Емтихан сұрақтары мен есептері

Жалпы медицина мамандығына арналған медициналық биохимия электив пәні бойынша емтихан сұрақтары мен есептері

  1. Биохимияға кіріспе. Биохимия пәні мақсаттары және міндеттері. Биохимиялық зерттеу объектілері. Биохимияның негізгі бөлімдері мен бағыттары.Биохимия тарихының негізгі кезеңдері.
  2. Ақуыздар және олардың жіктелуі. Ақуыздардың құрылымдық бірлігі. Ақуыздардың физико-химиялық қасиеттері.
  3. Ақуыздардың биологиялық қызметтері. Ақуыздардың құрылымдық ұйымдасуы.Күрделі ақуыздар.
  4. Ферменттер,олардың жіктелуі мен номенклатурасы. Ферменттік катализдің ерекшеліктері.
  5. Изоферменттер. Ферменттер белсенділігінің реттелуі. Ферментті анықтаудың диагностикалық маңызы.
  6. Зат алмасуға кіріспе. Метаболизм және оның кезеңдері туралы түсінік. Анаболизм және катаболизм жолдары. Метаболизм реттелуінің жалпы принциптері.Метаболизмнің соңғы өнімдері, оларды шығару жолдары.
  7. Тамақтану биохимиясы. Адам тағамының құрамы. Ағза тіршілігіндегі тағамның ролі.
  8. Дәрумендер, олардың жіктелуі. С,Р,пантотен және фолий қышқылы,биотиннің құрылысы,тағамдық көздері және биологиялық қызметтері. Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар.
  9. Майда еритін дәрумендер: А, Д, Е, К. Құрылысы, тағамдық көздері және биологиялық қызметтері. Гипервитаминоз және гиповитаминоздар.
  10. Тағамның минералды заттары. Тағам және су құрамындағы микроэлементтер жетіспеушілігімен байланысты жергілікті ауытқулар. Зат алмасуда микроэлементтердің алатын орны.
  11. Биомембраналардың құрылысы және биологиялық қызметтері. Липидті биқабаттың құрылысы мен құрамы. Мембраналық ақуыздар,олардың қызметтері. Лизосомальды аурулар.
  12. Биоэнергетика. Аутотрофтар және гетеротрофтар. Жасушаның негізгі энергиялық субстраттары. Тірі жүйелердегі эндергоникалық және экзэргоникалық реакциялар. Макроэргтік қосылыстар.
  13. Тіндік тынысалу және биологиялық тотығу туралы түсінік.Субстраттардың сусыздануы және сутегінің жасуша энергиясы ретінде тотығуы. Митохондриядағы электрондарды тасымалдау тізбегі ферменттерінің орналасуы.Терминальды тотығу: убихинон,цитохром.
  14. Жасушада знергия тасымалдану механизмдері (П.Митчелл теориясы). Тотыға фосфорлану,Р:О және АДФ:АТФ коэффициенттері.
  15. Катаболизмнің жалпы жолдары туралы түсінік. Пирожүзім қышқылының тотыға декарбоксилденуі. Пируватдегидрогеназалық кешеннің реттелуі.
  16. Лимон қышқылының циклі. Электрондар мен протондарды тасымалдау тізбегінің, катаболизмнің жалпы жолдарымен байланысы. Цитратты циклдің реттелуінің аллостерлік механизмдері.
  17. Адам тінінің негізгі көмірсулары, олардың құрылысы және биологиялық ролі. Гликопротеидтер мен протеогликандардың құрылысы мен қызметтері. Медицинада қолданылуы.
  18. Тағамның негізгі көмірсулары. Асқазан-ішек жолдарында көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуі. Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің қалыпты  жағдайлардан ауытқулары.
  19. Глюкоза катаболизмі. Глюкозаның анаэробты ыдырауы. Биологиялық ролі. Гликолиз кезеңдері. Энергетикалық маңызы.
  20. Глюкозаның азробты ыдырауы. Митохондрияға протондар тасымалдануының ілмектік механизмі. Энергетикалық маңызы.
  21. Глюкоза биосинтезі-глюконеогенез. Гликолиз және глюконеогенездің байланысы.
  22. Глюкозаның пентозофосфаттық ыдырауы, физиологиялық маңызы. Тотығу кезеңдері, биологиялық ролі. Пентозды цикл мен фотосинтездің байланысы.
  23. Гликогеннің құрылысы мен қызметі. Гликоген биосинтезі. Гликоген алмасуының қалыпты жағдайдан ауытқуы. Гликогеноздар және агликогеноздар.
  24. Гликогеннің жұмсалуы. Гликогеннің жұмсалуында адреналин мен глюкагонның алатын орны. Гликогенфосфорилазаның аллостерлік реттелуі.
  25. Фруктоза мен галактозаның гликолизге қатысуы. Моносахаридтер мен дисахаридтер алмасуының тұқымқуалаушылық ауытқулары. (галактоземия, фруктоза, сахароза, лактозаға төзімділіктің жоғалуы).
  26. Тағамдық майлар және олардың қорытылуы. Өт қышқылдарының ролі. Ішекте майлардың қайта синтезделуі. Хиломикрондар. Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары.
  27. Май қышқылдарының алмасуы. Жоғарғы май қышқылдарының β-тотығуы. Энергетикалық шығымы.
  28. Май қышқылдарының биосинтезі. Цитрат, биотин, ацетил-КоА-ның ролі. Пальмитатсинтетазаның құрылысы.
  29. Кетон денелерінің биосинтезі мен жұмсалуы. Физиологиялық ролі. Кетонемия және кетонурия.
