Оба

Оба – қоздырғыштары әр түрлі механизммен берілетін, айқын интоксикация, терінің, өкпелік, лимфатикалық түйіндердің зақымдалуымен және жиі сепсистің дамуымен сипатталатын, зоонозды табиғаты-ошақты жедел инфекциялық ауру. Аса қауіпті топқа жататын инфекция.

Этиологиясы: Қоздырғышы Үersinia pestis, 30 тарта антигендері бар (капсулалық антиген фагоцитоздан сақтайды). Vі және W-антигендер мононуклеарлардың цитоплазмасындағы лизистен сақтап, сол арқылы клетка ішінде көбейе алады, эндотоксині бар, агрессия факторларын өндіреді (пестицин, фибринолизин, гиалуронидаза, коагулаза) сыртқы ортада тұрақты болады.

Оба эпидемиологиясы:

Табиғи-ошақты инфекция. Инфекция көздері егеуқұйрық типті кемірушілер (300-ге тақау түрлері бар), оның ішінде негізгілері:

  • сарышұнақ
  • суыр
  • ауру адам (әсіресе өкпелік түрі)

Оба инфекциясының берілу жолдары:

  • трансмиссивті (кенелер арқылы)
  • қарым – қатынас – зақымдалған тері және шырышты қабат арқылы
  • алиментарлы
  • ауа – тамшы – обаның өкпелік формасымен ауыратын науқастан
  • ауа – шаң жолдары арқылы

Маусымдылығы: Жаз немесе күз-қыс айлары.

Қабылдаушылығы: Жоғары

Иммунитеті: Тұрақты

Патогенезі: Қоздырғыштардың ену жолдары:

  • зақымдалған тері
  • көздің шырышты қабаты
  • тыныс алу жолдарының шырышты қабаты
  • асқазан – ішек жолдарының шырышты қабаты

Берілу механизмі және қоздырғыштың ену жолдары обаның клиникалық формасын анықтайды.

Ену жолдары арқылы (науқастарда 3-6 жергілікті өзгерістер болуы мүмкін), қоздырғыш регионарлы лимфа түйіндеріне түседі, көбейеді, токсикалық факторлар пайда болады, жергілікті (серозды – геморрагиялық қабыну – біріншілік бубондар) және жалпы (токсинемия) әсер ететін, кейін регионарлы лимфа түйінінен қоздырғыш қанға түседі (біріншілік генарализация) лимфатикалық түйіннің кейбір бөліктерінде тұнады (екіншілік бубондар), обаның таяқшалары тағы да қанға түседі, септицемия пайда болады – обаның екіншілік септикалық формасы.

Патологиялық процесс бастапқы кезде сепсис түрінде дамуы мүмкін (біріншілік – септикалық форма). Қоздырғыштың өкпеге гематогенді жолмен енуінде екіншілік – өкпелік формасы, ал тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары арқылы зақымдалған кезде – біріншілік өкпелік формасы дамиды.

Обаның барлық формасында бірінші кезекте жүрек – қантамыр жүйесі зақымдалады, науқастар жедел жүрек – қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болады.

Обаның клиникасы:

Обаның клиникалық жіктелуі (Г.Г.Руднев, 1970).

  1. Орналасуына байланысты: терілік, бубонды, тері – бубонды.
  2. Генерализденген формасы (сыртқы диссеминерленген), біріншілік – септикалық, екіншілік – септикалық.
  3. Ішкі диссемирленген формасы. Біріншілік – өкпелік, екіншілік – өкпелік, ішектік.

Обаның клиникалық формасының жіктелуі эпидемиологиялық мағынасына, өсуіне негізделіп жасалған.

Обаның клиникасында 2 синдромды ажыратады:

  1. жалпы интоксикация синдромы (барлық клиникалық формасында)
  2. патологиялық процестің орналасуына байланысты.

Инкубациялық кезең 3 күннен 6 күнге дейін. Жедел басталады. Жалпы интоксикация синдромынан (қалтырау, тез және жылдам температурасының жоғарлауы 39-40ºС, қатты бас ауру, бас айналу, ұйқысыздық, әлсіздік, жүрек айнуғ құсу, миалгия) басталады.

Жиі есі бұзылған, тежелу, есеңгіреу және галлюцинациялары бар психомоторлы қозу басым болады.

Сыртқы түрінің сипаты: Беті гиперемирленген, ісінген, сосын беті жүдеп, бет бейнесі өткірленеді, көзінің астында қара шеңберлер, цианоз болады, қайғылы бет – әлпет болады, кейде қорқыныш сезімі, үмітсіз қозғалмайтын, көрмейтін көзқарасты болады. Тербелмелі жүріс және түсініксіз сөйлеу пайда болады.

Жүрек – қантамыр жүйесі: Тахикардия, гипотония, жүрек тондары тұйықталған.
Асқазан – ішек жолдары: тілі қалыңдаған, беті ақ жабындымен жабылған, тілдің дірілі байқалады, бауыр және көкбауырдың ұлғаюы, ауыр түрлерінде “кофе қоюы” тәрізді құсық, нәжіс қан аралас болады.
Аурудың өршуінде олигоурия немесе анурия болады.

Терілік формасы: Қоздырғыштың енген жерінде бастапқы кезінде дақ, папула динамикасымен везикула, пустула және жара пайда болады. Бұл процесс ұзақ уақыт өтеді және жазылуы баяу, соңында тыртық қалады.

Бубонды формасы: Бубондар (лимфатикалық түйіндердің қабынуы), жиі шап аймағында, сирек қолтық асты және мойын лимфа түйіндерінің қабынуы байқалады. Бастапқы кезде бубонның орнында қатты ауырсыну, содан кейін ісіну, лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады.

