ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР
Тақырыбы : Бауыр биохимиясы. Хромопротейдтердің алмасуы
Сағат саны 5
Курс 2
Мамандығы – Жалпы медицина
Тақырыбы: Бауыр биохимиясы. Хромопротеидтердің алмасуы.
Сабақтың мақсаты:
Бауырдын негізгі функциялары туралы білімді жинақтау,ксенобиотиктер мен метаболиттердің бауырдағы айналуларындағы негізгі жолдары
Оқыту мақсаты:
-Зат алмасу кезінде бауырда пайда болатын ауруларды білу үшін, оның гомеостаздық қызметі және де липидтер,аминқышқылдар,көмірсулардың алмасуындағы рөлін тұжырымдай білуге үйрену;
-Сары ауру диагностикасы үшін хромопротеидтердің алмасуы жайлы білім беру;
Тақырыптын негізгі сұрақтары:
- Бауырдың ішкі орта тұрақтылығын,яғни гомеостазды реттеудегі негізгі рөлі
- Бауырдың метаболиттік функциясы. Экспорт үшін заттардың биосинтезі(глюкоза,амин қышқылдары).
- Көмірсулардың бауырда алмасуының негізгі жолдары.
- Липидтердің бауырда алмасуының негізгі жолдары.
- Амин қышқылдарының бауырда алмасуынын негізгі жолдары.
- Бауырдың ас қорытуға қатысатын қызметі:өт қышқылының түзілуімен тікелей байланысты
- Бауырдағы заттардың залалсыздандырылуы.Микросомалық тотығу.
- Хромопротеидтердің алмасуы.Билирубиннің залалсыздандырылуы.
- Сары аурудың түрлері мен диагностикасы.
Білім берудің және оқытудың әдістері: практикалық сабақ – дискуссия
Дискуссия кезіңде келесіге көңіл аудару керек:
Бауырдың зат алмасуда біріншіден порталмен қан айналым арасындағы станциясымен анықталады.Ішектегі көптеген заттардың сіңірілуі бауырда жүреді.Сондықтан да бауыр ең бірінші қандағы заттарды функциялайтын,ағзаға түскен тағамдарды бірінші реттеуші болып есептеледі.Соған қарамастан қоректендіргіш заттардың ішектен қанға сіңірілуі тұрақты жүрмейді.Осыған байланысты қан айналымдағы портальдық шеңберде біресе өте жоғары біресе өте төмен концентрация бақыланады.Мысалы:Глюкоза,аминқышқылдары т.б айтылған қосылыстардың жалпы қан айналым шеңберіндегі концентрацияларының өзгерісінің маңызы зор емес.Бауырда альбумин,фибриноген,протромбин,церулоплазмин,трансферрин,ангиотензиноген секілді қан плазмасының негізгі белоктары синтезделеді.Осы айтылған белоктар арқылы бауыр онкотикалық қысым мен АҚ-ның реттелуі және қанның таралу көлемі,темірдің ыдырауы сияқты маңызды үрдістерге қатысады.
Бауырдың ең негізгі басқа функциясы-детоксикациялық және барьерлік.Бауырда катаболизм өнімі ішектегі билирубинді залалсыздандыру болып табылады. Және де дәрілік препараттардың ,токсикалық ксенобиотиктердің,гормондардың,биогенді аминдердің белсенділігінің төмендеуі жүреді.Бауырда өте улы аммиак улы емес несепке айналады.Залалсыздандыру химиялық модификациялық негізгі жолымен өтеді және 2 фазада жүреді.Бүйректе,өкпеде,теріде,асқазан-ішек жолында микросомалық тотығу ферменттері бар ,бірақ,ол басқаларға қарағанда бауырда белсендірек болады.Микросомалық ферменттер тобына :спецификалық оксидазалар,әр түрлі гидралазалар және коньюгациялық ферменттерді жатқызады.Коньюгация реакциясынын 2 фазасы ЭР ферменттерімен модификацияланған зат глюкурон қышқылы,күкірт қышқылы,глицин,глутатион және тб. эндогендік субстратпен байланысады.Пайда болған коньюгат ағзадан шығарылады.
Бауыр детоксикалық функиясымен тығыз байланыста болуындағы ең негізгі экскреторлық функциясын атқарады.
Бауырда билирубинді заласыздандыру мен қатар гемоглобин өнімінің ыдырауы жүреді.Пигментті алмасуының маңызды жеке белгілерінің бірі-сар ауру.27-34 мкмоль/л,қандағы билирубиннің мөлшерінен білінеді.