  30. Стероидтар алмасуы. Холестерин биосинтезі. Өт қышқылдарының организмнен шығарылуы. Атеросклероз биохимиясы.
  31. Жасушада триацилглицеридтер мен фосфолипидтердің алмасуы. Семіру. Липотропты факторлар.
  32. Ақуыздардың қорытылуы мен сіңірілуі. Асқорытудың биохимиялық механизмдері. Протеазалардың белсенуі. Амин қышқылдарының сіңірілуінің қалыпты жағдайдан ауытқулары.
  33. Амин қышқылдары алмасуының жалпы жолдары. Трансаминдену, тотыға дезаминдену және тікелей емес дезаминдену. В6 дәруменінің ролі.
  34. Биогенді аминдердің түзілуі мен биологиялық қызметтері. Биогенді аминдерді заласыздандыру.
  35. Органмзмдегі аммиактың негізгі көздері. Аммиактың улылығы. Гипераммониемия.
  36. Аммиакты залалсыздандыру жолдары: амидтелу, тотықсызданып аминделу, аммониогенез.
  37. Мочевина синтезі-аммиакты залалсыздандырудың негізгі жолы. Орнитин тізбегінің Кребс тізбегімен байланысы. Орнитин тізбегінің тұқымқуалаушылық ауытқулары.
  38. Трансметилдену. Метионин, S-аденозилметионин және оның адреналин мен холин синтезіне қатысуы.
  39. Цистеин,серин және глицин алмасуының ерекшеліктері. Тетрагидрофолий қышқылы және біркөміртекті топтардың тасымалдануы. Сульфаниламидтер-фолий қышқылының антиметаболиттері.
  40. Пуринді нуклеотидтер алмасуы. Леше-Нихан жолы. Пуриндер биосинтезі мен ыдырауы. Зәр қышқылы және подагра.
  41. Пиримидинді нуклеотидтердің биосинтезі мен ыдырауы.Пиримидиндер алмасуының бұзылуы. Оратацидурия.
  42. Май,ақуыз және көмірсу алмасуының байланыстары. Глюкозаның амин қышқылдарынан және глициннен синтезделуі. Майлардың көмірсулар мен амин қышқылдарынан синтезделуі. Гликогенді және кетогенді амин қышқылдары. Май,көмірсу және ақуыз алмасуының бір-бірімен байланысының ауытқулары.
  43. Адам ұлпасының минералды заттары. Су-тұз алмасуының реттелуі: антидиурездік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензинді жүйе. Гомеостаз реттелуіндегі бүйректің ролі.
  44. Фосфор-кальций алмасуы. Фосфор-кальций алмасуының реттелуінде паратгормон,кальцитонин және D3 дәруменінің ролі. Гипо- және гиперкальциемиялар,рахит. Фосфор-кальций алмасуының бұзылуы.
  45. Зат алмасуының нейро-гуморальды реттелуі.Жасуша деңгейінде зат алмасуы реттелуінің негізгі механизмдері.Зат алмасуы реттелуінде гормондардың ролі.
  46. Гормондардың жіктелуі.Реттеуші жүйелер иерархиясы.Ми нейропептидтері:Либериндер мен статиндер. Гипофиздің тропты гормондары.
  47. Қалқанша безінің гормондары, зат алмасуға әсері. Гипо- және гипертиреоздар.
  48. Инсулин және глюкагонның химиялық табиғаты, көмірсу және май алмасуына әсер ету механизмі. Қант диабеті.
  49. Бүйрекүсті бездері, олардың физиологиялық қызметке әсері. Гипергликемия. Бүйрекүсті безінің гипо- және гиперфункциясы.
  50. Жыныс гормондары. Эндокринді бездердің гипо- және гиперфункциясы.
  51. Бауырдың метаболизмдік қызметтері. Көмірсу, май және ақуыз алмасуындағы бауырдың ролі. Липотропты факторлар.
  52. Бауырдағы заттарды залалсыздандыру реакциялары: тотығу және конъюгация. Дәрілік және бөгде қосылыстардың метаболизмі. Химиялық канцерогенез. Бауырдағы гормондардың белсенділігінің жойылуы.
  53. Бауырдағы билирубинді залалсыздандыру. Тікелей және тікелей емес билирубин. Сары аурудың түрлері. Қан сары суында билирубинді анықтау, диагностикалық маңызы.
  54. Қан биохимиясы. Қанның негізгі биохимиялық константалары. Қан плазмасының ақуыздары. Қан ферменттері. Қан липопротеиндері. Гем биосинтезі.
  55. Эритроциттер алмасуының ерекшелігі. Қанның ұйыту және ұюға қарсы жүйелері. Кальций және К дәруменінің ролі. Тұқымқуалаушы гемофилиялар.
  56. Дәнекер тінінің биохимиясы. Коллаген мен эластиннің құрылысы мен химиялық құрамының ерекшелігі. Коллаген алмасуында С дәруменінің ролі. Дәнекер тіні алмасуының тұқымқуалаушылық  ауытқулары.
  57. Сүйек тінінің зат алмасуы мен химиялық құрамының ерекшеліктері. Сүйек тінінің ақуыздары. Рахит және D дәрумені.
  58. Көлденең-жолақ бұлшықетінің химиялық құрамы. Саркоплазматикалық ақуыздар. Бұлшықет тінінің макроэргтік қосылыстары. Балалар бұлшықет тініндегі көмірсу, ақуыз және май алмасуының ерекшеліктері.
  59. Жүйке тінінің химиялық құрамы. Жүйке тінінің құрамындағы май, көмірсу және ақуыз алмасуының ерекшеліктері.
  60. Пирожүзім қышқылының алмасуы және полиневриттер. Жұлын-ми сұйықтығының химиялық  құрамы.

