Тақырыбы: Қанның құрамындағы глюкозаны реттеу.
Кан сарысуындағы глюкозаны сандық анықтау
Сағат саны: 1
Курс 2
Мамандығы – жалпы медицина
Тақырыбы: Қанның құрамындағы глюкозаны реттеу.
Кан сарысуындағы глюкозаны сандық анықтау
Сабақтың мақсаты: Қан сарысуындағы глюкозаның мөлшерін глюкозооксидазды әдіспен анықтауды үйрету және алынған нәтижені талқылау; қандағы глюкозаның гормондарымен реттелудегі принциптерін талқылау және осы процестердің ауытқуларын білу.
Оқыту мақсаты:
- глюкозооксидазды әдіспен қан сарысуындағы глюкозаның мөлшерін анықтау принциптерін білу;
- анализ алгоритмін құрастыруды білу;
- қан сарысуындағы глюкозаның мөлшерін анықтауды білу;
- берілген анализдің диагностикалық маңыздылығын білу;
- алынған нәтижені талқылау;
- көмірсудың алмасуындағы гормонармен реттелуі механизмін түсіндіру;
- ағзаның қоректік, гормондық және энергетикалық ритмдеріне байланысты глюкоза мөлшерінің өзгерістерін түсіндіру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Қандағы глюкозаның рөлі. Қан сарысуындағы глюкозаның қалыпты
мөлшері.
- Көмірсудың алмасуының гормондарымен реттелуі. Инсулиннің, глюкагонның және глюкокортикоидтардың рөлі.
- Қан құрамындағы глюкозаның гормондарымен реттелу бұзылыстар.
- Гипергликемия мен гипогликемия, және олардың даму себептері.
- Қан глюкозасы мөлшерін анықтау әдісінің принциптері.
- Қан сарысуындағы глюкоза мөлшерін анықтаудың диагностикалық маңызы.
Оқыту әдістері: талқылау және лабораториялық жұмыс.
Қандағы глюкоза мөлшерін реттеуге қатысатын гормондар – антагонистер инсулин және глюкагоннын маңызы өте жоғары .
Инсулин – анаболиттік гормон; ол липид, ақуыз және гликоген синтезінің жылдамдығын арттырады, ал қандағы глюкоза мөлшерін төмендетеді. Инсулиннің молекуларлық массасы 5700 Д екі дисульфидті байланысы бар полипептидті тізбектен құралған.
Инсулин көзі эндоплазмалық ретикулумда қалыптасқан препроинсулин болып табылады. Препроинсулиннен пластинкалық комплексінде пептидтік бөлім ажырап, нәтижесінде А және В субьединицадан тұратын бір тізбекті, бір – бірімен С – пептидпен байланысқан проинсулин түзіледі. Кейін проинсулиннен С – пептид ажырап, нәтижесінде цинктің (цинк – инсулин) қатысуымен оңай полимерленаген және гранулаларда сақталатын инсулин түзіледі.
Инсулин жүректе, қаңқа бұлшық етінде және май тіндеріндегі плазмалық мембранада глюкозаның тасымалдануын бақылаушы, ал бауырда гексокинадан және глюкокинадан белсендіреді, сонымен қатар жасушаға глюкозаның енуін жылдамдатады.
Инсулин бірмезетте глюконеогенез (фосфоенолпируваткарбоксикиназа және фруктозо-1,6-дифосфатаза) ферментінің синтезін бәсендетеді, май қышқылдары-
ның және глицеролфосфаттың синтезі үшін қажетті НАДФН2 анықтайтын гликогенсинтетазаны және глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаны бақылай отырып бауырда цАМФ мөлшерін төмендетеді, сонымен фосфорилаза гжәне триглицеридлипазаның белсенділігін төмендетеді. Нәтижесінде бауырда гликогеннің және триацилглицериндер синтезі белсенді жүре бастайды.
Глюкагон тез энергия көзін (глюкоза және май қышқылы) жұмылдыра отырып гликогенолиз және липолизді бақылайды. Глюкагон – катабольді әсер ететін гормон, қандағы кетонды заттың және глюкозаның концентрациясын арттырады.
Инсулин секрециясының жетіспеушілігінде немесе оныңнысанамен -жасушаға әсері бұзылса
қант диабеті дамиды. ДСҰ инсулиннің жетіспеушілі-
гіне абсолютті немесе тікелей қатысты дамитын қант диабеті-ол созылмалы гипергликемиялық синдром деп бекітті, және ол глюкозурия, полиурия, полидипсия, липидтің, ақуыздың және минералды заттардың бұзылыстарының жедел немесе созылмалы белгілермен сипатталады.
