Адамның иммундық жүйесі. Антигендер

Қазіргі иммунология және оның мақсаттары. Иммундық жүйе жайлы түсінік, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері. Антигендер жайлы ұғым

Қазіргі уақытта иммунология негіздерін білу барлық саладағы дәрігерлер дайындаудағы керекті құрам бөлігі болып табылады. Казіргі кезде иммунология клиникалық медицинадағы көптеген сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін ғылымдар қатарына шықты.
Иммунологияның жетістіктері – жаңа, тиімділігі жоғары диагностикалық және емдік препараттардың алынуымен, жұқпалы аурулардың төмендеуімен, көптеген ауруларды (қатерлі ісіктер, аутоиммунды, аллергиялық және созылмалы жұқпалы аурулар) емдеу кезінде иммунокоррекциялық терапияны қолдануымен, біріншілік және екіншілік иммун жетіспеушілік жағдайлардың патогенезі мен емін зерттеумен байланысты.

Иммунологияның мақсаттары:

  • Аутоиммунды аураларды емдеудегі қолданылатын иммуносупрессивті препараттарды шығару мен оларды жоғары сатыға көтеру
  • Селективті иммуномодуляторларды шағару және иммунды жүйені қалпына келтіру мәселелерді шешуге арналған зерттеулерді жүргізу
  • Балалар иммунологиясының күрделі мәселелерін шешу
  • Иммунологиялық зерттеу әдистерді, диагностикалық жүйелерді жетілдіру жұмыстарды жалғастыру

Иммунологияның даму тарихы:

Иммунология 19 ғасырда дами бастады. Оның атасы – вируленттігі әлсіреген микробтан вакцина жасау принциптерін ашқан – Луи Пастер. Л.Пастер – құтыруға, түйнемеге, тауық тырысқаққа қарсы вакцинаны шығарушы болады. Иммунизациядан кейін пайда болатын заттар антиденелер деп аталған.
Сол жылдарда П.Эрлихтің гуморалды иммунитет теориясы шығады. Микробқа қарсы пайда болған заттарды антидене деп атады.

Сонымен қатар, иммунитеттің фагоцитарлық теориясын феноменіне сүйене отырып И.Мечников иммунитеттің фагоцитарлық теориясын шығарады. Гуморалды иммунитетті зерттеуде Беринг мен Китазато үлкен үлес қосқан. 1890ж. Беринг пен Китазато құл мен сіреспеге қарсы, токсиндерді бейтараптайтын, анатоксин алды.

Иммунитет теориялары

Инструктивті теориялар бойынша – антиген пассивті материал ретінде қаралған. Бұл теориялар көптеген сұрақтарға жауап бермеді

Селективті теориялар :
(П. Эрлихтің пікірі бойынша -1955 ) – Барлық антиденелердің арнайлығы  алдын ала анықталған, ал түскен антиген болса – тек өзіне сәйкес антиденелердің тандап алу факторы ретінде қызмет атқарады
–  (Н. Ерненің пікірі бойынша – 1955)-  Организмде  үнемі эртүрлі антиденелер бар. Ангитенмен әсерлесуден кейін олар макрофагтармен жұтылып,  арнайы антиденелердің  түзілуіне әкеледі

Иммунология дамуының жаңа кезеңі австриялық ғалымы Ф.М.Бернеттің атымен байланысты (1959 ж). Ол иммунитеттің клон-сұрыптау теориясын ашты.

Лимфоциттердің бағаналы клеткадан дифференцировка процессинде клеткалардын клондары түзіледі. Олар болса тек өзіне сейкес-арнайы антигенмен әсерлесуге қаблеті бар.

Сонымен, Бернеттің клон-сұрыптау теориясының мағынасы: әр антигенге белгілі лимфоцит бар. Лимфоидті клеткалардың популяциясы өте көлемді, гетерогенді, антигендік детерминанттардың көп санды түрлерінен асып түсіп, басып кетеді. Бірақ, шындығында бұл процесс күрделенген, өйткені белгілі рецепторлары бар лимфоциттердің пайда болуы өмір бойы жүреді.

1974ж. Ерне идиотип-антиидиотип –қарым-қатынас иммунологиялық теориясын тұжырымдады. Әрбір иммуноглобулинде 2 негізгі бөлімшесі болады. Олардың ішінде: біріншілері- әдеттегі антигендердің антигендік детерминанттарымен байланысады, екіншілері – басқа Иг-ң молекуласы сыртында орналасқан, антигендік детерминанттармен ұқсас, идиотипикалық детерминанттармен өзара әрекет жасайды. Мұндай детерминаттар идиотип деп аталады.

Феноменның мәні – антигенге арналған рецепторлардың өздеріде лимфоциттердегі басқа рецепторлармен танылады.

Сондықтан, Ерненің кестесінде танушы лимфоцитте антигеннің эпитопынаға емес, антигентанушы рецептордың өзіне-де рецепторлар бар екені көрсетілген. Осы рецепторладың арасында тепетендік болу қажет.