Гипербилирубинимияның себептері:
- эритроциттердің гемолизінің күшеюі(гемолитикалық сары ауру)
- гепатоциттердің функциясының бұзылысы(паринхимтоздық сары ауру)
3-өт жолының бөгелуі (обтурациялық сары ауру)
-Сары аурудың жеңіл формасы-қан сарысуындағы билирубин деңгейі 85мкмоль/л кем емес
-Сары аурудың орташа ауыр формасы-86-169мкмоль/л
-Сары аурудың ауыр формасы-170 мкмоль/л
Сары аурудың паренхиматоздық түрі-бауырдағы билирубиннің тоқтап қалуына,қандағы некроз гепатоцитімен зақымдануымен билирубиннің мөлшерінің артуына әкеп соқтырады.Негізінде билерубиннің моноглюкурониді қалыптасады.Байланысқан билирубин зәрде пайда болуы мүмкін.Қанда конигерлік билирубин көтеріледі де аз дәрежеде бос билирубин өседі.Бірақ нақты диагностикалық себеп болып қалыпты шектегі сіңірілетін зәрде мезобилиноген (уробилиноген)зәрде пайда болады,бауырда тұрып қалып әр түрлі қосылыстар түрінде өтке барып түседі.Мезобилиноген сарғаю периодына дейін қанда артып кетуі мүмкін,ал тәулікті көлемі 200мг –ға дейін,бауыр функциясынын бұзылуына байланысты мөлшері артып кетуі ықтимал.
Сары аурудың обтурациялық түрі- өт жолынын бітеліп қалуы ,өт жолынын толып қалған билирубин байланысын қанға алып келеді және зәрде пайда болуына алып келеді.Нәжіс түссізденеді,стеркобилиногеннің жоғалып кетуіне байланысты.Бауыр асты сары ауруының ауыр түрінде қанда еркін билирубин жоғарылайды ,бірақ байланысқан билирубиннің мөлшері әр қашанда жоғары болады.
Гемолитикалық сары ауру –Эритроциттердің гемолизінің күшеюінен билирубиннің қандағы концентрациясы артады.Бауырдын билирубинді залалсыздандыру қабілеттілігі,физиологиялық шарттарда оның өнімін 3-4 рет жоғарылатады.Гемолиттік сары аурудағы гипербилирубинемия альбумин және 101-171мкмоль\л денгейде болатын коньюгерленбеген билирубиннің нәтижесіне байланысты болады.Сол уақытта коньюгерленген билирубин концентрациясы қалыптысынан ажыратылмайды. Функционалды гипербилирубинемиялар-Билирубиннің ағзадан шығуына бағытталған бұзылыстар.Ол билирубинді клетка клетка мембранасы арқылы тасымалдау жүйелерінде және билирубиннің гепатоциттерде глюкурондалында міндер болуымен байқалады.
Сары аурудың клинико-биохимиялық дифференциалды диагностикасы
Сары аурудың түрі | Қандағы билируб. | Несепте | Нәжісте |
Қалып | Байл.+; бос.+ | Ст.+; М -; Билируб.- | Ст.+ |
Бауыр асты | Байл.+; бос.↑↑↑ | Ст.↑↑; М-; билируб – | Ст. ↑↑ |
Бауыр | Байл.↑↑↑; бос. ↑ | Ст.+; М+; билируб.+ | Ст.+ |
Бауыр үсті | Байл.↑↑↑; бос. ↑ | Ст.+; М+; билируб.+ | Ст.- |
Сары аурудың дифференциалды диагностикасы және пигменттердің алмасуы микроплакттардың жиынтығы бар, тағыда липид және ақуыздардың,көмірсулардың алмасуының таблицада келтірілген бауырдың рөлі .
Бақылау:Ситуациялық тапсырма және тесттік бақылау түрінде беріледі.Келесі тапсырманы шешіңіз:
- Неліктен жануарлардын бауырын алып тастаған соң 0,625-0,5 г/кг глюкозаны сағат сайын салмаса 3 сағаттан кейін гипогликемия пайда болып ол өледі?Неліктет лактат,галактоза және ПЖҚ енгізу тиімді емес?
- Бауыры алынып тасталған жануарларға адреналин еңгізілгенде неліктен гипергликемия пайда болмайды?
- Этанолдың алмасуы негізінде бауырда жүреді .Неліктен алкоголь токсикозында гиперлактомия мен гиперлекемия байқалынады?
- Цитохром р450-гемопротеид. Екі негізгі қызметі:1)Оттегіге электронды жеткізіп белсендіреді;2)Осы белсендірілген оттегі басқа заттарды (RH)тотықтырып,су түзуге қатысады.Сонымен,оттегінің бір атомы тотығушы затпен байланысса,екіншісі реакция ортасынан тотықсыздану реакциясын катализдейді ол НАДФН2 Н2О
Н2 қосып алып су молекуласын түзеді.
Микросомалық тотығу жүйесінің компоненттерін таңданыз:
а). НАДФН2 – дегидрогеназа; б), Құрамында гемі бар белок;
в) Цитохром Р 450; г) НАДН2;
5) Көптеген жағдайда коньюгациялау залалсыздандырудың екінші кезеңі болып есептелінеді.Ол тотығудан,гидролизден немесе қайтадан қалпына келуден кейін пайда болады.Нәтижесінде токсикалық емес жеңіл шығарылатын ыдырау өнімдері пайда болады.
