Сабақ жоспары

Тақырыбы: Глюкозаның анаэробты ыдырауы. Глюконеогенез. Глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырауы. Гликоген алмасуы

Сабақтың мақсаты:

  1. Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуі туралы мәлімет алу;
  2. Гликолиз және глюконеогенез үрдістерін және олардың реттелу принциптерін білу;
  3. Глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырау жолын білу: пентоздық циклдің тотығу кезеңінің реакцияларын және тотықпаған кезеңдегі қанттың өздігінен түзілуінің сызба нұсқасын білу;
  4. Гликогеннің және дисахаридтердің метаболизмін, олардың алмасуының бұзылыстарын білу.

Оқыту мақсаты:

  1. АҚЖ-да көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуі туралы білімді пайдалана отырып, осы үрдістердің бұзылу себептерін түсіндіре білу;
  2. Глюкоза деңгейінің өзгерістерін түсіндіруде гликолиз және глюконеогенез үрдістерінің өзара байланысы мен реттелуі туралы білімді пайдалана білу;
  3. Пентоздық циклдің физиологиялық маңызын, оның май қышқылдары, холестерин және гликопротеиндер синтезіндегі ролін білу;
  4. Гликоген алмасуының реттелу механизмінің физиологиялық мәнін түсіндіру;
  5. Гликоген мен дисахаридтер алмасуының бұзылысы кезіндегі гипогликемияның себебін түсіндіру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуі. Бұл процестердің бұзылуы.
  2. Гликолиз реакциялары, оның физиологиялық мәні, реттелуі.
  3. Глюконеогенез. Этанолдың әсері. Кори циклі. Реттелуі
  4. Дисахаридтер метаболизмі, олардың гликолизге түсуі
  5. Глюкоза тотығуының пентоздық жолы. Физиологиялық мәні. Гликолизбен өзара байланысы. Фотосинтез туралы түсінік.
  6. Глюкозаның аэробты және анаэробты ыдырауы реттелуінің аллостерлік механизмі, олардың өзара байланысы.
  7. Гликопротеиндер. Мукополисахаридтер (гепарин, сиал және нейроаминді қышқылдар)
  8. Гликогеннің метаболизмі, бұл процестердің реттелуі
  9. Гликоген алмасуының бұзылыстары. Гликогеноздар және агликогеноздар.
  10. Көмірсу алмасуының тұқым қуалайтын бұзылыстары

Оқыту және сабақ беру әдістері: тәжірибелік сабақ – пікірталас.

Пікірталас кезінде назар аудару қажет:

  1. Тәулігіне адам крахмал түрінде, аз мөлшерде, сахароза, лактоза түрінде 400 грамдай көмірсу қолданады. Асқорыту жолдарында көмірсулар арнайы гликозидаза ферментінің әсер етуімен қорытылады. Қорытылудың соңғы өнімдері екіншілік белсенді тасымалдану есебінен сіңірілетін сәйкес моносахаридтер болып табылады.
  2. Жасушада глюкоза глю-6-фосфатқа дейін фосфорланады және бұл қосылыс глюкозаның жасушаішілік түрі болып табылады. Ол жасушаның құрылымдық-қызметтік компоненттерінің синтезіне және глюкозаның СО2 және Н2О дейін ыдырауына қатысады.
  3. Глюкозаның тотығуына оның ПЖҚ-на айналуы (арнайы жолдар) және ПЖҚ-ның СО2 және Н2О (катаболизмнің жалпы жолы) дейін ыдырауы жатады.
  4. Жұмыс істеуші бұлшықеттер және басқа да кейбір тіндер энергияны глюкозаның ПЖҚ-н түзу арқылы сүт қышқылына дейін тотығуы есебінен алады. Бұл процестің физиологиялық мәні электрондарды тасымалдау тізбегінен тыс АТФ синтезделуімен түсіндіріледі.
  5. Глюкоза көптеген мүшелер мен жасушалар үшін жалғыз энергия көзі болғандықтан, оның қандағы концентрациясы тұрақты деңгейде болады. Қандағы глюкоза концентрациясының тұрақтылығын өзара іс-әрекеті сәйкес келетін биохимиялық механизмдер қатары қамтамасыз етеді. Олар жасушааралық сұйықтықтағы глюкозаның жұмсалуына және оның гликогеннен, аминқышқылдардан, лактаттан және т.б. метаболиттерден (глюконеогенез) түзілуіне жауапты.
  6. Глюкозаның жұмсалу процесінің реттелуі мен пайда болуы ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне байланысты. Сыртқы факторларға гормондар жатады:  инсулин, глюкагон, адреналин және глюкокортикоидтар.
  7. Глюкозаның лактатқа айналуы 3 сатыдан тұрады:

А. Глюкозаның фосфорлануы және екі фосфотриозаға ыдырауы;

Б. Фосфоглицерин альдегидтің 1,3 дифосфоглицератқа тотығуы және АТФ-ң тыныс

алу тізбегінен тыс түзілуі.

