалардың емделу курсына қажетті мөлшерде жеке басына пайдалануы үшін;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан кететін көлік құралының жолаушыларды емдеуге арналған алғашқы көмек дәрі қобдишасының құрамында Қазақстан Республикасының аумағынан уәкілетті органның рұқсатынсыз әкетілуі мүмкін.

  1. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

15-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық

техниканың қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар

 

82-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы монтаждау, жөндеу, оларға техникалық және метрологиялық қызмет көрсету

  1. Медициналық техниканы және жекелеген жағдайларда медициналық мақсаттағы бұйымдарды монтаждауды, жөндеуді, оларға техникалық және метрологиялық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы жұмыстарды орындауға құқығы бар жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады.
  2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жөндеуден кейінгі қауіпсіздік деңгейі медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың техникалық паспортында белгіленген қауіпсіздік деңгейінен төмен болмауға тиіс.
  3. Денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.
  4. Өлшем құралы болып табылатын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуге жатады және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолданылуға рұқсат етіледі.

Өлшем құралы болып табылатын медициналық техниканың тізбесін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекітеді.

 

83-бап. Қауіпсіздікті сыныптау және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолданудың ықтимал қатерінің дәрежесіне қарай қауіпсіздігін қайта сыныптау

  1. Қазақстан Республикасында қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника пациенттердің, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы пайдаланатын персоналдың және өзге де адамдардың денсаулығына зиян келтіретін ықтимал қатерінің дәрежесіне қарай қауіпсіздік сыныптарына бөлінеді.

Қауіпсіздік сыныптарының әрқайсысы белгілі бір техникалық регламенттерге сәйкес келетін медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың топтарын және типтерін қамтиды. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бір мезгілде бірнеше қауіпсіздік сыныбына жатқызуға болмайды.

  1. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігін сыныптау қағидаларын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекітеді.
  2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сыныптау принциптері:

1) қолданылу ұзақтығын;

2) инвазивтілігін;

3) организммен байланысының болуын немесе онымен өзара байланысын;

4) организмге енгізу тәсілін;

5) өмірлік маңызы бар ағзаларға қолданылуын;

6) энергия көздерінің қолданылуын ескереді.

  1. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздік сыныбына жатқызылуын оларды мемлекеттік тіркеу кезінде уәкілетті орган айқындайды.
  2. Егер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздік сыныбын қайтадан айқындау үшін негіздер пайда болса, өндірушінің мемлекеттік тіркеуден кейін кемінде екі жыл өткен соң қайта сыныптау рәсімін жүргізуге құқығы бар.
  3. Уәкілетті орган медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника жұмысының негізіне алынған принциптердің, құбылыстардың, медициналық әдістемелердің егжей-тегжейлі есептеріне негізделген өзгерістерді сыныптамаға енгізе алады.

 

84-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысына тыйым салу, оларды тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою

  1. Уәкілетті орган:

1) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника – техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген;

2) дәрілік заттардың адамның денсаулығына қауіпті, дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген жанама әсерлері анықталған;

3) медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы қолдану процесінде оларды қолдану қауіпсіздігіне әсер ететін конструкциясының ақаулары, жұмыс істеу принципі, өндірістік орындалуы анықталған;

4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолданудың сапасына, қауіпсіздігі мен тиімділігіне әсер ететін оларды өндірудің бекітілген процесі бұзылған;

5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға байланысты пациенттің немесе тұтынушының денсаулығына зиян келтіру туралы деректер болған;

6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолданудың қауіпсіздік деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін, өндіріс технологиясы мен сапаны бақылаудың ғылыми-техникалық деңгейінің жеткіліксіздігі туралы деректер алынған жағдайларда, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға, өткізуге немесе өндіруге тыйым салуы немесе тоқтата тұруы, сондай-ақ оларды айналыстан алып қою туралы шешім қабылдауы мүмкін.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Тыйым салу, тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

85-бап. Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингі

  1. Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингі медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
  2. Денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті органға дәрілік заттың басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің байқалу фактілері және жанама әсерлері, оның ішінде дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген жанама әсерлері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

 

86-бап. Жаңа дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жаңа дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы, мемлекеттік тіркеуден өтпеген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар туралы, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді қайтарып алу туралы, сондай-ақ дәрігердің рецепті бойынша босатылатын дәрілік заттар туралы ақпарат медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспа басылымдарында беріледі.

 

 

5-Бөлім. Азаматтардың денсаулығын сақтау

 

16-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және оларды қамтамасыз етудің кепілдіктері

 

87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

1) денсаулық сақтау құқығына;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне;

3) медициналық көмекке бірдей қол жеткізуіне;

4) медициналық көмектің сапасына;

5) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне;

6) аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне;

7) жеке өмірге қол сұғылмауына, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуына;

8) ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқықтарының сақталуына;

9) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық салауаттылыққа және радиациялық қауіпсіздікке кепілдік береді.

 

88-бап. Азаматтардың құқықтары

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;

3) медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға;

4) өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті сақтандыру жүйесінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық қызметтерге;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен айғақтар болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;

6) медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

7) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыруға;

8) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер, қоршаған ортаның жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындыларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы дәйекті ақпаратты өтеусіз алуға;

9) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшы ұйымдардан және субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;

10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға;

11) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз са- рапшыларды тарту туралы өтініш беруге құқығы бар.

  1. Әйелдің ана болу туралы мәселені өзі шешуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақсатында, өзі қаламайтын жүктіліктен сақтанудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.

Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:

1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық тексеріп-қарау, оларды динамикалық байқау және сауықтыру;

2) науқас баланы күтіп-бағу үшін стационарға түскен кезде әйелдердің ұрпақты болу денсаулығына және баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық айғақтар бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың жұмыс уақытының режимі, жүктілігі мен босануы бойынша демалысы және еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың жынысын ауыстыруға құқығы бар.

Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады.
  2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналасындағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  1. Азаматтар денсаулық сақтау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға құқылы.

 

 

89-бап. Балалардың құқықтары

  1. Әрбір баланың:

1) денсаулық сақтау жүйесінің уақтылы әрі тиімді қызметтерін және ауруды емдеу мен денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;

2) денсаулық сақтау саласында білім алуға;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық тексеріп-қаралуға және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрімен қамтамасыз етілуге және сауықтырылуға құқығы бар.

  1. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:

1) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беріліп, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі жасалады;

2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

  1. Мектеп жасындағы балалардың стационарлық, қалпына келтіру емін алу кезеңінде стационар, оңалту орталығы, санаторий жағдайында үздіксіз білім алуға құқығы бар.

Стационарлық балалар бөлімшелерінің және мамандандырылған стационарлық медициналық балалар ұйымдарының пациенттеріне ойын ойнау, дем алу және тәрбие жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалады.

  1. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырған, ЖИТС-пен ауыратын балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.

АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және жалпы мақсаттағы өзге де медициналық және оқу-тәрбие ұйымдарында болуға құқығы бар.

  1. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

 

90-бап. Азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері

  1. Азаматтар:

1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;

2) денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы режимін сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуге;

4) медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға;

5) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы медициналық персоналға хабарлауға міндетті.

Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтар зерттеп-қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес куәландырылуға және мәжбүрлеу тәртібімен емделуге тартылады.

Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекспен реттеледі;

6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.

  1. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттілікте болады.
  3. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:

1) санитариялық-эпидемияға қарсы (профи- лактикалық) іс-шаралар жүргізуге;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындауға;

3) орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

5) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану пайда болған жағдайда, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы туралы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабарлауға;

6) дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жанама әсерлері анықталған жағдайда, уәкілетті органға уақтылы хабарлауға;

7) айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларын жұқтыру қаупі бар қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге;

8) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу үшін өнімдердің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеп алуға мүмкіндік жасауға;

9) медициналық тексеріп-қараудан өткендігін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары анықтаған инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарды және инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды жұмыстан шеттетуге;

10) тауарлардың, өнімдердің, шикізаттың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына және гигиеналық нормативтерге сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға;

11) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және есептілік құжаттамасын тексеруге ұсынуға;

13) егер кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет халықтың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұруға;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуы тұрғысынан тексеруі мақсатында оларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

15) эпидемиологиялық айғақтар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

 

91-бап. Пациенттердің құқықтары

  1. Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа:

1) диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;

2) қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;

3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;

5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;

6) өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.

  1. Пациенттің өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылуға тиіс.

Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзіне медициналық қызметтер көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс.

  1. Медициналық көмек пациенттің ауызша немесе жазбаша хабардар етілген ерікті түрдегі келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс.
  2. Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар.
  3. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі.
  4. Егер медициналық аппараттың берілуі пациентке пайдасын тигізбейтіні былай тұрсын, елеулі зиянын да тигізеді деуге кесімді негіз болса ғана ақпарат пациенттен жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады.
  5. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диагностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар.
  6. Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
  7. Пациенттің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар.
  8. Некелесетін азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық зерттеп-қаралуға құқығы бар.

 

92-бап. Пациенттердің міндеттері

  1. Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа:

1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;

2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;

3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;

4) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;

5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;

6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

  1. Осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.

 

93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы

1 Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.

  1. Медициналық көмектен бас тартқан кезде, пациентке немесе оның заңды өкіліне оған түсінікті түрде аурудың ықтимал салдарлары туралы түсіндірілуге тиіс.
  2. Медициналық көмектен бас тарту, оның ықтимал салдарлары көрсетіле отырып, медициналық құжаттарға жазбамен ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.

Пациент не оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, медициналық құжаттамаға бұл туралы тиісті жазбаны медицина қызметкері жүзеге асырады және оған қол қояды.

  1. Кәмелетке толмаған адамның не әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан кезде, медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.

 

94-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету

  1. Азаматтардың келісімінсіз:

1) өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы;

2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегуші;

3) психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші;

4) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші және қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарға қатысты медициналық көмек көрсетуге жол беріледі.

  1. Кәмелетке толмаған адамдарға және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келісімді олардың заңды өкілдері береді. Заңды өкілдері болмаған кезде медициналық көмек көрсету туралы шешімді консилиум қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде – медициналық ұйымның лауазымды адамдарын және заңды өкілдерді кейіннен хабардар ете отырып, шешімді тікелей медицина қызметкері қабылдайды.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін жалғастырылады.

 

95-бап. Дәрігерлік құпия

  1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
  2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.
  3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайдалану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруге жол беріледі.
  4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:

1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;

2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері болған кезде;

3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;

4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;

5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есептеуге негіздер болған кезде жол беріледі.

  1. Пациенттің рұқсатынсыз оның жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты автоматтандырылған деректер базаларына енгізуге және пайдалануға жол берілмейді.

Жеке сипаттағы автоматтандырылған деректер базаларын пациенттердің жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты пайдалану кезінде пациенттердің рұқсатынсыз, оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желілерге қосуға жол берілмейді.

