СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА
1-есеп. Құрамында ақуызы көп рационға ауысқанда адамда пиридоксальға қажеттілік жоғарылайды. Осы көріністі түсіндіріңіз. Пиридоскаль қатысатын реакция теңдеуін жазыңыз.
Жауабы: пиридоксаль ақуыз алмасуын реттейді.
2-есеп. Ересек адамда никотин қышқылының тәуліктік қажеттілігі -7,5 мг,бірақ тағам құрамында триптофан мөлшері көбейсе,ол азаяды.Осы байланыстылықты түсіндіріңіз.
Жауабы:Триптофаннан никотин қышқылы түзілуі мүмкін,сондықтан оның тәуліктік қажеттілігі 2мл болады,егер тамақ осы аминқышқылымен байланысты болса,осы аминқышқылына жануартектес ақуыздар бай болып келеді.
3-есеп Көгершіндерді эксперимент жүзінде диетаға отырғызғанда қозғалыс координациясы мен тепе-теңдік жағдайда денесін ұстап тұру қабілетінен айрылған.Қандағы және мидағы пируваттың деңгейі қалыпты жағдайдан әжептәуір көтерілген.Көгершіндерге ет бергенде қалпына келген.Бұл құбылысты түсіндіріңіз.
Жауабы :Көгершінің қанындағы және миындағы пируваттың деңгейі қалыпты жағдайынан әжептеуір көтерілген.Себебі пируват Ацетил КоА толығымен айналмаған,ПДК жұмысы бұзылған,ішіндегі бір ферменттің қызметі көгершіндерге ет бергенде кофермент В1 (пируват ДГ) жұмысы қайта іске қосылып,көгершіндер қайта ұша алады.Кофермент В1 витамин (тиаминдифосфат)
7.Бүйрек патологиясы бар науқастарда құнды диетаға қарамастан сүйектің минералсыздануы нәтижесінде жүретін рахитке ұқсас ауру – бүйректің остеодистрофиясы жиі дамиды. Сүйектің минералсыздануына қандай дәрумендер қатысады? Неліктен бүйрек патологиясы сүйектердің минералсыздануына әкеледі?
Жауабы: витамин Д (кальциферол). Витамин Д провитамин болып табылады. Оның белсенуі үшін ол бауырда25-гидрокси-холекальциферолға, одан кейін бүйректе 1,25-дигидрокси-холекальциферолға айналуы керек. Ал бүйрек патологиясы кезінде ол провитамин күййінде қалады.
8-есеп. Бауырлық май басу кезінде сүзбелі диета және В12,В6 және холин тағайындалады.Осы дәрумендер мен диетаның ауруды емдеудегі механизмін түсіндіріңіз.
Жауабы:Cүзбенің құрамында метионин көп,метионин метил тобының доноры болып табылады.Метил тобы холин түзуге қатысады.Холин бауырда жиналған майда ериді.
9.Ірі қан тамырларына, тромбофлебитте, эмболияда операция кезінде тромбоздың алдын алу мен емінде дикумарол тағайындалды. Оның әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Жауабы: дикумарол – тікелей емес антикоагулянт. Қанның ұюын болдырмайды, ал егер басталып кетсе дамуын тоқтатады. Әсер етуі бойынша К дәруменінің антагонисті. Ұю факторларының (протромбин, проконвертин) биосинтезін тежейді. Организмнен тыс қан ұюына әсер етпейді. Тромбоэмболияның алдын алуы және емделуі үшін қолданады.
11.. Паркинсонмен ауыратын науқасқа иприниазид (МАО тежеушісі) тағайындалды. Аурудың мүмкін болатын себептері мен әсер ету механизмін атап көрсетіңіз. Ол үшін мынадай салыстырмалы реакцияларды жазыңыз:
- Паркинсонизм кезінде концентрациясы төмендеген медиатор синтезін;
- Осы медиатор белсенділігінің төмендеуін.
Жауабы:Паркинсон ауруы кезінде дофамин медиаторы мөлшері төмендейді.
Дофамин медиаторының ингибиторы МАО
12.Мерзімі жетпей туылған баланың плазмасының құрамында тирозин мөлшері жоғарылаған – 2мм, ол қалыпты жағдайда 0,7мм болуы қажет. Балада белсенділік төмен, ұйқышылдық басым. Тәулігіне ақуызды 2 г дейін шектегенде және 100г С дәруменін енгізгенде тирозин мөлшері төмендеген. Механизмін түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыздар.
Жауабы:Ауру себебі: гидроксифенилпируват-гидроксилаза жеткіліксіздігі;
С дәрумені бұл ферменттің коферменті болып табылады.
13.Антиацидты гастрит диагнозын нақтылау мақсатында зерттелушіге зондтау алдында гистамин енгізді. Гистаминнің әсер ету механизмін түсіндіріңіз. Гистаминнің түзілу реакциясын жазыңыз.
Жауабы:
Антиацидті гастрит – төмен қышқылды созылмалы гастрит. Оны зондтау арқылы зерттеу кезінде асқазан қышқылдығын анықтау үшін әртүрлі стимуляторлар қолданады. Солардың бірі – гистамин. Гистамин асқазанның шырышты қабатының клеткаларының табиғи стимуляторы болып табылады. Гистамин асқазанда орналасқан Н2 рецепторларына әсер етіп, тұз қышқылының бөлінуін ынталандырады.
14.Науқасқа ахилия диагнозы қойылды. Жағдайын жақсарту үшін дәрігер тұз қышқылы мен пепсин тағайындады. Бұл тағайындау неге негізделген?
Жауабы: ахилия – асқазан сөліндегі тұз қышқылы мен пепсиннің болмауы. Пепсин мен тұз қышқылының болмауы тамақтың дұрыс қорытылмауына алып келеді. Жағдайды жақсарту үшін тағайындалған.
15.Созылмалы панкреатитте тамақтан соң жағымсыз белгілерді азайту үшін «Фестал» және «Энзистал» тағайындалды. Осы препараттар құрамы және қолдану негіздері.
Жауабы: Фестал, Энзистал – құрамында өт ферменттері бар ферментативті препараттар. Олар ұйқы безінің, асқазанның, ішектің фермент бөлінуін стимулдайды. Асқорыту-ішек жолдары жүйесін қалыпқа келтіреді. Ферментативті жеткіліксіз, панкреатит кезінде қолданады.
16.Сульфаниламидтердің бактериостатикалық механизмін түсіндіріңіз. Олар қандай заттың синтезін төмендетеді. Формуламен жауабыңызды нақтылаңыз.
Жауабы: сульфаниламидтер – антибактериалды химиялық препараттар. Олар бактериалардың, кейбір қарапайымдылардың өсуін тежейді. Бұл бактериалардың өсуіне қажет фолий қышқылымен әрекеттесуін бұзады. Яғни, сульфаниамидтер фолий қышқылының синтезін тежейді.