В. Жасушаішілік тотығу және 2-фосфоглицераттың қалпына келуі, оның ПЖҚ-на, содан кейін АТФ-тың түзілуімен лактатқа айналуы.

  1. Аштық кезінде қанның құрамындағы қанттың деңгейі глюконеогенез есебінен тұрақталады. Глюконеогенез үшін лактат, глицерин, аминқышқылдары негізгі субстрат болып табылады. Жасушада глюкозаның лактат пен ПЖҚ-нан түзілуі глюкозаның гликолиттік ыдырау реакциялары арқылы жүреді. Глюконеогенез 3 қайтымсыз реакциясының болуымен ерекшеленеді. Глюконеогенез негізінен бауырда, сонымен қатар бүйрек пен ішектің шырышты қабатында жүреді.
  2. Катаболизм (гликолиз) және анаболизм (глюконеогенез) процестері бір уақытта және бірдей жылдамдақпен жүре алмайды, ондай болған жағдайда келесі тізбекте  пайдасыз жұмыс жасалады.

глюкоза——- 2 лактат + 2 АТФ

2 лактат + 6 АТФ —— глюкоза

Бұл тізбектің жүруінің алдын алу үшін ағзада реттеуші жүйелер бар. Жасушаішілік реттеушілерге аллостерлік эффектор ролін атқаратын субстраттар мен аралық өнімдер жатады. Гликолиз бен глюконеогенездің қайтымсыз реакцияларының ферменттері де реттеушілерге жатады. Гликолиз бен глюконеогенездің ара қатынасы жасушаның энергетикалық деңгейімен анықталады.

  1. Этил спиртінің метаболизмін талқылау, глюконеогенез жылдамдығының төмендеу себептерін және оның ішімдік қабылдау кезіндегі бұзылысын түсіндіру.
  2. Глюкоза-6-фосфаттың дихотомиялық ыдырауынан басқа апотомиялық ыдырауы болады (пентозофосфатты цикл, пентозды цикл, фосфоглюконатты жол). Глюкоза-6-фосфаттың апотомиялық ыдырауы кезінде фруктоза-6-фосфаттың түзілуі жүрмейді. Бұл жағдайда глюкоза-6-фосфаттың ыдырауы оның 6-фосфоглюколактонға тотығу реакциясы деп аталады. Пентозофосфатты циклдің негізгі мәне оның НАДФН2–ні түзуі. Қалпына келген пиридиннуклеотидфосфат синтезделу үрдістерінде қолданылады. Онымен қоса цикл гексозофосфаттан пентозофосфаттың түзілуін қамтамасыз етеді. Пентозалар нуклеотидті коэнзима мен нуклеинді қышқылдардың түзілуіне қажет.
  3. Протеогликандар – жоғары молекулалы көмірсу-ақуызды қосылыстар. Олар дәнекер тінінің жасушааралық матриксінің негізгі субстанциясын түзеді. Протеогликандар суды байланыстыру, диффузия үрдістерін реттеу, дәнекер тініндегі катиондар қатарын орналастыру қызметтерін атқарады. Протеогликандардың полисахаридті тобы мукополисахаридтер деп аталады. Кейін гликозамингликандар деп атала бастады. Дәнекер тініндегі гиалурон қышқылының негізгі қызметі – суды байланыстыру. Гиалурон қышқылының тіннің өтімділігін реттеудегі маңызы зор. Ағзада гликозамингликандар бос күйінде кездеспейді. Гепарин антикоагулянт түрінде белгілі. Нейраминді қышқыл және оның туындылары (сиал қышқылдары) – гликопротеидтердің неғұрлым лабильді және белсенді компоненттері.

Қандағы глюкозаның деңгейін ұстап тұруда гликоген метаболизмінің мәні. Бұл үрдістің физиологиялық мәнін түсіндіру, гликогеннің түзілуі мен ыдырауының реттелуіндегі гормондар мен ферменттердің роліне көңіл аудару.