 

 

17-тарау. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау

 

96-бап. Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

  1. Азаматтардың:

1) ұрпақты болуды еркін таңдауға;

2) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде көрсетілетін қызметтерді алуға;

3) өзінің ұрпақты болу денсаулығының жай-күйі туралы дәйекті және толық ақпарат алуға;

4) бедеуліктен емделуге, оның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілген, ұрпақты болудың қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге;

5) жыныстық жасушалар донорлығына;

6) контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;

7) хирургиялық стерилизациялануға;

8) жүктілікті жасанды түрде үзуге;

9) өзінің ұрпақты болу құқықтарын қорғауға;

10) балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз тууының уақытына, туу аралығындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралық жиілікке қатысты шешімді ерікті түрде қабылдауға;

11) жыныстық жасушаларды сақтауға құқығы бар.

  1. Кәмелетке толмаған адамдардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, сондай-ақ имандылық-жыныстық тәрбие алуға құқығы бар.
  2. Азаматтар өздерінің ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.

 

97-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңінде денсаулығын сақтау

  1. Әйелдің жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін, оның ішінде шарананы тірі туудың және өлі туудың халықаралық критерийлерімен айқындалатын мерзімінен бұрын босанғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген әдістерді қолдана отырып, денсаулығын сақтауға және көмек алуға құқығы бар.
  2. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында медициналық, консультациялық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде ұсынылады.
  3. Жүктілік кезеңінде зерттеп-қарау, емдеу және медициналық араласу әйелдің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды кешеуілдету әйелдің және баланың (шарананың) өміріне қауіп төндіретін жағдайларда зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе дәрігерлік комиссия қабылдайды.

 

98-бап. Бедеуліктен емделу

  1. Адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында, жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларда қауіпсіз және тиімді әдістермен, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға уәкілетті орган Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес рұқсат еткен, ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, олардың тиімділігі, қолданудың оңтайлы мерзімдері туралы, ықтимал асқынулар, медициналық және құқықтық салдарлары туралы толық әрі түбегейлі ақпаратты және олардың организмге әсер етуіне қатысты өзге де мәліметтерді міндетті түрде ала отырып, бедеуліктен емделуге құқығы бар.
  2. Тіркелген, некеде тұрған адамдардың ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын өзара келісім бойынша ғана пайдалануға құқығы бар.

Экстракорпоралдық ұрықтандыру жүргізуге арналған нұсқаулықты қараңыз

 

 

99-бап. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары, клондау

  1. Әйелдердің ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларына (жасанды инсеминацияға, жасанды ұрықтандыруға және эмбрионды имплантациялауға) құқығы бар.
  2. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
  3. Жыныспен байланысты аурулардың тұқым қуалау мүмкіндігі жағдайларын қоспағанда, ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалану кезінде болашақ баланың жынысын таңдауға жол берілмейді.
  4. Адамның эмбрионын коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттар үшін алуға болмайды.
  5. Қазақстан Республикасында адамды клондауға – генетикалық жағынан бірдей түрлерді өрбітіп-өсіруге тыйым салынады.

 

100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек

  1. Суррогат ана болу суррогат ана (донорлық эмбрион енгізілгеннен кейін ұрықты көтеріп жеткізетін әйел) мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бала көтеруді және мерзімінен бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала тууды білдіреді.
  2. Медициналық-генетикалық зерттеп-қарау нәтижелерін қоса алғанда, психикалық, соматикалық және ұрпақты болу денсаулығының қанағаттанарлық жай-күйі туралы медициналық қорытынды алған жиырма жастан отыз бес жасқа дейінгі әйелдер суррогат ана бола алады.
  3. Суррогат ананың, ықтимал ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, баланың құқықтары және келісім-шарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнамасымен реттеледі.

 

101-бап. Жыныстық жасушалар донорлығы және оларды сақтау

  1. Он сегіз жастан отыз бес жасқа дейінгі, тәні мен психикасы сау, медициналық-генетикалық зерттеп-қараудан өткен азаматтардың жыныстық жасушалардың донорлары болуға құқығы бар.
  2. Донорлардың өздерінің донорлық жыныстық жасушаларының кейінгі тағдыры туралы ақпаратқа құқығы жоқ.
  3. Донорлықты жүргізудің және жыныстық жасушаларды сақтаудың тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.

 

102-бап. Контрацепцияны пайдалану

  1. Азаматтардың контрацепция, оның ішінде медициналық контрацепция әдістері мен құралдарын таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқығы бар.
  2. Азаматтарға денсаулығының жай-күйін, жасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, контрацепцияның қолайлы әдістері мен құралдарын жеке іріктеу жөніндегі медициналық көмек көрсетіледі.

 

103-бап. Хирургиялық стерилизациялау

  1. Қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде хирургиялық стерилизациялау отыз бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы бар азаматтарға қатысты, ал медициналық айғақтар мен кәмелеттік жастағы азаматтың келісімі болған жағдайда – жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкін.
  2. Хирургиялық стерилизациялауды денсаулық сақтау ұйымдары, жекеше медициналық практикамен айналысатын, осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғалар осы операцияның біржола жасалатыны туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, азаматтың жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді.
  3. Хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.

 

104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу

  1. Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге құқығы бар.

Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.

  1. Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша – жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананың өміріне қатер төндіретін медициналық айғақтар болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйінің өмірмен сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар болған кезде) – жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады.
  2. Кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
  3. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке іріктеуді қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.
  4. Жүктілікті жасанды түрде үзудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.

 

 

18-тарау. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету

  1. Туберкулезбен ауыратын науқастар міндетті түрде медициналық байқауда болуға және емделуге жатады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
  2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс.

 

106-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танудың тәртібі

  1. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері ескеріле отырып, денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
  2. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
  3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешіміне жоғары тұрған органға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.

 

107-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негізі мен тәртібі

  1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптомдық емдеуді қамтиды.
  2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрігер тағайындаған емделуден медициналық құжаттамада тіркелген бас тартуы негіз болып табылады.
  3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) ұсынысы бойынша сот қабылдайды.

2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінен босатылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін түзеу мекемесінің әкімшілігі материалдарды босатылғанға дейін бір ай бұрын сотқа жібереді.

2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды олар келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде сот мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қарайды.
  2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.

 

108-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастардың құқықтары

  1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда болу режимін сақтау қажеттігіне байланысты шектеулермен пайдаланады.
  2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқпайды.
  3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастың жұмыс орны сақталады.
  4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында еңбек стажы үзілмейді және ол жалпы еңбек стажына есептеледі.
  5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде тұратын, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастардың емдеуде болуының бүкіл уақыты ішінде тұрғын үйі сақталады.

 

109-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау

  1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу олардан туберкулездің микробактериялары бөлініп шығуы тоқтатылғанға дейін жалғастырылады, содан соң олар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық жағдайда емдеуді жалғастыру үшін шығарылуға жатады.

Емдеуге қойылған талаптар сақталған жағдайда, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас консилиумның қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұйымға ауыстырылады және онда қарапайым стационарлық жағдайда емделуді жалғастырады.

 

110-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі медициналық байқау және емдеу

Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен туберкулездің жұқпалы түрімен аурудың қайталануын болғызбайтын ем алып тұруға міндетті.

 

111-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын  адамдарға әлеуметтік көмек

Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке орналасуына және тұрмыстық жайласуына көмек көрсетеді.

 

 

19-тарау. Аитв инфекциясын жұқтырғандарға және житс-пен ауыратын

науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

112-бап. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері

Мемлекет АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға:

1) тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қараудың қолжетімділігі мен сапасына, динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруге;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;

3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;

4) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуіне;

5) АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.

 

113-бап. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау

  1. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын балалардың мектепте және басқа оқу орындарында оқуы қамтамасыз етіледі.
  2. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды жұмыстан шығаруға, жұмысқа, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне және оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың туыстары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына нұқсан келтіруге жол берілмейді.
  3. АИТВ жұқтыру немесе ЖИТС ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.

 

114-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы

АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:

1) халықтың түрлі топтарына арналған нысаналы профилактикалық және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемия жағдайы туралы және профилактика шаралары туралы хабардар ету;

3) халықтың түрлі топтары үшін ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату;

4) АИТВ инфекциясының жыныстық қатынас және қан арқылы жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;

5) сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар беру пункттерін құру;

6) тері қабаттары бүтіндігінің бұзылуына байланысты халыққа қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

 

115-бап. АИТВ-ға зерттеліп-қаралу

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралуға және АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша консультациялар алуға құқығы бар.
  2. АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеліп-қаралуға:

1) қанның, оның компоненттерінің, тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөліктерінің), жыныстық жасушалардың донорлары мен реципиенттері;

2) өздеріне қатысты денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу және сот органдарының сұрау салуы негізінде АИТВ жұқтырғаны ықтимал деуге жеткілікті негіздер бар адамдар;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдар жатады.

  1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар АИТВ-ның болуына зерттеліп-қаралудан жалтарған жағдайда Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығарып жіберіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілді және консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен өзге де адамдары АИТВ-ның болуына зерттеліп-қаралудан тек өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды зерттеп-қарау қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі.

  1. Кәмелетке толмаған адамдар мен әрекетке қабілетсіз адамдарды куәландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі.
  2. Медициналық зерттеп-қарау кезінде АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісін анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттеліп-қаралатын адамға алынған нәтиже туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарғаны және басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді.

 

 

20-тарау. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші

адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

116-бап. Психиатриялық көмек алуға жүгінудің еріктілігі

  1. Психиатриялық көмек психиканың бұзылуының (ауруының) профилактикасын, азаматтардың психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды, психикасының бұзылуының диагностикасын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды емдеуді, оларға күтім жасауды және медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтиды.
  2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық көмек адам ерікті түрде өтініш жасаған кезде оның жазбаша келісімімен көрсетіледі.
  3. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға психиатриялық көмек осы Кодексте көзделген тәртіппен олардың заңды өкілдерінің келісімімен көрсетіледі.

 

117-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу

  1. Азамат психикасының бұзылуы (ауруы) салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландыру құқығымен кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы және (немесе) аккредиттеу туралы куәлігі бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.

Азамат аталған комиссияның шешіммен келіспеген жағдайда, ол жөнінде сотқа шағымдана алады.

  1. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол бес жылда кемінде бір рет жинақталған тәжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, қайта қаралады.