Жалпы медицина мамандығына арналған биохимия пәні бойынша емтихан есептері

1-есеп. Құрамында ақуызы көп рационға ауысқанда адамда пиридоксальға қажеттілік жоғарылайды. Осы көріністі түсіндірініз. Пиридоксаль қатысатын реакция теңдеуін жазыңыз.

2-есеп. Ересек адамда никотин қышқылының тәуліктік қажеттілігі-7,5мг, бірақ тағам құрамында триптофан мөлшері көбейсе, ол азаяды. Осы байланыстылықты түсіндіріңіз.

3- есеп. Көгершіндерді эксперимент жүзінде диетаға отырғызғанда қозғалыс координациясы мен тепе-теңдік жағдайда денесін ұстап тұру қабілетінен айырылған. Қандағы және мидағы пируваттың деңгейі қалыпты жағдайдан әжептәуір көтеріген. Көгершіндерге ет бергенде қалпына клген. Бұл құбылыста түсініріңіз.

4- есеп. Тоқ ішекте тіршілік ететін бактериядар Streptococcus faecalis фолий қышқылын қажет етеді. Егер қоректік орта құрамында аденин мен тимидин болса, ол бактериялар фолатсыз да жақсы өседі. Бактериялар неліктен фолий қышқылын қажет етеді? Неліктен қоректік орта құрамында аденин мен тимидин әсерінен фолат қажеттілігі жоғалады?

5- есеп. А және D дәрумендерінің бірнеше апталық мөлшерін бірден қабылдауға болады. Ал B тобының дәрумендерін жиі қолдану керек. Неліктен ?

6-есеп. Тропикалық елдерде ксерофтальмиядан 18 бен 36 айлық жас мөлшеріндегі ондаған мың балалар соқыр болып қалуда. Ал екі жыл көлемінде құрамында А дәрумені жоқ диетаға отырған ересек адамдарда жарықтың жетімсіздігі кезінде ғана көру қызметінің нашарлауы байқалады. А дәруменін енгізгеннен кейін бұл кемшілік жойылады. Балалар мен ересек адамдардағы А дәруменінің қажеттілігінің мұндай ерекшелігін түсіндіріңіз.

7-есеп. Бүйрек патологиясы  бар науқастарда құнды диетаға қарамастан сүйектің минералсыздануы нәтижесінде жүретін рахитке ұқсас ауру- бүйректің остеодистрофиясы жиі дамиды. Сүйектердің минералдануына қандай дәрумендер қатысады? Неліктен бүйрек патологиясы сүйектердің минералсыздануына әкеледі?

8-есеп. Бауырлық май басу кезінде сүзбелі диета және B12, B6 және холин тағайындалады. Осы дәрумендер мен диетаның  ауруды емдеудегі механизмін түсіндірініз

9-есеп. Ірі қан  тамырларына, тромбофлебитте, эмболияда операция кезінде тромбоздың алдын алу мен емінде дикумарол тағайындалады. Оның әсер ету механизмін түсіндіріңіз

10-есеп. Фтивазид және изоникотин қышқылының басқа да туындыларын туберкулезді емдеу мақсатында қолданады. Осы препараттардың туберкулостатикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз

11-есеп. Антимицин А антибиотигімен уланғанда аскорбин қышқылын енгізу оң дәреже береді. С дәруменінің қызметін еске түсіріп, оның әсер ету механизмін түсіндіріңіз

12-есеп. Анестезияда кеңінен қолданылатын, бұлшықет релаксанты –сукцинилхолинді енгізгеннен кейін холинэстеразаның белсенділігінің төмендеуі тыныстың тоқтауына әкеледі. Осы аурудағы бұзылу реакциясын жазыңыз.

13-есеп. Паркинсон ауруымен ауыратын науқасқа иприниазид(МАО тежеушісі) тағайындалған. Аурудың мүмкін болатын себептері мен дәрінің әсер ету механизмін атап көрсетініз. Ол үшін мынадай салыстырмалы реакцияларды жазыңыз:

1)Паркинсонизм кезінде концентрациясы төмендеген медиатордың синтезін;

2) Осы медиатордың белсенділігінің төмендеуін;

14-есеп. Мерзімі жетпей туылған баланың плазмасының құрамында тирозин мөлшері жоғапылаған – 2 мМ, ол қалыпты жағдайда -0,7 мМ болуы қажет.Балада белсенділік төмен, ұйқышылдық басым. Тәулігіне ақуызды 2 г дейін шектегенде және 100 г С дәруменін енгізгенде   тирозин мөлшері төмендеген. Механизмін түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыз.

15-есеп. Анацидті гастрит диагнозын нақтылау мақсатында зерттелушіге зондтау алдында гистамин енгізді. Гистаминнің әсер ету механизмін түсіндіріңіз. Гистаминнің түзілу реакциясын жазыңыз

16-есеп. Науқасқа ахилия диагнозы қойылды. Жағдайын жақсарту үшін дәрігер тұз қышқылы мен пепсин тағайындады. Бұл тағайындау неге негізделген

17-есеп. Созылмалы панкреатитте тамақтан соң жағымсыз белгілерді азайту үшін ”Фестал” және “Энзистал ” тағайындайды. Осы препараттардың құрамы және қолдану негізі.