Қант диабетінің екі түрін ажыратады: инсулинге тәуелді (ИТҚД, I тип) және инсулинге тәуелсіз (ИТЕҚД, II тип). ИТҚД – нің себебі: қарынасты безінің вируспен зақымдалуы, ауто – антидененің инсулинге немесе осы гормонның синтезінің генетикалық бұзылысында дамиды. Диабеттің II типі көбінде толық адамдарда дамиды. ИТЕҚД – нің себебі -қандағы инсулин мөлшерінің төмен болуы емес, ал нысана– жасушадағы инсулин рецепторы экспрессиясының
төмендеуі немесе инсулин рецепторынан жасуша мембранасына глюкоза тасымалдаушысына сигнал өту жүйесінің бұзылысы. Қант диабеті науқастарының
80 – 90% ИТЕҚД науқастары құрайды.
Гиперинсулинемия қарынасты безінің ісігі, ИТЕҚД, панкреатит, мөлшерден тыс семіздік, Кушинг ауруы, тиреотоксикоз, акромегалия және он екі елі ішектің
жаралары кезіне пайда болады.
Қан сарысуындағы глюкоза мөлшерін анықтау әдісінің принциптері: глюкоза глюкозооксидазаның қатысуымен глюкон қышқылына және сутегі асқын тотығына дейін тотығуы . Түзілген сутегі асқын тотығы переоксидазаның катализі кезінде фенолмен және 4 – аминоантипиринмен әсер ете отырып, боялған хинонимин түзеді. Алқызыл түске боялу тікелей глюкоза концентрациясына пропорционал және фотометриямен өлшенеді.
Жұмысқа глюкозаны анықтау үшін PLIVA-Lachema Diagnostika фирмасының
«Биотест» құралдары қолданылады.
Анализ үшін гемолизденбеген қан сарысуындағы немесе плазма ( гепарин, ЭДТА) қолданылады.
Анализ жүргізу:
контроль | Үлгі | стандарт | |
Реагент R1 | 1,0 мл | 1,0 мл | 1,0 мл |
Дистил. су | 0,02 мл | – | – |
Үлгі | – | 0,02 мл | – |
Стандарт | – | – | 0,02 мл |
Үш пробирка алып, схемада көрсетілген ерітінділерді дайындау, кейін оларды
араластыру, жарықтың тікелей әсер етуінен сақтай отырып 37оС температурада 10мин немесе 20-25оС температурада 20мин қыздыру. Сосын 500(546) нм толқын ұзындығының кюветтегі 1 см-ге контрольге байланысты (А1) үлгісінің, (А2) стандартының оптикалық тығыздығын өлшеу.
Есептеу: қан сарысуындағы глюкоза (ммоль/л)=А1/А2 х Сст,
Сст – стандартты ерітіндінің концентрациясы.
Қан сарысуындағы глюкозаның (ммоль/л) қалыпты көрсеткіші:
Балалар: туылғаннан – 1айға дейін 1,7 – 4,4
2айдан – 15жасқа дейін 3,3 – 5,8
Ересектер: қан сарысуы , плазма 4,2 – 6,0
капиллярлы қан 3,9 – 5,6
Қандағы глюкозаны анықтаудың диагностикалық маңызы: Нейрогуморальды реттеушілікке байланысты сау адамдарда қандағы глюкоза мөлшері қалыпты.
Жасуша глюкозаның төмендеуін 50-52%ке дейін қажетті энергиямен қамтамасыз етеді. ОЖЖ, ішектер және бұлшық еттер глюкозаны көп қажет етеді.
Бауырда 36% глюкоза қалады, 3-5% гликогенге, 30% майға айналады.
Қант диабетінде гипергликемия гликогеннің төмендеуімен, гликоген синтезінің төмендеуінде, глюконеогенездің жоғарылауы, инсулин антагонистің, соматотропиннің, глюкагоннің, кортикотропиннің, глюкокортикоидтардың, тироксиннің, тиротропиннің әсер етуімен тіндегі глюкозаның төмендеуі нәтижесінде бақыланады. Қан құрамындағы глюкоза мөлшері сонымен қатар бауыр ауруларындада (цирроз, гемохроматоз) жоғарылайды.
Гипергликемия көбінде абсолютті немесе қандағы инсулин мөлшерінің жоғарылауына байланысты.
Нәтижелерді дәптерге жазу, қалыпты көрсеткіштермен салыстыру және қорытынды жасау.