 

118-бап. Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

  1. Азамат өзіне психиатриялық көмек көрсетілген кезде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз таңдауымен өкілді шақыруға құқылы. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
  2. Кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамның психиатриялық көмек көрсетілген кездегі заңды мүдделерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.
  3. Азаматқа психиатриялық көмек көрсетілген кезде оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асырады. Психиатриялық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі осы Кодекстің 97-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 123-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокат шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу

  1. Психиатр-дәрігер психиатриялық көмек көрсетеді.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Психиканың бұзылуы (ауруы) диагнозын клиникалық көріністерге, зертханалық деректерге, объективті мәліметтерге сәйкес психиатр-дәрігер қояды. Мәжбүрлі тәртіппен ауруханаға жатқызылған адамға диагнозды психиатр дәрігерлер комиссиясы қояды. Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және діни құндылықтармен келіспеуіне не оның психикалық денсаулық жағдайына тікелей байланысы жоқ өзге де себептерге негіздеуге болмайды.
  2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға диагноз қою және оны емдеу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен рұқсат етілген медициналық құралдар мен әдістер қолданылады.
  3. Медициналық құралдар мен әдістер ауруды ауытқулардың сипатына қарай диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады және оларды адамды жазалау түрінде пайдалануға тыйым салынады.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Дәрiгер психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамға, егер ол жазылған ақпараттың мәнісін дұрыс қабылдай алатын болса, немесе оның заңды өкіліне психиканың бұзылуының (ауруының) сипаты, емдеу мақсаттары мен әдiстерi туралы жазбаша ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын емдеудiң ұзақтығы, ықтимал ауруды сезiну, жанама әсерлер туралы және күтiлетiн нәтижелер туралы деректердi психиатриялық куәландыру жүргізілген кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде бередi. Медициналық құжаттамада берiлген ақпарат туралы жазба жасалады. Қалған жағдайларда бұл ақпарат осы Кодекстің 95-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылуы мүмкін.
  2. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды емдеу оның немесе оның заңды өкілдерінің келісімі алынғаннан кейін жүргізіледі.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде ғана, сондай-ақ осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша ауруханаға мәжбүрлеп жатқызған кезде жүргізілуі мүмкін. Ауруханаға шұғыл жатқызылған реттерді қоспағанда, мұндай жағдайларда емдеу психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Адамды оның келісімінсіз ауруханаға жатқызу кезінде оны психиатриялық ұйымға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде психиатр дәрігерлер комиссиясының емдеу тәртібі туралы шешімді қабылдау қамтамасыз етілуге тиіс.
  2. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің ұсынылып отырған емдеуден бас тартуға немесе оны тоқтатуға құқығы бар.
  3. Емделуден бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне емдеуді тоқтатудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Емделуден бас тарту оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-дәрігердің қолы қойылып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді.

 

120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың құқықтары

  1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген, азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына ие болады.

Психикасының бұзылуына (ауруына) байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

  1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың бәрі өздеріне психиатриялық көмек көрсетілген кезде:

1) психиатриялық көмекті тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүрген жері бойынша алуға;

2) емдеудің кез келген сатысында медициналық құралдар мен әдістерді пайдаланудан, ғылыми зерттеулерден немесе оқу процесінен, суретке түсіруден, бейне жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға;

3) осы Кодекспен реттелетін мәселелер бойынша дәрігерлік комиссияда жұмыс істеу үшін психиатриялық көмек көрсетуге қатысатын маманды (оның келісімімен) тартуға;

4) егер пациент он сегіз жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;

5) хат-хабар алысуға, посылкалар, бандерольдер, ақша, почта аударымдарын алуға және жіберуге, телефонды пайдалануға, келушілерді қабылдауға, мерзімді баспа басылымдарына жазылуға;

6) ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға құқылы.

  1. Жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекемелерде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құқықтардан басқа:

1) қосымша тамақ сатып алуға;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс медициналық қызметтер алуға;

3) жеңіл керек-жарақтар, киімдер, аяқ киімдер сатып алуға;

4) қалааралық телефон байланысын пайдалануға;

5) қолма-қол ақшаны бақылау шотын пайдалануға құқығы бар.

Аталған құқықтарды іске асыру осы құқықтар берілетін адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

121-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

  1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегетін, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қолданылады.
  2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің психиатриялық ұйымдарында:

1) амбулаториялық мәжбүрлі байқау және психиатрдың емдеуі;

2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

4) жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады.

  1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін психиатриялық стационарға орналастырылған адамдар психиатриялық стационарда болған бүкіл кезеңінде еңбекке жарамсыз деп танылады.
  2. Жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақша, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің (бұдан әрі – мекеме) қолма-қол ақшасын бақылау шотына мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін аударылады.
  3. Ақшаны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
  4. Мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотының қаражатын пайдалану жөніндегі есеп пен есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

122-бап. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық көмек көрсету және әлеуметтік қорғау

  1. Мемлекет:

1) шұғыл және жоспарлы психиатриялық көмекке;

2) психиатриялық сараптамаға, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындауға;

3) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға, оның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес – мүгедектерге әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетуге және еңбекке орналасуына жәрдемдесуге кепілдік береді.

  1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға психиатриялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін және оларды әлеуметтік қорғау мақсатында мемлекет:

1) психиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

2) психикасының бұзылуынан зардап шегуші кәмелетке толмағандарға, оның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес – мүгедектерге жалпы білім беретін және кәсіптік оқытуды ұйымдастырады;

3) өндірістік-емдеу ұйымдарын, сондай-ақ еңбек терапиясына, мүгедектерді қоса алғанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды осы ұйымдарда еңбекке орналастыру үшін жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер құрады.

 

123-бап. Психиатриялық куәландыру

  1. Психиатриялық куәландыру зерттеп-қаралатын адамның психикасының бұзылуын (ауруын) анықтау, психиатриялық көмек көрсету қажеттігін және оның түрлерін айқындау мақсатында, сондай-ақ қорғаншылық, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындау туралы мәселені шешу үшін жүргізіледі.
  2. Психиатриялық куәландыру, сондай-ақ профилактикалық тексеріп-қарау, зерттеп-қаралатын адамның өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен немесе оның заңды өкілдерінің куәландыру себептері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша; кәмелетке толмаған адамға немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға қатысты – олардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен жүргізіледі.

Зерттеп-қаралатын адамды психиатриялық куәландырудың деректері мен оның психикалық денсаулық жағдайы туралы қорытынды медициналық құжаттамада тіркеледі, онда психиатр-дәрігерге көріну себептері мен медициналық ұсынымдар да көрсетіледі.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Тексерілетін адамның немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.
  2. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық куәландыру жүргізетін дәрігер зерттеп-қаралатын адамға және оның заңды өкіліне өзін психиатр ретінде таныстыруға міндетті.
  3. Зерттеп-қаралатын адам психикасының бұзылуы (ауруы) асқынған деп жорамалдауға негіз болатын іс-әрекеттер жасаған кезде, оған өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін, мұның өзі:

1) оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіруіне;

2) оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік қажеттерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;

3) егер адамға психиатриялық көмек көрсетілмей қалдырылатын болса, психикалық жай-күйінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келуіне байланысты туындайды.

  1. Егер зерттеп-қаралатын адам осы Кодекстің 124-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен динамикалық байқауда тұрса, оған оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.
  2. Әртүрлі психиатриялық сараптамалар мен адамды психиатриялық куәландыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялық куәландыру туралы шешімді психиатр дәрігерлер комиссиясы адамның заңды өкілін хабардар ете отырып, қабылдайды.
  2. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды өзінің келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешімді мұндай куәландыру үшін осы баптың 5-тармағында санамаланған негіздердің бар-жоғы туралы мәліметтер қамтылған өтініш бойынша психиатр-дәрігер қабылдайды.
  3. 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
  4. 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Психиатриялық куәландыру туралы өтiнiш жазбаша түрде болуға, онда мұндай куәландырудың қажеттiгiн негiздейтiн толық мәлiметтер және ол адамның (не оның заңды өкiлiнiң) психиатр дәрiгерге көрiнуден бас тартатыны туралы деректер қамтылуға тиiс. Психиатр дәрiгер шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәлiметтер сұратуға құқылы. Психиатр дәрiгер өтiнiште осы баптың 5-тармағында көзделген мән-жайлардың жоқ екенiн анықтап, психиатриялық куәландырудан жазбаша түрде дәлелдi себеппен бас тартады.

 

124-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарды динамикалық байқау

  1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қарамастан динамикалық байқау белгіленуі мүмкін және ол психиатр-дәрігердің тұрақты тексеріп-қарауы арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.
  2. Динамикалық байқау психикасының бұзылуы тұрақты немесе созылмалы болып, ауыр, өзгермейтін сипат алған, асқынған ауру белгілері жиі болатын адамға белгіленуі мүмкін.
  3. Динамикалық байқауды белгілеу қажеттігі және оны тоқтату туралы мәселені шешуді амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін психиатриялық ұйымның әкімшілігі тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комиссияда кемінде үш дәрігер болады.
  4. Психиатр-дәрігерлер комиссиясының дәлелді шешімі медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді. Динамикалық байқауды белгілеу немесе оны тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
  5. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған кезде бұрын белгіленген динамикалық байқау тоқтатылады. Динамикалық байқау тоқтатылғаннан кейін сол адамның өтініші бойынша немесе келісімімен не оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе келісімімен психиатриялық көмек консультация және емдеу түрінде көрсетіледі. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Кодекстің 123-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз куәландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр- дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша психикасы бұзылған (ауырған) науқастарға динамикалық байқау қайта жалғастырылуы мүмкін.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

  1. Динамикалық байқауды тоқтату туралы мәселені қарау психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның өзінің бастамасы бойынша, сондай-ақ оның заңды өкілінің бастамасы бойынша осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.

 

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 125-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

125-бап. Психиатриялық стационарға жатқызу

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Адамның психикасының бұзылуы (ауруы) және психиатр-дәрігердің оған зерттеп-қарау жүргізу немесе оны стационар жағдайында емдеу қажеттігі туралы шешімі оны психиатриялық стационарға жатқызу үшін негіз болып табылады.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 1-тармақпен толықтырылды

1-1. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға сот шешімінің негізінде жол беріледі.

Сот шешім шығарғанға дейін адамды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға тек қана осы Кодекстің 94-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында жол беріледі.

Сот шешімінсіз ауруханаға мәжбүрлеп жатқызудың әрбір жағдайында психиатриялық ұйымның әкімшілігі адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.

Жұбайы-зайыбы, жақын туыстары және (немесе) заңды өкілдері туралы мәліметтер болған кезде психиатриялық ұйымның әкімшілігі адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде оларды хабардар етеді.

  1. Психиатриялық стационарға жатқызу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-психиатриялық сараптама жүргізу қажеттігімен байланысты болуы мүмкін.
  2. Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды психиатриялық стационарға жатқызу оның өтініші бойынша немесе оның жазбаша келісімімен ерікті түрде жүзеге асырылады.
  3. Кәмелетке толмаған адам психиатриялық стационарға ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің жазбаша келісімімен жатқызылады.
  4. 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Заңды өкілі қарсы болған немесе заңды өкілі болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды психиатриялық стационарға жатқызу қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады, ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарланып, ол туралы сотқа шағым жасалуы мүмкін.
  2. Адамды ауруханаға жатқызуға алынған келісім медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді, оған сол адам немесе оның заңды өкілі және психиатр-дәрігер қол қояды.
  3. Адамның психиатриялық стационарда мәжбүрлеп ұсталуы оны ауруханаға жатқызу жөніндегі негіздер сақталатын уақыт ішінде ғана жалғастырылады.
  4. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызылған адам алғашқы алты ай ішінде оның ауруханада жату мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының кемінде айына бір рет куәландыруына жатады. Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр-дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
  5. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылған адамды кезектен тыс куәландыру пациенттің өзінің немесе оның заңды өкілінің, адвокаттың қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін.

Осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша психиатриялық стационарға жатқызылған адам ауруханаға жатқызылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде ауруханаға жатқызудың негізділігі туралы шешім қабылдаған психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының міндетті түрде куәландыруына жатады. Ауруханаға жатқызу негізсіз деп танылып, жатқызылған адам психиатриялық стационарда қалғысы келмеген жағдайларда, ол дереу шығарылуға тиіс.