Бақылау:  тест және бақылау сұрақтары түрінде

  • Глюкозаның аэробты, анаэробты ыдырауының өнімдерін атаңыз.
  • Неліктен оттегінің қатысуында сүт қышқылының түзілуі жүрмейді?
  • Эритроциттерде глю-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің төмендеуінің нәтижесі қандай болуы мүмкін?
  • Белсенді ферменттер қай тіндерде көп кездеседі?
  • Қандай реакцияларда НАДФН2 түзіледі және ол не үшін қолданылады?
  • Неліктен глюкозаның түзу тотығу жолын гексозомонофосфатты немесе фосфоглюконатты шунт деп атайды?
  • НАДФН2 түзілуін катализдейтін ферментті таңдаңыз:

а) лактоназа;

б) глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа;

в) пентозофосфатизомераза;

д) 6-фосфоглюконатдегидрогеназа

  • Трансальдолазажәне транскетолазамен катализденетін реакциялардың айырмашылығы неде?
  • Неліктен пентозофосфатты жолдың май тіндерінде, бауырда, сүйек кемігінде, сүт бездері тіндерінде белсенділігі жоғары, бұлшықет тіндерінде белсенділігі төмен (жүрек пен қаңқа бұлшықеттері) ?
  • Пентозофосфатты жолдың глюкозаға айналуының есептік теңдігін жазыңыз және бұл үрдіске энергетикалық баға беріңіз.

1 – нұсқа

  1. Келесі реакцияны катализдеуші фермент:

Глюкоза + АТФ ® глюкоза-6-ф + АДФ

а. Фосфоглюкомутаза       в. глюкозо-6-фосфатаза            д. бауыр фосфорилазасы

б. гексокиназа                    г. Фосфопротеинфосфатаза

  1. Глюкозаның фосфорлану реакциясының туындысы:

а. фруктозо-6-фосфат           в. диоксиацетонфосфат        д. фосфоенолпируват

б. глюкоза-6-фосфат             г. лактат

  1. Фруктозо-6-фосфаттың фосфорлануында түзіледі:

а. фруктозо-1,6-дифосфат        в. глюкозо-6-фосфат        д. фруктозо-2,6-дифосфат

б. 1,3-бифосфоглицерат           г. фосфоенолпируват

  1. АТФ шығынымен жүретін гликолиз реакциясының екінші «бастапқы» ферменті:

а. гексокиназа                    в. фосфофруктокиназа          д. пируваткиназа

б. альдолаза                       г. енолаза

  1. Альдолаза әсерінен фруктозо-1,6-дифосфаттан 2 молекула түзіледі:

а. диоксиацетонфосфат

б.3-фосфоглицерат                           г. глицеральдегид

в. 2-фосфоглицерата                        д. а, г жауаптары дұрыс

2 – нұсқа

  1. Гексокиназа – айналымды катализдейтін фермент:

а. фосфоенолпируваттың  пируватқа            в.  Глюкозаның  глюкозо- 6 фосфатқа

б. ацетил КоА-ның оксалоацетатқа              г. ПЖҚ-ның  лактатқа

  1. ПЖҚ-ның қалыптасуын катализдейтін фермент:

а. пируваткиназа                      в. альдолаза

б. енолаза                                  г. лактат ДГ              д. малат ДГ

  1. Анаэробты гликолиз жылдамдығын шектейтін фермент:

а. альдолаза                             в. фосфофруктокиназа

б. триозофосфатизомераза     г. гексокиназа             д. фосфоглицеромутаза

  1. Фосфоглицератмутаза мына заттың айналымын катализдейді:

а. 3 фосфоглицераттың  2 фосфоглицератқа

б. ФЕП-тың ПЖҚ-ға

в. ПЖҚ-н  лактатқа

г. ацетил КоА-ның ПЖҚ-ға

д. глутаматтың  аспартатқа

  1. Қан сарысуындағы глюкозаның қалыпты мөлшері:

а. 1,5 – 2,5 ммоль/л            в. 16,2 – 38,7 ммоль/л

б. 3,3 – 5,5 ммоль/л            с. 1,97 – 4,68 ммоль/л        д. 2,97 – 8,79 ммоль/л

3 – нұсқа

  1. Глюконеогенез – бұл :

а. көмірсулық емес заттардан глюкозаның синтезі;

б. гликогеннің анаэробты ыдырауы;

в. Оттегінің қатысынсыз глюкозаның қайтымды айналу процесі;

г. Глюкозаның аэробты жағдайда айналу процесі;