Бернеттің болжамы бойынша П.Медавар 1953ж. эксперимент нәтижесінде иммунологиялық төзімділікті ашты. Бұл жұмыстары үшін осы екі ғалымға Нобель сыйлығы берілген. Медавар трансплантация заңдарын жаңадан ашты.

20 ғасырдың екінші жартысында Портер мен Эдельман антиденелердің химиялық құрылысын ашты. Гибридомдар мен моноклоналды антиденелер алу әдісін Келлер мен Мильштейн ашты. Биотехнология дами бастады.

Иммунды жүйе организмнің қоршаған ортаның жағдайларына бейімделуін камтамасыз етеді.

Иммунды жүйенің негізгі қызметі –иммунитетті тудыру

Иммунитет – дегеніміз организмнің генетикалық бөгде информациясын тасымалдау- шылардан қорғану әдісі, ішкі гомеостазды сақтау үшін бағытталған.

Иммунды жауап дегеніміз антигенді байланыстырып, инактивациялап, ыдыратып және организмнен шығаруға бағытталған иммун жүйесінің арнайы комплексті реакциясы. Иммунды жауап бір-бірін толықтыратын клеткалық және гуморалды иммунитет реакциялар- мен жүзеге асады. Иммундық реакциялардың нәтижесінде иммунды гомеостазды  реттейтін биологиялық белсенді заттар босатылады.

Біріншілік иммунды жауап

Антигенмен бірінші рет түйіскеннен кейін 5-.7 кунде қалыптасады. Біріншілік гуморалды иммунды жауаптың негізінде ең бірінші IgM-классты АД түзілуі жатады. Клеткалық иммунды жауап жетілген эффекторлы Т-лимфциттердің пайда болуымен сипатталады. Сонымен қатар-Т- және В- есте сақтау клеткалар түзіледі

Екіншілік иммунды жауап

Антигенмен екінші рет түйіскеннен кейін жоғары денгейде тез қалыптасады, біріншілік иммунды жауппен салыстырғанда организмнің эффективті корғанысын қамтамасыз етеді. IgG-антиденелер жоғары денгейде түзіледі. Екіншілік иммунды жауаптың нәтижелігі есте сақтау клеткалармен байланысты.

Иммунды жүйенің негізгі қызметтері:

  • Жұқпаларға қарсы қорғанысты қамтамасыз ету.
  • Ісікке қарсы иммунитетке қатысу.
  • Трансплантациялық иммунитетке қатысу.
  • Аллергиялық реакцияларға қатысу.
  • Аутоиммунды патологияның даму механизмдеріне қатысу.
  • Ана мен бала организмдері өзара қатынасына қатысу.
  • Қабыну процессіне қатысу.
  • Қан ұю механизмдеріне қатысу.

Организмнің иммунды жүйесі біртұтас морфофункционалды жүйе

  • Иммун жүйесінің жалпы салмағының мөлшері – 1,5-2 кг. тартады, ал лимфоциттердің жалпы саны 1013-і дәрежесінде болады.
  • Лимфоциттер лимфатикалық тамырлар мен қан тамырлар арқылы лимфоидты мүшелер мен лимфоидты емес тіндердің арасында интенсивті түрде рециркуляциялайды. Бұл лимфоциттердің миграциясы керісінше де жүреді.
  • Миграция механизмі лимфоциттердің бетіндегі белгілі молекулалардың қан тамырының эндотелийінің мембранасындағы белгілі бір молекулалармен әсерлесуден тұрады (адгезиндер, интегриндер).
  • Лимфоциттердің миграциясы организмнің жүйелі физиологиялық мақсаттарына байланысты.

Лимфоцит-иммун жүйесінің негізгі клеткасы

лимфоцит қазақша

Иммунды жүйе құрылысы

Иммун жүйесін зерттегенде мүшелік, клеткалық және молекулалық деңгейлер ажыратылады.

  • Мүшелік деңгейге орталық және шеткі мүшелер жатады. Орталық мүшелерге сүйек кемігі мен тимус жатады.
    Сүйек кемігінде көп қабілетті бағана клеткалардан лимфоциттер түзіледі және орталық мүшелерде пісіп жетіледі: В-лимфоциттер – сүйек кемігінде , Т-лимфоциттер – тимуста.
  • Тимус – лимфоэпителиалды мүше, өмірдің 3 жылында жетіледі, ал 20 жастан бастап тимустың инволюциясы басталады.
  • Тимус ұсақ бөліктерге бөлінетін екі бөлімнен тұрады. Әрбір бөлшекте субкапсулярлы, қыртысты және милы қабаттар ажыратылады
  • Тимуста Т-лимфоциттердің жутілуі, тимусты факторлардын түзілуі жүреді. Тимус гормондары (тимопоэтиндер мен тимозиндер) мен ИЛ-7 тимустың өзінде және одан тыс Т-лимфоциттердің дифференцировкасын реттейді.
  • Тимустың негізгі қызметі – иммуногенезді реттеу және Т-лимфоциттер, В-лимфоциттерге қарағанда, иммунологиялық бақылауды жүргізу үшін үнемі циркуляцияда жүреді.
  • Сүйек кемігінен Т-лимфоциттердің із ашарлары тимусқа миграцияланады. Онда олардың дифференцировкасы жалғасады.
  • В-лимфоциттердің дифференцировкасы сүйек кемігінде өтеді.
  • Иммунитеттің орталық мүшелерінде антиген тәуелсіз дифференцировка нәтижесінде лимфоциттердің клондары түзіледі – жетілген, бірақ иммунды емес лимфоциттер.
  • Түзілген лимфоциттердің клондарының әрқайсысы бір ғана антигендік детерминанттарға арналған.