Қорытынды:
- Гипергликемия қандай жағдайларда пайда болады?
- Гипергликемияның себебі?
- Қант диабетінің стероидтан айырмашылығы?
- Қан құрамындағы глюкоза мөлшерін қандай гормондар арттырады?
- Қан құрамындағы глюкоза мөлшеріне инсулин қалай әсер етеді?
- Қан сарысуындағы глюкозаны глюкозооксидазды әдіспен анықтау принциптері?
- Қан сарысуындағы глюкозаның ролі қандай?
- Қант диабетіндегі гипергликемияның себептері?
- Қан құрамындағы қалыпты глюкоза мөлшері қандай?
- Қандағы глюкозаны анықтаудың диагностикалық маңызы?
Кан сарысуындағы глюкозаны сандық анықтау
Қан сарысуындағы глюкоза мөлшерін анықтау әдісінің принциптері: глюкоза глюкозооксидазаның қатысуымен глюкон қышқылына және сутегі асқын тотығына дейін тотығуы . Түзілген сутегі асқын тотығы переоксидазаның катализі кезінде фенолмен және 4 – аминоантипиринмен әсер ете отырып, боялған хинонимин түзеді. Алқызыл түске боялу тікелей глюкоза концентрациясына пропорционал және фотометриямен өлшенеді.
Жұмысқа глюкозаны анықтау үшін PLIVA-Lachema Diagnostika фирмасының
«Биотест» құралдары қолданылады.
Анализ үшін гемолизденбеген қан сарысуындағы немесе плазма ( гепарин, ЭДТА) қолданылады.
Анализ жүргізу:
контроль | Үлгі | стандарт | |
Реагент R1 | 1,0 мл | 1,0 мл | 1,0 мл |
Дистил. су | 0,02 мл | – | – |
Үлгі | – | 0,02 мл | – |
Стандарт | – | – | 0,02 мл |
Үш пробирка алып, схемада көрсетілген ерітінділерді дайындау, кейін оларды
араластыру, жарықтың тікелей әсер етуінен сақтай отырып 37оС температурада 10мин немесе 20-25оС температурада 20мин қыздыру. Сосын 500(546) нм толқын ұзындығының кюветтегі 1 см-ге контрольге байланысты (А1) үлгісінің, (А2) стандартының оптикалық тығыздығын өлшеу.
Есептеу: қан сарысуындағы глюкоза (ммоль/л)=А1/А2 х Сст,
Сст – стандартты ерітіндінің концентрациясы.
Қан сарысуындағы глюкозаның (ммоль/л) қалыпты көрсеткіші:
Балалар: туылғаннан – 1айға дейін 1,7 – 4,4
2айдан – 15жасқа дейін 3,3 – 5,8
Ересектер: қан сарысуы , плазма 4,2 – 6,0
капиллярлы қан 3,9 – 5,6
СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
ТАҚЫРЫБЫ: АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ: ЗАТ АЛМАСУҒА КІРІСПЕ. ТАТ. КАТАБОЛИЗМНІҢ ЖАЛПЫ ЖОЛДАРЫ. КӨМІРСУЛАРДЫҢ АМАСУЫ.
ТАҚЫРЫБЫ: АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ: ЗАТ АЛМАСУҒА КІРІСПЕ.ТАТ . КАТАБОЛИЗМНІҢ ЖАЛПЫ ЖОЛДАРЫ. КӨМІРСУЛАРДЫҢ АМАСУЫ.
Сабақтың мақсаты
- Энергиялық алмасу, катаболизмнің жалпы жолдары, тыныс алу тізбегінің жұмысы мен құрылысы туралы жалпы таныстыру.
2.Ағзаның және тағамның көмірсуларының негізгі функциясы мен құрылымы туралы көрсету.
Оқытудың мақсаты
Организмдегі энергия түзілу процесін түсіну үшін және олардың патологиялық жағдайын түзету мүмкіндіктерін қарастыру үшін биологиялық тотығу реакциясы мен көмірсулардың алмасуы туралы білімді қолдана білу.
Оқыту және сабақ беру әдісі:. семинар,қорытынды бақылау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1.Зат алмасу бағыттарының негізгі кезеңдері.Катаболизм және анаболизмнің функциясы мен анықтамасы.
2.Зат алмасу мен энергия арасындағы байланыс. Макроэнергетикалық қосылыстар.
3.Биологиялық тотығу туралы түсінік.
4.Коферменттердің құрылысы-протондар мен электрондар тасымалдаушылар.