д. гликоген синтезі

  1. Фосфоенолпируватты пируватқа айналдыратын гликолиз ферменті

а. пируватДГ                        в. фосфоенолпируваткиназа

б. фосфоглицераткиназа     г. Фумараза                      д. сукцинатДГ

  1. Фруктозо-1,6-дифосфаттың фруктозо-6-фосфатқа айналуын катализдейтін фермент:

а. пирофосфорилаза              в. Фосфатаза                    д. альдолаза

б. эпимераза                           г. Триозофосфатизомераза

  1. Глюкозо-6-фосфат + Н2О ®  глюкоза +   Н3РО4  

Реакцияны катализдейтін фермент:

а.  глюкозо-6-фосфатаза               в. фосфоглюкомутаза

б.  фруктозодифосфотаза             г. Гексокиназа               д. фосфофруктокиназа

  1. Глюкоза тотығуының энергетикалық балансы тең:

а. 6                б. 38                в. 12                г. 2               д. 33

4 – нұсқа

  1. Гликолиз процесінде қанша моль АТФ түзіледі?

а. 2               б. 38                в. 3                г. 36              д. 12.

  1. Анаэробты гликолиз нәтижесінде глюкозаның 1 молекуласынан түзіледі:

а. пируваттың 2 молекуласы

б. лактаттың 2 молекуласы

в. ацетил-КоА

г. этил спиртінің 2 молекуласы

д. лактаттың 1 молекуласы

  1. Гликолизде қандай құрылым екіге бөлінеді?

а. глюкозо-6-фосфат                в. глюкоза                       д. фосфоглицерин альдегид

б. диоксиацетонфосфат           г. фруктозо-1,6-дифосфат

  1. Гликолиз реакциясының қандай айналымында АТФ жұмсалады?

а. ФГА ® 1,3-дифосфоглиицерат

б. глюкоза -6 фосфаттың  фруктозо 6 -фосфатқа

в. фруктозо-6-фосфат ® фруктоза-1,6-дифосфат

г. Глюкозаның  глюкозо 6- фосфатқа

д. 1,3-дифосфоглицерат ® 3-фосфоглицерат

  1. Гликолиз реакциясын катализдейтін фермент: ФЕП +АДФ® ПЖҚ+АТФ

а. фосфоенолпируваткиназа

б. фосфоенолпруватфосфотрансфераза       г. Пируватфосфотрансфераза

в. пируваткиназа                                             д. аденилаткиназа

5 – нұсқа

  1. 3-фосфоглицераттың 2-фосфоглицератқа айналуы қалай жүреді?

а. фосфор қышқылың қосылуымен

б. АТФ түзілуімен

в. АТФ бөлінуімен

г. Н3РО4  3-жағдайдан 2-ге ауысуымен

д. судың ыдырауымен

  1. Фосфоенолпируваттың пируватқа айналуы

а. судың ыдырауы

б. АДФ түзілуімен

в. Судың қосылуымен

г. АТФ  түзілуімен

д. АМФ түзілуімен

  1. Гликолиздің қай реакциясында АТФ жоғалуы жүреді?

а. 1 және 5             в. 2 және 5

б. 4 және 5             г. 3 және 4              д. 1 және 3

  1. Сүт қышқылының тағдыры:

а. қанға түсіп, өкпеге барады және қорға жиналады;

б. қанмен бауырға барады,онда гликолиз синтезі үшін қолданылады;

в. соңғы өнім болып табылады және бүйрек арқылы зәрмен шығарылады;

г. Аланинге айналады;

д. липидтерді синтездеу үшін қолданылады

  1. «қандағы қант» ұғымы қан құрамында …… бар екенін білдіреді

а. моносахаридтер қоспасы

б. сахарозалар

в. Глюкозалар

Гликоген алмасуы

      1 – нұсқа

  1. Қандай ферменттің қатысуымен гликогенсинтаза және гликогенфосфорилазаның дефосфорлануы жүреді?

а) киназа фосфорилаза;

б) фосфопротеинфосфатаза;

в) дегидрогеназа;

г) трансфераза;

д) синтаза

  1. Гликогенолиздің қай ферментінің болмауы сыртқы қысқа бұтақшалары бар гликоген дефектісінің тууына әкеледі?

а) глюкозо-6-фосфатаза;

б) альфа-1,4-глюкозидаза;

в) фосфоглюкомутаза;

г) бұлшықеттік фосфофруктокиназа;

д) амило-1,6-глюкозидаза

  1. Агликогеноз қай ферменттің бұзылысы әсерінен дамиды?