17.Жарақаттан кейінгі қимыл-қозғалысты салдануды, полиомиелитті емдеу мақсатында ацетилхолиннің аналогы – калиминді тағайындады. Осы препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз. Ол үшін:
- Ацетилхолиннің гидролиздену реакциясын жазыңыз, оның жүйкелік импульсті өткізудегі рөлін түсіндіріңіз.
- Субстраттың құрылымды аналогының ферменттер белсенділігіне қалай әсер ететіндігін еске түсіріңіз.
Жауабы:
Ацетилхолин – парасимпатикалық нерв жүйесінің негізгі нейромедиаторы. Холинорецепторлармен әрекеттесіп, жүрек қызметін төмендетеді, тамырларды кеңейтеді, АҚ төмендетеді, тегіс салалы бұлшықет жиырылуын күшейтеді, сөл бөлінуін жоғарылатады, көз қарашығын тарылтады.
Калимин – әсері қайтымды антихолинэстеразалық зат. Ол холинэстераза ферментін тежеп, ацетилхолиннің қызметін арттырады. Миастения, жарақаттан кейінгі қимыл-қозғалысты салдану, энцефалит, полиомиелит кезінде қолданады.
18-есеп.Іріңді жараларды емдеу үшін трипсин,химотрипсин және дезоксирибонуклеаза тағайындалады.Препараттар кешенінің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Жауабы: Трипсин,химотрипсин жергілікті жерде іріңді жаралардың өлген жасушалар нәруыздардарын ыдыратады,ұйыған қаннан тазартады.
20-есеп. Вирусты ауруларды,герпесті кератиттерді және аденовирусты конъюнктивитті емдеу мақсатында дезоксирибонуклеаза және рибонуклеаза қолданылады.Осы препараттардың әсер ету механизмдерін түсіндіріңіз
Жауабы: Дезоксирибонуклеаза-ДНҚ-дағы нуклеотидаралық байланыстарды гидролиздеу арқылы ДНҚ-ның деполимеразациясын шақырады.
Рибонуклеаза-ДНҚ деполимеразацияға ұшыратады және циклдік нуклеотидтерді түзеді.
Іріңді экссудаттарды лизиске ұшыратуда қолданылады.Іріңнің 30-70% ДНҚ-дан тұрады.Вирустар жасушаға енгенде олардың РНҚ/ДНҚ-сы жалаңаш күйде болады,яғни нуклеазалар әсеріне сезімтал.Сондықтан вирустарға қарсы қолданылады.
19.Бұлшықет әлсіздігі және шаршауымен сипатталатын миастениямен ауыратын науқасқа прозерин енгізгенде жақсарды. Препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз. Ол үшін:
- Миастенияда жүйкелік импульстың өтуінің бұзылу себебін таңыз;
- Ацетилхолиннің гидролиз реакциясын жазыңыз, оның жүйкелік импульсты өткізгендегі рөлін түсіндіріңіз;
- Жүйке-бұлшықет синапсындағы ацетилхолиннің мөлшеріне прозерин әсерін түсіндіріңіз.
Жауабы: Миастения – бұлшықет әлсіздігімен және шаршауымен сипатталатын ауру. Миастения кезінде постсинапстық мембрананың холинорецепторлары бұзылады. Нәтижесінде холинорецепторлар бойымен жүйке импульс өтпейді.
Ацетилхолин – парасимпатикалық нерв жүйесінің негізгі нейромедиаторы. Холинорецепторлармен әрекеттесіп, жүрек қызметін төмендетеді, тамырларды кеңейтеді, АҚ төмендетеді, тегіс салалы бұлшықет жиырылуын күшейтеді, сөл бөлінуін жоғарылатады, көз қарашығын тарылтады.
Прозерин – әсері қайтымды антихолинэстеразалық зат. Ол холинэстераза ферментін тежеп, ацетилхолиннің қызметін арттырады.
20.Вирусты ауруларды, герпесті кератиттерді және аденовирусты конъюнктивитті емдеу мақсатында дезоксирибонуклеаза және рибонуклеаза қолданылады. Осы препараттардың әсер ету механизмдерін түсіндіріңіз.
Жауабы:Дезоксирибонуклеаза – ұйқы безінде және ішекте синтезделетін фермент. Ол ДНҚ-лы вирустарды деполимерлейді. Осылай герпесті вирустың, аденовирустың дамуын тежейді. Сонымен қатар, іріңді сұйылту қабілеті бар
Рибонуклеаза – ұйқы безінде синтезделетін фермент. РНК молекуласының нуклеотидтер арасындағы байланысты үзеді. Сонымен қатар, қабынуға қарсы, тұтқыр ірің немесе қақырықты сұйылту қабілеті бар.
21-есеп. ц-АМФ концентрациясының жоғарылауы бронх демікпесімен ауыратын науқастың жағдайын жақсартады.Жасушада ц-АМФ деңгейін қандай ферменттер бақылайды?Ауру белгілерін жеңілдету мақсатында қандай ферменттердің тежеушілерін қолдануға болады?Сұраққа жауап беру үшін :
а)ц-АМФ деңгейінің төмендеуіне әкелетін реакцияны жазыңыз,ферментті атаңыз;
б)осы ферменттің жасуша метаболизміндегі маңызын және оны белсендіретін гормонды атаңыз.
Жауабы: АТФ аденилат циклаза цАМФ↑, іш жасушалардағы Са ↓нәтижесінде бұлшықұет босаңсиды,брох кеңейеді.
а)цАМФ ↓фосфодиэстераза АМФ
б)фосфодиэстеразаны инсулин белсендіреді.
1)майдың мобилизациясына қатысатын ТАГ-лигазаны белсендіреді;
2)глюкогенсинтетазаны активтендіреді,глкофосфорилазаны активтендіреді,нәтижесінде глюкоза қанңа түседі.
21)цАМФ мөлшері жоғарылауы – бронх демікпесі бар науқас жағдайын жақсартады. цАмф деңгейін қандай ферменттер бақылайды?қандай фермент тежеушілерін қолдануға болады?
АТФ аденилатциклаза цАМФ
цАМФ деңгейі фосводиэстераза ферментімен де бақыланады, цАМФ антагонисті яғни тежеушісі – цГМФ, Простагландин Е цАМФ мөлшерін жоғарылатады.
22-есеп.Күйіктен және операциядан кейін пайда болған тыртықты сіңіру мақсатында бұлщықетке және тері астына гиалорунидаза енгізеді.Осы препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз
Жауабы:Гиалурон қышқылы-дәнекер ұлпасында тігіс түзеді.
Гиалуронидаза-2 қышқылды ыдырататын фермент.Күйік,операциядан кейінгі тыртықтың тігіс бітуі үшін лидазаны теріасты және бұлшықетке егеді.
22)Күйіктен және операциядан кейін пайда болған тыртықты сіңіру мақсатында гиалуронидаза енгізіледі. Оның механизмі?
Гиалуронидаза препараттары тыртықтағы гиалурон қышқылан ыдыратып, оның жұмсаруын, тегістелуін қамтамасыз етеді, бірақ гиалуронидаза әсері ұзаққа созылмай, тыртық қалыпқа келеді. Дипроспан леп аталатын гиалуронидаза препараты тыртықты өмір бақи жояды.