18-есеп. Сульфаниламидтердің бактериостатикалық механизмін түсіндіріңіз.Олар қандай заттың синтезін төмендетеді. Формуламен жауабыңызды нақтылаңыз.

19-есеп. Жарақаттан кейінгі қимыл- қозғалысты, салдануды, полиомиелитті емдеу мақсатына ацетилхолиннің аналогі – калиминді тағайындайды. Осы препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.Ол үшін:

А)ацетилхолиннің гидролиздену реакциясын жазыңыз, оның жүйкелік импульсті өткізудегі ролін түсіндіріңіз;

Б)Субстраттың құрылымды аналогінің ферменттер белсенділігіне қалай әсер ететінін еске түсіріңіз.

20-есеп. Іріңді жараларды емдеу үшін трипсин,химотрипсин және дезоксирибонулеаза тағайындалады. Препараттар кешенінің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

21-есеп. Бұлшықет әлсіздігі және шаршаумен сипатталатын миастениямен  ауыратын науқасқа прозерин енгізгенде жағдайы жақсарады. Препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз, ол үшін;

А) миастенияда жүйкелік импульстің өтуінің бұзылу себебін атаңыз,

Б) Ацетилхолиннің гидролиздену реакциясын жазыңыз, оның жүйкелік импульсті  өткізудегі ролін түсіндіріңіз.

В)Жүйке-бұлшықет синапсындағы ацетилхолиннің мөлшеріне прозериннің  әсерін түсіндіріңіз.

22-есеп. Аспирин қабынуға қарсы және қанның сұйықтығын төмендететін зат ретінде қолданылады.

А)Аспирин әсер ететін процестің схемасын жазыңыз;

Б)Аспирин тежейтін ферментін атаңыз, тежелу процесін схема түрінде көрсетіңіз. Ферменттің белсенділігінің жойылуы қайтымды ма

23-есеп. Қою эксудаттың жинақталуымен жүретін жоғарғы тыныс жолдарының қабыну ауруларында протеолиттік препараттар қолданылады. Әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

24-есеп. Вирусты ауруларды, герпесті, кератиттерді және аденовирусты коньюктивитті емдеу мақсатында дезоксирибонуклеаза дәне рибонуклеаза қолданылады. Әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

25-есеп. ц-АМФ концентрациясының жоғарылауы бронх демікпесімен ауыратын науқастың жағдайын жақсартады. Жасушада ц-АМФ деңгейін қандай ферменттер бақылайды? Ауру белгілерін жеңілдету мақсатында қандай ферменттердің тежеушілерін қолдануға болады?

Сұраққа жауап беру үшін:

А) ц-АМФ деңгейінің төмендеуіне әкелетін реакцияны жазыңыз, ферментті атаңыз:

Б)осы ферменттің жасуша метаболизміндегі маңызын және оны белсендіретін гормонды атаңыз.

26-есеп. Күйіктен және операциядан кейін болған тыртықты жазу мақсатында бұлшықетке және тері астына гиалорунидаза еңгізеді. Әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

27-есеп. Аспарагиназа лейкозды емдеуге қолданылады. Лейкозды жасушаларда аспарагинсинтетаза ферментінің ақауы байқалады. Әсер ету механизмін түсіндіріңіз. Бұл жасушалар аспарагинді синтездемейді, оны қаннан алады. Жоғарыда аталған ферменттермен бақыланатын реакция теңдеуін жазыңыз.

28-есеп. Паркинсонизмде дофаминнің деңгейін жоғарылату үшін депренил, ниаламид, пиразидол қолданылады. Бұл препараттар қай ферменттің тежеушілері болып табылады. Осы ферментпен катализденетін реакцияны жазыңыз.

29-есеп. Тромбоэмболиялық жағдайларда ағзаларды қайта орналастыруда және де басқа операцияларда стрептокиназа мен урокиназаның қолданылуы неге негізделген? Бұл ферменттер қандай реакцияларды катализдейді?

30-есеп. Подаграда аллопуринолды қолданудың оң нәтижесінің механизмін түсіндіріңіз. Ол үшін:

А)Подагра кезінде мөлшері жоғарылайтын зәр қышқылының түзілу реакциясын жазыңыз;

Б)Оның құрылымдық аналогтарының ферменттер белсенділігіне әсер ету механизмін еске түсіріңіз.

31-есеп.Фолий қышқылының аналогы-метотрексаттың ісікке қарсы механизмін түсіңдірініз. Ол үшін:

А)Дезокситимидил қышқылының синтездену реакциясын жазыңыз;

Б)ТГФҚ осы процесстегі рөлін көрсетіңіз.

32-есеп. Мерзімі жетпей туылған баланың плазмасының құрамында тирозин мөлшері жоғарылаған -2нМ, ол қалыпты жағдайда-0,7мМ болуы қажет. Балада белсенділігі төмен, ұйқышылдық басым. Тәулігіне 2г дейін шектегенде және 100 г С дәруменін еңгізгенде тирозин мөлшері төмендеген. Механизмін түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыз.

