Сабақ жоспары

Тақырыбы: Ақуыздардың қорытылуы мен сіңірілуі.Аминқышқылдарының алмасуының жалпы жолдары

Сағат саны 5

Курс 2

Мамандық – жалпы медицина

Тақырыбы: Ақуыздардың қорытылуы мен сіңірілуі.Аминқышқылдарының алмасуының жалпы  жолдары

Сабақтың мақсаты: тамақтануда ақуыздың рөлі туралы, ақуыздардың қорытылуы және аминқышқылдарының жалпы алмасу жолдары туралы түсінік алу. 

Оқыту мақсаты :

  1. тамақтануда ақуыздардың ролін оқыту;
  2. ақуыздардың қорытылуы мен гидролиздену өнімдерінің сіңірілу процестерін оқыту;
  3. аминқышқылдарының жасушадағы негізгі көздерін және олардың жалпы алмасу жолдарын оқыту; 

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Азоттық баланс, квашиоркор.тамақтанудағы ақуыздың қалыпты көрсеткіші.
  2. Ақуыздардың қорытылуы.Протеиназалар – белсенуі, арнайылығы. Гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.
  3. Жасушадағы амин қышқылдарының негізгі көздері.Амин қышқылдарының тасымалдануы.Катепсиндер.
  4. Амин қышқылдарының жалпы алмасу жолдары:

а)  аминдену;

б)  тотыға дезаминдену;

в) тікелей емес дезаминдену;

г) декарбоксилдену.

  1. Амин қышқылдарының метаболизміндегі пиридоксаль мен глутаматтың ролі.

Амин қышқылдарының азотты емес қалдықтарының қолданылу жолдары; гликогенді және кетогенді  аминқышқылдары.

Биогенді  аминдер; гистамин, серотонин, ГАМҚ, катехоламиндер.Аминооксидазалардың қызметі.

Ақуыздардың қорытылуының және амин қышқылдарының сіңірілуінің бұзылыстары. 

Оқыту әдістері: тәжірибелік сабақ шағын топтармен  жұмыс. Жұмыстарды келесі үлгіде бөлу:

1 топ –  трансаминдеу, аминотрансферазалар,   В6  витаминінің ролі

2 топ –  тотыға дезаминдену; глутаматдегидрогеназа

3 топ – тікелей емес дезаминдену

4 топ – декарбоксилдену

Жұмыс барысында келесіге көңіл аударыңыз:

Организмнің өміршеңдігінде  амин қышқылдарының метаболиттерінің қолданылуы және тамақтанудағы ақуыздардың ролі. Студенттердің назарын асқорыту жолдарының протеиназаларының әсерінен полипептидті тізбектің амин қышқылдарына дейін ыдырайтынына аудару керек. Асқорыту ферменттері белсенсіз зимогендер түрінде синтезделеді, сондықтан олар синтезделетін секреторлы жасушаларды зақымдамайды.Зимогендердің белсендігінің іске қосылуы теек ішекте немесе асқазанда жүзеге асады, яғни сөл көп бөлінетін мүшелерде.

Студенттердің назарын мынаған аударту керек; протеолитикалық ферменттер спецификалық қасиетке ие және тек қана арнайы аминқышқылдардан құралған пептидтік байланыстарды гидролиздейді, бірақ ақуыздар құрамында 20 аминқышқылы бар болғандықтан пептидтік тізбекті толық гидролиздеу үшін арнайы ферменттер тобы керек.

Ақуыздардың ыдырауы асқазанда басталады.Асқазан сөлінің рн-ы 1,5-2,0. Асқазанның қапсырма клеткаларында тұз қышқылы түзіледі.

