Акушерия және гинекология Силлабус

.7  Мұғалімдер туралы мәліметтер

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к., профессор Ахмедьянова Г.У.

Ғылыми мектеп: клиникалық ординатура, Мәскеу қаласындағы СССР Денсаулық сақтау Министрлігіндегі Бүкіл одақтық акушерия және гинекология ғылыми зерттеу институтындағы аспирантура (1972-1977ж.ж.). Мәскеудегі Сеченов атындағы алғашқы медицина институтында, Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы КазМНУ-дан білімін жоғарлатқан. Медициналық білімде жаңа технологиялар, 2008 ж. Мәскеу қаласындағы ВНИИ А және Г 1997 жылы кандидаттық диссертация қорғаған.  1987 жылдан доцент, 2005 жылдан КазГМА профессоры. Тәжірибелік дағдылар мен клиникалық оқыту бойынша жаттығулар, 2008 ж. «Нәтижелі перинатальді көмек», «ВАВІЕS матрицасын және үнемі сапаны жоғарлату бағдарламаларына кіріспе» курстарын оқып, «Ана сырқаттануы мен өлімі бойынша аудит: «сандардың артында не тұр», «Медициналық қызмет көрсету сферасында экспертті қызмет негіздері» бойынша техникалық семинар тыңдады, тәуелсіз эксперт.

«ҚР-да перинатальді көмекті қайта құру», 2009 жыл. 2, 1 және жоғары квалифицирленген дәрігерлік категорияларды тапсыру бойынша аттестационды комиссияның мүшесі. Астана қаласындағы  акушер-гинекологтардың Ассосациясының төрайымы. ҚР акушерство мен гинекологиядан сот эксперті. Астана қаласының ДЗ акушер-гинекологиялық қызметі бойынша бас координатор. ҚР УПД бас акушер гинекологы.

Жоғары дәрежелі дәрігер, 2007 жылы.

Ғылыми қызығушылықтары: акушерствода бактериальді инфекцияларды болжау және алдын алу, 4 инновациялық патетке ие, 1 патет – алтын белгі. ҚР МОН ғылым мен білім беру саласында бақылау және аттестация комитетінің эксперті.

2 тілде дәріс оқиды, тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Профессорлар:

Габдильашимова З.Т. – м.ғ.д., профессордың қ.а.

Ғылымимектеп: медицина ғылымдарының докторы, 2007 ж.

Біліктілікті жоғарылату курстары:

– Royal College Obstetrics& Gynecology , «Клиникалық нұсқауларды әзірлеу және тәжірибеге еңгізу», 2012 ж., Лондон, Ұлыбритания;

– Parkway college , «Ұқсастырып оқытудың негіздері»,  2012 ж., Сингапур.

– «Жатыр мойнының патологиясы. Клиникалық кольпоскопия», АБҰҒОАстана қ., 2012 ж.

– «Жүктілікті көтере алмаушылықтың өзекті мәселелері», 25.07.2014 ж., Ана мен бала ғылыми орталығы, Астана.

– «For having successfully completed the first module «Health Research» of the Summer School «From Management Control System and Business Intelligence to Strategic Planning: on the job training» – HTACAMP, 10-14 July 2017.

Ғылыми қызығушылықтары: эффективті перинатальдік технологиялар; акушерлікіс және гинекология бойынша дәлелді медицина қорларын шолыпқарау; акушерлік іс және гинекология бойынша клиникалық хаттамалардық ұрастыру және талдау.

Кульчимбаева С.М. –  м.ғ.д., профессордың қ.а.

Алматы қаласы Акушерия және гинекология ғылыми орталығында акушерия және гинекология бойынша докторантура, аспирантура ғылыми мектебі.

Республикалық, қалалық деңгейде 60-тан аса басылым, 4 монография, 3 ғылыми өнертабыс, 4 авторлық куәлік иесі, 10-нан аса шет елдерде конференцияларға қатысқан.

5000сағаттан аса специализация, соңғысы «Акушерия және гинекологиядағы өзекті сұрақтар»,  Астана, 216 сағат.

4-5 курстарға, магистранттарға сабақ жүргізу.

Ғылыми қызығушылығы – жүктілікті көтереалмаушылық, бедеулік неке, босануға психопрофилактикалық дайындық.

Доценты:

Доценттер:

Галицкая Т.Н.– м.ғ.к., доцент қ.а.

Ғылымимектеп: «иммунология» мамандығыбойыншамедицина ғылымдарыныңкандидаты, 2006 ж., 2009 ж. – доцентқ.а.

Біліктілікті жоғарылату курстары:

– «Жанұяныжоспарлаужәне контрацепция», 2008 ж.

4-5 курс студенттерімен және резиденттермен тәжірибелік сабақтарды өткізу.

Ғылыми қызығущылықтары: бактериальді вагиноз.

Мырзабекова А.Ж. – м.ғ.к., доцент

Ғылыми мектеп: 2006 ж – «акушерлік іс және гинекология» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты, 2008ж. – медицинаның доценті.

Тестілеу әдістемесі бойынша біліктілікті жоғарылату курстары – Тель-Авив университетінде стажировкадан өту, Израиль 2007 ж.; Педагогика бойынша біліктілікті жоғарылату курстары 2007 ж.; Қауіпсіз ана болу циклдары, 2006 ж., Акушерлік іс пен гинекологияның таңдамалы сұрақтары, 2008 ж.