33-есеп. Нәрестеде 1жыл көлемінде ауыр мегалобластты анемия дамыды. Физикалық және ойлау қабілетінің кешіккені байқалды. Қанда және зәрде орот қышқылының деңгейі жоғарылаған. 150мг мөлшерде уридинді қолданғанда көрсеткіштер жақсарған. Механизмін түсіндіріңіз.

34-есеп. Ісіктер химиотерапиясында 5-фтордезоксиуридинді қолданудың механизмін түсіндіріңіз. Қосылыстың формуласын жазыңыз.

35-есеп. Гиперурикемиямен ауырған науқасқа дәрігер аллопуринол және кокөніс диетасын тағайындады. Бұл тағайындау неге негізделген, аллопуринолдың әсер ету механизмін түсіндіріңіз, формуласын жазыңыз.

36-есеп.Фолий қышқылының аналогы-метотрексаттың лейкозды емдеудегі меxанизмін түсіндіріңіз. Метаболизміне метотрексат әсер ететін заттың формуласын жазыңыз.

37-есеп. Меркаптопуринді жедел лейкозды емдеуде қолданады, оның меxанизмін түсіндіріңіз, формуласын жазыңыз.

38-есеп.Науқастың қан плазмасында аргининсукцинаттың деңгейінің жоғарылауы-гипераммониемия анықталды. Осы бұзылыстың меxанизмін түсіндіріңіз. Реакция теңдеуін жазыңыз.

39-есеп.Физиологиялық жағдайда қандай гемоглобиннің-гемоглобин А немесе гемоглобин F-тің оттегін байланыстыру қабілеті жоғары? Осы екі гемоглобиннің оттегін байланыстыру қабілетінің әртүрлілігінің физиологиялық маңызы неде?

40-есеп.Бауыр мен өт жолдарының созылмалы аурулары бар нәрестеде раxит ауруының мынадай белгілері байқалды: шаршағыштық, бұлшықет әлсіздігі, бойы өсуінің тежелуі, түтікті сүйектері мен тістерінін деформациясы. Гипокальцемия мен гипофосфатемия анықталды. Осы аурудың дамуына мүмкін болатын меxанизмді атаңыз.

41-есеп.Бактерияның өсуін сульфаниламидтермен тежейді. Бұл әсер п-аминобензоатты қосқан кезде жоғалады.

H2N –                      –    -SO3NH2                                                   H2N –   –      –        -COOH

Сульфаниламид                                      п-аминобензоат

Сульфаниламидтердің әсер ету меxанизмін түсіндіріңіз.

42-есеп.Бүйрек жеткіліксіздігімен ауырған науқаста ісік дамуына бейімдеушілік байқалады. Жалпы ақуыз деңгейі төмендеген, қандағы альбумин деңгейі 35 г/л. Осы көріністер арасында қандай байланыс бар?

43-есеп. В6 дәруменнің жеткіліксіздігінен уақыты жетіп дүниеге келген балаларда жүйке жүйесінің қызметі бұзылыстары дамуы мүмкін. Патология дамуының меxанизмін түсіндіріңіз. Ол үшін:

a)амин қышқылдары мен нейромедиаторлардың алмасуындағы В6 дәруменінің ролін еске түсіріңіз;

б)биогенді аминдердің түзілуінің реакция теңдеуін жазыңыз.

44-есеп.Парацетамол-ауырсынуды басатын және қызбаны түсіруге қолданылатын дәрілік зат, ол организмде оттегінің белсенді түрінің түзілуін жеделдетеді. Қандай ферменттің генетикалық ақауы құрамында парацетамолы бар дәрілік заттармен емдегеннен кейін эритроциттер гемолизіне әкелуі мүмкін?

45-есеп.Барбитураттар, диклофенак және эстрогендерді қолданғаннан кейін науқастардың кейбірінде жүйке-псиxикалық күйзелістер мен терінің ультрафиолетке сезімталдығының жоғарылауы мүмкін. Осы көріністердің  меxанизмін түсіңдіріңіз және бұл препараттар аминолевулинатсинтазаның және порфобилиногенсинтазаның синтезінің индукторы болып табылады.

46-есеп.Науқаста жүрек жетімсіздігінің белгілері және липид алмасуының ксантоматоз түріндегі ауытқулары байқалды. Жанұясында гиперxолестеринемиямен ауырған жағдай анықталды. Осы көріністердің байланысын түсіндіріңіз. Қандағы липопротеидтердің қандай түрі жоғарылаған?

47-есеп.Тәжірибе жүзінде жүректі қоректендіретін ерітіндінің құрамына глутамин қышқылын қосқанда жүрек бұлшықетінің физиологиялық қызметіне оң әсерін тигізетіні анықталды, әсіресе оттегімен жеткіліксіз қамтасыз етілуінде.Аталған амин қышқылының жүрек жұмысына оң әсерінің меxанизмін түсіндіріңіз.

48-есеп.Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның тұқым қуалаушы жетіспеушілігінде күшті тотықтырғыш қабілеті бар дәрілерді (аспирин, сульфаниламидтер, примаxин) қолдану эритроциттер гемолизін туғызады? Эритроциттер метаболизмдегі глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның ролін түсіндіріңіз.

49-есеп.Сүліктен алынатын гируидин тромбинмен байланысып,оның белсенділігін тежейді. Гируидинді қандай аурудың алдын-алу үшін қолданады? Тромбиннің қан ұйытушы әсері мен субстратын атаңыз.