Иммунды жүйе шеткі мүшелері

  • Лимфотүйіндер,көк бауыр, пейер табақшалары, аппендикс, бадамша бездер, және басқа лимфоидты түзілістер иммун жүйесінің шеткі мүшелеріне жатады
  • Иммун жүйесін шеткі мүшелері тимустәуелді және тимутәуелсіз аймақтардан тұрады.
  • Антигендермен әсерлесу арқылы иммунды жауапты жүзеге асыратын лимфоциттердің толық пісіп жетілуі жүреді.
  • Перифириялық мүшелерде Т-,В- ж/е антигентаныстырушы клеткалардың кооперациясы өтеді. Антидене түзілу орны болады.

Иммунды жүйе клеткалық (жасушалық) деңгейіне мыналар жатады: Т, В, НК-клеткалар, лимфоциттермен бірлесіп істейтін дендритті клеткалар, макрофагтар, эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер.

Молекулалық деңгейге антиденелер, антигендер, лимфокиндер, МНС белоктары, лимфоциттердің беткей маркерлары, лимфоциттердің антиген танушы рецепторлары жатады.

Иммун жүйесінің тағы да бүкіл организмдіқ және популяциялық деңгейлер ажыратылады. Бүкіл организмнің деңгейінде иммунды жүйе мен эндокриндік жүйелердің қарым-қатынасы арқылы организмде біртұтас реттегіш жүйенің бар екендігі дәлелденеді.

Иммунологияда, сонымен қатар, жаға бағыт – нейроиммуноэндокринология пайда болады.

АНТИГЕНДЕР

Антигендер дегеніміз – иммунды жауапты шақыруға қаблеті бар генетикалық бөгде зат.

Антигендер 4 негізгі қасиетпен сипатталады:

  • Бөгделік – генетикалық өзгешілікті көрсететін ұғым. Бул ұғым антигеннің организмнен айырмашылығын көрсетеді
  • Антигендік – заттың иммун жауапты қоздыру мөлшерін-қаблетін көрсететін ұғым.
  • Иммуногендік – иммунитет тудыру қабілеті. Бул ұғым бөгделікпен, жеткілікті молекулярлы массасымен, химиялық құрылысының ерекшеліктерімен анықталады
  • Ерекшелік– арнайылық – АГ-дің бір-бірінен ерекшеленіп ажырайтын қасиет.

АГ-детерминанты немесе эпитоп деп иммуногендік әсері бар АГ-нің активті бөлігі (орталығы) аталады. Эпитоп – АГ-танушы рецепторларымен немесе антидененің белсенді оратылығымен әсер ететін АГ-ң бөлшегі. Т- және В-эпитоптар ажыратылады. HLA-молекуламен танушы АГ-нің бөлшегі – агретоп деп аталады.
Гаптен – қарапайым, төмен молекулалық химиялық құрылым, өздігінен иммунды жауапты шақыруға шамасы жоқ, бірақ белокпен байланысу нәтижесінде антиденелер синтезін шақыруға қабілетіне ие болады.

Антигендер жіктелуі

  • Әртүрлі бүлдіргіш факторлар мен инфекциялық агенттердің әсерінен организмнің өз клеткалары антигенге айналуы мүмкін (эндогенды).
  • Микро- және макроорганизмнің ортақ антигендік детерминанттары бар антигендер айқас әсері бар антигендер деп аталады.
  • Антигендер иммунды жауапты Т-хелпердің көмегімен ғана шақыратын тимус тәуелді деп аталады.
  • Антигендер иммунды жауапты Т-лимфоциттердің қатысуынсыз шақыратын, тимус тәуелсіз деп аталады. Бұл антигендерге бактериалды ЛПС, пневмококктың полисахаридтері. Vi-антиген, ПВП (поливинилпироли- дон) жатады. Барлық табиғи антигендер арасында 10% құрады.
  • Түрлік антигендер – организмнің бір ғана түріне сәйкес.
  • Гетероантигендер – әртүрге жататын организмдегі ортақ антигендер.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Иммунитет және қабылдағыштық
  2. Жасушалық иммунитет. Т лимфоциттер
  3. Гуморалды иммунитет жүйесі

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!