Дәрістерді оқу және 4-5 курс студенттерімен тәжірибелік сабақтарды өткізу, резиденттерге сабақ өткізу.

ШамоваА.К. – м.ғ.к., доцент қ.а.

30 басылым, 4 әдістемелік нұсқау.

Ғылыми қызығушылықтары: гинекологиялық көмекті және босануға көмек көрсететін ұйымдардың қызметін ұйымдастыру. Босануға көмек көрсететін ұйымдардың ауруханаішілік аудиты. Балалар гинекологиясы.

Дәрістерді оқу және 4-5курс студенттерімен тәжірибелік сабақтарды өткізу, резиденттерге сабақ өткізу. 

Шарипова М.К. – м.ғ.к., доцент қ.а., жоғары санатты дәрігер.

Ғылыми мектеп: 1998-2000 ж.ж. Ақмола мемлекеттік медицина университетінің аясында клиникалық ординатура.

Біліктілікті жоғарылату курстары: Астана қ. ҚазММА-да «Акушерлік істің және гинекологияның маңызды сұрақтары» бойынша тақырыптық жетілдіру. «Гинекологиядағы эндовидеохирургиялық операциялар» циклі бойынша Астана қ. ҚазММА-да жетілдіру, дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультеті Астана қ. ҚазММА-да «Эффективті перинатальды көмек» тақырыбы бойынша жетілдірілу кандидаттық диссертациясы РНИЦОЗМиР 2005жыл, Алматы қ.

Ғылыми қызығушылықтары: Гинекологиядағы бактериялды инфекция.

Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды 4-5 курстарға 2 тілде өткізеді.

Жетістіктері: 25 баспалық мақалалар, 1оқу құралы: «Заманауи жүктілікті көтере алмаудың профилактикалық аспектілері» тақырыбында.

Ким Т.В. – м.ғ.к., доцент,жоғарғы санаттағы дәрігер.

Ғылыми мектеп: Акушерия , гинекология және перинатология ғылыми орталығы, Алматы: диссертациясын ГБОУ ВПО «Омский госуд. мед. университет» қорғады, мамандық – Акушерия және гинекология.

Біліктілікті жоғарылату курстары:

  1. Еуропада инфекциялық бақылау стандарттарын көтеру (мамыр, 2013 ж. EUNIDA/GIZ).
  2. Дамымаған жүктілік: мәселелермен шешімер (РУДН, 2015).
  3. Жатырдың контрактильдігі. Тонысты басқаруды үйрену. (Сочи, 2013 ж., Сочи).
  4. «Жатыр мойны, генитальді инфекция, гармондар. Кольпоскопия ерекшеліктері»,2016ж.
  5. GCP in Investigator Initiated Studies (2014).
  6. Actual aspects of phytotherapy in clinical practice (2014., Istanbul).
  7. «GCP and Publication Standards», 2016 г., FORUM, Heidelberg.

Ғылыми қызығушылығы: Қазіргі заманғы акушерлік істегі семіздік мәселесі,акушерия және гинекологиядағы УДЗ, эффективті перинатальдік технологияларды жүктіліктің және босану барысында асқынуларда қолдану, акушерия және гинекологиядағы заманауи фармакотерапияның принциптері.  30 публикация, 1 оқулық, 2 авторлық куәліктер;

Баубекова А.Ш. – м.ғ.к., доцент, жоғары санатты дәрігер.

Ғылыми мектеп: 2005-2007ж.ж. Қазақ мемлекеттік медицина академиясының аясында клиникалық ординатура.

«Экологиялық қолайсыз аймақта тұратын жас қыз балалардың репродуктивтік денсаулығын бағалау» тақырыбына кандидаттық диссертацияны қорғау (желтоқсан, 2010 ж., Алматы қ.).

Біліктілікті жоғарылату:

  1. Акушерия мен гинекологиядағы актуалды эндокринологиялық сұрақтар (2014 ж., Астана қ., АГИУВ).

Мамандық бойынша стажировка: Акушерия және гинекология 137Т (2015ж., Оңтүстік Корея, Сеул.)

Ғылыми қызығушылықтары: «Гинекологиядағы эндовидеохирургиялық  операциялар».

Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды 4-5 курстарға 3 тілде өткізеді.

Жетістіктері: 30 басылым, 1 оқу құралы: «Жасөспірім қыздар гинекологі тәжірибесінде қолданылатын эндоскопиялық зерттеу әдістері» тақырыбында, 1 патент.

Ассистенттер:

Ахтанова В.И. – ассистент.

Ғылыми мектеп: АҚ АМУ аясында акушерлікісжәне гинекология мамандығыбойыншарезидентура.

Тәжірибелік сабақтарды екітілде өткізу.

Тәжірибелік сабақтарды 2 тілде өткізеді.

Ляшенко Г.Н. – м.ғ.к., ассистент

Жоғары санатты дәрігер.

Марапатталған: денсаулық сақтаудың озаты, 1990 ж.

Біліктілікті жоғарылату курстары: Септикалық акушерлік іс, Астана қ. 2011ж., Қазақстанның репродуктивті мүмкіншіліктері Астана қ. 2012ж.

Смагулова Б.Н. – ассистент

Ғылыми мектеп: АҚ АБҰҒО аясында акушерлік іс және гинекология мамандығы бойынша резидентура  2011 ж -2014 ж.