  1. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызуға келіспеген жағдайда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам немесе оның заңды өкілі сотқа жүгінуге құқылы.

 

126-бап. Заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе олардың келісімімен психиатриялық  стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды куәландыру

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адам немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам осы Кодекстің 123-бабында көзделген тәртіппен психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының міндетті түрде куәландыруына жатады.
  2. Кәмелетке толмаған адам немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам ауруханада жату мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін алғашқы алты ай ішінде кемінде айына бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясының куәландыруына жатады. Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту туралы шешім Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр-дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша шығарылады.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе психиатриялық стационардың әкімшілігі кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамның заңды өкілдері оларды ауруханаға жатқызу кезінде қиянат жасауға жол берілгенін анықтаған жағдайда психиатриялық стационардың әкімшілігі көрсетілген мән-жайлар анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы прокурорға және қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды.

 

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 127-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

127-бап. Психиатриялық көмек көрсету кезінде  қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

  1. Стационарлық психиатриялық көмекті, ауруханаға жатқызылған адам мен басқа да адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін неғұрлым аз шектеулі жағдайларда, медицина персоналы оның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жүзеге асырады.
  2. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылып, психиатриялық стационарда болған кезінде ауруханаға жатқызылған адамға күш қолданып, қысым жасау және оны оқшаулау шаралары, психиатр-дәрігердің пікірінше, оның өзіне немесе басқа адамдарға тікелей қауіп төндіретін іс-әрекетін өзге әдістермен тыю мүмкін болмаған кезде қолданылады және ол медицина персоналының тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады. Күш қолданып, қысым жасау немесе оқшаулау шараларының түрлері мен қолданылу уақыты туралы медициналық құжаттамада жазба жасалып, оның заңды өкіліне хабарланады.
  3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері медицина қызметкерлеріне мәжбүрлеп куәландыруды, мәжбүрлеп ауруханаға жатқызуды жүзеге асырған кезде жәрдемдесуге, ауруханаға жатқызылатын адамды тексеріп-қарау мақсатында оның қасына бару үшін, сондай-ақ ауруханаға жатқызылған адам (ауруханаға жатқызылуға тиіс адам) тарапынан айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайларда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

 

128-бап. Психиатриялық стационардан шығару

  1. Психиатриялық стационардан шығару пациент сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі стационарда одан әрі емдеуді қажет етпейтіндей жақсарғаннан кейін, сондай-ақ стационарға орналастыру үшін негіз болған зерттеп-қарау немесе сараптама аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
  2. Психиатриялық стационарда өз еркімен жатқан пациент одан өзінің жеке өтініші, оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе оны емдеуші дәрігердің шешімі бойынша шығарылады.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызылған пациентті одан шығару психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы, сот шешімі не прокурордың қаулысы бойынша бойынша жүргізіледі.
  2. Соттың ұйғарымы бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттің шығарылуы сот ұйғарымы бойынша ғана жүзеге асырылады.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Психиатриялық стационарға өз еркімен орналастырылған пациентті, егер психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясы оны осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделгендей ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу негіздерін анықтайтын болса, одан шығарудан бас тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның психиатриялық стационарда болуы, ауруханада жату мерзімін ұзарту және стационардан шығарылуы туралы мәселелер 125-баптың 8-10-тармақтарында және осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен шешіледі.

 

129-бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға орналастыру үшін негіздер

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  1. Кәмелетке толмаған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру үшiн – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы; сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адам үшін психиатр дәрiгердiң қатысуымен дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде қабылданған қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi негiз болып табылады.

Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi, бірақ әрекетке қабілетсіз деп танылмаған, кәмелетке толған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Қорытындыда адамның оны әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған мамандандырылмаған ұйымда болу мүмкiндiгiнен айыратындай болып психикасының бұзылғаны (ауруы) туралы, ал адамның әрекетке қабiлеттiлiгiне қатысты – сот алдында оны әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы мәселе қоюға негiздiң жоқтығы туралы мәлiметтер де куәландырылуға тиiс.

  1. Қорғаншы және қамқоршы органдар психоневрологиялық ұйымға орналастырылатын адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін шаралар қолдануға міндетті.
  2. Кәмелетке толмаған адамды арнайы оқыту мақсатымен психоневрологиялық ұйымға жіберу үшін адамның психикасының бұзылуы (ауруы) негіз болып табылады. Ол ата-анасының не оның заңды өкілінің өтініші және республикалық, облыстық немесе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындысының негізінде жіберіледі. Қорытындыда кәмелетке толмаған адамды интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп жағдайында оқыту қажеттігі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
  3. Психиатр-дәрігер, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қатысқан дәрігерлік комиссияның мамандандырылған психоневрологиялық ұйымда тұруға не оқуға медициналық айғақтардың жоқтығы туралы қорытындысы психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен жалпы үлгідегі осындай ұйымға ауыстыру үшін негіз болып табылады.
  4. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен шығару:

1) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның жеке өтініші бойынша, психиатр-дәрігер қатысқан дәрігерлік комиссияның денсаулық жағдайы бойынша бұл адамның жеке тұра алатыны туралы қорытындысы болған кезде;

2) шығарылатын кәмелетке толмаған адамға не сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға күтім-жасауды жүзеге асыруға міндеттенетін ата-анасының, өзге де туыстарының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізіледі.

 

 

21-тарау. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға

медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

130-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

  1. Мемлекет алкоголизмнің, нашақорлықтың және уытқұмарлықтың алдын алу және оларды емдеу жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз етеді.
  2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыс жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға қатысты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерікті түрде емделуден жалтарған адамдарға сот шешімі бойынша қолданылады.

 

131-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын және медициналық-әлеуметтік оңалтуға мұқтаж  адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш жасауы

  1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдар наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға медициналық көмек сұрап өтініш жасаған жағдайда, оларды медициналық-әлеуметтік оңалту ерікті түрде жүргізіледі және пациенттің қалауы бойынша – жасырын түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
  2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын кәмелетке толмаған адамды, сондай-ақ нашақорлықпен ауыратын, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды медициналық-әлеуметтік оңалту олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.

 

132-бап. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану тәртібі

  1. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тануды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті медициналық куәландырудан кейін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
  2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адам мұнымен келіспеген жағдайда, оның мұндай шешімге жоғары тұрған денсаулық сақтауды басқару органына және (немесе) сотқа шағым жасауына болады.

 

133-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары

  1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың:

1) білікті медициналық көмек алуға;

2) наркологиялық ұйымды таңдауға;

3) өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтудың қолданылатын әдістері туралы ақпарат алуға;

4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда – жүрген жері бойынша өткізуге құқығы бар.

  1. Нашақорлықпен ауыратын науқастың немесе оның заңды өкілінің ұсынылатын медициналық-әлеуметтік оңалтудың кез келген сатысында одан бас тартуға құқығы бар.
  2. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-нарколог дәрігердің қолы қойылады.
  3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда динамикалық байқауда тұру фактісі негізінде ғана шектеуге жол берілмейді.

 

134-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды есепке  алу және байқау

Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдар тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепке тұруға және байқауға алынуға жатады және оларда уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен демеп емдеуден өтеді.

 

 

22-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету

 

 

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 135-бап өзгертілді

135-бап. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелері мен осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету

  1. Әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелері мен осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдастырылады.
  2. Қызметін өткеріп жатқан жерде немесе тұрғылықты жерінде олар болмаған жағдайда немесе ведомстволық медициналық ұйымдарда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдықтар болмаған жағдайда, медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарда көрсетіледі.

 

136-бап. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтарға медициналық көмек көрсету

  1. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтар медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алады.
  2. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтардан қан мен тіндерді алу, оларды сақтау және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

137-бап. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға медициналық көмек  көрсету

  1. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген адамдар санаты жатады.
  2. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес медициналық көмек алады.

 

138-бап. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету

Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен көрсетіледі.

 

 

23-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қатынастарды реттеу

 

139-бап. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану тәртібі

  1. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану науқастардың жазбаша келісімімен қолданылады.

Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарға және кәмелетке толмаған адамдарға хирургиялық араласу, қан мен оның компоненттерін құю, диагностиканың инвазиялық әдістері олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен жасалады.

  1. Медицина қызметкерлері өмірді сақтау айғақтары бойынша хирургиялық араласуға кірісіп кеткен және оны тоқтату пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне байланысты мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, келісім кері қайтарып алынуы мүмкін.
  2. Хирургиялық араласуды, қан мен оның компоненттерін құюды, диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдануды кідірту науқастың өміріне қауіп төндіретін, ал науқастың немесе оның заңды өкілдерінің келісімін алу мүмкін болмаған жағдайларда, дәрігер немесе консилиум науқасты немесе оның заңды өкілдерін қолданылған шаралар туралы кейіннен хабардар ете отырып, шешім қабылдайды.

 

140-бап. Биологиялық өлімді анықтау. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шараларды тоқтату жағдайлары

  1. Биологиялық өлім өмірлік маңызды функциялар біржола тынатын, организм тіршілігінің тоқтауын білдіреді.
  2. Биологиялық өлімді медицина қызметкері мынадай белгілердің жиынтығы негізінде растайды:

1) жүрек қызметінің тоқтауы;

2) тыныс алудың тоқтауы;

3) орталық жүйке жүйесі жұмысының тоқтауы.

  1. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шаралар тек қана:

1) биологиялық өлім расталған;

2) консилиум бас миының біржола семуін тіркеген кезде, жақын туыстарының және (немесе) заңды өкілдерінің бірауызды жазбаша келісімі болған кезде тоқтатылуы мүмкін.

 

141-бап. Эвтаназия

Эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

142-бап. Анатомиялық сый

  1. Анатомиялық сый – әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, оны тиісінше ресімдеген шарты немесе өсиеті арқылы адам жүзеге асырады.
  2. Анатомиялық сый туралы деректер жария етуге жатпайды.
  3. Өсиет етілген тіндерден және (немесе) ағзалардан (ағзалардың бөліктерінен) басқа, табылған күннен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады.
  4. Анатомиялық сый биологиялық-медициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.
  5. Анатомиялық сыйды жасаудың және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

 

6-Бөлім. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет және қоғамдық денсаулықты сақтау

 

24-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет

 

143-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай жүйесіне:

1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар кіреді.

 

144-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау

  1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы болып табылады және ол:

1) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының негіздемесі бойынша бірыңғай талаптарды әзірлеуді және олардың әзірленуін бақылауды;

2) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын әзірлеуді (қайта әзірлеуді), сараптауды, бекіту мен жариялауды;

3) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын зерделеуді, қолданылу практикасын қорытуды, олардың қолданылуын бақылауды;

4) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының бірыңғай деректер банкін қалыптастыру мен жүргізуді;

5) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын жалпыға бірдей қабылданған халықаралық талаптармен үйлесімді етуді қамтиды.