Оба кезіндегі бубондардың ерекшелігі:

  • айқын ауырсыну (науқастар еріксіз жағдайда болады)
  • лимфа түйіндері үлкен көлемдерге дейін жетеді
  • олар қоршаған тіндермен жабысып, қозғалмайды (периаденит белгілері).

Бубон басында тығыз, сосын қамыр тәрізді консистенциялы болып, флюктуация пайда болады. Аурудың 8-12 күндері бубон көп мөлшерде жасыл – сары түсті, ірің бөлінуімен ашылады. Уақытында емдеген кезде бубондар жиі сорылады немесе склерозданады.

Біріншілік – септикалық формасы: Обаның бұл формасы сирек (1-3) кездеседі және келесілермен сипатталады:

  1. айқын және тез прогрессирлейтін интоксикация
  2. геморрагилық синдром (теріде, шырышты қабаттарда, қанда, құсық, іш өту, мұрыннан және өкпеден қан кету, гематурия)
  3. бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы.

Жалған аурудың ұзақтығы 1-3 тәулік, жиі өлім болуы мүмкін.

Екіншілік – септикалық формасы: Басқа клиникалық форманың фонында дамиды, клиникалық көріністеріжоғарыда айтылғандай.

Біріншілік – өкпелік формасы сипатталады:

  • тез интоксикацияның дамуы
  • өкпенің зақымдану симптомы (24-36 сағаттан кейін пайда болады)
  • кеудедегі кесіп ауырсыну, кеуденің қысылу сезімі
  • ентігу
  • қақырықпен жөтел
  • қақырық тез пайда болады, өзіне тән сипатты түрде (көп, сұйық, көпіршікті, қызыл)
  • бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы

Науқастар көбінесе аурудың 3-5 күні қайтыс болады.

Екіншілік – өкпелік формасы: Көп рет құсықпен, іштің қатып ауырсынуымен, тенезмдермен және көп шырышты-қанды нәжіспен сипатталады.

Асқынулары:

  • инфекциялық – токсикалық шок
  • жедел жүрек – қантамыр жетіспеушілігі

Оба диагностикасы

  • клиникалық көрінісіне
  • эпидемиологиялық мәліметтерге (эпидемиологиялық ошақта болуы)
  • лабораторлы тексеру әдістерінің қорытындысы оң болған нәтижеде обаның диагнозы қойылады.

Лабораторлы әдістер:

  1. бактериологиялық (қанның бубонды пунктатын, қақырықты және жарадан бөлінген сұйықтықты тексеру)
  2. биологиялық (жануарларды жұқтыру арқылы)
  3. экспересс – әдіс – иммунофлюоресценция
  4. серологиялық әдіс (РА,РПГА)

Обаның салыстырмалы диагностикасы

Клиникалық формасына байланысты жүргізіледі:

  • терілік формасында сібір жарасының терілік формасымен және туляремиямен
  • бубонды формасында туляремияның бубонды формасымен және басқа этиологиялық лимфаденитпен
  • өкпелік формасында крупозды пневмониямен, тұмау кезіндегі өкпенің ісінуімен, сібір жарасының генерализденген формасымен
  • септикалық формасында басқа этиологиялы найзағай тәрізді сепсиспен (жиі менингококкты), геморрагиялық қызбамен және басқа аурулармен жүргізіледі.

Оба емі

Емі комплексті, сонымен қатар режим, диета.

Этиотропты ем: (стрептомицин, левомицетин, тетрациклин, бактрим, гентамицин, мономицин және т.б.) моно- немесе политерапия түрінде 7-10 күн аралығында.

Патогенетикалық ем (гемодез, альбумин, реополиглюкин, трентал, солкосерил және т.б.) және симптоматикалық ем.

Этиотропты терапиясы ерте және уақытында болуы керек.

Болжамы:

  • жазылу
  • летальді (этиотропты емнің уақытында басталуына байланысты).

Ауруханадан шығару ережесі: Обамен ауыратын науқастар клиникалық және бактериологиялық жазылу (бубон ішіндегісін) бубонды түрінде және қақырықты (өкпелік түрінде) бактериологиялық зарттеулерінің теріс нәтижелері кезінде шығарылады.

Диспансеризациясы: Өткізілмейді.

Оба профилактикасы:

  1. Табиғи ошақтарда аурудың пайда болуын алдын алу.
  2. Аурудың енуінің алдын алу
  3. Табиғи ошақтарда өмір сүретін халық пен белгілі маман топтарын вакцинацилау (эпидемиялық көрсеткіштер бойынша)

Күтім ерекшеліктері: Оба ауруымен ауыратын адамдарды күту кезінде қатаң эпидемияға қарсы режимды сақтау керек. Обамен ауыратын науқастармен обаға қарсы киімсіз қарым қатынаста болған адамдарды инкубациондық кезең біткенге дейін антибиотиктермен емдей отырып, толық изоляциялайды.

Обамен ауырған науқас жатқан бокстың есік терезелері толық жабылуы керек. Бұл бокстарды желдетуге мүлде болмайды. Емдік шаралармен, күтім процесін ұымдастыратын медициналық персонал обаға қарсы киім кию қажет.

Оба ауруы кезінде қатаң төсектік режим сақталынады, себебі жүрек қан тамыр жүйесінде зақымдалу байқалады. Минимальды физикалық күш түссе, ол жүрек тоқтауына немесе жүрек жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.

Бубонды формасымен ауыратын науқастарда ауру сезімін азайту үшін, жылыту компрестерін қолданады. Шамадан тыс қозу, галлюцинация, сандырақ болуына байланысты мейірбике аурудың жалпы жағдайын қадағалау керек.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!