Ғылыми қызуғышылықтары: Құрсақ қуысы мүшелерінің және іш перде арты аймағының ультра дыбыстық зерттеуі. Акушерлік істегі функционалды диагностика.

4-5курстарда сабақ өткізу

Нурмагамбетова Г.Е. – ассистент

Жұмыстың тәжірибесі: «Жалпы дәрігерлік тәжірибесі» Карағанды Мемлекеттік медициналық  университетінде кафедра ассистенті болып жұмыс  істеді.

Статьялары:

– «Несеп шығару жолдары инфекциясы бар жүктілерді жүргізу бойынша сұрақтары»

Рамазанова Э.А. – ассистент

Ғылыми мектеп: АБҰҒО АҚ аясында акушерлік іс және гинекология мамандығы бойынша резидентура 2012 ж.

Ғылыми қызуғушылықтары: Құрсақ қуысы мүшелерінің және іш перде арты аймағының ультра дыбыстық зерттеуі. Акушерлік істегі функционалды диагностика.

4-5 курстарда сабақ өткізу

      Акетаева А. – ассистент.Бірінші  санатты дәрігер.

Ғылыми мектеп: ҰҒОАБ АҚ аясында акушерлік іс және гинекология мамандығы бойынша резидентура 2008-2010 ж.

МУА АҚ аясында акушерлік іс және гинекология мамандығы бойынша докторантура  2014-2017 ж.

Ғылыми қызуғушылықтары: Құрсақ қуысы мүшелерінің және іш перде арты аймағының ультра дыбыстық зерттеуі. Акушерлік істегі функционалды диагностика.

Біліктілікті жоғарылату:

  1. Акушерия мен гинекологиядағы актуалды эндокринологиялық сұрақтар (2014 ж., Новосибирск қ).
  2. Гинекологиядағы эндовидеохирургиялық операциялар (2011  ж.,  Алматы қ).

Ғылыми қызуғушылықтары:эндовидеохирургиялық  операциялар  гинекологияда; құрсақ қуысы мүшелерінің және іш перде арты аймағының ультра дыбыстық зерттеуі; акушерлік істегі функционалды диагностика; жүктілікті  көтере алмау;бедеулік.

Тәжірибелік сабақтарды 2 тілде өткізеді.

Жетістіктері: 21 баспалық мақалалар.

1.8 Ақпарат: Астана қ., А. Молдағулова көшесі, 28. Кафедра телефоны: 381097.

1.9 Пәннің саясаты:

Оқытушылар басшылығымен жүргізілетін студенттердің білім алуға өзіндік аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарында  пәннің негізгі саясатында жаңа оқыту әдістемесі байқалады. Органикалық химияның әрбір тақырыбын оқу барысында студент тақырыптың сипаттамасы мен соңғы өнімді алуға дейінгі  материалмен толық таныс бола алады. Сабақ қатаң түрде кестеге сай өтіледі, тақырыпқа сай арнайы химиялық құрал-жабдықтар, реактивтермен жабдықталған зертханада жүргізіледі.

Кафедраның жалпы талаптары және қатаң ескертулері:

  • Дәріске, зертханалық-тәжірибелік сабақтарға студенттер халатсыз жіберілмейді.
  • Тәжірибелік сабақтарға келерден алдын техника қауіпсіздік ережесімен танысады және өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау бойынша бақылау сұрақтарына жауап береді.
  • Студенттер жазба жұмысы немесе тәжірибелік жұмыстық әдістемелікссіз жұмысты орындауға жіберілмейді, сондай-ақ себепсіз сабақ жіберген болса, жіберілген сабақты келесі сабаққа дейін өтемейінше сабаққа жіберілмейді.
  • Дәріске және сабаққа 10 минуттан жоғары кешіккен студенттер себепсіз сабақ жіберген ретінде белгіленіп, келесі сабаққа дейін өтемесе сабаққа жіберілмейді.
  • Техника қауіпсіздігін бұзған жағдайда, зертханалық жұмысты дұрыс жасамаған жағдайда, реактивтерді дұрыс пайдаланбай артық шығындаған жағдайда студент жалпы білім бағасынан 1 балл жоғалтады.
  • Дәріс немесе сабақ соңында кезекші студент кафедра лаборантына бөлмені тапсырып кетуі тиіс.
  • Топ кезекшісі және басқа да студенттер жиhаздар мен инвентарлық материалдарға аудиторияда болған уақытында жауапты болып саналады. Егерде мүлік бүлінген, сынған жағдайда өтеуге тиіс.
  • Зертханалық-тәжірибелік жұмысты орындау барысында партамен столдардың тазалығына, реактивтердің артық жұмсалмауына мән беруі тиіс. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда сабақтан тыс уақытта сенбілік жасайды.
  • Студент рефераттар мен СӨЖ өз уақытында қормаған жағдайда жалпы бағалаудан 1 балл жоғалтады.
  • Тәжірибелік сабақтардан қарызы жоқ, коллоквиумды өз уақытында тапсырып, толық меңгерген студенттер емтиханға және қорытынды тестілеуге жіберіледі (ең төмен ОРД 50 %).
  • Өз мерзімінде сабақ өтемін тапсырмаған жағдайда студенттер қайта оқу курсына жіберіледі.
  • Тәжірибелік сабақтар мерекелік күндерге сәйкес келсе, үш жұмыс күнде тапсыру керек.
  • Тәлім алушылардың рейтингін жоғарылату үшін, студенттің өзіндік жұмыстарын №1 акушерия және гинекология кафедрасының өңделуімен электронды ситуациялық есеп түрінде орындауына болады.
  • Студенттерді емтиханға және қорытынды тест тапсыруға жіберіледі,тек қана : модуль компоненті бойынша 50 %    төмен   емес  қорытынды бағасы болу керек және тәжірибелік сабақтардан ешқандай тәжірибелік сабақтардан жіберілген күндері, тапсырылмаған СӨЖ болмау керек және т.б.   (ПЛ-МУА-31-13 бойынша  білім алушылардың оқу жетістігі ретинг жүйесі бойынша).
  1. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Акушерия- әйел ағзасында жүретін физилогиялық және патологиялық процестерді, жүктіліктің,  босану және босанудан кейінгі кезеңдерін, сонымен қатар босануға тиімді көмек көрсету, жүктіліктің және босану кезінде қолданылған емінің асқынуын емдеу және алдын алу, ұрықтың және жаңа туылған нәрестенің ауруларын оқытатын клиникалық медицинаның бір саласы .