23-есеп.Аспарагиназа лейкозды емдеуге қолданылады.Лейкозды жасушаларда аспарагинсинтетаза ферментінің ақауы байқалады. Осы препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.Бұл жасушалар аспарагинді синтездемейді,оны қаннан алады.Жоғарыда аталған ферменттермен бақыланатын реакция теңдеуін жазыңыз.
Жауабы:Лейкозды жасушаларда аспарагинсинтетаза ферменті жеткіліксіз.Сондықтан олар аспарагинді ситездей алмайды,қан плазмасынан алады.Егер плазмадағы аспарагинді аспарагиназа арқылы ыдыратса,лейкозды жасушаларда аспарагин жеткіліксіздігі туып,жасуша метаболизмі бұзылады.
23)Аспарагиназа лейкозды емдеуге қолданылады. Лейкозды жасушаларда аспарагинсинтетаза ферменті ақауы байқалады. Препарат механизмі қандай? Бұл жасушалар аспарагинді синтездемей, оны қаннан алады.
Лейкозды жасушаларда аспарагинсинтеиаза ферменті орналасады, лейкозды клеткалар аспарагинді синтездей алмай, оны қан плазмасынан алады. Ал аспарагинзаны ендіру арқылы плазмадағы аспарагинді жойса, лейкозды жасушаларда аспарагин тапшылығы оргып, өсуі тежеледі.
24-есеп.Паркинсонизмде дофаминнің деңгейін жоғарылату үшін депренил,ниаламид,пиразидол қолданылады.Бұл препараттар қай ферменттің тежеушілері болып табылады.Осы ферментпен катализденетін реакцияны жазыңыз.
Жауабы: Паркинсонизм-қара субстанцияда дофаминнің жеткіліксіздігі.
Тирозингидроксилаза осы паталогияда ферменттер белсенділігі ↓
ДОФА-декарбоксилаза
депренил,ниаламид (антидепрессант),пиразидол-МАО(моноаминооксидант)-ның тежеушілері.
25-есеп.Тромбоэмболиялық жағдайларда,ағзаларды қайта орналастыруда және басқа да операцияларда стрептокиназа мен урокиназаның қолданылуы неге негізделген?Бұл ферменттер қандай реакцияларды катализдейді?
Жауабы: Стрептокиназа трамболитикалық терапияға арналған В-гимолитикалық стрептококтан бөлінетін металдан тұратын фермент.
Әсер ету механизімі
Фибринолитикалық препарат.Плазминогенмен қосылғанда комплекс түзеді.Бұл комплекс оның қанға өтуін қамтамасыз етеді.Ол фибриннің талшықтарын ерітеді.Тромбтағы сонымен қатар,фибриногеннің,плазмалық ақуыздардың деградациясын туындатады.
Стрептокиназа-тромбтарды ерітеді.Тромбпен бітелген қан тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіреді.Жүйелік және тіндік фибринолизді активтендңреді.
Урокиназа-адамның бауыр жасушасынан алынатын плазминогеннің активаторы.
Глу және лизплазминогенді активтендіреді.Оны плазминге айналдырады.Фибриннің бұзылуын қамтамасыз етеді.Фибриндік жүйенің бұзылуы тромбтың элементтік жүйелерінің дезинтеграциясына әкеледі.Соның нәтижесінде ол ұсақ бөліктерге жайылады,плазминде ериді.Тромбтың лизисін шақырады.Сондықтан тромбоцитоэмболияда қолданылады.
26-есеп. Подаграда аллопуринолды қолданудың оң нәтижесінің механизмін түсіндіріңіз.Ол үшін:
а)подагра кезінде мөлшері жоғарылайтын зәр қышқылының түзілу реакциясын жазыңыз;
б)оның құрылымдық аналогтарының ферменттер белсенділігіне әсер ету механизмін еске түсіріңіз.
Жауабы:
А)Амеопуринол
Дәрілік препарат. Гиперпурецемия (қандағы зәр қышқылының мөлшерінің жоғарылауы және зәрдің шығуының қиындауы кезінде) және подогралық артрит кезінде қолданылады.
Ксантаоксигеназа ферментінің ингибиторы болып табылады. Бұл фермент зәр қышқылындағы ксантиннің катализаторы. Препараттың тәуліктік дозасы 100-200мг, орташа ауырған кездегі дозасы 400-600мг, ауыр ауырғандағы дозасы 900мг.
Әсері: 20-48 сағатта көрінеді.
б)подагра кезінде зәр қышқылы мөлшері жоғарылайды
27) Фолий қышқылы аналогы – метотрексаттың ісікке қарсы механизмі
ДГФҚ-ын ТГФҚ-на айналдыратын ДФГ белсенділігін тежеп, ДНК репарациясы, митоз процесстерін тежеп, қатерлі ісікке қарсы әсер көрсетеді.
28)Нәрестеде 1 жыл көлемінде ауыр мегалобластты анемия дамыды.Физикалық және ойлау қабілеті бұзылды. Қанда және зәрде орот қышқылы деңгейі жоғарылаған.150 мг мөлшерде уридинді қолданғанда көрсеткіштер жақсарды. Механизмін түсіндіріңіз.
Орот қышқылы синтезіне ортофозфорибозилтрансфераза мен оротин-5фосфаткарбоксилаза қатысады, осы фермент жүесі бұзылысы нәтижесінде нуклеотид жетіспеушілігі пада болады, оны емдеу үшін 0,5-1 г мөлшерінде уридин енгізу керек.
Уридин + АТФ → УМФ + АДФ, уридин УМФ-қа айналып, одан пиримидиндік нуклеотидтер түзіледі.
ОРОТ ҚЫШҚЫЛЫ
29-есеп. Ісіктер химиотерапиясында 5-фтордезоксиуридинді қолданудың механизмін түсіндіріңіз.Қосылыстың формуласын жазыңыз.
Жауабы:
Ісіктер химиотерапиясында фтордезоксиуридаза қолданылады.
ДНК синтезін тежейді және 10-6 М концентрациясында активті болып келеді. ФУдР тимидилатсинтетазаны(дТМФ синтезін катализдейді) тежейді.
30)Гиперурикемия кезінде науқасқа аллопуринол және көкөніс диетасы тағайындалады. Аллопуринолдың әсер ету механизмі
Аллопуринол уростатикалық әсер көрсетеді. Ол гипокстантиннің ксантинге тотығуын қамтамасыз ететін ксантиноксидаза ферментін тежеп, оның несеп қышқылына айналуын туғызбайды. Аллопуринол – несеп қышқылын азайтып, ураттар еруін шақырады.
АЛЛОПУРИНОЛ
31) Науқастың қан плазмасында аргининсукцинат деңгейі жоғарылаған – гипераммониемия анықталды. Осы бұзылыс механизмі
Аммиакты залалсыздандыру процестері бұзылса, аммиак қанда көп болып, гипераммониемия пайда болады. Оның негізгі себебі – орнитин цикліне қатысатын ферменттер қызметінің бұзылуы.
