Холера

Холера ауруы. Холера қоздырғышы. Тырысқ жайлы қазақша ұғым

Холера (тырысқақ)Vibrio cholerae қоздырғышымен шақырылатын, экзотоксиннің әсерінен сулы-электролитті диареямен және оның нәтижесінде туатын  сусыздану синдромымен жедел өтетін аса қауіпті ішек антропонозды инфекциясы.

Холера жайлы тарихи мәліметтер

1817 ж-ға дейін холера тек қана Оңтүстік-шығыс Азияда, көбінесе Индияда тараған ауру болған. 1817-1936 жж – Азияттық холераның 6 пандемиясы өтті. 1961 жылдан бері – 7-ші пандемия. Қазіргі күнде холера 40-тан астам мемлекеттерде тіркелген. Жыл сайын дүние жүзінде холерамен 300-500 мың адам ауырады, өлім көрсеткіші 1-4%. Қазақстанда холера жан-жақтан әкелінген бірен-саран оқиғалармен көрінеді.

Этиологиясы: қоздырғышы  Vibrio cholerae

  1. Vibrio cholerae classica- азиаттық классикалық холераның қоздырғышы
  2. Vibrio cholerae Эль-Тор – Эль-Тор холераның қоздырғышы

Вибриондар: өте қозғалмалы, үтір түрде иілген, грамм теріс  қысқа  таяқшалар. Аэроб, оптимальды  температурада (37˚С), сілтілі ортада жақсы өседі. Сыртқы ортаның температурасы 17 ˚С-тан жоғары, су көздерінде өте төзімді. Антигендік құрамы: О- соматикалық антиген, Н- жіпшелік антиген. Антигендік қасиеті бойынша О1 серотопқа кіреді.О1 антиген – А,В,С компонеттерінен құрастырылады.

Келесі серотоптарға бөлінеді:

  1. Инаба (АС)
  2. Огава (АВ)
  3. Гикошима (АВС)

Холера вибрионы  3 токсикалық зат бөледі:   

  1. Эндотоксин – иммуногенді әсер
  2. Экзотоксин-холероген – диареямен сусызданудың негізгі себебі
  3. Өткізгіштік факторы – жасуша мембраналарымен тамырлардың өткізгіштігін жоғарылатады.

Тырысқақ эпидемиологиясы: Антропоноз. Аса кауіпті инфекциялар қатарына кіреді.

Инфекция көздері:

  1. Холераның типті және атипті түрлерімен ауыратын адамдар (1 гр нәжіспен 107- 109 микроб бөліп шығарады)
  2. Вибрион тасымалдаушылар (сау, транзиторлы, реконвалесценттер) -(1 гр нәжіспен 102- 105 микроб бөліп шығарады)

Классикалық холерада инфекция көзі – көбінесе типті түрімен науқастанған адамдар.

Эль-Тор холерада инфекция көзі – көбінесе атипті түрімен науқастанған адамдар және тасымалдаушылар.

Таралу механизмі: нәжіс-ауыз (фекальді -оральді) арқылы

Таралу жолдары:

  • су арқылы (көбінесе)
  • алиментарлы
  • тұрмыстық қатынас арқылы

Адамдардың инфекцияны қабылдау мүмкіншілігі өте жоғары – 100% -ке дейін. Эндемиялық ошақтарда көбінесе балалар мен қарт адамдар  ауырады.

Тырысқақ (холера) патогенезі

Холера вибриондары асқазаннан өтіп, ащы ішектің қуысына түседі. Энтероциттерге жабысып – адгезия-шырыш қабаттарында 12-24 сағаттың ішінде көбейеді (колонизацияланады), токсикалық заттарды бөледі. Патогенездің негізгі факторы экзотоксин (диареяның себебі). Экзотоксин энтероциттердің ішіне өтіп, аденилциклазаны белсендендіреді, цАМФ шығуын көбейтеді,  ішек сөлінің секрециясын күрт жоғарлатады (гиперсекреторлы процесс туады, 1  сағатта 1 литр суйықтық өндіреді). 1 литр сүйықтықпен организмнен 5,0г NaCl, 4,0г натрий гидрокарбонаты, 1,0г КСІ сыртқа шығады.

Диареяның түрі – сулы-электролитті. Ол сусыздану, деминерализацияны туғызады. Нәтижесінде гиповолемия (абсолюттік), микроциркуляцияның бұзылыстары, тканьды гипоксия, ацидоз, метаболиялық бұзылыстар туады.

Холера (тырысқақ) патогенезі

Инкубациялық кезеңі: 1-2 күннен 5 тәулікке дейін.

Басталуы жедел. Продромальды белгілер сирек кездеседі (12-17% көбінесе Эль-Тор холерада).Холераның ең бірінші көрінісі: аяқ астынан пайда болатын диарея (тәулігіне 3-10 реттен 30 ретке дейін), іш өту ауырсынусыз болады.

Холераға тән нәжіс: сулы, көп мөлшерде (300 мл-ден 1 литрге дейін) , түссіз, иіссіз, «күріш суы» тәрізді, құрамы изотониялық сұйықтыққа тән.