Қалыпты, патологиялық және топографиялық анатомия, әйелдің репродуктивті жүйесінің физиологиялық және патологиялық процестерін, жыныстық ағзалардың патологиялық жағдайының маңызды нысандарының симптоматикасын,   жүкті, босанушы және босанған әйелдерді негізгі зерттеу әдістерін, жаңа туылған нәрестелерге және гинекологиялық науқастарға уақытша диагноз қоюға көмектесу, акушерлік және гинекологиялық патологияның шұғыл төтенше жағдайларныда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету, жүктіліктің, босанудың және босанудан кейінгі кезеңдегі асқынулардың алдын алу шараларын жүргізу , ұрықтың және жаңа туылған нәрестелардің патологияларын, әйелдің репродуктивті денсаулығын қорғау негіздерін білу болып табылады.

Сонымен қатар, кез келген мамандық дәрігері жедел көмек көрсету мақсатында ең кең таралған  акушериялық, гинекологиялық және онкогинекологиялық патологияның клиникалық көрінісін, анықтау принциптерін және емін білуі керек.

Онкогинекология –  онкологияның бір бөлігін қамтитын, құрамында әйел жыныс ағзасының анатомиялық және физиологиясы жайлы ақпараты, зерттеу әдістері, эпидемиологтарға арналған жеке онкогинекология мәселелерін,  этиологиясын, патогенезін,  клиникасын, диагностикасын, әйелдердің  жыныс ағзаларының қатерлі аурулардың алдын алу және емдеуді оқытатын сала. 

2.2 Пәннің мақсаты:  жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу мен диагноз қою бойынша, жиі кездесетін  акушериялық және гинекологиялық патологияға диагноз қою мен шұғыл көмек көрсету бойынша білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

2.3 Пәннің міндеттері:

  • студенттерді акушерия мен гинекологиядағы және онкогинекологиядағы диагностика мен емдеудің негіздерін таныстыру;
  • студенттерді физиологиялық жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізуге үйрету;
  • студенттерді акушериялық- гинекологиялық патология кезінде шұғыл көмек көрсетудің принциптеріне үйрету;
  • әйелдің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау мәселелерімен таныстыру; 

2.4 Оқытудың қортынды нәтижелері

А.  Білуі мен түсінуі :

  1. ҚР акушериялық-гинекологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен жүктілер мен гинекологиялық науқастарға акушериялық-гинекологиялық көмек көрсетуді аймақтандыру принциптерін;
  2. Әйел организмінің түрлі жас кезеңдеріндегі клиникалық-физиологиялық ерекшеліктерін;
  3. Жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексеру ерекшеліктерін;
  4. Физиологиялық жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің ағымы мен жүргізу принциптерін;
  5. Акушерия мен гинекологиядағы зерттеудің қазіргі қосымша әдістерін;
  6. Ұрықтың (іштегі нәрестенің) жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістерін;
  7. Жиі кездесетін акушериялық және гинекологиялық патологияның клиникалық көрінісін, диагностика принциптерін, шұғыл жәрдем көрсетуді және алдын алуды;
  8. Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау принциптерін;
  9. Емшекпен емізу принциптерін.
  10. Әйел жыныс ағзаларының ісікалды және ісік процестерінің симптомдары, оларды анықтау жолдары, қалыптастыру әдістері және и қатерлі ісіктердің әрбір локализациясы үшін қауіп-қатер тобын арттырудың тактикасы.
  11. Түрлі локализациялардың ерте рак ауру белгілерін білу, оларды белсенді анықтаудың тактикасы;

В. Студент білгені мен түсінгенін қолдану:

  1. Жүктілер мен гинекологиялық науқастардан анамнез жинау;
  2. Жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің объективті әдістерін қолдану;
  3. Жүктілік пен босану кезінде қауіп факторларын анықтау;
  4. Жүктілік пен босану патологиясына диагноз қою;
  5. Акушериялық сыртқы және ішкі тексеру;
  6. Арнайы тексеру әдістеріне: жатыр мойнын айнамен қарау, жатыр қабырғасын-іншекті бимануальды тексеру, ректальды және ректовагинальды тексеру;
  7. Амшекті қарау және пальпациялау;
  8. Бактериоскопиялық және бактериологиялық тексеруге сүртінді алу, іншектегі затты онкоцитологиялық тексеру;
  9. Жатырішілік контрацептивтерді енгізу;
  10. Ұрықтың (іштегі нәрестенің) жүрек соғысының аускультациясын, КТГ;
  11. Операциядан кейінгі тігістер мен бұтаралықтағы тігістерді өңдеу;
  12. Нәрестені біріншілік өңдеу.
  13. Анамнездік деректерді жинауды.
  14. Емханалық карта мен ауру тарихын толтыруды.