32-есеп.Физиологиялық жағдайда қандай гемоглобиннің –гемоглобин А немесе гемоглобин Ғ-тің оттегін байланыстыру қабілеті жоғары?Осы екі гемоглобиннің оттегін байланыстыру қабілетінің әртүрлілігінің физиологиялық маңызы неде?
Жауабы:
«Гемоглобин А» – ересек адамдардың гемоглабині .(α2,β2)
Эритроциттердегі 97% – і гемоглпһабин –А-дан тұрады.
«Гемоглабин F» (фетальдың гемоглабині). (α 2, γ2)
Ұрықтың дамуында дамуында болады. 1 аптадан бастап Нв Е (эмбриональдық Нв), 6-7 апта (12-14 апта )-дан бастап фетальдық гемоглаби түзіле бастайды.
Нв F тің оттегі байланыстыру қабілеті жоғары. Физиологиялық маңызы : ұрықтың дамуында қан көлемі аздығына қарамай ұрықты оттегімен толық қамтамасыз етеді.Оның бұл қабілеті γ цепте лизин 143-ке қоса өзінде қосымша теріс заряды бар, серин-143 болуы. Осы байланыстан ол аз оң зарядтарын және де НвF аз деңгейде 2,3 дифосфоглицератпен (оттекпен байланысуында негізгі бәсекелес) байланысады, осы жағдайлардын соң, НвF оттекпен байланысуы жоғары болады.
Бірақ НвF-тің қанның рН ортасының дене температурасының өзгеріске төзімділігі аз. Ал НвА-ның жоғары. 3 жасқа жеткенде Нв F 1,5-1%-не жетеді.
33)Бауыр мен өт жолдарының созылмалы аурулары бар нәрестеде рахит белгілері:шаршағыштық, бұлшықет әлсіздігі, бой өсудің тежелуі. Сүйек сынғыштығы байқалды. Гипокальциемия мен гипофосфатемия анықталды. Осы аурулардың пайда болу механизмі
Жауабы:
Рахит ауруы кезінде Д витамині жетіспейді,нәтижесінде гипокальциемия мен гипофосфатемия пайда болады, бұл элементтердің сүйекте азаюы – фосфор-кальций алмасуын бұзады. Кальций синтезі паратгормон мен кальцитонин арқылы реттеледі. Осы элементтер жетіспеушілі бауыр мен өт жолдары функциясын бұзады. Клеткалы-рецепторлы байланыс аденилатциклаза арқылы қамтамасыз етіледі.
Бауыр зақымдалып, нәтижесінде калий реабсорбциясы, бейорганикалық фосфат синтезі, протон эксрециясы, аммоний иондары азаяды.
34-есеп. Бактерияның өсуін сульфанилаидтермен тежейді.Бұл әсер п-аминобензоатты қосқан кезде жоғалады.
Н2N- -SO3NH2 H2N- -COOH
Сульфаниламид п-аминобензоат
Сулфаниламидтердің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Жауабы:
Бактерияның өсуін сульфанилоидтермен тежейді. Бұл әсер П- аминобензатты қосқан кезде жоғалады.Сульфаниламид П- аминобензой қышқылына конкурент болады. Бактериялар п – аминобензой қышқылы арқылы көбейеді. Сульфаниламидтер п- аминобензой қышқылына химиялық құрамы бойынша ұқсас болып келеді.Сондықтан субстратқа бекінеді. Бактериялардың көбеюін тоқтатады.
36)В6 жетіспеушілігінен уақыты жетіп дүниеге келген балаларда жүйке жүйесі бұзылыстары бар. Патология механизмі қандай?
Жауабы:
Серотонин – триптофан туындысы. Оның синтезі былай жүреді:
Декарбоксилаза коферменті – В6 витамині. Серотонин әсері:
- Тегіс бұлшықеттерді жиырады
- Қан тамыр өткізгіштігін жоғарылатады
- АҚ жоғарылатады
- Нервтік импульсі гипоталамусқа өткізеді, витамин жеткіліксіздігі салдарынан серотонин синтезделмей, ОЖЖ бұзылыстары п.б
37)Парацетамол – ауырсынуды және қызуды басады, оттегінің белсенді түрін түзеді,қандай ферменттің генетикалық ақауында парацетомолы бар заттармен емдегенде эритроцит гемолизін тудыруы мүмкін?
Жауабы:
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа және глютатион редуктазы жетіспеушілігі кезінде парацетамол эритроциттер гемолизін шақырады.
38-есеп. Барбитураттар,диклофенак және эстрогендерді қолданғаннан кейін науқастардың кейбірінде жүйке-психикалық күйзелістер мен терінің ультрафиолетке сезімталдығының жоғарылауы мүмкін.Осы көріністердің механизмін түсіндіріңіз және бұл препараттар аминолевулинатсинтазаның және порфобилиногенсинтазаның синтезінің индукторы болып табылады.
Жауабы:
Сукц.+Кат+Гли .———————————————————-→
порфобилиногексинтаза
Аминомевулинат———————————————————-→
Порфобилиноген. Дәрігер 2ферментті ↑
Порфиноген боялмаған, бірақ жарықта олар оңай порфиндерге айналады. Теріде күн сәулесі әсерінен порфириндермен оттек байланысады және слиглентті күйге көшеді. Слиглентті оттек жасуша мембраналарының ЛАТ(липидтердің асқын тотығы) күшейеді және жасушаларды бұзады, сондықтан порфириялар фотосенсилибизацияны туғызады және терінің ашық жерлерінің зақымдануымен сипатталады. Жүйке-психикалық күйзелістер аминопевуменаттың , порфиногеннің нейро уыттылығымен байланысты.
39)Науқаста жүрек жеткіліксіздігі және липид алмасуының ксантоматоз ауытқуы бар. Жанұясында гиперхолистеринемия бар. Осы көріністе байланысы?Липопротеидтердің қай бөлігі жоғарылаған?
Жауабы:
Бұл дислипопротеинемияның 2-ші(жанұялық) типіне жатады.Холестерол концентрациясы көбейеді, ATF, NADPH, ацетил-coA глюкоза тотығуы кезінде тотығып, мөлшері жоғарлайды. Осының нәтижесінде жүрекке жүктеме түсіп, функциясы бұзылады. Бұзылыстың бұл түрінде ТТЛП концентрациясы артып, атеросклероз, ксантоматоз пайда болуы мүмкін.
40)Гл-6-фосфатДГ жетіспеушілігінде күшті тотықтырғыш дәрілер (аспирин, сульфаниламид,примахин)эритроцит гемолизін тудырады. Фермент маңызы мен рөлі?
Жауабы:
Г-6-ФДГ көмірсу алмасуына қатысуымен маңызды(әсіресе эритроциттерде), ол гл-6-фосфатты 6-фосфоглюконатқа айналдырады. Бұл реакцияда тотықсызданған НАДНФ2 түзіліп, глутатион, метгемоглобин, гемоглобиндерді түзеді. Түзілген глутатион эритроциттерде тамыр өткізгіштігін қалыпты ұстап, эритроциттерді түрлі дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлерінен қорғайды.Фермент жетіспегенде, гемолиздік анемия дамуы мүмкін.