Құсу – іш өтуден кейін, жүрек айнусыз, жиі, сулы, «фонтан тәріздес» болады.

Сырқат басынан бірнеше сағаттан кейін сусыздану синдромының алғашқы белгілері пайда болады:

  • Шөлдеу
  • бұлшық еттердің әлсізденуі
  • адинамия
  • балтыр еттердің ауырсынып, тартылуы
  • тахикардия
  • гипотония
  • тыныс алуының жиіленуі
  • терінің бозғылттығы

Одан кейін бет әлпеті жүдеп, көз айналасы көгеріп, тері тургоры төмендеп, шырыш қабаттары құрғап, цианозданады.

Холераның клиникалық патогенетикалық жіктелуі:

(В.И.Покровский, 1973ж)

  • 1-дәрежедегі дегидратация – сұйықтықты дене салмағынан 3%-ке дейін жоғалту
  • 2-ші дәрежедегі дегидратация – сұйықтықты дене салмағынан 4-6%-ке дейін жоғалту
  • 3-ші дәрежедегі  дегидратация – сұйықтықты дене салмағынан 7-9%-ке дейін жоғалту
  • 4-ші дәрежедегі дегидратация – сұйықтықты дене салмағынан 9-10%-тен жоғары.

Дегидратацияның 1-ші дәрежесі 50-60% науқастарда болады. Іш өту 3-10 рет. Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 1-3%-тен аспайды. Тері қабаттары өзгеріссіз. Кейбіреуінде акроцианоз. Шырыш қабаттарының сәл құрғауы. Дене қызуы қалыпты (әлсіздік, бас айлануы). Сырқаттың ұзақтығы 3-4 тәуліктен аспайды.

Дегидратацияның 2-ші дәрежесі 20-25% науқастарда болады. Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 4-6%-ке жетеді. Іш өту жиілігі 15-20 рет. Нәжісі сулы, «күріш суы» тәріздес. Сусыздану белгілері өте жылдам дамиды: әлсіздік, бас айналу, шөлдеу, қайталанған құсу, терісінің бозғылттануы, суық тер жабуы, акроцианоз, балтыр бұлшық еттерінің тартылуы. Дене қызуы қалыпты, тері қатпарлары баяу түрде жазылады. Тахикардия, гипотония, аздаған олигурия.

3-ші дәрежедегі дегидратация 8-10% науқастарда кездеседі: Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 7-9%-ке дейін жетеді. Іш өту жиілігі санаусыз.Дене қызуы төмендей бастайды. Сусыздану белгілері өте айқын және өте жылдам дамиды.Ауырған адамның көзі ішіне кіріп, бет әлпеті өткірленеді. Тері тургоры төмендеп, қатпарлары жазылмайды, «кір жуғыштың қолы» деген белгі айқындалады, жайылған акроционоз анықталады. бұлшық еттері тартылады, дауысы қарлығады, тахикардия, гипотония, олигурия.

4-ші дәрежедегі дегидратация 8-10 % науқастарда кездеседі. Клиникасында гиповолемиялық шок белгілері алға шығады. Артериалды қысымы 30/0 мм.с.б. немесе анықталмайды, жіп тәрізді пульс, үстемелі демікпе, анурия, цианоз, сопор, кома.

Холераның типті және атипті түрлері бөлінеді.

Холераның Атипті түрлері:

  • Жылдам өтетін холера «найзағай тәрізді»
  • Құрғақ холера
  • Іш өтусіз, құсықсыз өтетін холера
  • Геморрагиялық синдроммен өтетін холера

Эль-Тор холераның ерекшеліктері:

  • Көбінесе жеңіл, жасырын түрлерінде өтеді.
  • 17-21% науқастарда продромальды белгілер болуына тиісті.
  • Сырқаттың басында субфебрильді қызба болуы мүмкін.
  • Жүрек айнумен, ішінің ауырсыну белгілері болуы тиісті.

Холера (тырысқақ) диагностика жолдары

  • Клиникалық белгілері
  • Эпидемиологиялық белгілері
  • Зертханалық әдістер:
  • Бактериологиялық зерттеу (құсық, нәжіс)
  • Серологиялық зерттеу (АР және ПГАР)
  • Иммунофлюоресцентті

Салыстырмалы диагностикасы:

  • Сальмонеллезбен,
  • тағам-токсико инфекциямен,
  • дизентерияның атипті түрімен,
  • вирусты диареяларымен т.б.

Холера емі

Негізгі емі – регидратация; 2 сатымен жургізіледі:

  1. Ауруханаға жатқызылғанға дейінгі жоғалтқан сұйықтықты толтыру
  2. Ары қарай шығып жатқан сүйықтықтықпен минералдарды қалыптастыру.
  • Оральды регидратация – регидрон, оралит, цитроглюкосолан
  • Парентеральды регидратация- полиионды сүйықтықтықтарды тамыр ішіне еңгізу(ацесоль, трисоль, дисоль, квартасоль т.б.)
  • Этиотропты ем: тетрациклин, доксициклин, сифлокс, фторхинолондар (офлоксацин, ципрофлоксацин т.б.)

Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар:

Аса қауіпті инфекция кезіндегі ресми түрінде бекітілген  шараларды  толық жүргізу.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!