С. Студент ойын жеткізу дағдысын меңгеруі тиіс:

  1. Жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің жоспарын құру мен зерттеу нәтижелерін талдау;
  2. Гравидограмманы, партограмманы жүргізу мен түсіндіру;
  3. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі жағдайын бағалау;
  4. Апгар әдісімен нәресте жағдайын бағалау;
  5. Босануда бала жолдасының тұтастығы мен қан жоғалтуды анықтау;
  6. Қатерлі ісіктің асқынған түрінде хаттаманы талдауды.
  7. Әйелдердің жыныс ағзалары қатерлі ісік ауруларының лабораторлық зерттеулер көрсеткіштерін талдау.
  8. Ісіктік көрінісі бар рентгенограмманы, УДЗ, КТ, МРТ көрсеткіштерін талдау.
  9. Әйелдердің жыныс ағзаларының қатерлі ісік аурулары мен ісікалды ауруларының морфологиялық көрінісінің нәтижелерін түсіндіріп беруді.
  10. D. Студент коммуникативті біліктіліктерге ие болу тиіс:
  11. Босанған әйелге баланы емізу техникасына үйрету;
  12. Босанған әйелге босанғаннан кейінгі контрацепцияға, соның ішінде лактационды аменорея әдісіне үйрету;
  13. Пациентпен, оның туыстарымен, қызметтестермен және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қатынас құру;
  14. Топта жұмыс істеу.
  15. Науқасқа жақсы нәтижелерге жету үшін науқаспен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді қарым-қатынас жасай алады.
  16. Зерттеліп отырған мәселе бойынша өздік және әдеби мәліметтерді ұсыну.
  17. Пациенттермен, олардың туыстарымен, әріптестерімен, білім алушылармен барынша сенімді қарым-қатынас орнату.
  18. Әріптестер арасындағы психологиялық жағдайды бағалау және пайда болатын жеке және психологиялық мәселелерді шешу жолдарын табу.

Е.  Студент оқуға біліктілігін көрсету тиіс:

  1. Жүктілердің, босанушылардың, босанған әйелдердің және гинекологиялық науқастардың курациялау,
  2. Функциональды диагностика кабинеттерінде және босану мекемелерінің бөлімшелерінде жұмыс жасау,
  3. Студенттердің оқу және қосымша әдебиетпен және электронды тасымалдау құралдарындағы әдебиетпен,интернетпен жұмыс жасауы;
  4. Тест тапсырмаларын, сөзжұмбақтарды дайындау және шешу.
  5. Презентацияларды дайындау,
  6. Акушерия және гинекологиядағы шұғыл көмек бойынша логикалық құрылымдар графалары мен алгоритмдерін жасау,
  7. Рефераттар жазу және қорғау,
  8. Ситуациялық тапсырмаларды шешу.
  9. жеткілікті ғылыми-зерттеу сұрақтарын құрастыруы, кәсіби әдебиеттерді сыни бағалауы, өздерінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалануы, зерттеу тобының жұмысына қатысуы.
  10. Өз бетінше үйренуге, талқылауға, талқылауға белсенді қатысуға, конференцияларға және үздіксіз кәсіптік дамудың өзге де нысандарына белсенді қатысуы.
  11. Диагностика бойынша халықаралық тәжірибеде жаңа заманауи жетістіктерді іздеумен айналысуға қабілеттілігін және әйелдер жыныс аймағының ауруларын емдеу;
  12. Халықтың денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін мамандар топтарының құрамында жұмыс істеу, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырушылық саласы негізгі шұғыл көмек көрсету және ол заң шеңберінде әрекет ете алуы. 

2.5 Алғы және кейінгі реквизиттер:

  • Алғы реквизиттері: анатомия, физиология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері, фармакология.
  • Кейінгі реквизиттері: жалпы дәрігерлік практика, жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура, хирургиялық аурулар бойынша интернатура, акушерия және гинекология бойынша интернатура.

2.6 Пәнің қысқаша мазмұны:

Акушерия және гинекология пәні мен  міндеттері. Акушерлік және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Нәрестені антенатальді қорғау.  Акушериядағы мейірбике үрдісінде босану кезіндегі көмек. Перинатологиядағы ВОЗ бағдарламасы. Гинекологиялық ауырулардағы мейірбике үрдісі. Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабынулары.  Акушерия және гинекологиядағы  шұғыл жағдайлардағы дәрігерге дейінгі көмек Перинатология және перинатальдік кезең туралы түсінік. Жанұяны жоспарлау туралы түсінік.