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқамалар, әдістемелер, бұйрықтар, техникалық регламенттер, қағидалар мен стандарттар болып табылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен бекітудің тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
  2. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (оның ішінде мекендеу факторларының, кәсіпкерлік және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігінің және (немесе) зиянсыздығының критерийлерін) белгілейтін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер санитариялық қағидалар болып табылады, оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді.
  3. Гигиеналық норматив – зерттеулерде белгіленген, мекендеу ортасының белгілі бір факторын сипаттайтын көрсеткіштің адам үшін оның қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан алғанда, жол берілетін ең жоғарғы немесе ең төменгі сандық және (немесе) сапалық мәні.
  4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  5. Мемлекеттік органдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту кезінде оларды уәкілетті органмен келісуге міндетті.

 

145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер:

1) өндірістік, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп-ұстау мен пайдалануға;

2) құрылыс салуға жер учаскесін таңдауға;

3) объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге әрі күтіп-ұстауға;

4) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге;

5) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндіру технологияларына;

6) тамақ өнімдері мен тағамдық азық-түлікке, оларды өндірудің, өлшеп-ораудың, тасымалдаудың, сақтаудың, өткізудің, кәдеге жаратудың және жоюдың шарттарына;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өнімдерге, онда генетикалық түрлендірілген объектілердің және қауіпті химиялық заттардың, оның ішінде жойылуы қиын органикалық ластауыштардың болуына бақылауды ұйымдастыруға және оның жүйесіне;

8) халықтың арнаулы, емдеу-профилактикалық, балалар тамағын, диеталық және қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;

9) химиялық заттарды, уларды, биологиялық заттар мен материалдарды қолдануға;

10) су көздеріне (шаруашылық-ауыз су үшін су жинау орындарына), шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға әрі мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне;

11) қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық ауаға, өндірістік, тұрғын үй мен басқа да үй-жайлардың ауасына, микроклиматына;

12) топыраққа және оның қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің, өнеркәсіп, құрылыс алаңдарының аумақтарын күтіп-ұстауға;

13) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;

14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, арнайы және емдеу-профилактикалық тамақтану жағдайларына;

15) биологиялық және химиялық заттармен, улармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және олардың токсиндерімен жұмыс істеу жағдайларына;

16) адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына;

17) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту, олардың өмір сүруі және өндірістік практика жағдайларына;

18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;

19) радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

20) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға, шикізаттың жаңа түрлеріне, технологиялық жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену көздеріне, ыдысқа, химиялық, биологиялық және дәрілік заттарға, буып-түйетін және полимерлік материалдарға, парфюмерлік-косметикалық, полиграфиялық өнім мен кең тұтынылатын басқа да тауарларға әзірленетін нормативтік-техникалық құжаттамаға (стандарттарға, ұйымдардың стандарттарына, нормативтік құжаттарға, рецептерге);

21) дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау құралдарын, жабдықтарын, материалдарын әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді, қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін күтіп-ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

22) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргізу шарттарына;

23) дәрілік заттардың өнеркәсіптік өндірісінің жағдайларына;

24) тағамдық ас тұзын йодтауға және тамақ өнімдерін байытуға (фортификациялауға);

25) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды қолдану мен пайдалануға және олардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануын айқындауға;

26) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу жөніндегі, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық егуді жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;

27) шикізатты сақтау мен қайта өңдеуге;

28) объектілерді сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге;

29) жүктерді, улы заттарды тасымалдау мен сақтау шарттарына;

30) жолаушыларды тасымалдау шарттарына;

31) объектілерді жоюға, консервациялауға, қайта бейіндеуге;

32) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

33) тағамға биологиялық активті қоспаларды қолдануға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

 

146-бап. Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу

  1. Тамақ өнімі және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлері, оған қоса:

1) алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) балалар тамағы өнімдері, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспалар, генетикалық түрлендірілген объектілер, бояғыштар, дезинфекциялау, дизенсекциялау және дератизациялау құралдары, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдар;

2) Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын), өндіріске алғаш рет енгізілетін және бұрын пайдаланылмаған заттар және олардың негізінде дайындалған, халық үшін ықтимал қауіп төндіретін материалдар мен препараттар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жатады.

  1. Тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу:

1) заттар мен жекелеген өнім түрлерінің халық пен мекендеу ортасы үшін қауіптілігін сараптамалық бағалау;

2) заттар құрамының, өнімдердің жекелеген компоненттерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін белгілеу;

3) арнаулы шараларды, оның ішінде заттар мен жекелеген өнім түрлерін кәдеге жарату мен жою жағдайларын, олардың халық пен мекендеу ортасына зиянды әсерінің алдын алу жөніндегі арнаулы шараларды әзірлеу негізінде жүргізіледі.

  1. Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизацияау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
  2. Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу кезінде оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және ғылыми негіздеме жүргізумен байланысты шығыстарды өтінім берушілер көтереді.
  3. Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің тізілімі мерзімді баспа басылымдарында жариялануға жатады.

 

147-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық мони торинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйіне, оларды талдауға, бағалау мен болжауға, сондай-ақ халықтың денсаулығының жай-күйі мен мекендеу ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындауға байқау жүргізудің мемлекеттік жүйесі болып табылады.
  2. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.

 

148-бап. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, халықтың улануының алдын алу

  1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының және таралуының, халықтың улануының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу, өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық егуді, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
  2. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар аумақтарды дамытудың әзірленіп жатқан бағдарламаларына және өзге де өңірлік бағдарламаларға енгізілуге жатады.
  3. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауырады деп күдік туғызатын адамдар, бактерия таратушылар оқшаулануға және емделуге, ал олармен қарым-қатынаста болған адамдар – медициналық байқауға алынуға және қажет болған кезде оқшаулануға және емделуге жатады.
  4. Айналасындағылар үшін қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттетілуге жатады.

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 149-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

149-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитариялық қорғау

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, халық денсаулығына қауіп төндіретін жүктерге санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік пункттер ұйымдастырылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (санитариялық-карантиндік пункттерде) санитариялық-карантиндік қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүргізеді.

  1. Әкелінуіне тыйым салынған қауіпті жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-карантиндік қадағалау жүргізген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупін төндіреді деп белгіленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берілмейді.

 

150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің шарттары

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда, осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде кәсіпкерліктің және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен карантин енгізеді.
  2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру бойынша оралымды басшылық жасау төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға және төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссияларға жүктеледі.
  3. Жекелеген объектілерде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектілерде – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).
  4. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

151-бап. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу және тексеру

  1. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланудың барлық оқиғалары, олардың анықталған жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тіркеуге алуына, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының мемлекеттік есепке алуына және есептілікті жүргізуіне жатады. Көрсетілген аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу, есепке алу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
  2. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен халықтың улану оқиғалары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының тексеру жүргізуіне жатады.

 

152-бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар

  1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында дара кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар эпидемиологиялық айғақтар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға (дезинфекция), жәндіктерді, басқа да буын аяқтыларды жоюға (дезинсекция) және кеміргіштерді қыруға (дератизация) бағытталған шаралар кешенін өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
  2. Төтенше эпидемия жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен кезектен тыс міндетті дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
  3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.

 

 

25-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау

 

153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері

  1. Аурулар профилактикасының мақсаты аурулардың пайда болуының немесе өршуінің, сондай-ақ олардың зардаптары мен асқынуының алдын алу болып табылады.
  2. Аурулар профилактикасы бастапқы, қайталама және жалғаспалы болып бөлінеді.

Аурулардың бастапқы профилактикасы (жаппай және жеке) аурулардың пайда болуының алдын алу мақсатында тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Аурулардың қайталама профилактикасы аурулардың ерте сатыларында өршуінің және олардың зардаптарының алдын алуға бағытталған.

Аурулардың жалғаспалы профилактикасы өршіп кеткен асқынуды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған.

 

154-бап. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

  1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмір салтымен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жолымен салауатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың профилактикасын қамтиды.
  2. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті органның үйлестіруімен және әдістемелік басшылығымен басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен қамтамасыз етеді.

 

155-бап. Медициналық тексеріп-қарау

  1. Медициналық тексеріп-қараудың негізгі мақсаты денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде кәсіптік аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлерінің, қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету болып табылады.
  2. Медициналық тексеріп-қарау міндетті және профилактикалық болуы мүмкін.
  3. Міндетті медициналық тексеріп-қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді.

Алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қарау кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі.

Мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарау жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайын динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды тараптау мақсатында жүргізіледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
  2. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарауға жататын қызметкерлердің осындай тексеріп-қараудан уақтылы өтуін қамтамасыз етеді.
  3. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жаппай және іріктелген болып бөлінеді.

Жаппай профилактикалық медициналық тексеріп-қарау ауруларды ерте сатыларында анықтау және аурулардың өршуінің, аурулардың пайда болуына әсер ететін қатер факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында халықтың нысаналы топтарына жаппай әдіспен жүргізіледі.

Іріктеп медициналық тексеріп-қарау белгілі бір аурудан зардап шегетін немесе қатер тобына жататын азаматтарды динамикалық байқау, олардың ауруларын емдеу және денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

  1. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарауға жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті орган олардың тиімділігі, қауіпсіздігі және экономикалық тұрғыдан орындылығы туралы дәлелденген ғылыми деректер негізінде белгілейді.
  2. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес осындай тексеріп-қарауға жататын адамдардың профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуі үшін жағдай жасайды.
  3. Өндірістік және шаруашылық қызмет саласында жұмыспен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Жеке медициналық кітапшаларды берудің, есепке алу мен жүргізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
  2. Міндетті және профилактикалық медициналық тексеріп-қараудың уақтылы өткізілуі мен оны уақтылы өтуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында, медициналық қызметтер көрсету саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және еңбек жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік еңбек инспекторлары бақылайды.

 

156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу

  1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егілуге міндетті.
  2. Профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, тәртібін, оларды жүргізу мерзімдерін және жоспарлы түрде егілуге жататын халықтың топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.
  2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары сатып алатын профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау уәкілетті органның қоймаларында жүзеге асырылады.

 

157-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы

  1. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың профилактикасы:

1) мынадай:

салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау;

бұқаралық ақпарат құралдары, аурулар профилактикасы мәселелері бойынша оқыту бағдарламалары арқылы халықты хабардар ету;

созылмалы инфекциялық емес аурулардан зардап шегетін адамдарды өзіне-өзі көмек көрсетудің қажетті әдістеріне үйрету жөніндегі денсаулық мектептерін ұйымдастыру жолымен аурулар қатерінің мінез-құлық факторларының профилактикасын және халықтың медициналық сауаттылығын арттыруды;

2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының бекітілген тұрғындардың аурулар қатері факторларына, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мамандарының – жұмыс істейтіндердің кәсіптік ауруларына жүргізетін мониторингін;

3) мемлекеттік органдардың өз өкілеттігі шегінде, өзге де органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің аурулар қатерінің өндірістік факторлары әсерін барынша азайтуды;

4) созылмалы инфекциялық емес, оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды халыққа медициналық тексеріп-қарау жүргізу, оларды дәрігерге ертерек қаралуға уәждеу арқылы анықтауды;

5) азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді, қалпына келтіріп емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қоса алғанда, созылмалы, оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды және уақтылы сауықтыруды;

6) уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес, медициналық қорытындыда көрсетілген мерзімге денсаулық жағдайына байланысты неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруды қамтиды.