Қандай заттар бауырда залалсыздандырылуға ұшырайды?
а)Глюкозаның ыдырау өнімдері;
б) Дәрілік заттар;
в) Катоболизмнің гем өнімі;
г)Ішектегі шіріген өнімдер;
Ситуациялық тапсырмалар :
1 тапсырма
А-науқасты клиникада тексергенде қанындағы ЛДГ, , креатинкиназа, гидроксибутиратдегидрогеназа, АСТ:АЛТ >1-ның белсендігінің жоғарылағаны белгілі болды.Ал Б пациентінің ЛДГ, фруктоза-1-фосфатальдолаза, сорбитдегидрогеназа, глутаматдегидрогеназа, орнитинкарбомоилтрансфераза, АСТ:АЛТ 1 белсендірілген.Қандай мүшелердің ауруы жайлы айтылған?
2-тапсырма
Өтінде тасы бар әйелдің бауырының маңайында ауру пайда болды .Терісінің түсі тез сарғыштана бастады,нәтижесінде түссізденді ,зәрінің түсі қою шайдың түсіне ұқсай бастады.Пигменттік заттардың алмасуында сары аурудың қандай түрі болады?
3 тапсырма
Аурудың екі түрі сипатталған.Біріншісіне бұлшықет фосфорилаза дефектісі тән,екіншісіне бауыр.Осы аурудын белгілерін атаңыз?Физикалық жүктемеден кейін лактаттың қандағы концентрациясы қалай өзгереді? Глюкогон енгізгенде науқастын реакциясы қандай болады?
4 тапсырма
Жас нәрестенің жиі-жиі сіңірі тарылады.Бауыры үлкейген ,қандағы лактаттың және пирожүзім қышқылының мөлшері жоғарылаған ,гипогликемия байқалады.Адреналинді еңгізгенде қандағы қанттың мөлшері жоғарыламайды,ал сүт қышқылының мөлшері көбейеді.Қандай бұзылыстар туралы айтылған?
5 тапсырма
Зәрде стеркобилиногеннің ( уробилиногеннің) құрамы жоғары, билирубин жоқ. Эритроциттердің төзімділігі төмен . Сары аурудын қай түрі жайлы айтылған?
6 тапсырма
Созылмалы бауыр және өт шығару жолдарымен ауыратын науқастарда жиі остеомаляция(сүйектердің жұмсаруы мен қанқаның деформацясы)кездеседі.Пайда болатын аурудың механизмін талқылаңыз.
7 тапсырма
Науқаста созылмалы гепатит.Адамның мінезіне ауру ықпал етеді ме?
8 тапсырма
3 күн ашығу арқылы емдеу жүргізілді.Бауырдағы гликогеннің мөлшері осы мезгілде көбейеді ме немесе азаяды ма? Неліктен?
9 тапсырма
Науқастын қанында және несебінде индолдың мөлшері жоғары,ал индиканның мөлшері төмен.Бұл мәліметтер бауырдың қандай қызметтінің бұзылғандығын көрсетеді?
10 тапсырма
Науқастын терісінің ,көзінің ақ қабығы ашық сары түсті,несепінің түсі сыраның түсіне ұқсас,нәжісінің түсі өзгеріссіз.Қанда байланыспаған билирубиннің мөлшері әдеттегіден жоғары,нәжісінде стеркобилиноген мөлшері қалыпты жағдайдағыдай,несебінде стеркобилиноген(уробилиноген)және билирубин бар.Бұл сары аурудың қандай түріне жатады?
11 тапсырма
Ауруханаға бауыры науқас кісі түсті. Қандағы мочевинаның құрамы анықталды.Бауыры қаншалықты ауру екендігін бағалау үшін осы анализдін қажеті бар ма?
12 тапсырма
Обтурационды сары ауруда қандағы ферменттердің белсенділігін және де холестерин деңгейі мен оның фракциясын зерттеу орынды ма?
13 тапсырма
Науқастың қанының құрамында 0,7мг% ( қалыпты 0,4-0,8мг%, 7-14мкмоль/л) билирубин, нәжістің құрамында стеркобилин, зәрде стеркобилиноген (уробилиноген)іздері, билирубині жоқ.Пигменттік алмасудын бұзылысы туралы мәліметтер бар ма?.
14-тапсырма
Өтінде тасы бар әйелдің бауырының маңайында ауру пайда болды .Терісінің түсі тез сарғыштана бастады,нәтижесінде түссізденді ,зәрінің түсі қою шайдың түсіне ұқсай бастады.Пигменттік заттардың алмасуында сары аурудың қандай түрі болады?
15 тапсырма
Аурудың екі түрі сипатталған.Біріншісіне бұлшықет фосфорилаза дефектісі тән,екіншісіне бауыр.Осы аурудын белгілерін атаңыз?Физикалық жүктемеден кейін лактаттың қандағы концентрациясы қалай өзгереді? Глюкогон енгізгенде науқастын реакциясы қандай болады?