Студенттер назарын асқазан сөлінің қышқылдығын анықтаудың клиникалық мағынасына аударту керек. Қышқылдықтың төмендеуі немесе тұз қышқылының мүлдем болмауы гастрит,пернициозды анемия, асқазан рагінің соңғы белгісінде кездесуі мүмкін.Ахилия кезінде,сонымен қатар ісік әсерінен  асқазанның дарбазашысы стеноздары кезінде асқазан құрамында сүт қышқылын табуға болады.Асқазан сөлінің қанға оң реакциясы немесе әсері асқазанның қанауын білдіреді.

Сапалы анализ жүргізу және асқазан сөлінің қышқылдығын зерттеу дәрігерге асқазан-ішек жолдарының аурулардың диагностикасын жүргізуге көмектеседі.

Адамның асқазан сөлініңс құрамында пепсинмен қатар протеолитикалық ферменттер бар: гастриксин,химозин және 3пепсинтәрізді протеиназалар-парапепсиндер.Асқазанда жартылай ыдыраған ақуыздар панкреатиттік сөл бөлінетін ішекке түседі.Панкреатиттік без секреті өзініңс құрамында активті емес протеазалардың туындалары: трипсиноген,химотрипсиноген карбоксипептидаза А және В,проэластазды.Ішек ферменті энтеропептидаза трипсиногенді активтендіреді.Қалған протеазалар жартылай проеолиздік ыдырау жолымен активтеледі.Протеазалар және пептидазалардың бірігіп әсер етуімен бірқалыпты кішірейетін немесе азаятын ақуыз қалдықтары –полипептидтер,олигопептидтер,три-,дипептидтер және бос аминқышқылдары түзіледі.

Асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы НСL-дың ішекте толық бейтараптандыру жүрмей қалуы мүмкін және рн трипсин мен басқа протеиназалар үшін оптимальды жетпеуі мүмкін.Панкреатиттік бездің сәл ғана бұзылыстарында немесе сұйықтық ағуының бұзылыстарында (ісік, ісіну) панкреатиттік сөлдің мөлшері азаяды.Осындай жағдайларда нәжiстiк тыңайтқыштарда(фекалияда) қорытылмаған ақуыздың көп мөлшері пайда болып,іріңдеу процестері дамиды.Клетка ішінде ақуыздардың гидролизі лизосомальді протеазалар-катепсиндердің көмегімен жүзеге асады.

Сонымен қатар назарды мынаған аудару қажет: ішекке сіңген аминқышқылдары қанмен бауырға,бүйрекке, миға, бұлшықетке және басқа тіндерге жеткізіліп,сол жерде басқа азотқұрамды қосылыстардың ақыздарының синтезіне немесе ыдырау процесіне ұшырайды.Ақуыз құрамына кіретін 20 аминқышқылының қышқылдануы үшін көптеген реакциялар бар, бірақ бұл жолдардың барлығы цитратты циклға қатысатын көптеген заттардың түзілуіне алып келеді: ҚСҚ ,пируват,ацетил-КоА,а-КГ, фумарат.

Аминқышқылдар катоболизмінің бірінші сатысы-аминтобының ажырауынан басталады,яғни ол 2 жолмен жүреді: трансаминделу және дезаминделу.

Мынаны ескерген жөн тарнсаминделу кезінде аминқышқылдарының  альфа-аминотобы үш кетоқышқылдардың біреуіне: пируват,а-КГ,ОА-ң альфа-көміртегі атомына тасымалданады.Осының нәтижесінде бастапқы аминқышқылының альфа-кетоаналогы түзіледі,ал альфа-кетоқышқылы тиісті аминқышқылына өзгереді.Бұл реакцияларды катализдеуші ферменттер-аминотрансферазалар.Аминотрансферазалар-бұл ортақ коферменті-фосфопиридоксаль бар ферменттер тобы.