  1. Жарақаттанудың профилактикасын сектораралық деңгейде мемлекеттік органдар – өз өкілеттіктері шегінде, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

 

158-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы

  1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы:

1) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің зияны, сондай-ақ оларды тұтынудың медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілері туралы білімді насихаттауды;

2) психикаға белсенді әсер ететін заттар айналысы саласындағы жарнамаға тыйым салуды, психикаға белсенді әсер ететін заттарды әзірлеу, дайындау және пайдалану тәсілдері, әдістері, оларды сатып алу орындары туралы насихаттауға тыйым салуды, сондай-ақ мамандандырылған медициналық басылымдарда құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік препараттар үлгілерінің жарнамасын шектеуді;

3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар қатер тобындағы адамдарды профилактикалық байқауды және есепке алуды;

4) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктен зардап шегуші адамдарды ерікті түрде, жасырын емдеуді;

5) нашақорлықпен ауыратындарды ерікті түрде медициналық-санитариялық оңалтуды қамтиды.

  1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасын барлық жеке және заңды тұлғалар өздерінің құқықтары шегінде жүзеге асырады.

 

159-бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу

  1. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу халықтың денсаулығын сақтауға, темекі, алкоголь өнімдерін сатып алуға құқылы адамдар үшін жас мөлшерін шектеуді енгізу, темекі шегушілікке, алкогольді тұтынуға халықтың өмір мен денсаулық үшін аса қауіпті фактор ретіндегі көзқарасын қалыптастыруға, темекі шегушіліктің, алкоголизмнің таралуының профилактикасы жөнінде келісілген іс-шаралар жүргізуге бағытталған.
  2. Темекі бұйымдарын:

1) он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына;

2) темекі бұйымының ашық қорабынан немесе бір-бірлеп сатуға;

3) сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық қондырғылар арқылы;

4) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, стадиондардың ғимараттарында және аумақтарында;

5) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;

6) акциздік таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз;

7) егер темекі бұйымының қорабында жиырма сигареттен кем болса;

8) тармақшаның күшіне енетін мерзімін қара

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және кемінде үш зиянды қосынды – жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер енгізілмесе, сатуға тыйым салынады. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

9) темекі бұйымының қорабына темекі шегушіліктің зияны туралы ескерту енгізілмесе;

10) тармақшаның күшіне енетін мерзімін қара

10) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына он сегіз жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынғаны туралы жазба енгізілмесе;

11) тармақшаның күшіне енетін мерзімін қара

11) темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында «құрамында шайыр аз», «жеңіл», «өте жеңіл» немесе «жұмсақ» деген сөздер не басқаларымен салыстырғанда темекі бұйымының зияны аз екені туралы жалған әсер қалдыратын өзге де, оның ішінде шетел тілдерінде сөз тіркестері болса;

12) өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен;

13) басқа да тауарлармен жиынтық құрамда болса;

14) балалар ассортименті тауарларының саудасы жүзеге асырылатын сауда ұйымдарының үй-жайларында сатуға тыйым салынады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай: «Темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады.» деген мазмұндағы жазба, сондай-ақ темекі шегушіліктің зияны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс.
  2. Темекі бұйымдарының саудасын жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт келбетіне қарағанда он сегізден жасырақ көрінетін азаматтарға темекі бұйымдарын сату кезінде:

1) сатып алушының шын мәніндегі жасын анықтау мақсатында жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;

2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын сатудан бас тартуға міндетті.

  1. Темекі шегуге:

1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында;

3) қоғамдық тамақтану орындарында;

4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда;

5) мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;

6) жергілікті және алысқа қатынайтын поездардағы, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі белгіленбеген орындарда, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустардың, маршруттық таксилердің және қалалық электр көлігінің салондарында;

7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;

8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;

9) жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;

10) үйлердің кіреберістерінде тыйым салынады.

  1. Темекі шегу үшін арнайы жабдықталған орындар бөлінген болса, осы баптың 5-тармағының 3), 6), 7) тармақшаларында көзделген нормалар қолданылмайды.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген талаптарға сәйкес жабдықталуға тиіс.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының барлық таңбаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында өздері шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді келесі жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жыл сайын табыс етуге міндетті.
  2. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекі бұйымдарындағы никотиннің, шайырлы заттардың және басқа да зиянды қосындылар – жүйелік улардың, канцерогендік және мутагендік заттардың болуын зерттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларда өз есебінен жүргізеді.
  3. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар Қазақстан Республиткасының Үкіметі айқындайтын рұқсат етілетін шекті деңгейден асатын темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.
  4. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.
  5. Темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі шегуге тыйым салынғаны туралы белгі орнатылуға тиіс.

13-тармақтың күшіне енетін мерзімін қара

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен темекі шегудің зияны туралы ескерту болуға және ол мынадай талаптарға сәйкес келуге:

1) темекі бұйымының қорабының, темекі бұйымының қаптамасының көлемі бойынша әрбір үлкен жағының кемінде қырық процентін алып жатуға;

2) жылтыр орауыш пленкаға немесе қандай да бір сыртқы орауыш материалға басылмауға;

Өзгеріс енгізу туралы 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңын қара (осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он сегіз ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

3) жазулар және (немесе) сурет, пиктограмма, график түрінде орындалуға тиіс.

  1. Алкоголь өнімін:

1) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;

2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген белгілі бір күндер мен сағаттарда;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда өткізуге тыйым салынады.

 

160-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы

  1. Темір тапшылығы анемиясы – организмге тамақ өнімдері құрамында темірдің жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына, асқазан-ішек жолдарының, несеп-жыныс жүйесінің және қан жүйесінің кейбір созылмалы аурулары кезінде темірді жоғалтудың көбеюіне, темірге деген қажеттіліктің артуына байланысты болатын организмнің патологиялық процесі.
  2. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:

1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында байытылған тамақ өнімдерінің өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге және айналымының басқа да сатыларындағы қозғалысына қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілігі;

2) халықтың нысаналы топтарын құрамында темір бар препараттармен профилактикалық қамтамасыз ету;

3) темір тапшылығы анемиясынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;

4) ұнды және өзге де тамақ өнімдерін құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байыту (фортификациялау) принциптерімен жүзеге асырылады.

  1. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны міндетті түрде құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылуға (фортификациялануға) жатады.

Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

161-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы

  1. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:

1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында йодталған ас тұзы мен жемдік тұз өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілігі;

2) йод тапшылығы ауруларынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;

3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімінің зиянды әсерінің салдарынан денсаулығынан айырылған жағдайда, азаматтардың құқықтарын қорғау принциптерімен жүзеге асырылады.

  1. Ас тұзын және жемдік тұзды йодтау Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

 

7-Бөлім. донорлық және транспланттау

 

26-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы

 

162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау

  1. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы (бұдан әрі – донорлық) – қан мен оның компоненттерін медициналық мақсаттар үшін тапсыру (донациялау) арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға донорлардың ерікті түрде қатысуы.
  2. Донорлық донорды медициналық куәландыру, одан қан алып дайындау, қанның компоненттерін бөлу және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.
  3. Қан мен оның компоненттерін дайындау процесі мыналарды қамтиды:

1) қан тапсыру (донациялау) – донор тапсыратын қанды біржолғы бөліп алу;

2) плазма тапсыру (донациялау) – қан плазмасын плазмаферез әдісімен біржолғы бөліп алу.

Алынатын плазманы иммундық сипаттамаларына қарай былайша ерекшелеп бөледі:

қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндіру үшін пайдаланылатын, белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар изоиммундық плазма;

құрамында табиғи немесе жасанды түрдегі белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар, ауруларды қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне нысаналы түрде емдік өзара іс-әрекет жасау қасиеті бар иммундық плазма. Иммундық плазма реципиентке құю немесе қан препараттарын өндіру үшін пайдаланылады;

3) жасушалар тапсыру (донациялау) – донор қанының жасушаларын цитаферез әдісімен біржолғы бөліп алу.

  1. Қанды дайындау және өңдеу процесінде:

1) қан компоненттері – қанның одан жасушалар және жасушасыз орта түрінде бөлініп алынған құрамдас бөліктері;

2) қан препараттары – қан компоненттерін өңдеу кезінде алынған дәрілік заттар алынады.

  1. Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

 

163-бап. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар

  1. Қан мен оның компоненттерін дайындауды, өңдеуді, сақтауды және өткізуді тиісті лицензиясы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
  2. Қан препараттарын өндіруді тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.
  3. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар олардың сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
  4. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, донорлықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

164-бап. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету

  1. Донорлық қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігі карантиндеу, вирусинактивациялау, радиациялық сәулелендіру және Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген басқа да әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
  2. Донорлық қан мен оның компоненттері уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сапасын бақылауға жатады.
  3. Тиісінше таңбаланбаған донорлық қанды, оның компоненттерін, препараттарын пайдалануға және өткізуге тыйым салынады.
  4. Донорлық қанды, оның компоненттерін және препараттарын құюды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен медицина қызметкерлері оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі тиісті талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

165-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері

  1. Тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы айғақтары жоқ, медициналық мақсатта қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген он сегіз жастан асқан жеке тұлға донор болуға құқылы.
  2. Донор:

1) қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) өтеусіз жүзеге асыруға;

2) қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ақылы тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруға;

3) медициналық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысуға;

4) осы Кодекске сәйкес көтермеленуге құқылы.

  1. Донор қазіргі немесе бұрын ауырған барлық аурулары туралы өзіне белгілі мәліметтерді, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланғаны туралы хабарлауға міндетті.

 

166-бап. Донорды медициналық зерттеп-қарау

  1. Донор қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) алдында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті тегін медициналық зерттеп-қараудан өтеді.
  2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.

 

167-бап. Донорға берілетін кепілдіктер

  1. Донор болып табылатын қызметкерді медициналық зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері жұмыс беруші орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жұмысынан босатады.
  2. Егер донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері жұмысқа шықса, оның орташа айлық жалақысы сақтала отырып, өзінің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі не бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.
  3. Адамды қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері түнгі уақыттағы жұмыстарға, үстеме жұмыстарға, ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарға тартуға жол берілмейді.
  4. Донор болып табылатын әскери қызметші қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері нарядтарда, вахталарда тұрудан және қызметтің басқа да түрлерін атқарудан босатылады.
  5. Донор болып табылатын студенттер, оқушылар қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері оқу-тәрбие процесінен босатылады.
  6. Донорларды көтермелеу жүйесін уәкілетті орган бекітеді.

Донорға қан мен оның компоненттерін тапсырудың (донациялаудың) жиынтық санын ескере отырып, берілетін қосымша көтермелеу шаралары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

  1. Донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған донор қан мен оның компоненттерін тапсырғаннан (донациялағаннан) кейін өз қанының көлемі мен организмінің әл-ауқаты шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшердегі оның ақшалай баламасын алады.
  2. Донорлық функцияны ақылы негізде атқарған донорға қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және мөлшерде ақы төлейді.