41-есеп.Сүліктен алынатын гируидин тромбинмен байланысып, оның белсенділігін тежейді..Гируидинді қандай аурудың алдын-алу үшін қолданады?Тромбиннің қан ұйытушы әсері мен субстраттарын атаңыз.
Жауабы: Тері аурулары(фурункулез,склеродермия,псориаз),гинекологиялық аурулар,бүйрек аурулары,ерлердегі екіншілік бедеулік,созылмалы простатит,ишемиялық жүрек ауруы,гипертония,стенокардия,аритмия,артерия және вена тромбозы,тромбофлебит,геморрой,бронхит,бронхиалды астма,холецистит,өт-тас аурулары,семіздік,подагра.
S-2238 25 mg –тромбиннің субстарты.Тромбин-қанның ұю процесінде маңызды роль атқарады,фибриннен фибриногеннің түзілуін катализдейді,тромбоциттердің активациясын стимулдайды.
42-есеп.Атеросклерозды холестираминмен емдеуде қанның ұюы төмендеуі мүмкін.. Холестираминнің липидтер мен майда еритін дәрумендердің сіңуіне әсерін түсіндіріңіз.Қан ұйытушы фактордың посттрансляциялық модификациясына қандай дәрумен қажет?
Жауабы:
Қалыпты жағдайда холестериннің қандағы мөлшері 130-320 мг %.Атеросклероз кезінде ұан тамшыларыныың қабырғасы зақымдалады, алғашқы кезде ботқа сияқты болып тұнбаға түскен холестерин кейінірек катаяды.Холестериннің қандағы мөлшері неғұрлым көп болса, соғұрлым жүрек ауруларының, инфаркт, инсульттің даму мүмкіндігі күшейеді.
Жүрек ауруларының дамуына мүмкіндік беретін факторлар:
- Қандағы холестериннің, ТТЛП-тің мөлшерінің жоғарылауы;
- Қан қысымының жоғарылауы;
- Темекі шегу;
- Қант диабеті;
- Үрей, қорқыныш, күйзеліс;
- Семіздік;
- Гиподинамия;
- Несеп қышқылының мөлшерінің жоғарылауы.
Атеросклероз кезінде, әсіресе қолқа, жүрек артериялары, тамыр, күретамыр және т.б сияқты ірі қантамырлары зақымдалады.Атеросклероз кезінде қантамырлар арасында жүретін өзгерістер бірден пайда болып, сатылы түрде жүреді.
- Май таңбасының және май нүктесінің пайда болуы;
- Әртүрлі майлардан, әсіресе холестериннен тұратын фиброзды төмпешіктердің пайда болып, қанның жүру жолын тарылтуы;
- Фиброзды төмпешіктердің әрі қарай өсіп дәнекер ұлпаларға айналуы;
- Осы қалыңдаған жерлерде кальций тұздарының жиналып, яғни артерия тамырларының созылғыштығы өзгеріп қанның жүруі қиындайды.
- Сульфаниламид-бактериостатикалық әсер етеді, яғни грамм оң және грамм теріс бактериялармен шақырылған инфекция кезінде химиотерапиялық әсер етеді.Олардың әсері микроорганизмдердің түзілуінің бұзылуымен байланысты.
Механизмі пара-аминобензой қышқылының (ПАБҚ) сульфаниламид фрагментінің құрылымдық ұқсастығымен байланысты.
43)Нәрестеге пиридоксаль енгізгеннен кейін тырысулар тоқтайды,механизмі
Жауабы:
Пиридоксаль немесе В 6 дәрумені-суда еритін дәрумен.Ол қанның қызыл клетка түзуіне,антидене,иммундық,жүйке,жүрек-қантамыр жүйесінің қалыпты жұмыс атқаруына қатысады.Нейротрансмиттер(серотонин,дофамин,адреналин,норадреналин,ГАМҚ),гистамин,липидтер,глюконеогенез синтезіне қатысады.
44)Остеомаляцияның мүмкін болатын механизмі
Жауабы:
Остеомаляцияның пайда болуына кальций-фосфор алмасуының бұзылыстары әкеледі.Бұл регуляцияда маңызды рөлді –витамин Д ,активті метаболиттер атқарады.Остеомаляция кезінде Д витаминінің жеткіліксіздігі немесе оның синтезінің бұзылысы байқалады.Ішектің сору қызметінің бұзылуынан және бүйректің фильтрациясының бұзылуынан макро және микроэлементтердің жетіспеушілігі.
45)Науқастың қан құрамында ақуыз мөлшері 52г/л,альбумин 33%.Жүргізуге болатын емдік шаралар
Жауабы:
Қалыпты жағдайда ересек адамда белоктың мөлшері 65-85 г/л,бұл есеп бойынша науқаста гипопротенемия.Альбуминнің қалыпты жағдайдағы мөлшері-64%,гипоальбуминемия.Емдеу үшін анаболитикалық стероидтардан тұратын дәрілер ,витамині бар дәрілермен қосымша емдеуге болады.
46)Вазопрессиннің әсер ету механизмі
Жауабы:
Тамыртарылтқыш гормон қан тамырларының қабырғасын тарылтын қысу арқылы қанның қысымын арттырады,бүйрек нефрондарының төменгі өзекшелері(дистальді бөлімі) мен жинағыш түтікшелері қабырғаларын астарлайтын эпителиоциттердің өткізгіштігін күшейтіп,несеп құрамындағы судың бүйрек тамырларына қарай кері сорылуына ықпал етіп,зәрдің бөліну мөлшерін азайтады да,организмдегі судың алмасуын реттеуге қатысады.
47)7 жасар балаға қант диабетін анықтау үшін қан құрамындағы қант деңгейін анықтау керек.Лабораторияда сынама жүргізер алдында қатты қобалжып жылады.Балада қан құрамындағы қанттың деңгейі қалыпты жағдайдан жоғары екені анықталды.Осындай зерттеуден кейін балаға қант диабеті диагнозын қоюға болады ма?
Жауабы:
Бала қорыққан кезде қанда глюкозаның мөолшері жоғарылап кетуі мүмкін,бұл кезде қант диабеті деген шешім қабылдамау қажет,біраз уақыт өткесін қайта сынама жасап,шешімді сол кезде таңдау керек.
48)Құрамында темірі бар белок,эритроциттің негізгі ақуыздарының құрылысы мен қызметі
Жауабы:
Құрамында темірі бар белок-тренсферрин,ферритин,гемосидерин.Организмнің темір алмасуында маңызды рөл атқарады.Эритроциттердің маңызды нәруызы-гемоглобин.Нәруыздық компоненті-глобин ол простетикалық топ-геммнен байланысады.Гемнің құрамы күрделі,темірі бар.
49)Қант диабеті кезінде лимон кабылдауға болады ма?