5.Декарбоксилдік тотығу ПЖҚ-катаболизмнің жалпы жолдарының бірнші кезеңі.
6.ҮКҚЦ- катаболизмнің жалпы жолдарының 2 кезеңі.
7.ТАТ мен катаболизмнің жалпы жолы арасындағы байланыс.Катаболизмнің жалпы жолдары реакциясының энергетикалық шығымы.
8.Катаболизмнің жалпы жолдарының реттелуі.ТАТ мен катаболизмнің жалпы жолдарының жалпы реттелуі.
9.Ферменттердің митохондриялық ТАТ жинақталуы.Тынысалуға бақылау.
10.Фосфорилдік тотығу –АТФ синтезінің негізгі механизмі.Митчельдің хемосматикалық теориясы.Фосфорилдену коэффиценті
11.Оттегінің токсикалық формасы,ферменттер оларды залалсыздандыру ,антиоксиданттар.
12.Тіндік тыныс алудың бұзылуына және катаболизмнің жалпы жолдарына байланысты патология.
13.Тіндік тыныс алудағы ингибиторлар .Фосфорилдік тотығу және тіндік тынысалу процесінің ажыратушылары.
14.Биомембрананың функциясы мен құрылысы және зат алмасудағы ролі.
15.Заттардың мембрана арқылы тасымалдану механизмі.
16.Зат алмасуды түсінудің тәсілдері.
17.Витаминдердің коферменттік функциясы-В1,В2,РР,В3,В6.
18.Адам организмі мен тағамда кездесетін негізгі көмірсулардың функциясы мен құрылысы.
19.Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуі.Бұл процестердің бұзылуы.
20.Гликолиз реакциясы,оның физиологиялық мағынасы,реттелуі.
21.Глюконеогенез.Этанол әсері.Корри циклі,реттелуі.
22.Дисахаридтердің метаболизмі.Олардың гликолизге қатысы.
23.Глюкозалардың аэробты ыдырауы.Жіктелуі.Энергия шығымы
24.Электрондар мен протондардың тасымалдануының ілмектік механизмі
25.Глюкозаның тотығуының пентозафосфаттық жолы.Физиологиялық мағынасы.Гликолизбен байланысы
26.Глюкозаның аэробты және анаэробты ыдырауындағы аллостерлік механизмнің жіктелуі,олармен байланысы.
27.Гликопротеидтер.Мукопосахаридтер(гепарин,гиалурон қышқылы,сиалдық және нейроаминдық қышқыдар)
28.Гликогеннің синтезделуі мен ыдырауының негізгі этаптары.Осы процестердің реттелуі.
29.Гликоген алмасуының бұзылуы.Гликогеноздар және агликогеноздар.
30.Көмірсу алмасуының гормональдық жіктелуі.Қант диабеті,бұзылыстар.
31.Көмірсу алмасуының тұқым қуалайтын бұзылыстары.
Бақылау:Билет және тесттік сұрақтарға жауап түрінде
Билет 1
1.Зат алмасу бағыттарының негізгі кезеңдері.Катаболизм және анаболизмнің функциясы мен анықтамасы.
2.Биомембрананың функциясы мен құрылысы және зат алмасудағы ролі
- Декарбоксилдік тотығу ПЖҚ-катаболизмнің жалпы жолдарының бірнші кезеңі.
- Адам организмі мен тағамда кездесетін негізгі көмірсулардың функциясы мен құрылысы.Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуі.Бұл процестердің бұзылуы.
Билет 2
- Зат алмасуды түсінудің тәсілдері .Заттардың мембрана арқылы тасымалдану механизмі.
- ТАТ мен катаболизмнің жалпы жолы арасындағы байланыс.Катаболизмнің жалпы жолдары реакциясының энергетикалық шығымы.
- Фосфорилдік тотығу –АТФ синтезінің негізгі механизмі.Митчельдің хемосматикалық теориясы.Фосфорилдену коэффиценті.
- Гликолиз реакциясы,оның физиологиялық мағынасы,реттелуі
Билет 3
- Тіндік тыныс алудың бұзылуына және катаболизмнің жалпы жолдарына байланысты патология.
- Ферменттердің митохондриялық ТАТ жинақталуы.Тынысалуға бақылау
- ҮКҚЦ – катаболизмнің жалпы жолдарының 2 кезеңі.
- Глюконеогенез.Этанол әсері.Корри циклі,реттелуі
Билет 4
- Оттегінің токсикалық формасы,ферменттер оларды залалсызданыру,антиоксиданттар.