Глутамат НАД-қа тәуелді глутаматдегидрогеназа ферментінің әсерінен қышқылдық дезаминденуге ұшырайды

Студенттердің назарын мынаған аудартқан жөн: аминқышқылдардың көбі 2 кезеңнен тұратын тура емес дезаминделуге ұшырайды:1- глутаматтың түзілуімен жүретін аминқышқылдардың а-КГ-тан тарнсаминделу реакциясы, 2- аммиактың түзілуімен аяқталатын глутаматтың қышқылды дезаминделу реакциясы.Сонымен глутамин қышқылы трансаминделу және жаңа аминқышқылдардың синтезінде,аминқышқылдардың дезаминделу процесстерінде негізгі роль атқарады.

Қанның сары суында трансаминазалардың активтілігін анықтау клиникада инфаркт миокарда диагнозын растау үшін және бауыр мен бұлшықет ауруларын анықтауда кеңінен қолданылады.Инфаркт миокарда кезінде қан сары суында ең бірінші 6-24 сағатта АСТактивтілігі артады,яғни қалыпты жағдайдан 4-5 есе.Бауырдың қатты зақымдалуы-гепатит кезінде-АЛТактивтілігінің айқын артуымен сипатталады, яғни қалыпты жағдайдан 100 есе.Мысалы вирусты гепатит кезінде. Қан сарысуында трансаминазалардың активтілігінің жоғарылауы бұлшықет ауруларының(мысалы полимиозит кезінде)диагностикалық белгісі болып табылады.

Бақылау: тест түрінде

1-вариант

1.Алмаспайтын  аминқышқылын тап

а)аланин   б)валин   в)глутамат   г)аспартат   д)глицин\

2.Адам организміндегі тіндерде ақуыздың орташа мөлшері:

А)25 кг   б)15кг   в)40 кг   г)10 кг    д)5 кг

  1. Бірден белсенді түрде синтезделеді

А)пепсин   б)трипсин   в)аминопептидаза   г)химотрипсин   д)эластаза

  1. Мына байланыстарды гидролиздейтін трипсин неден құралған ?

А)диаминқышқылдардың карбоксил тобымен

Б)ароматты аминқышқылдардың карбоксил тобымен

В)ароматты аминқышқылдарының амин тобымен

Г)глицин және аланинмен

Д)әртүрлі 2 аминқышқылымен

5.Асқазан сөлінің тұз қышқылы:

А)тағаммен түскен ақуыздарды денатурациялайды

Б)пепсинге оптимальды рн жасайды

В)бактерицидтік әсер етеді

Г)а,б және в дұрыс

Д)а және б дұрыс

6.Трансаминделу реакциясына қатысатын амин қышқылдар

А)а-кетоқышқылдар       Б)а-аминқышқылдар

В)придоксальфосфат           Г)а,б және в дұрыс

Д)а және б дұрыс

7.Тотығып  дезаминделуге ұщырайды:

А)глутамат    Б)аланин   В)аспартат  Г)гистидин   Д)фенилаланин

8.Глутамат-ДГ-ң  коферменті:

А)ТПФ           Б)НАД      В)ФП     Г)ФАД     Д)НАД

9.Жүйке импульсінің тоқтауын тудырады:

А)серотонин

Б)адреналин

В)ГАМК

Г)этаноламин

Д)гистамин

  1. Ішекте ақуыздардың іріңдеуі кезінде қанда не көбейеді:

А)серотонин

Б)индикан

В)гистамин

Г)карнитин

Д)креатин

2-нұсқа

1.Алмаспайтын аминқышқылын тап:

А)пролин     Б)глутамин     В)аспарагин   Г)треонин      Д)глицин

2.Адам ағзасындағы бос аминқышқылдрадың мөлшері:

А)35 г     Б)500 г              В)100 г             Г)250 г     Д)15 г

  1. асқазан асты бездерде синтезделеді:

А)карбоксипептидаза        Б)аминопептидаза                В)пепсин

Г)дипептидаза                     Д)трипептидаза

4.Мына  байланыстарды гидролиздейтін  пепсин  неден құралған  ?