а) гликогенсинтетаза А;

б) гликогенсинтетаза В;

в) протеинкиназа;

г) фосфоглюкомутаза

д) альдолаза

  1. Қандай ферменттің жетіспеуі гипогликемияға алып келеді?

а) бұлшықеттің фосфорилазасы;

б) бауырдың фосфорилазасы;

в) фосфорилаза киназасы;

г) альфа-1,4-глюкозидаза

д) амило-1,6-глюкозидаза

  1. Гликогенолиздің кай ферментінің жетіспеуі гипогликемияны тудырмайды?

а) бұлшықет гликогенфосфорилазасы;

б) фосфоглюкомутаза;

в) глюкозо-6-фосфатаза;

г) гликогенфосфорилаза;

д) амило-1,6-гликозидаза

  1. Мына реакцияны катализдейтін ферментті көрсетіңіз:

(глю)n ® (глю)n-1 + глю-1-фосфат:

а) фосфоглюкомутаза;

б) альфа-1,6-глюкозидаза;

в) гликогенфосфорилаза;

г) трансфераза;

д) альдолаза

  1. Гликогенсинтаза А гликогенсинтаза В-ға ауысқанда катализдейді:

а) фосфатаза;

б) фосфопротеинфосфатаза;

в) фосфорилаза;

г) пируваткиназа;

д) протеинкиназа

  1. Бауырдағы гликоген ыдырауының соңғы өнімі:

а) бос глюкоза;

б) глюкозо-6-фосфат;

в) глюкозо-1-фосфат;

г) мальтоза;

д) амилоза

  1. Гликогенолиз қай ферменттің қатысуымен фосфоролиз жолымен жүреді?

а) амилаза;

б) фосфатаза;

в) аминотрансфераза;

г) пепсин;

д) фосфорилаза

  1. Бұлшықеттердегі гликоген қандай заттарға дейін ыдырайды?

а) свободной глюкоза;

б) глюкозо-6-фосфат;

в) глюкозо-1-фосфат;

г) мальтоза;

д) амилоза

Гликоген алмасуы

2 – нұсқа

  1. Бауырдың арнайы мүшелік ферменті:

а) фосфорилаза;

б) карбоангидраза;

в) глюкокиназа;

г) глюкозо-6-фосфатаза;

д) амилаза

  1. Гликоген гидролизін катализдейтін фермент:

а) α-амилаза;

б) липаза;

в) сахараза;

г) мальтаза;

д) γ-амилаза

  1. Гидролиз жолымен жүретін гликогенолиздің нәтижесінде:

а) ақуыздардан глюкоза бөлінеді;

б) СЖК-дан  АУК бөлінеді;

в) гликогеннен глюкозо-6-фосфат бөлінеді;

г) глюкозо-6-фосфаттан  H3PO4 бөлінеді;

д) мальтоза және изомальтоза түзіледі

  1. Гликоген мономері болып табылады:

а) глюкоза;

б) фруктоза;

в) галактоза;

г) сахароза;

д) пентоза

  1. Бауыр гликогенінің басты қызметі – глюкозаны бөліп шығару:

а) гепатоциттерге;

б) альвеолоциттерге;

в) қанға;

г) бұлшықеттік жасушаларға;

д) нейрондарға

  1. Бауырдағы гликогеннің мобилизациясын күшейтетін гормондар:

а) глюкагон, адреналин;

б) инсулин, адреналин;

в) инсулин, тироксин, адреналин;

г) инсулин, глюкагон;

д) инсулин, глюкагон, адреналин, тироксин

  1. Бауырдағы гликоген синтезін ынталандырады:

а) адреналин;

б) глюкагон;

в) кортизол;

г) инсулин;

д) соматотропин

  1. Гипогликемия байқалады:

а) инсулиннің гиперпродукциясында;

б) көмірсу сіңірілуіндегі бұзылыстар;

в) эмоциональды стрестерде;

г) инсулин жетіспеушілігі;

д) кортизол жетіспеушілігі

  1. Гипергликемия байқалады:

а) ашығу кезінде;

б) физикалық ауыртпалықта;

в) эмоциональдық стресте;

г) инсулиннің гиперпродукциясында;

д) кортизол жетіспеушілігінде

  1. Қант диабеті ненің жетіспеушілігінен дамиды?

а) инсулиннің;

б) глюкагонның;

в) тироксиннің;

г) гепариннің;

д) адреналиннің

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!