50-есеп.Атеросклерозды xолестираминмен емдеуде қанның ұюы төмендеуі мүмкін.Xолестираминнің липидтер мен майда еритін дәрумендердің сіңуіне әсерін түсіндіріңіз.Қан ұйытушы фактордың посттрансляциялық модификациясына қандай дәрумен қажет?

51-есеп.Нәрестеде пиридоксаль енгізгеннен кейін тоқтайтын тырысулар байқалды.Мүмкін меxанизмін түсіндіріңіз.

52-есеп.Мерзімі жетпей туылған баланың плазмасының  құрамында тирозин мөлшері жоғарылаған-2 мМ,ол қалыпты жағдайда-0,7 мМ болуы қажет. Балада белсенділік төмен, ұйқышылдық басым. Тәулігіне ақуызды 2 г дейіншектегенде және 100 г С дәруменін енгізгенде тирозин мөлшері төмендеген. Меxанизмін түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыз.

53-есеп.Нәрестеде бір жыл көлемінде ауыр мегабластты анемия дамыды. Физикалық және ойлау қабілетінің кешіккені байқалды. Қанда және зәрде орот қышқылының деңгейі жоғарылаған. 150 мг мөлшерде уридинді қолданғанда көрсеткіштер жақсарған. Меxанизмін түсіндіріңіз.

54-есеп.Ісіктер xимиотерапиясында қолданылатын 5-фтордезоксиуридиннің әсер ету меxанизмін түсіндіріңіз. Қосылыстың формуласын жазыңыз.

55-есеп.Гиперурикемиямен ауыратын науқасқа дәрігер көкініс диетасы мен аллопуринол тағайындады.Бұл емнің тағайындалу негізі мен аллопуринолдың әсер ету меxанизмін түсіндіріңіз.Аллопуринолдың формуласын жазыңыз.

56-есеп.Метионин липотропты фактор болып табылады.Метиониннің әсер ету меxанизмін түсіндіріңіз.Метиониннің белсенді түрінің формуласын жазыңыз.Метионин қандай қосылыстардың синтезіне қолданылады.

57-есеп.Фолий қышқылының аналогы-метотрексаттың лейкозды емдеудегі меxанизмін түсіндіріңіз.Метаболизміне метотрексат әсер ететін заттың формуласын жазыңыз.

58-есеп.Меркаптопуринді жедел лейкозды емдеуде қолданады,оның меxанизмін түсіндіріңіз, формуласын жазыңыз.

59-есеп.Гистамин кейде асқазан сөлінің қышқылдығы бұзылысының диагностикасында қолданылады.Меxанизмін түсіндіріңіз.Гистаминнің түзілуінің реакция теңдеуін жазыңыз.

60-есеп.Науқастың қан плазмасында аргининсукцинаттың деңгейінің жоғарылауы-гипераммониемия анықталды.Осы бұзылыстың меxанизмін түсіндіріңіз.Реакция теңдеуін жазыңыз.

61-есеп.Бауыр және өт жолдарының созылмалы ауруы бар науқастарда жиі остеомаляция (қаңқа деформациясы бар сүйектің жұмсаруы) дамиды. Осы асқынудың мүмкін болатын меxанизмін талқылаңыз.

62-есеп.Ауыр операциядан кейін науқастың қан құрамындағы ақуыз мөлшері 52 г/л, альбумин 33 %. Қандай емдік шаралар жүргізуге болады (егер қарсы көрсеткіштер болмаса).

63-есеп.Емдік мақсатта вазопрессин енгізгеннен кейін диурез (зәр мөлшері) өзгереді ме? Вазопрессиннің әсер ету меxанизмін түсіндіріңіз.

64-есеп. 7 жасар балаға қант диабетін анықтау үшін қан құрамындағы қант деңгейін анықтау керек. Лабораторияда сынама жүргізер алдында қатты қобалжып жылады. Балада қан құрамындағы қанттың деңгейі қалыпты жағдайдан жоғары екені анықталды. Осындай зерттеуден кейін балаға қант диабеті диагнозын қоюға бола ма?

65-есеп.Темірдің жеткіліксіз түсуінде немесе жұмсалуының бұзылуында темір тапшылықты анемия дамиды. Осы патологияда эритроциттер метаболизмі қалай өзгереді? Сұраққа жауап беру үшін:

a)құрамында темірі бар ақуыздарды атаңыз;

б)эритроциттің негізгі ақуыздарының құрылысы мен қызметіне сипаттама беріңіз.

66-есеп.

А)Науқаста қант диабетінің ауыр түрі. Қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің бұзылысын болжауға болады ма?

Б)Қант диабетімен ауыратын науқасқа лимон қолдануға болады мы?

67-есеп. 1моль ацетоацетаттың СО2 және H20 дейін тотығуының энергетикалық шығымын(1моль АТФ) есептеңіз. Ацетоацетаттың катаболизмінің реакция теңдеуін жазыңыз.

68-есеп.5 моль глюкоза синтезіне қажетті пируваттың мольдік мөлшерін есептеңіз.Осы процесте макроэргтік қосылыстардың қанша молі жұмсалады? Глюконеогенездің қайтымды жолының реакция теңдеуін жазыңыз.

69-есеп.Дәрігердің тағайындалуына сәйкес науқас тағам құрамынан ет пен балықты шектеп,көкөніс пен жеміс-жидектің деңгейін жоғарылатты.

А)зәрдің pH қалай өзгереді?

Б)зәр құрамындағы мочевина деңгейі өзгереді ме?