 

168-бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері

  1. Жұмыс берушілер мен ұйымдардың басшылары донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында:

1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына азаматтарды донорлар қатарына тартуына жәрдем көрсетуге;

2) қан мен оның компоненттерін алу үшін қажетті үй-жайларды өтеусіз беруге және жағдай жасауға;

3) донор болып табылатын қызметкерді зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күні жұмыстан кедергісіз босатуға;

4) донор болып табылатын қызметкерге осы Кодексте белгіленген кепілдіктерді беруге міндетті.

  1. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорларды қосымша көтермелеуге құқығы бар.

 

 

27-тарау. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау

 

169-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау және оларды алу шарттары

  1. Адам, адамның мәйіті немесе жануар тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау бойынша донор болуы мүмкін.
  2. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) мәжбүрлеп алуға және оларды ауыстырып салуға тыйым салынады.
  3. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) сатып алуға-сатуға тыйым салынады.
  4. Реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тіні үйлесетін (басқа организмнің тіндеріне сіңісуіне жәрдемдесетін органикалық тіндердің иммунологиялық қасиеті) адам транспланттау бойынша тірі донор болуы мүмкін.
  5. Тірі донор жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өтуге және өзінің тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) алуға болатындығы туралы консилиумның қорытындысын алуға тиіс.
  6. Кәмелетке толмаған адам немесе әрекетке қабілетсіз адам болып табылатын тірі донордың тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) алу осы бапта көрсетілгендермен қатар, бір мезгілде мына шарттарды сақтағанда ғана:

1) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес денсаулығының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алған оның заңды өкілдерінің нотариат куәландырған жазбаша келісімі болған;

2) тиісті келісімді беруге қабілетті басқа үйлесетін донор болмаған;

3) реципиент донордың ағасы-інісі немесе апасы-қарындасы (сіңлісі) болып табылған;

4) транспланттау реципиенттің өмірін сақтап қалуға арналған;

5) ықтимал донор алуға қарсылық білдірмеген жағдайда, мүмкін болады.

  1. Кәмелетке толмаған адамдардың немесе әрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің келісімі медициналық араласу басталғанға дейін кез келген сәтте кері қайтарып алынуы мүмкін.
  2. Тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу оның нотариат куәландырған жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
  3. Транспланттау үшін жұп ағзаның бірі, олардың болмауы денсаулықтың біржола бұзылуына әкеп соқтырмайтын ағзаның бір бөлігі немесе тін ғана алынуы мүмкін.
  4. Егер алу кезінде денсаулық сақтау ұйымына осы адамның тірі кезінде не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің ол өлгеннен кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) репициентке транспланттау үшін алуға келіспейтінін мәлімдегені туралы хабарланған болса, мәйіттен тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алуға жол берілмейді.

Егер консилиум тарапынан тіркелген өлім фактісінің даусыз дәлелдемесі болса, мәйіттен транспланттау үшін тіндер және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөліктері) алынуы мүмкін.

Өлім туралы қорытынды биологиялық өлімнің немесе бас миының біржола семуінің (мидың өлімінің) расталуы негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.

  1. Кейіннен транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алуды қамтамасыз ететін адамдардың биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін растауға қатысуына тыйым салынады.

 

170-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау тәртібі

  1. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау қажеттігі туралы медициналық қорытындыны тиісті денсаулық сақтау ұйымының консилиумы береді.
  2. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау реципиенттің не кәмелетке толмаған реципиенттің немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
  3. Реципиент не кәмелетке толмаған реципиенттің немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды өкілі алдағы уақытта жасалатын транспланттауға байланысты реципиенттің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы ескертілуге тиіс.
  4. Инфекция жұқтырған тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға тыйым салынады.

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу және консервациялау мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес «трансплантология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында ғана жүргізіледі.

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Транспланттау мақсатында мәйіттерден тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу және консервациялау мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында жүргізіледі.

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес «трансплантология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында ғана жол беріледі.
  2. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алудың, консервациялаудың, адамнан адамға және жануардан адамға транспланттауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді.
  3. Осы баптың күші ұрпақты болу тіндерін (жыныстық жасушаларды) қамтитын, адамның өсіп-өну процесіне қатысы бар тіндерге және (немесе) ағзаларға (ағзалардың бөліктеріне), сондай-ақ қан мен оның компоненттеріне қолданылмайды.

 

171-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары

  1. Донор осы Кодекстің 165-бабында көзделген құқықтардан басқа:

1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты өзінің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;

2) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы.

  1. Реципиент:

1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты оның денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;

2) жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы.

  1. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және өзге де қызметкерлеріне донор мен реципиент туралы мәліметтерді жария етуге тыйым салынады.

 

 

28-тарау. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін),

қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету

 

172-бап. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелу, әкету үшін негіздер

  1. Қазақстан Республикасының аумағына адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелу:

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес «трансплантология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында транспланттау қажет болған кезде;

2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде;

3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

  1. Қазақстан Республикасынан адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкету:

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі оның азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

3) Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілмейтін диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде;

4) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде;

5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

  1. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелуге, әкетуге рұқсатты уәкілетті орган мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының және лицензияға сәйкес «трансплантология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша береді.

 

173-бап. Қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету үшін негіздер

  1. Қазақстан Республикасының аумағына қан мен оның компоненттерін әкелу:

1) Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде;

3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

  1. Қазақстан Республикасынан қан мен оның компоненттерін әкету:

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі оның азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

3) Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілмейтін диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде;

4) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде;

5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

  1. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа, қан мен оның компоненттерін әкелу және әкету айырбастау тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Осындай айырбастау қажетті биологиялық қасиеттері бар қан мен оның компоненттері болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
  2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге рұқсатты уәкілетті орган лицензияға сәйкес «қан дайындау» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша береді.

 

174-бап. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелудің, әкетудің тәртібі

  1. Осы Кодекстің 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдары тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) не қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін уәкілетті органға:

1) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету туралы өтінішті;

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы;

3) тиісті лицензияның және оған қосымшалардың нотариат куәландырған көшірмесін;

4) әкелінетін (әкетілетін) тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөліктерінің), қан мен оның компоненттерінің биологиялық қауіпсіздігі туралы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен берген қорытындыны;

5) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), қан мен оның компоненттерін алумен (жинаумен) байланысты рәсімдердің заңдылығы туралы шығаратын елдің уәкілетті органының құжатын;

6) тірі донордың немесе оның заңды өкілдерінің одан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алуға нотариат растаған жазбаша келісімін не донордың биологиялық өлімі немесе бас миының біржола семуі (мидың өлімі) жағдайында консилиумның қорытындысын;

7) осы Кодекстің 172-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 173-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, реципиент пен донордың туыстық жақындығы дәрежесін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;

8) қан мен оның компоненттерін айырбастаған жағдайда, қан мен оның компоненттерін айырбастау шартының жобасын, сондай-ақ әкелінетін елде қажетті биологиялық қасиеттері бар қан мен оның компоненттерінің жоқтығын растайтын құжатты;

9) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), қан мен оның компоненттерін тасымалдау үшін пайдаланылатын термоизоляциялық контейнерлердің техникалық сипаттамаларын жібереді.

  1. Уәкілетті орган тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және әкетуге рұқсат беру мәселелері жөніндегі комиссияны құрады және оның қызметі туралы ережені бекітеді.
  2. Комиссия өтініш берушінің өтінішін жеті күн ішінде қарайды.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды өтініш беруші толық көлемде бермеген жағдайда, құжаттар қаралмай, үш күн ішінде өтініш берушіге қайтарылады.

  1. Комиссияның оң шешімі уәкілетті органның бұйрығы түрінде ресімделеді. Комиссияның теріс қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тартуды жібереді.
  2. Әкелуге және әкетуге арналған тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөліктерінің), қан мен оның компоненттерінің биологиялық қауіпсіздігін зерттеу, оларды консервациялау мен тасымалдау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

 

8-Бөлім. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет

 

29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

 

175-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

  1. Денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, оладың біліктілігін арттыру және қайта даярлау денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің міндеттері болып табылады.
  2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады. Клиникалық базалардың – медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық бөлімшелерінің, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдарымен шарт бойынша медицина және фармацевтика кадрларын даярлау үшін тиісті жағдайлар жасайтын денсаулық сақтау ұйымдарының болуы медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты болып табылады.
  3. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені, оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын игерген адамдар үшін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат, ал клиникалық мамандықтар бойынша маман сертификаты да олардың медициналық ұйымдарда қызметке орналасуы үшін негіз болып табылады.
  5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды. Резидентура туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
  6. Қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.

Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім берудің негізгі нысандары болып табылады. Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

  1. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды жоспарлауды уәкілетті орган, сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары саланың қажеттіліктерін ескере отырып, өз өкілеттіктері шегінде жүзеге асырады.

 

176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар адамдардың кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында өткізіледі.
  2. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары:

1) медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкестігін айқындау және оларға тиісті маман сертификатын беріп, клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу үшін – міндетті біліктілік емтихандары;

2) тиісті біліктілік санаты берілетін мамандардың кәсіптік деңгейін айқындау үшін – ерікті біліктілік емтихандары болып бөлінеді.

  1. Тиісті маман сертификаты болмаған, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі өткен жағдайда, жеке тұлғаға клиникалық практикамен айналысуға тыйым салынады.
  2. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізудің тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
  3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық білім мен біліктілік санаттарын алған адамдарды денсаулық сақтау саласындағы мамандарға арналған біліктілік емтихандарына жіберудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

  1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында медициналық қызметпен айналысу құқығын беретін немесе кәсiптік медициналық қызметтi жүзеге асыруға шақырылған мамандардың шетелде алған біліктiлiк санатын куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын санат берілмей-ақ маман сертификатына теңестіріледі.

 

177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты

Жоғары білім беру ұйымдарын медициналық мамандықтар бойынша оқып бітірген түлектер мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы дәрігерінің антын қабылдайды: «Дәрігердің құрметті атағын ала отырып, өз ұстаздарым мен әріптестерімнің алдында өзімді азаматтардың денсаулығын сақтауға бар болмысыммен бағыштап, дәрігерлік ұлы іске адал әрі қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін. Өз қызметімде денсаулығы ең жоғары құндылық болып табылатын өз пациенттерімнің мүдделерін ғана басшылыққа аламын деп ант етемін. Жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, әлеуметтік жағдайы мен азаматтығына қарамастан, мұқтаж болған әрбір адамға бірдей ынта-жігермен және шыдамдылықпен медициналық көмек көрсетуге ант етемін. Дәрігерлік құпияны сақтауға, оны ешқашан пайдакүнемдік мақсатта пайдаланбауға ант етемін. Өз білімім мен дағдыларымды ұдайы жетілдіруге, өзіме де, өз шәкірттеріме де талапшыл болуға, ешқашан риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және егер оны пациенттің мүддесі талап етсе, әріптестеріммен кеңесуге ант етемін. Қазақстандық медицинаның игі дәстүрлерін сақтауға және байытуға, мені дәрігерлік өнерге баулыған адамдарға алғыс білдіре отырып, оларды құрметтеуге ант етемін.».

 

 

30-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет

 

178-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтің субъектілері

  1. Денсаулық сақтау саласында ғылыми кадрлар даярлауды негізгі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет ретінде жүзеге асыратын заңды тұлға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) болып табылады.
  2. Ғылыми ұйымдар ғылыми-зерттеу ұйымдары (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары және ғылыми қызметпен айналысатын өзге де ұйымдар болып бөлінеді.
  3. Ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасының білім беру және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық, фармацевтикалық және білім беру қызметімен айналысуы мүмкін.