А)диаминқышқылдардың карбоксил тобымен

Б)ароматты аминқышқылдардың карбоксил тобымен

В)ароматты аминқышқылдарының амин тобымен

Г)глицин және аланинмен

Д)әртүрлі 2 аминқышқылымен

5.Асқазан сөлінің қышқылдығының қалыпты көрсеткіштері

А)60-70 ТЕ    Б)40-60 ТЕ       В)20-30 ТЕ             Г)30-50 ТЕ      Д)20-40 ТЕ

6.Аланинаминотрансфераза қайда іріктелген

А)лизосомада

Б)цитозольде

В)митохондрияда

Г)микросомада

Д)клеткалыұқ мембранада

7.Кортизолмен индуцияланады

А)глуДГ

Б)глуДК

В)АСАТ

Г)АЛАТ

Д)сериндекарбоксилаза

8.Декарбоксилаза аминқышқылдарының  коферменті не болып табылады?

А)ТПФ

Б)НАД

В)ФП

Г)ФАД

Д)НАДФ

9.Антидепресанттық қасиетке ие

А)сератонин

Б)Адреналин

В)ГАМК

г)этаноламин

Д)гистамин

10.Асқазан сөлінде сүт қышқылы қай кезде түзіледі:

А)гипоацидті гастрит

Б)гипрацидті гастрит

В)ахилия

Г)а және в дұрыс                      Д)а және б дұры

3-вариант

1.Алмаcпайтын аминқышқылын тап:

А)лейцин,

Б)триптофан

В)глицин

Г)а және б дұрыс

Д)а,б және в дұрыс

2.Ақуыздардың тағамдық құндылығы неге байланысты

А) амин қышқылдарының алмасу ретіне

Б) барлық алмастырылмайтын амин қышқылдарының бар болуымен

В)ЖКТ-да ыдырау мүмкiндiктерiне

Г) )а және б дұрыс

Д)б және в дұрыс

  1. Терiс азотты баланс байқалады:

А)тез өсуде

Б)бұлшықет массасын ұзарту кезінде

В)қартаюда

Г)дені сау адамның дұрыс тамақтануы кезінде

Д)жүктілік кезінде

4.Мына байланыстарды гидролиздейтін  хемотрипсин  неден құралған

А А)диаминқышқылдардың карбоксил тобымен

Б)ароматты аминқышқылдардың карбоксил тобымен

В)ароматты аминқышқылдарының амин тобымен

Г)глицин және аланинмен

Д)әртүрлі 2 аминқышқылымен

5.Асқазан сөлінің бос НСІ қалыпты көрсеткіштері

А)60-70 ТЕ

Б)40-60 ТЕ

В)20-30 ТЕ

Г)30-50 ТЕ

Д)20-40 ТЕ

  1. Катепсигндер қайда іріктелген

А)лизосомада

Б)цитозольде

В)митохондрияда

Г)микросомада

Д)клеткалыұқ мембранада

  1. АТФ ны ингибитор жасайды

А)глу ДГ

Б)глуДК

В)АСАТ

Г)АЛАТ

Д)сериндекарбоксилаза

8.Аминқышқылдарының декарбоксилденуінде қай витамин қатысады?

А)А

Б)В6

В)С

Г)В1     Д)В2

9.Сериннің декарбоксилденуінің нәтижесінде не түзіледі

А)сератонин

Б)Адреналин

В)ГАМК

г)этаноламин

Д)гистамин

10.Атрофикалық гастрит кезінде,ахилия кезінде асқазан сөлінде не байқалады?

А)гиперацидоз

Б)гипоацидоз

В)гастромукоидтардың  жоқ болуы

Г)асқазан сөлі мен НСI-дың мүлдем болмауы

Д)Лактаттың болмауы

4-нұсқа

1.Алмаспайтын аминқышқылын тап:

А)серин

Б)глицин

В)лизин\

Г)пролин

Д)аспарагин

  1. Оң азотты баланс байқалады

А)қартаю

Б)аш қарынға

В)ұзақ уақыттық ауыр науқастану

Г)дені сау адамның дұрыс тамақтануы кезінде

Д)жүктілік кезінде

3Тұз қышқылы активтендіреді

А)пепсин

Б)трипсин

В)аминопептидазаны

Г)химотрипсин

Д)эластазды

  1. Мына байланыстарды гидролиздейтін дипептидазалар неден құралған ?