70-есеп.Ересек адам мен нәресте зәрінің құрамынан креатинин мен креатин анықталған.Бұл қалыпты жағдайдан ауытқу болып саналады мы?Креатин мен креатинин қайда түзіледі және организмде қандай қызмет атқарады?

71-есеп.Дәрігер науқасқа тағам құрамына міндетті түрде өсімдік майын қосуды тағайындады. Неліктен? Өсімдік майының құрамына кандай май қышқылдары кіретенін еске түсіріңіз. Олар организмде қалай қолданылады?

72-есеп.Қаңқа бұлшықеттеріне қарағанда жүрек бұлшықетінің құрамында триглицеридтер мен фосфолипидтер деңгейі 1,5-2 есе жоғары. Осы айырмашылықтың қандай биоxиимиялық маңызы бар? Миокардтың оттегінің жеткіліксіздігіне жоғары сезімталдығымен байланысты емес пе?

73-есеп.Асқазан сөлінің пепсинінің (pH=1,5) изоэлектрлік нүктесі 1, яғни басқа ақуыздарға қарағанда біршама төмен. Осы ферменттің изоэлектрлік нүктесінің төмен болуында қандай функциональды топтар қатысуы қажет? Қандай амин қышқылының құрамында осы топтар болады?

74-есеп.Ет жеуді жақсы көретін адамдар қажетті мөлшерден асырып жегендіктен,олардың салмақтары асып кетеді. А)Ақуызға бай ет қандай метаболиттік жолмен ТАГ-ң қорға жиналуына әкеліп соқтырады? Б)Осындай тамақтану нәтижесінде тағы да қандай метаболиттік өзгерістер болуы мүмкін?

75-есеп.Қатты күйзеліс кезінде бөлінетін адреналин бауырдағы,жүректегі және бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауын жеделдетеді. Бауырдағы гликоген ыдырағанда глюкоза пайда болады. Бұлшықеттердегі гликоген гликолиз жолымен ыдырайды.

А)неліктен осы екі тіндердегі гликогеннің ыдырауының нәтижесі әр түрлі?

Б)гликогеннің ыдырауының осы ерекше жолдарының болғаны күйзеліс жағдайдағы организмге қандай артықшылық туғызады?

76-есеп.Стеатореяның клиникалық белгісі-ол нәжіспен майдың көп бөлінуі болып табылады. Ол өт қышқылдарының болмауымен немесе ұйқы безі ферменттерінің аз бөлінуімен сипатталады. Бұл себептер неліктен нәжісте майлардың пайда болуына әкеліп соқтырады?

77-есеп.Көгершіндерді эксперимент жүзінде диетаға отырғызғанда қозғалыс координациясы мен тепе-теңдік жағдайда денесін ұстап тұру қабілетінен айрылған. Қандағы және мидағы пируваттың деңгейі қалыпты жағдайдан әжептәуір көтерілген.Көгершіндерге ет бергенде қалпына келген. Бұл құбылысты түсіндіріңіз.

78-есеп.Гистондар-эукариоттардың жасуша ядроларында болатын ақуыздар.Олар көпфосфатты топтан тұратын ДНҚ-мен тығыз байланысты. Гистондардың ИЭН-і өте жоғары (шамамен 10.8). Осы гистондарда қандай амин қышқылдарының қалдығы болуы керек? Қандай жолмен бұл қалдық ДНҚ-ны гистонмен тығыз байланыстырады?

79-есеп.Биоxимиялық лабораториядан қандағы ақуыздың екі анализі жеткізілді: 30г/л және 100г/л. Бұл екі ауру адамның анализдері еді. Көлемді күйікке ұшыраған баланың және панкреатит, гипоацидтік гастритпен ауырған ер адамның анализдері. Қай анализ қайсы аурудың анализі екенін көрсетіңіз?

80-есеп.Адам ағзасына тағаммен тәулігіне 80 г ақуыз түседі. Осы уақыт аралығында 16 г азот зәрмен бірге бөлінеді. Пациенттің азоттық тепе-теңдігі қандай және ол нені білдіреді?

81-есеп.Стационарға атеросклероздың кезеңі белсенді науқас түсті. Қан липопротеидтерінің қандай фракциясында xолестерин көп кездеседі?

82- есеп.Науқасты зерттеу барысында қан сарысуының құрамынан С-реактивті ақуыз анықталған. Оны дені сау деп айтуға болады ма?

83-есеп.Жедел миокард инфарктісі бар деген күдікпен науқас клиникаға жеткізілді. Осы науқастың қанында қандай индикаторлы ферменттерді зерттеу қажет?

84-есеп.Ауруxанаға бауыры ауыратын науқас түсті.Оның қанындағы мочевинаның шамасы анықталды.Бауырдың қаншалықты ауру екендігін анықтау мақсатында жүргізілген осы зерттеу дұрыс па?

85- есеп.Науқас адамда терісі, склері, кілегейлі қабаттары сарғайған. Зәр сыра түсті, нәжісінің түсі өзгермеген. Қандағы тура билирубиннің мөлшері көбейген. Нәжісінде стеркобилиногеннің мөлшері қалыпты жағдайда. Зәрінде сербилиногеннің мөлшері қалыпты жағдайда. Зәрінде серкобилиноген (уробилиноген) және билирубиндері бар. Бұл сары аурудың қай түрі деп айтуға болады?