 

179-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру

  1. Іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыруды, денсаулық сақтау саласында ғылыми қолдауды үйлестіруді, медицина ғылымының тұжырымдамасын әзірлеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
  2. Уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшысы болады.
  3. Уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың ғылыми-медициналық сараптамасын жүзеге асырады.

 

180-бап. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу,  диагностиканың,емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану

  1. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізудің мақсаты олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау және дәлел дерін ғылыми әдістермен алу болып табылады.
  2. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жануарларға жүргізіледі.
  3. Адамның (пациенттің немесе ерік білдірген адамның) қатысуымен болатын клиникалық зерттеулер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулердің оң нәтижелері алынған жағдайда, оның жазбаша хабардар етілген келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.
  4. Кәмелетке толмаған адамдардың қатысуымен болатын клиникалық зерттеулер кәмелетке толған адамдарға зерттеулер жүргізумен қатар мынадай:

1) балаларды емдеуге арналған медициналық технологиялар немесе дәрілік заттар;

2) кәмелетке толмаған адамдарды емдеуге арналған дәрілік заттың ең оңтайлы мөлшерлемесі туралы деректер алу мақсатында жүргізіледі.

Кәмелетке толмаған адамдардың қатысуымен клиникалық зерттеулер жүргізу олардың заңды өкілдерінің жазбаша хабардар етілген келісімімен ғана жүргізіледі.

  1. Клиникалық зерттеуге қатысуға келісімі алынған жағдайда, кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне, пациентке немесе ерік білдірген адамға:

1) медициналық технология, фармакологиялық немесе дәрілік зат, клиникалық зерттеудің мәні мен ұзақтығы туралы;

2) медициналық технологияның, фармакологиялық немесе дәрілік заттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы, сондай-ақ денсаулық үшін қолдану қатерінің дәрежесі туралы;

3) медициналық технологияны, фармакологиялық немесе дәрілік затты қолданудың денсаулықтың жай-күйіне күтілмеген әсері жағдайындағы іс-әрекеттер туралы;

4) денсаулықты сақтандыру шарттары туралы ақпарат берілуге тиіс.

  1. Клиникалық зерттеулер кез келген сатыда:

1) зерттеулерге қатысушы кәмелетке толмаған адамның, оның заңды өкілінің, пациенттің немесе ерік білдірген адамның талап етуі бойынша;

2) кәмелетке толмаған адамның, пациенттің немесе ерік білдірген адамның өміріне, денсаулығына қауіп төнген жағдайда тоқтатылады.

  1. Зерттеулерге қатысатын пациенттердің және ерік білдірген адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы құжаттарды ресімдеу, сондай-ақ зерттеулер материалдарын этикалық бағалау клиникалық зерттеулер жүргізудің міндетті шарттары болып табылады.
  2. Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістері клиникалық зерттеулердің оң нәтижелері алынған жағдайда қолданылуы мүмкін.
  3. Мыналарға:

1) заңды өкілдері жоқ кәмелетке толмаған адамдарға;

2) егер қажетті ақпарат жүкті әйелдерге клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде ғана алынуы мүмкін болса және жүкті әйел мен оның шаранасына зиян келтіру қатері толық жойылған жағдайда жүкті әйелдерге арналған медициналық технологиялар мен дәрілік заттарға клиникалық зерттеулер жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, жүкті әйелдерге;

3) әскери қызметшілерге;

4) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға және уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларында отырған адамдарға;

5) психикасының бұзылуын (ауруын) емдеуге арналған медициналық технологиялар мен дәрілік заттарға клиникалық зерттеулерді қоспағанда, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға, психикасы бұзылған (ауыратын) науқастарға медициналық технологияларға, фармакологиялық және дәрілік заттарға клиникалық зерттеулер жүргізуге тыйым салынады.

  1. Клиникалық зерттеулер (тиісті клиникалық және ғылыми практика) жүргізу стандарттарын уәкілетті орган және өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар бекітеді.
  2. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін, сондай-ақ диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
  3. Фармакологиялық және дәрілік заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер, сондай-ақ медициналық технологияларға клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат беруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
  4. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

181-бап. Этика мәселелері жөніндегі комиссиялар

  1. Зерттелушілердің және зерттеушілердің құқықтарын қорғауды, қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайын жасауды, сондай-ақ клиникалық зерттеу материалдарына имандылық-этикалық және құқықтық баға беруді жүзеге асыратын тәуелсіз сарапшы органдар Этика мәселелері жөніндегі комиссиялар болып табылады.
  2. Этика мәселелері жөніндегі комиссиялар қызметінің мақсаты биология мен медицина жетістіктерінің пайдаланылуына байланысты адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау болып табылады.
  3. Этика мәселелері жөніндегі комиссиялардың міндеттері:

1) зерттеулердің құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізу;

2) зерттеулерді жоспарлау және жүргізу сатыларында адамның қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуын тәуелсіз бағалау;

3) клиникалық зерттеу бағдарламасының тиісті клиникалық және ғылыми практика стандарттарына, сондай-ақ зерттеушілердің біліктілігіне және осы зерттеуді жүргізетін денсаулық сақтау ұйымының техникалық жарақталуына сәйкестігін бағалау;

4) клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық этикалық нормалардың сақталуын бағалау;

5) биологиялық және медициналық этика мәселелері бойынша құжаттар әзірлеуге қатысу болып табылады.

  1. Этика мәселелері жөніндегі комиссиялардың құрамына денсаулық сақтау, ғылым, өнер, құқық саласындағы мамандар, діни конфессиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіре алады.
  2. Қазақстан Республикасында Этика мәселелері жөніндегі орталық және жергілікті комиссиялар жұмыс істейді.
  3. Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссия халықаралық және республикалық деңгейде жүргізілетін зерттеулерді тәуелсіз бағалау үшін уәкілетті органның жанынан құрылады.

Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның құрамы мен ол туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

  1. Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссиялар денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жүргізілетін зерттеулерді тәуелсіз бағалау үшін осы ұйымдардың жанынан құрылады.

Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссияның құрамы мен ол туралы ереже оның жанынан осы комиссия құрылатын денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

 

 

9-Бөлім. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі, оларды әлеуметтік қорғау

 

31-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері,

еңбек қатынастары,ар-намыс кодексі

 

182-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің:

1) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге;

2) жеке медициналық практика мен фармацевтикалық қызмет жүргізуге;

3) бес жылда кемінде бір рет бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы ұйымдарының қызметкерлері болса, жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;

4) штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда, бюджет қаражаты немесе жұмыс берушінің есебінен қайта даярлаудан өтуге;

5) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

6) азаматтың өміріне қауіп төнген жағдайларда ұйымдарға немесе азаматтарға тиесілі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көліктің кез келген түрін оны таяу жердегі медициналық ұйымға жеткізу үшін кедергісіз және тегін пайдалануға;

7) қызметтік тұрғын үй берілуге;

8) жүріп-тұру сипатындағы қызметіне байланысты көлік шығыстарын өтетуге;

9) кәсіптік міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;

10) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;

11) медицина қызметкері тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы көзқарас болмаған кезде, азаматтың денсаулығына келтірілген зиян үшін кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруға құқығы бар.

  1. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бюджет қаражаты, жұмыс берушінің қаражаты, өз қаражаты есебінен, сондай-ақ тыйым салынбаған басқа көздер есебінен жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады:

1) жергілікті өкілді органдар айқындайтын мөлшерде лауазымдық айлықақыға қосымша ақы;

2) коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен өтеу;

3) жеке меншігінде малы барлар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөппен, мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен қамтамасыз етіледі;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілеуі мүмкін.

  1. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады.
  2. Қызметтік және кәсіптік міндеттерін атқару кезінде АИТВ жұқтырылған материалмен жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің АИТВ жұқтыруы кәсіптік ауруға жатады.

Осы адамдарға кәсіптік ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.

Қызметтік міндеттерін атқаруы ЖИТС кәсіптік ауруына әкеп соқтыруы мүмкін медицина қызметкерлері мен басқа да қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандырылуға жатады.

АИТВ/ЖИТС-пен байланысты профилактикалық, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысымен тікелей айналысатын медицина қызметкерлерінің, қызметшілердің және техникалық қызметкерлердің алты сағаттық қысқартылған жұмыс күніне, ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн қосымша ақы төленетін демалысқа, белгіленген жалақының алпыс проценті мөлшерінде кәсіптік зияндылығы үшін қосымша еңбекақыға құқығы бар.

  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлері:

1) өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға, пациенттерге құрметпен және ізгілікпен қарауға, медициналық этика және деонтология принциптерін басшылыққа алуға;

2) аурулардың профилактикасына және азаматтардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге, медициналық көмек көрсетуге;

3) шұғыл жағдайларда халыққа кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге;

4) халық арасында медициналық білімді және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;

5) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауға, дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, ішкі және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге;

6) өзінің кәсіптік деңгейін үздіксіз дамытуға және арттыруға;

7) қажет болған жағдайларда консультация алу үшін басқа бейіндегі немесе біліктілігі неғұрлым жоғары мамандарды тартуға міндетті.

  1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салынады.

2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

  1. Кәсіптік міндеттерін орындау кезінде медицина және фармацевтика қызметкерлерiнің өз діни нанымдары бойынша қандай да бір іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасауына, сол сияқты олардың жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін діни жоралар мен рәсімдерді өткізуіне (жасауына) жол берілмейді

 

183-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары

  1. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
  2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, оның ішінде білім беру мен ғылыми ұйымдар басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

184-бап. Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі

  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің азаматтар мен тұтастай қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдық жауапкершілігін айқындайды.
  2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өз қызметінде:

1) осы Кодексті және Ар-намыс кодексін басшылыққа алуға;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;

3) тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға;

4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

5) өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;

6) өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;

7) өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;

8) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;

9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға;

10) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;

11) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге;

12) жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;

13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;

14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс.

  1. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:

1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;

3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;

4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;

5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға;

6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс.

  1. Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:

1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;

2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға;

3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеуге;

4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.

  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауы олардың кәсіптік борышы болып табылады.
  2. Денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша медицина және фармацевтика қызметкерінің Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтамау фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады.
  3. Денсаулық сақтау ұйымының басшылары Ар-намыс кодексі мәтінінің көрнекі үгіт орындарында орналастырылуын қамтамасыз етеді.

 

 

10-Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

 

32-тарау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және осы кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

 

185-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

186-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

  1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 159-бабының 2-тармағының 8), 10), 11) тармақшаларын және 13-тармағын қоспағанда, осы Кодекс алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші жойылды деп танылсын:

1) «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 921-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 93-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат);

2) «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 86-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат);

3) «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1071-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат);

4) «Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы» 2002 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 104-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат);

5) «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 149-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат);

6) «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 21, 176-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат);

7) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 70-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат);

8) «Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 2, 8-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат);

9) «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» 2004 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 13, 73-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат);

10) «Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 45-құжат);

11) «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 91-құжат; 2007 ж., № 2, 14-құжат).

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!