А)диаминқышқылдардың карбоксил тобымен

Б)ароматты аминқышқылдардың карбоксил тобымен

В)ароматты аминқышқылдарының амин тобымен

Г)глицин және аланинмен

Д)әртүрлі 2 аминқышқылымен

5.Асқазан сөлінің байланысқан  НСІ-ң қалыпты көрсеткіштері

А)60-70 ТЕ

Б)40-60 ТЕ

В)20-30 ТЕ

Г)30-50 ТЕ

Д)20-40 ТЕ

6.Аспартатаминотрансфераза  қайда іріктелген

А)лизосомада

Б)цитозольде

В)митохондрияда

Г)микросомада

Д)клеткалыұқ мембранада

7.Инфаркт миокарда кезінде қандане өзгереді:

А)Де Ритис коэффиценті артады

Б)АСТ артады

В) Де Ритис коэффиценті төмендейді

Г)а және б дұрыс

Д)б және в дұрыс

8.АДФны активтендiредi

А)глу ДГ

Б)глуДК

В)АСАТ

Г)АЛАТ

Д)сериндекарбоксилаза

9.Трансаминделуге қай дәрумен қатысады

А)А

Б)В6

В)С

Г)В1

Д)В2

10.Триптофанның декарбоксилдену нәтежесінде  түзілетін зат.

А)сератонин

Б)Адреналин

В)ГАМК

г)этаноламин

Д)гистамин

5-нұсқа

1.Алмаспайтын аминқышқылын тап

А)аланин

Б)глутамат

В)глутамин

Г)фенилаланин

Д)глицин

2.Энтеропептидаза активтендіреді:

А)пепсин

Б)трипсин

В)аминопептидазды

Г)химотрипсинды

Д)эластазды

  1. Протеазалардың активациясы ненің арқасында болады

А)біріншілік құрылымының өзгеруінен

Б)молекулада жаңа байланыстардың түзілуінен

В)коферменттің қосылуымен

Г)N-ұшынан пептидтің босауы.

Д)екіншілік құрылымның өзгеруінен

  1. Құрылған байланыстарды қайсысын эластаза гидролиздейді:

а) диаминоқышқыл карбоксилмен;   б) ароматты аминоқышқылды карбоксилімен;

в) ароматты аминқышқылының аминотобымен;  г) глицин және аланинмен;

д) кез-келген екі аминоқышқылмен

  1. Гиперацидті гастрит кезінде асқазан сөлінің көрсеткіштері :

а) жалпы қышқылдық 80-90 ТЕ;             б) бос НСl 40-60 ТЕ;

в) бос НСl  20-40 ТЕ;            г) а және в дұрыс;        д) а және б дұрыс

  1. Қандағы бауыр аурулары кезінде:

а) Де Ритис коэффициенті артады;  б) АЛТ жылдам артады;

в) Де Ритис коэффициенті төмендейді;  г) а және б дұрыс;  д) б және в дұрыс

  1. АЛАТ коферменті болып табылады:

а) ТПФ;    б) НАД;    в) ФП;      г) ФАД;     д) НАДФ.

  1. Асқазан сөлінің секрециясын тұрақтандырады

а) серотонин;   б) адреналин;   в) ГАМҚ;    г) этаноламин;    д) гистамин

  1. глутаматтың декарбоксилденуінен құрылады:

а) серотонин;   б) адреналин;   в) ГАМҚ;    г) этаноламин;    д) гистамин

  1. Аллергиялық реакцияларға қатысады:

а) серотонин;   б) адреналин;   в) ГАМҚ;    г) этаноламин;    д) гистамин

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!