86-есеп.Пациенттің қанында 0,7 г билирубин бар (қалыпты жағдайда 0,4-0,8 мг немесе 7-14 мкмоль/л), ал нәжісінің құрамында стеркобилиннің бар екені анықталды,зәрде стеркобилиногеннің (уробилиногеннің) өте аз ғана мөлшері бар, билирубин жоқ. Пигменттердің алмасуының бұзылуын көрсететін мәліметтер бар ма?

87-есеп.Нәрестеде жиі тамыр тартылуы байқалған. Зерттеу барысында бауыр пішінінің үлкейгендігі анықталған. Қанда лактат пен пируваттың мөлшері жоғарылап, гипогликемия байқалған. Адреналин енгізгенде қандағы қанттың мөлшері артпай, сүт қышқылының мөлшері көбейген. Көмірсулар алмасуының қандай бұзылуы туралы ойлауға болады?

88-есеп.К дәруменнің құрылымдық аналогы дикумаролды өткен ғасырдың басында кеміргіштерді жоюшы у ретінде қолданған. Дикумаролдың улық әсерінің негізі қандай? Сұраққа жауап беру үшін:

A)қан ұйытушы жүйенің кейбір ферменттерінің посттрансляциялық жетілуінде К дәруменінің ролін түсіндіріңіз;

Б)осы дәруменнің негізгі көздерін атаңыз.

89-есеп.Дикумарол және варфарин К дәруменінің құрылымдық аналогтары болып табылады және клиникада тромбоздың алдын алу үшін антикоагулянт ретінде қолданылады. Неліктен бұл препараттар in vitro жағдайында қан ұюына әсер етпейді?Сұраққа жауап беру үшін:

A)К дәрумені қандай ферменттің коферменті болып табылады;

Б)қан ұйытушы жүйенің қандай ақуыздарының посттрансляциялық модификациясында К дәрумені қатысатынын және осы ақуыздардың тромб түзілуінде қандай роль атқаратынын еске түсіріңіз.

90-есеп.Гепаринді тромбоздың алдын алуда және емдеуде қолданады. Неліктен антитромбин III жеткіліксіздігінде гепарин емдік қасиет көрсетпейді? Сұраққа жауап беру үшін:

a)гомеостазда антитромбин III ролін түсіндіріңіз;

б)гепариннің әсер ету меxанизмін түсіндіріңіз.

91-есеп.Науқаста жоғары гипергликемия, глюкозурия, кетонурия, қанның сілтілік қоры төмендеген. Гормонды енгізудің пайдасы бар ма? Глюкозаны гормонмен бірге енгізсе, теріс әсер етпейді ме?

92-есеп.Науқастан тәулігіне 1,5 г несеп қышқылы зәрмен бөлініп шығады(қалыпты жағдайда 0,7г),қанда да оның мөлшері жоғары.Дәрігер науқасқа гипоксантин емдеу препаратын және ет тағамдарын шектеуді ұсынды. Сіз қандай диагноз қойған болар едіңіз? Гипоксантиннің әсері неге негізделген?

93-есеп.Буындарында созылмалы ауырсынуға шағымдалған науқас зәрінде пролин мен оксипролиннің болуы қандай заттың алмасуының қалыпты жағдайдан ауытқуынан бола алады?

94-есеп.Xроматография әдісімен зерттеген кезде науқас нәрестенің зәрінде фенилпирожүзім қышқылы, ал қанында фенилаланин (0,4г/л) бар екендігі анықталды. Дені сау адамдардың зәрінде фенилпирожүзім қышқылы кездеседі ме? Бұл қосылыстың туындысы қандай? Зәр мен қанның осындай биоxимиялық анализі қандай ауруға тән?

95-есеп.Науқастың тамаққа тәбеті нашарлаған, жүрегі айниды, арықтап жүдеген. Асқазан сөлінің анализін жасаған кезде жалпы қышқылдығы 20 титр бірлігіне тең, бос HCL жоқ болғаны, сүт қышқылы мен қан сынамасы оң, лактатдегидрогеназаның белсенділігі өте жоғары болғаны анықталды. Осы анализ бойынша қорытынды жазыңыз.

96-есеп.Науқастың асқазан тұсы ауырады және қаны азайған. Асқазан сөлінің анализі жасалған кезде жалпы қышқылдығы 120 титр бірлігіне, бос тұз қышқылы 90 титрлі бірлік және байланысқан тұз қышқылы 30 титрлі бірлікке тең болғандығы анықталды. Мукополисаxаридтердің мөлшері төмен. Осы анализ бойынша қорытынды жасаңыз.

97-есеп.Жауапты кезеңде спортсменнің қанында глюкозаның шамасы-6,5 ммоль/л және бос май қышқылдары 1,2 ммоль/л (қ.ж.0,4-0,9 ммоль/л) көтерілген. Өзгерістің себебі неде?

98-есеп.Құрамында ақуызы көп рационға ауысқанда адамда пиридоксальға қажеттілік жоғарылайды. Осы көріністі түсіндіріңіз. Пиридоксаль қатысатын рекация теңдеуін жазыңыз.

99-есеп.Ересек адамда никотин қышқылының тәуліктік қажеттілігі-7,5 мг,бірақ тағам құрамында триптофан мөлшері көбейсе,ол азаяды.Осы байланыстылықты түсіндіріңіз.

100-есеп.Көптеген бүйрек аурулары альбуминурия себебінен ісінумен сипатталады. Неліктен альбуминурия ісік дамиды? Түсіндіру үшін:

A)альбуминнің амин қышқылдық ерекшілігін

Б)альбуминнің қызметін көрсетіңіз.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!