2.7.  Тақырыптық жоспар үлгісі

Дәрістердің үлгі ретіндегі тақырыптық жоспары 

Дәріс тақырыбыӨткізу түріҰзақтығы
Модульдің 1 компоненті -акушерия
1Акушерия ғылымның тарихи аспектіде дамуы, регионализация принциптеріШолып қарау2
2Жүктілік және босану кезіңінде ұрықтың жағдайын бағалау.Тақырыптық2
3Жүктілікпен байланысты гипертензияларТақырыптық2
4Экстрагенитальды патология және жүктілікШолып қарау2
5Босанудың физиологиясы. Босануды жансыздандыруТақырыптық2
6Босанудағы қанағаттанарлықсыз процессТақырыптық2
7Акушериялық қан кетулер. Шұғыл көмек көрсетуТақырыптық2
8Акушериядағы іріңді-сепсистік асқынулардың өзекті мәселелеріШолып қарау2
9Жүктілікті көтере алмаушылықтың мәселелері. Жүктілікті көтере алмаушылықты емдеудің қазіргі принциптеріТақырыптық2
 Барлық сағаттар:  6
Модульдің 2 компоненті -гинекология
1. Әйел жыныс мүшелерінің қабыну ауруларыТақырыптық2
2.Отбасын жоспарлау.  Некедегі бедеулікТақырыптық2
3.Шұғыл  гинекологияТақырыптық2
 Барлық сағаттар:  6

Практикалық сабақтардың үлгі ретінде тақырыптық жоспары 

Практикалық сабақтардың тақырыбыӨткізу түріҰзақтығы
Модульдің 1 компоненті -акушерия
1Акушериялық-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылу жүйесіАуызша сұрастыру,

кіші топтармен жұмыс, дискуссия

6
2Таз  акушерлік тұрғыдан.Ұрық, босану  объектісі ретіндеТестілеу,

кіші топтармен жұмыс, презентациялар, мүсіндерді пайдаланып дағдыларды оқыту

6
3Жүктілер мен босанған әйелдерді диспансерлік бақылауСұрақтар, ситуационды есептер, дискуссия.6
4 Жүктілік физиологиясы. Жүктілерді тексеру әдістері

 

 

Тестілеу,кіші топтармен жұмыс,6
5Ұрық жағдайын тексерудің әдістері.

 

 

Аралық бақылау

кіші топтармен жұмыс, оқулық слайдтар мен фильмдер көрсету.

Ауызша/жазбаша сұрастыру. Тестілеу

6
6Жүктілік кезіндегі қан кетулер. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. Плацентаның ұрық жолында орналасуыАуызша сұрастыру, дискуссия, мүсіндер мен фантомды пайдаланып дағдыларды оқыту6
7Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензияларДискуссия, тестілеу, Ауызша сұрастыру6
8Тар жамбасТестілеу, тақырыптық науқастарды талқылау6
9Жүктілерді босануға физиологиялық-психопрофилактикалық дайындау.

ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету.

Аралық бақылау

Дискуссия, тестілеу.

 

 

Ауызша/жазбаша сұрастыру. Тестілеу

6
10Физиологиялық босану. Босануды жүргізуМүсіндер мен фантомды пайдаланып дағдыларды оқыту,партограмма толтыру,ауру тарихын жазу.6
11Босану биомеханизмы. Босануды жансыздандыруМүсіндер мен фантомды пайдаланып дағдыларды оқыту6
12Ұрықтың дұрыс орналаспауы. Ұрықтың жамбаспен келуі.Тесттілеу, тақырыптық науқастарды талқылау6
13Босанудағы қанағаттанарлықсыз прогресс.

 

Аралық бақылау

Ауызша сұрастыру, клиникалық қарауларға қатысу.

Ауызша/жазбаша сұрастыру. Тестілеу

6
14Акушериялық жарақаттарДискуссия, тақырыптық науқастарды талқылау6
15Босану, босанудан кейінгі кезеңдегі акушериялық қан кетулерАуызша сұрастыру, клиникалық қарауларға қатысу6
16Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы. Лактация. Емшекпен емізу. Босанған әйелдердің гигиенасы мен емдәміТестілеу, кіші топтармен жұмыс, дискуссия, тақырыптық науқастарды талқылау6
17Нәрестелер мен босанған әйелдердің іріңді-сепсистік асқынуларының алдын алу. Акушериялық стационарды инфекциялық бақылау.

Аралық бақылау

 

Ауызша сұрастыру, коммуникативті дағдыларды оқыту.

 

Ауызша/жазбаша сұрастыру. Тестілеу

6
 Барлық сағаттар:102
Модульдің 2 компоненті -гинекология
1Гинекологиядағы тексеру әдістеріТестілеу, мүсіндерді пайдаланып дағдыларды оқыту6
2Гинекологиялық аурулардың семиотикасыАуызша сұрастыру, оқыту6
3Отбасын жоспарлау. КонтрацепцияДискуссия, тақырыптық науқастарды талқылау6
4Жүктілікті үзу

 

 

Аралық бақылау

Ауызша сұрастыру, тақырыптық науқастарды талқылау.

Ауызша/жазбаша сұрастыру. Тестілеу

6
5Әйел репродуктивті жүйесінің нейрогуморальді регуляциясыТестілеу, Дискуссия6
6Етеккір функциясының бұзылуыТестілеу, тақырыптық науқастарды талқылау6
7Нейроэндокринді  синдромдарДискуссия, ситуациялық есептер6
8Жыныс мүшелерінің даму ақаулары

 

Ауызша сұрастыру,тақырыптық науқастарды талқылау6
9Некедегі бедеулік.

