Гиперосмолярлы кома

Гиперосмолярлы кома – абсолютті инсулин тапшылығы көрінісінде айқын дегидратация мен гипергликемия нәтижесінде дамитын, жоғары өлім көрсеткішімен сипатталатын қант диабеті 2 түрінің сирек жедел асқынуы.

Гиперосмолярлы гипергликемиялық жағдай қант диабетінің метоболитикалық декомпенсациясында пайда болады қандағы глюкоза (55,5 ммоль/л және одан да жоғары) гиперосмолярлық сәкестілік ( 330-550 мосмоль/л), кетоз және ацидоз болмайды, және айқын дегидратациямен қатар жүреді.

—Гиперсмолярлы кома мен көбіне егде жастағы ІІ-типти диабетпен ауыратын науқастар ауырады.

гиперосмолярлы кома

Гиперосмолярлы кома этиологиясы.

  • Егде жастағы науқастарда қосалқы патология әсерінен дамыған ҚД- 2- нің айқын декомпенсациясы (инфаркт,инсульт,инфекциялар)
  • Қант деңгейін түсіретін дәрілерді қабылдауды тоқтату
  • Күтімнің болмауы
  • Сұйықтықты қабылдауды шектеу
  • Эндогенді немесе экзогенді инсулиннің жетіспеуі немесе мүлдем болмауы

Науқастағы клиникалық көріністері:

Науқаста декомпинсерленген ҚД белгілері өрши бастайды:

  • полиурия
  • шөлдеу
  • тері мен шырышты қабаттардың құрғауы
  • дене массасының төмендеуі
  • әлсіздік, адинамия

Гиперосмолярлылық команың гипергликемиялық жағдайдан ажырату диогностикасы

  1. Гипергликемия 30-35 ммоль/л жоғары
  2. Осмолялылық 320 мосмоль/л жоғары
  3. Гипернатриемия
  4. Кетономия жоқ
  5. Креатинин және мочевина жоғары
  6. Лейкоцитоз

Емдеу.

  • Регидратация (алғашқы 3 сағ. 2,5- 3 л жоғалтады)
  • Инсулиндік терапия
  • Электролитті бұзылыстарды реттеу
  • Қосымша патологифяны емдеу
  • Қандағы глюкозаға экспресс- анализ жасау (1 сағ. 1 рет)
  • Қан сарысуындағы кетон денелерді қадағалау ( тәулігіне 2рет)
  • Қандағы К, Na мөлшерін анықтау ( тәулігіне 3-4 рет)
  • Қан мен зәрдің жалпы анализдерін жасап тұру ( 2-3 күнде 1 рет)

Инсулинотерапия . Тез арада диагноз қойғаннан соң қысқа мерзімді әсері бар инсулин көк тамырға немесе бұлшықетке еңгізеді.

  • 1-ші дозасы 0,1 ӘБ инсулин көк тамырға бірден, 2 сағ соң инсулин гипотоникалық хлорлы натрий ерітіндісімен араластырып көк тамырға тамшылатып еңгізеді.
  • Гликемия қанда 13,5 ммоль/л төмендегенде инсулин мөлшерін 2-есеге дейін азайтады 0,03-0,06 Ед кг/салмағына әрбір сағат сайын салады.
  • —Жүрек гликозидтері және қан тамырын кеңейтуші препараттар
  • —Егер АД төмен болса плазма ауыстырушы преапараттар (полиглюкин, плазма, қан құю, гидракартизон 250-300 мг.
  • —Ауыр жағдайларда (анурия)- гемодиализ

Асқынулары:

  1. Эпилепсия ұстамалары
  2. Терең вена тромбоздары
  3. Панкреатит
  4. Бүйрек жетіспеушілігі
  5. Өкпе ісінуі

Қорыта айтқанда, гиперосмолярлы кома дегеніміз – әртүрлі этологиялық себептердің әсерінен айқын дегидратация мен гипергликемия дамуы нәтижесінде ауыр клиникалық көріністермен өтетін ҚД ІІ типінің өте ауыр асқынуы болып табылады. Гиперосмолярлы кома дамыған жағдайда тез арада дұрыс ем жүргізбесе летальды жағдайға әкеледі.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!