Жауабы:
Қант диабеті кезінде лимон қабылдауға болады.Қышқыл және жартылай қышқыл жемістер қант диабеті кезінде ,қан құрамындағы қантты ерітетіндей әсер етеді.Лимон-қант диабеті кезінде қанттың мөлшерін төмендете алады,біраз уақытқа дейін нормада ұстайды.Оның қасиеті-қышқылдығының жоғары болуында.
51-есеп.Дәрігердің тағайындауына сәйкес науқас тағам құрамынан ет пен балықты шектеп,көкөніс пен жеміс-жидектің деңгейін жоғарылатты.
А)зәрдің рН қалай өзгереді?
Б)Зәр құрамындағы мочевина деңгейі өзгереді ме?
Жауабы: А)құрамында нәруыз мөлшері көп ет, балық сияқты тағамдарды -пайдаланғанда зәрдегі рН=қышқылдық ортаға қарай ауысады, ал көкөністерді тұтынғанда рН=сілтілік ортаға қарай өзгереді.
Ә)тағам құрамында нәруыз азайғандықтан аминоазот мөлшері төмендейді, сондықтан, , зәрдегі мочевина мөлшері азаяды. Зәрмен аз шығарылады.
52-есеп.Ересек адам мен нәресте зәрінің құрамынан креатинин мен креатин анықталған.Бұл қалыпты жағдайдан ауытқу болып саналады ма?Креатин мен креатинин қайда түзіледі және организмде қандай қызмет атқарады?
Жауабы: Балаға бұл норма.Ал ересек адамға бұл ауытқушылық.Креатинин-креатин фосфатты реакцияның соңғы өнімі.Бұлшықетте түзіледі, содан кейін ұанға барады.Креатин б.е энергетикалық алмасуға қатысады.Содан кейін бүйрек арқылы зәрмен шығады.
Норма қанда : 74,0-110,0 ммоль – ерлерде
44,0-80,0 ммоль – әйелдерде
Норма зәрде : 8,8-17,7 ммоль – ерлерде
7,1-15,9 ммоль – әйелдерде
53-есеп.Дәрігер науқасқа тағам құрамына міндетті түрде өсімдік майын қосуды тағайындады.Неліктен?Өсімдік майының құрамына қандай ма й қышқылдары кіретінін еске түсіріңіз.Олар организмде қалай қолданылады?
Жауабы: Дәрігердің пациентке тағм құрамына майды міндетті түрде қосуды айтты.Себебі оның құрамында А, Д, Е, К витаминдері бар және оның құрамында холестерин болмайды.
Майдың құрамы триглицеридтерден тұрады.Оның құрамында фосфатидтер, пигменттер бар.
Сонымен қатар, май ақуыздарды, витаминдерді, минералды тұздарды организмнің қалыпты сіңіруіне қажет.Майдың құрамында лецитин болады.Лецитин оргагизмнің дамуына, қан құрылымына жәрдемдеседі, жүйке жүйесінің пайдалы жұмыс жасауына су ықпалын тигізеді.
54-есеп.Қаңқа бұлшықеттеріне қарағанда жүрек бұлшықетінің құрамында триглицеридтер мен фосфолипидтер деңгейі 1,5-2 есе жоғары.Осы айырмашылықтың қандай биохимиялық маңызы бар?Миокардтың оттегінің жеткіліксіздігіне жоғары сезімталдығымен байланысты емес пе?
Жауабы: Жүрек миокарды энергетикалық резервтермен қаңқа бұлшық етіне қарағанда жақсы жабдықталған. Онда тотыққан кезде көп энергия беретін липидтер орналасқан. Бірақ май тінінде көміртекке қарағанда аздау, сондықтан 1 гр май ыдырауына 2019 мл*О2, 1 гр гликогенге 829 мл ғана керек. Жүрек метаболизмінің энергетикалық балансы нда аэробты процестер тиімді, бірақ олар жүректі гипоксияға сезімтал етеді, ол инфаркттың себебін еайналуы мүмкін. Бұлшықеттер оттектік жағдайда белсенді қызмет атқарады. Триглицеридтердің көп мөлшері қор ретінде жиналып, энергетиканың ең тиімді заттары болып табылады. Фосфолипид гидролизінің соңғы өнімі глицерин, май қышқылдары, фосфор қышқылдары, аминоспирттер болып табылады
55-есеп.Асқазан сөлінің пепсинінің (рН=1,5) изоэлектрлік нүктесі 1.,яғни басқа ақуыздарға қарағанда біршама төмен.Осы ферменттің изоэлектрлік нүктесінің төмен болуында қандай функциональды топтар қатысуы қажет? Қандай амин қышқылының құрамында осы топтар болады?
Жауабы: Карбоксил тобының қышқылдығы жоғары болса, ортаның изометрлік нүктесі төмен болады.
Глутамин және аскорбин қышқылы.
56-есеп. Ет жеуді жақсы көретін адамдар қажетті мөлшерден асырып жегендіктен,олардың салмақтары артып кетеді. А)Ақуызға бай ет қандай метаболиттік жолмен ТАГ-ң қорға жиналуына әкеліп соқтырады? Б)Осындай тамақтану нәтижесінде тағы да қандай метаболиттік өзгерістер болуы мүмкін?
Жауабы: Ет жоғары каллориялы тағам,еттің қорытылуы үшін 70% АТФ жұмсалады. Еттің қорытылуынан соңғы өнім сүт қышқылы түзіледі. Ол бұлшықет жасушаларына кері әсерін тигізеді.Егер ет құрамында холестерин көп болса,ол атеросклероздың дамуына соқтырады. Еттің көп мөлшері асқазан мен ішектің шырышты қабықтарын зақымдап,гастрит тууы мүмкін.
АҚ ПЖҚ 3-ФГА глицерин
Ацетил-КоА ЖМҚ
57-есеп.
Қатты күйзеліс кезінде бөлінетін адреналин бауырдағы,жүректегі және бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауын жеделдетеді.Бауырдағы гликоген ыдырағанда глюкоза пайда болады.Бұлшықеттердегі гликоген гликолиз жолымен ыдырайды.
А)неліктен осы екі тіндердегі гликогеннің ыдырауының нәтижесі әр түрлі
Б)гликогеннің ыдырауының осы ерекше жолдарының болғаны күйзеліс жағдайдағы организмге қандай артықшылық туғызады?
Жауабы: а)Себебі организмдегі гликоген энергияның оңай шығымдалатын резерві. Ол бауырда жиналып одан глюкоза түзілуі бауырдың функционалдық ерекшелігіне байланысты. Бауырда түзілген глюкоза бүкіл организмнің қажеттілігіне жұмсалады. Бұлшықеттер гликогенді тек ауыр жұмыстар кезінде ғана пайдаланады. Гликолиз процесі организмге оттегі жеткілікті түрде түспей қалған кезде , аздап тірі жасушаның тіршілігін қолдайтын бірден бір жол. Организмге қауіп төнгенде бұлшықеттердің энергияға қажеттілігі 10 есеге артады. Ауыр дене еңбегімен шұғылданған жағдайда бұлшықеттердегі сүтқышқылы мөлшері 10 есеге артады. Бұлшықеттер өзіне қажет энергияны гликолиз жолымен алады.