- Витаминдердің коферменттік функциясы-В1,В2,РР,В3,В6
- ҮКҚЦ декарбоксилдік тотығу реакциясы .Реттелуі,энергия шығымы.
4.Дисахаридтердің метаболизмі.Олардың гликолизге қатысы Көмірсу алмасуының тұқым қуалайтын бұзылыстары.
Билет 5
- Зат алмасу мен энергия арасындағы байланыс. Макроэнергетикалық қосылыстар.Биологиялық тотығу туралы түсінік.
- Катаболизмнің жалпы жолдарының реттелуі.ТАТ мен катаболизмнің жалпы жолдарының жалпы реттелуі.
- Тіндік тыныс алудағы ингибиторлар .Фосфорилдік тотығу және тіндік тынысалу процесінің ажыратылуы .
- Глюкозалардың аэробты ыдырауы.Жіктелуі.Энергия шығымы.Электрондар мен протондардың тасымалдануының ілмектік механизмі
Билет 6
- .ҮКҚЦ – катаболизмнің жалпы жолдарының 2 кезеңі
- Гипоксиялық және гипоэнергетикалық жағдай.Фосфорилдену коэффиценті.Тіндік бақылау.
- Коферменттердің құрылысы-протондар мен электрондар тасымалдаушылар.Декарбоксилдік тотығу ПЖҚ-катаболизмнің жалпы жолдарының бірнші кезеңі.
- Адам организмі мен тағамда кездесетін негізгі көмірсулардың функциясы мен құрылысы. Гликопротеидтер.Мукополисахаридтер(гепарин,гиалурон қышқылы,сиалдық және нейроаминдық қышқыдар)
Билет 7
- Зат алмасу бағыттарының негізгі кезеңдері.Катаболизм және анаболизмнің функциясы мен анықтамасы
- Биомембрананың функциясы мен құрылысы және зат алмасудағы ролі.
- Декарбоксилдік тотығу ПЖҚ-катаболизмнің жалпы жолдарының бірнші кезеңі.
- Глюкозаның тотығуынық пентозалық жолы.Физиологиялық мағынасы.Гликолизбен байланысы
Билет 8
- Зат алмасуды түсінудің тәсілдері .Заттардың мембрана арқылы тасымалдану механизмі.
- ТАТ мен катаболизмнің жалпы жолы арасындағы байланыс.Катаболизмнің жалпы жолдары реакциясының энергетикалық шығымы
- Фосфорилдік тотығу –АТФ синтезінің негізгі механизмі.Митчельдің хемосматикалық теориясы.Фосфорилдену коэффиценті
- Глюкозаның аэробты және анаэробты ыдырауындағы аллостерлік механизмнің жіктелуі,олармен байланысы
Билет № 9
1.Ферменттердің митохондриялық ТАТ – да жинақталуы. 2.Митохондриялардың құрылымы және қызметі.
3.Жалпы катаболизмнің екінші кезеңі ҮКҚЦ .
4.Глюконеогенез. Этанолдың әсері. Кори циклі. Реттелуі
Билет №10
1.Оттегінің токсикалық түрлері,
- В1, В2, В3, В6, РР – витаминдерінің коферменттік қызметтері.
3.ҮКҚЦ дағы декарбоксильді тотығу реакциясы. Ретелу және энергетикалық шығу.
4.Дисахаридтердің зат алмасуы, гликолиз процесіне қатысуы. Көмірсулардың алмасуынан болатын тұқымқуалаушылық.
Билет №11
- Зат және энергия алмасудың арақатынасы. Макроэріктік байланыстар. АДФ-АТФ циклі. Биологиялық тотығу туралы түсінік.
2.Жалпы катаболизм жолдарының реттелуі. ТАТ нің және жалпы катаболизм жолдарының реттеушілері.
- Тіндік тыныс алудың ингибиторлары. Тіндік тыныс алу және тотыға фосфорлану
4.Глюкозаның аэробты ыдырауы. Реттелуі, энергетикалық шығымы. Митохондрияда электрондар мен протондардың тасмалдануы
Билет №12
- Жалпы катаболизмнің екінші кезеңі ҮКҚЦ.
2.Гипоксикалық және гипоэнергетикалық жағдайы. Фосфорлану коэфиценті.
3.Протон және электрон тасымалдайтын коферменттердің құрылымы.
4.Адам организміндегі маңызды көмірсулардың құрылымы және атқаратын қызметі. Гликопротеиндер. Мукополисахаридтер ( гепарин, гиалурон қышқылы)