 

Аралық бақылау

Тестілеу, тақырыптық науқастарды талқылау

Ауызша/жазбаша сұрастыру. Тестілеу

6
10Жыныс мүшелерінің қабыну ауруларыКіші топтармен жұмыс, клиникалық қарауларға қатысу6
11Жатыр миомасыДискуссия, ситуациялық есептер,тесттілеу, тақырыптық науқастарды талқылау6
12Эндометридегі гиперпластикалық процессДискуссия, ситуациялық есептер,тесттілеу, тақырыптық науқастарды талқылау6
13Эндометриоидты ауруДискуссия, ситуациялық есептер,тесттілеу, тақырыптық науқастарды талқылау6
14Шұғыл гинекология

 

 

 

 

Аралық бақылау

Дискуссия, ситуациялық есептер,тесттілеу, тақырыптық науқастарды талқылау.

Ауызша/жазбаша сұрастыру. Тестілеу

6
 Барлығы:  84

 

Мұғалім кеңес беру уақыты.

Әр аптада кестеге сәйкес кафедрада мұғалімдер кеңес жүргізеді. Габдильашимова З.Т., Мырзабекова А.Ж., Шамова А.К. – сейсенбі 14-16 сағаттарында. Доценттер м.а. Галицкая Т.Н., Шарипова М.К., Ким Т.В., Баубекова А.Ш. – бейсенбі 14-16 сағаттарында. Әрайда кафедрада студенттік ғылыми дөнгелек жиналысы өтеді. 

Студенттердің өзіндік оқытушының жетекшілігімен орындайтын жұмысының (СӨЖ) үлгі ретіндегі тақырыптық жоспары 

Тәжірибелік сабақтардың тақырыбыӨткізу түріТапсыру үақытыҰзақтығы
1Ұрық дамуының артта қалуы (ЗВУР). Жүктілік мерзімінен ұрық салмағының аз болуы.  ГравидограммаПрезентациялар1 АБ10
2Партограммаларды түсіндіруПрезентациялар3 АБ10
3HELLP-синдром: диагностика, қарқынды терапия.Презентациялар2 АБ10
4Уақытынан ерте босануПрезентациялар2 АБ10
5Экстрагенитальді аурулар және жүктілікПрезентациялар2 АБ10
6Жүкті және босанған әйелдерді курациялау.Презентациялар4 АБ10
7Әртүрлі жастағы әйелдер ағзасыныің клиникалық – физиологиялық ерекшеліктеріПрезентациялар5 АБ6
8Беду жұптарды зерттеу альгоритмі.тесттер6 АБ6
9Гинекологиялық науқастарды курациялау.Ауру тарихын жазу және қорғау 

7 АБ

6
10Анамальды жатырдан қан кетуПрезентациялар6 АБ6
11Жыныс ағзаларының дамк ақауларыПрезентациялар7 АБ6

2.9 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Қазақ тілінде

Негізгі:

  1. Дощанова А.М. Акушерия. Оқулық. Астана, 2013 ж.
  2. Малгаждарова Б.С. Акушерлік тәжірибеде қалыпты босануды және босану әрекетінің әлсіздігін жүргізу.
  3. Баубекова А.Ш., Жасөспірім қыздыр гинекологі тәжірибесінде қолданылатын эндоскопиялық зерттеу әдістері.Астана, 2016 ж.

Қосымша:

  1. 2. Үкібасова Т.М., Түсіпқалиев А.Б. «Акушерия бойынша фантомдық курс», оқу құралы, Ақтөбе – 2012 ж.
  2. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология – Алматы, 2015ж.
  3. ОшибаевН., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2016ж.

 

Орыс тілінде

Негізгі:

  1. Акушерство: учебник / под ред. В.Е. Радзинского, А.М. Фукса. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2016. – 1040 с.
  2. В.Е. Радзинский, В.И. Ельцов-Стрелков, Н.Ю. Захарова. Акушерство. Практикум. Часть 1. Физиологическое акушерство. Акушерский мониторинг, 2015 г.
  3. Радзинский В.Е. Акушерство: Руководство к практическим занятиям/Под ред. В.Е. Радзинского.- 5-е изд., перераб. и доп. М.:ГЭОТАР-Медиа, 2015. – 773 с.
  4. Серов В.Н., Кира Е.Ф. Гинекология. М.:Литтерра, 2015. – 840 с: ил.
  5. Радзинский В.Е. Акушерская агрессия. – М., 2017. – 872 с.
  6. Радзинский В.Е. Клиническая фармакология. Акушерство. Гинекология. Бесплодный брак. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2016. – 672 с.
  7. Савельева Г.М., Шалиной Р.И. Акушерство /учебник/.- М,2015.
  8. Шехтман М.М. Руководство по экстрагенитальной патологии у беременных – М., 2015 – 816 с.
  9. Клинические протоколы диагностики и лечения для врачей акушеров-гинекологов 2013-2017 г.