Б) спортсмендер стартта тұрғанда симпато адреналиндік жүйе белсенуімен сипатталатын стрессті жағдайда болады. Адреналин мөлшерінің көбеюі фосфорилаза жүйесіндегі аденилатцикла арқылы белсеніп, гликогенді бәсеңдетіп, қанда глюкозаны жоғарылатып, май тінінің гормонсезімталдығын қолдайды.
58-есеп. Стеатореяның клиникалық белгісі –ол нәжіспен майдың көп бөлінуі болып табылады.Ол өт қышқылдарының болмауымен немесе ұйқы безі ферменттерінің аз бөлінуімен сипатталады.Бұл себептер неліктен нәжісте майлардың пайда болуына әкеліп соқтырады?
Жауабы: Стеатория сұйық нәжіс.
- Өт қышқылдарының болмауы тамақтың майлардың эмульсиялануының нашарлауына соған байланысты панкреаттық липазаның майларды гидролиздеу қабілетінің төмендеуіне әкеледі.
- Ұйқы безінің сөлінің ферменттері жеткіліксіздігі майлардың гидролиздену жылдамдығын төмендетеді
Осы екі жағдай майлардың нәжісте мөлшерін арттырады.
59-есеп. Гистондар-эукариоттардың жасуша ядроларында болатын ақуыздар.Олар көпфосфатты топтан тұратын ДНҚ-мен тығыз байланысты.Гистондардың ИЭН-і өте жоғары(шамамен 10,8).Бұл гистондарда қандай амин қышқылдарының қалдығы болуы керек?Қандай жолмен бұл қалдық ДНҚ-ны гистонмен тығыз байланыстырады?
Жауабы: Гистондардың ИЭН-і жоғары болса,ортасы сілтілі болады.
Аргинин және лизин негізгі ақуыздар
Орталық ортада «+»зарядты
ДНҚ «-» заряд тасымалдайды.
60-есеп. Биохимиялық лабораториядан қандағы ақуыздың екі анализі жеткізілді: 30г/л және 100 г/л.Бұл екі аурудың анализдері еді:Көлемді күйікке ұшыраған баланың және панкреатит,гипоацидтік гастритпен ауырған ер адамның анализдері.Қай анализ қайсы аурудың анализі екенін көрсетіңіз?
Жауабы: Қалыпты жағдайда:
Новорожденные | 48—73 |
Дети до года | 47—72 |
1—4года | 61—75 |
5—7лет | 52—78 |
8—15лет | 58—76 |
Взрослые | 64—83 |
Балаларда жоғарғы белок құсу,көлемді күйік кезінде болады. Ал панкреатит кезінде көп мөллшерде белок жоғалту болады. Сондықтан Сондықтан 30 г\л ересек ер адамда, ал балада 100 г\л.
61-есеп. Адам ағзасына тағаммен тәулігіне 80 г ақуыз түседі.Осы уақыт аралығында 16 г азот зәрмен бірге бөлінеді.Пациенттің азоттық тепе-теңдігі қандай және ол нені білдіреді?
Жауабы: Азоттық тепе-теңдік — организм денеден қанша азот жұмсайтын болса, сонша азотты тамақпен бірге қабылдайтындығы. 80 г түседі,16 г шығады. Бұл кезде азоттың тепе теңдігі оң,балаларда және ауыр аурулардан жазылып жатқан науқастарда болады.
62-есеп. Стационарға атеросклероздың кезеңі белсенді науқас түсті.Қан липопротеидтерінің қандай фракциясында холестерин көп кездеседі?
Жауабы: Атеросклероз кезінде холестерин мөлшері 130-320 м\г көтеріледі. Холестерин тығыздығы төмен липопротеидтер құрамында 45% болады. Ал тығыздығы жоғары липопротеидтер құрамында холестерин аз болады,сондықтан қан тамырлары қабырғасындағы холестериндерді қосып алады.
63-есеп. Науқасты зерттеу барысында қан сарысуының құрамынан С-реактивті ақуыз анықталған.Оны дені сау деп айтуға болады ма?
Жауабы: С-реактивті ақуыз қан плазмасының ақуызы,қабыну кезеңінде концентрациясы өседі. Қалыпты жағдайда 0-5 мг/л.
Миокард инфарктысы кезінде 400 мг/л жетеді
С реактивті ақуыз анализі вирустық және бактериялық инфекцияны анықтауда да қолданылады.
64-есеп. Жедел миокард инфарктісі бар деген күдікпен науқас клиникаға жеткізілді.Осы науқастың қанында қандай индикатролы ферменттерді зерттеу қажет?
Жауабы: Миокард инфарктында қанда креатин киназа,лактатДГ,аспартатаминатрансфераза белсенділігі жоғарылайды.
Олар инфарктың даму уақытына және зақымдану орнына тәуелді болды.
Қан плазмасында КК белсенділігі жоғары. Егер де науқастың кеуде тұсы ауырғанымен КК қандағы белсенділігі өзгермесе,миокард инф.диагнозын өою керегі жоқ.
М.И.диагнозының қосымша әдісіне аурулар қанындағы АСТ және АДТ физиалық белсенділігінің жоғарылауы жатады.
65-есеп. Ауруханаға бауыры ауыратын науқас түсті.Оның қанындағы мочевинаның шамасы анықталды.Бауырдың қаншалықты ауру екендігін анықтау мақсатында жүргізілген осы зерттеу дұрыс па?
Жауабы: Мочевина суда жақсы ериді және несеппен сыртқа шығарылып отырады. Қанда 25-30 мг% мочевина болады. Мочевинаның қандағы мөлшері азаюы бауыр жұмысы нашарлағанда,тұмау кезінде және өкпе ауруларында болады. Сондықтан мочевина шамасын анықтаған дұрыс.
66-есеп. Науқас адамда терісі,склері,кілегейлі қабаттары сарғайған.Зәр сыра түсті,нәжісінің түсі өзгермеген.Қандағы тура билирубиннің мөлшері көбейген.Нәжісінде стеркобилиногеннің мөлшері қалыпты жағдайда.Зәрінде серкобилиноген(уробилиноген) және билирубиндері бар.Бұл сары аурудың қай түрі деп айтуға болады?
Жауабы: паренхималық сары ауру. Гепатоциттер зақымдалуы нәтижесінде дамыған. Билирубин бауырда ұстасып қалған,бірақ ол биохимиялық,физикалық процестері зақымалған гепатоциттерде төмен өтеді. Диглюкуронидтер орнына моноглюкуронид көптеп түзіледі.
Өттің түзілуі нашарлайды. Өт қанға да түседі.
67-есеп. Пациенттің қанында 0,7 г билирубин бар (қалыпты жағдайда 0,4-0,8 мг немесе 7-14 мкмоль/л), ал нәжісінің құрамында стеркобилиннің бар екені анықталды, зәрде стеркобилиногеннің өте аз ғана мөлшері бар, билирубин жоқ. Пигменттердің алмасуының бұзылуын көрсететін мәлімет бар ма?
Жауабы: өт пигменттері билирубин, оның туындылары уробилин және стеркобилин. Стеркобилиноген және уробилиноген билирубиннің аралық туындылары ретінде өт пигментіне жатпайды. Себебі, олар түске ие емес. Берілген есепте, билирубиннің қандағы мөлшері қалыпты. Нәжіс құрамында стеркобилин бар, ол стеркобилиногеннен қышқылдану арқылы пайда болып, нәжіске түс береді. Билирубин микрофлораның ферменттк жүйелерінің арқасында уробилиногенге және мезобилирубинға айналады. Уробилиноген бауырда толығымен ыдырайды(пигмент алмасуының бұзылысын көруге болады). Бауыр паренхимасының зақымдалуынан ол қанға, кейін зәрге түседі. Мезобилирубин тоқ ішекте стеркобилиногенге айналып, қан арқылы бүйрекке барып, зәрмен сыртқа шығады.
68-есеп. Нәрестеде жиі тамыр тартылуы байқалған. Зерттеу барысында бауыр пішінінің үлкейгендігі байқалған. Қанда лактат пен пируват мөлшері жоғарылап, гипогликемия байқалған. Адреналин енгізгенде қандағы қант мөлшері артпай, сүт қышқылының мөлшері көбейген. Көмірсулар алмасуының қандай бұзылуы туралы ойлауға болады?
Жауабы: Көмірсулар алмасуының бұзылысы ретінде гликогенозды ойлауға болады. Гликогеноз – гликоген алмасуының бұзылуынан туындайды, яғни гликогеннің ыдырауы мен синтезіне жауап беретін фермент жетіспейді немесе мүлдем жоқ болады. Гликогеноздың I типінде (Гирке ауруы) глюкозо-6-фосфатаза ферментінің синтезінің бауырдағы дефектімен сипатталады. Негізгі белгілері: бауыр үлкеюі, гипогликемия нәтижесінде діріл, өсу тежелуі, ацидоз болуы мүмкін;
69-есеп. К дәруменінің құрылымдық аналогы дикумаролды өткен ғасырдың басында кеміргіштерді жоюшы у ретінде қолданған. Дикумаролдың улық әсері қандай? Сұраққа жауап беру үшін:
А) қан ұйытушы жүйенің кейбір ферменттерінің посттрансляциялық жетілуінде К дәруменінің рөлін түсіндіріңіз.
Б) осы дәруменнің негізгі көздерін атаңыз.
Жауабы: дикумаролдың улық әсері – қан ұю жүйесінің ақуыздық факторлары мен қандағы протромбин мөлшерінің тез төмендеуі. Гамма-глутаминилкарбоксилазаны ингибирлеп, қан ұюды төмендетеді.
А) қан ұю факторларының бірқатарында глутамин қышқылының карбоксилдену нәтижесінде трансляция біткеннен кейін өзгерістерде фибринде түзілетін γ–карбоксиглутамин қышқылы болады. Бұл процесс глутаматкарбоксилаза ферментінің кофакторы болып табылатын К дәруменіне тәуелді.
Б) өсімдіктерден каштан жапырағы, қалақай, жоңышқа, көкөністерден орамжапырақ, асқабақ, жаңғақ майы, жануар текті өнімдерден шошқа бауырында кездеседі.
70-есеп. Науқаста жоғары гипергликемия, глюкозурия, кетонурия, қанның сілтілік қоры төмендеген. Гормонды енгізудің пайдасы бар ма? Глюкозаны гормонмен бірге енгізсе теріс әсер етпейді ме?
Жауабы: науқаста инсулин тәуелді қант диабеті. Инсулинді енгізу қажет. Бір мезгілде гормонмен бірге глюкозаны енгізу қауіпті емес, жасушада көмірсу жеткіліксіздігі байқалып отыр
71-есеп. Науқастан тәулігіне 1,5 г несеп қышқылы зәрмен бөлініп шығады(қалыпты жағдайда мөлшері 0,7 г), қанда да оның мөлшері жоғары. Дәрігер науқасқа гипоксантин емдеу препаратын және ет тағамдарын шектеуді ұсынды. Сіз қандай диагноз қойған болар едіңіз? Гипоксантиннің әсері неге негізделген?
Жауабы: қанда несеп қышқылының жоғары мөлшері (гиперурикемия) подаграның негізгі белгісі. Гипоксантин немесе аллопуринол емдеу препаратының әсері – гипоксантиннің ксантинге, әрі қарай несеп қышқылына айналуын катализдейтін ксантиноксидаза ферментінің белсенділігін тежейді, яғнм несеп қышқылының синтезін тежейді.
72-есеп. Буындарында созылмалы ауырсынуға шағымданған науқас зәрінде пролин мен оксипролиннің болуы қандай заттың алмасуының қалыпты жағдайдан ауытқуынан бола алады?
Жауабы: коллаген алмасуының ауытқуы болады. Пролин және оксипролин коллагенде көп болатын иминқышқылдарға жатады. Қалыпты жағдайда зәрде бос түрінде кездеспейді. Рахит, гиперпаратиреоз аурулары кезінде мөлшері жоғарылайды.
71-есеп. Науқастан тәулігіне 1,5 г несеп қышқылы зәрмен бөлініп шығады(қалыпты жағдайда 0,7 г), қанда да оның мөлшері жоғары.Дәрігер науқасқа гипоксантин емдеу препаратын және ет тағамдарын шектеуді ұсынды.Сіз қандай диагноз қойған болар едіңіз?Гипоксантиннің әсері неге негізделген?
Жауабы: Подагра деп диагноз қоюға болады.Көп жағдайда несеп қышқылының қандағы мөлшерінің көбеюі бұл подагра ауруының алғашы белгілері болып табылады. Гипоксантинді тағайындаған себебі,несеп қышқылы адам организміндегі пуриндердің өзгерісінің соңғы өнімі және ол адам несебімен сыртқа шығарылып отырады.
72-есеп. Буындарында созылмалы ауырсынуға шағымданған науқас зәрінде пролин мен оксипролиннің болуы қандай заттың алмасуының қалыпты жағдайдан ауытқуынан бола алады?
Жауабы: коллаген алмасуының ауытқуы болады. Пролин және оксипролин коллагенде көп болатын иминқышқылдарға жатады. Қалыпты жағдайда зәрде бос түрінде кездеспейді. Рахит, гиперпаратиреоз аурулары кезінде мөлшері жоғарылайды.
72-есеп. Буындарында созылмалы ауырсынуға шағымданған науқас зәрінде пролин мен оксипролиннің болуы қандай заттың алмасуының қалыпты жағдайдан ауытқуынан бола алады?
Жауабы: Ағзада коллаген синтезделуінің бұзылуы жүреді. Сондықтан коллаген синтезінің негізгі қайнар көзі пролин мен оксипролиннің гидролизденген және коллагендік жіктері түзілген.