 

қосымша:

  1. Уткин Е.В. Воспалительные заболевания органов малого таза у женщин М.:ГЭОТАР-Медиа, 2015. – 112 с.
  2. Карр Б., Блукуэлл Р. Руководство по репродуктивной медицине. ИД Практика, 2015. – 832 с.
  3. Дикке Г.Б. Медикаментозный аборт. Руководство для врачей. МЕДпресс-информ, 2015. – 344 с.
  4. Кулаков В.И. Гинекология: Учебник для студентов медицинских ВУЗов/ Кулаков В.И., Серов В.Н., Гаспаров А.С. – М.: ООО «Медицинское информационное агенство», 2015. – 606 с.
  5. Гаспаров А.С. Экстренная помощь в гинекологии. Органосохраняющие операции / Гаспаров А.С., Бабичева И.А., Косаченко А.Г. – М., 2015
  6. Бургхард Э. Кольпоскопия. Атлас и руководство. Медицинская литература, 2016. – 176 с.
  7. Томас Ф. Баскетт, Эндрю А. Калдер Оперативное акушерство. Логосфера, 2015 – 392 с.
  8. Шамова А.К., Ахмедьянова Г.У., Тышкевич Ф.А. Диспансерное наблюдение беременных с экстрагенитальной патологией и невынашиванием. Методические рекомендации. Астана, 2013.
  9. Ахмедьянова Г.У. и соавт. Лечебная физкультура в период беременности. Учебное пособие. Астана, 2016.
  10. Габдильашимова З.Т. Акушерство и гинекология в работе врача общей практики. Учебное пособие. Астана, 2013.
  11. Габдильашимова З.Т. Особенности питания беременных и женщин в период лактации. Учебное пособие. Астана, 2016.
  12. Дощанова А.М., Тулетова А.С. Диагностика и лечение эндометриоза/Пособие для врачей. Алматы, 2017 г.
  13. Шарипова М.К. Современные аспекты профилактики невынашивания беременности. Учебное пособие. Астана, 2015 г.
  14. Ким Т.В. Эффективная перинатальная помощь при осложненном течении беременности и родов. Учебное пособие. Астана, 2014 г.
  15. Дудник Е.В. Послеродовые гнойно-септические заболевания. Учебное пособие. Астана, 2016.
  16. Р.Й. Надишаускене. Избранные вопросы перинатологии//Под редакцией Р.Й. Надишаускене. – Литва, 2012. – 656 с. 

Электронды оқулықтар:

1.Савельева Г.М.  Акушерство –  book_060/directory.djvu.

2.Василевская Л.Н., Гр. Гинекология – book_068/directory.djvu.

3.Лубоцкий Д. Н. Неоперативная гинекология – book_583/directory.djvu.

4.Справочник Энциклопедия беременности – book_275\index.html.

5.Дубровский В.И. Неотложная помощь при экстримальных состояниях в акушерстве и гинекологии – book_515/directory.djvu.

6.Сметник В.П. Неоперативная гинекология – book_1014\book1014.djvu.

7.Гуркин Ю.А.  Гинекология подростков – djvu 35,1 мб.

8.Акушерство [Электронный ресурс]: прил.к уч./  В.Е.Радзинский. – СД. – М.: ИГ “Гэотар-Медиа”, 344 Мб.

9.Акушерство [Электронный ресурс]: нац. рук. ; прилож.. – СД. – М.: ИГ “Гэотар-Медиа”, 327 Мб.

10.Акушерство.Клинические лекции. [Электронный ресурс]: прил.к уч./ ред. : О. В. Макарова. – СД. – М.: ИГ “Гэотар-Медиа”, 119 Мб. 

2.10 Оқыту әдістері:

Дәрістер: Жалпы шолу және тақырыптық.

Тәжірибелік сабақтар: Жағдайлық есептер шешу, пікірталас,  кіші топтармен жұмыс, презентациялар.

Студенттің өзіндік жұмыс (СӨЖ) :  Жеке сухбаттасу, тәжірибелік дағдыларды жазба түрінде орындау, жағдайлық есептермен тест тапсырмаларды шешу, презентациялар, ғылыми рефераттарды дайындау және қорғау. 

Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

Ағымдық бақылау:  тесттілеу, жазба/ауызша сұрау, жағдайлық есептер шешу, босану және ауру тарихын тексеру, кіші топтардағы өзіндік және топтық бағалары.

Аралық бақылау: тесттілеу, жазба/ауызша сұрау.

Қорытынды бақылау:  интеграцияланған емтихан, тестілеу мен практикалық дағдыларды қоса жүргізу (ЖПД жұмысындағы акушерия,  гинекология және онкогинекология)

Білімдерді бақылау және бағалау. «АМУ» АҚ-да студенттердің білімдерін бақылау және бағалау 100 баллдық-рейттиндік жүйе бойынша өткізіледі және осылай бөлінеді. 

2.11 Студенттердің білім тексеру критериялары:

100 балдық рейтингтік жүйедегі студенттердің білімін бағалау белгілері

№ р/рӘріпЦифрлық эквивалентРейтинг (% бойынша)Бағасы
1А4,095-100«өте жақсы»
2А-3,6790-94
3В+3,3385-89 

«жақсы»

4В3,080-84
5В-2,6775-79
6С+2,3370-74 

 

«қанағаттанарлық»

 

 

7С2,065-69
8С-1,6760-64
9D+1,3355-59
10D1,050-54
11F00-49«қанағаттанарлықсыз»

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!