Сабақ жоспары

 Оқу-тәрбиелік мақсаттары:

  1. Студентерге халықаралық гуманитарлық құқықтың принциптері мен дамуы туралы білім беру.
  2. Гуманитарлық конвенциялардың пайдалану бағытын студентерге жеткізу.
  3. Студентерді ұрыс қақтығыстар кезінде гуманитарлық конвенциялардың ережелерін қатаң сақтауды тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Дәріс

Уақыт: 1 сағат (50 мин)

Өткізілетін орны: Дәріс залы

Оқу құралдарымен жабдықтары

  1. Дәріс материалы.
  2. Соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциясы.
  3. Халқаралық гуманитарлық құқық, Бакаев Л.К., 1998 ж.

Оқу сұрақтары мен уақыт есебі

 

Оқу сұрақтарыУақыты

(мин)

1.Кіріспе бөлімі3 мин
2.Негізгі бөлім

1.     Гуманитарлық конвенциялардың дамуы мен оларды пайдалану. Гуманитарлық құқық принциптері мен жаратылысы.

2.     Халықаралық гуманитарлық құқықтың негізгі түрлері мен түсінігі.

3.     Ұрыстық қақтығыстар кезіндегі медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері.

 

 

45 мин

20 мин

 

 

 

15 мин

 

10 мин

3.

Қортынды

2 мин

 Кіріспе

Жеке құрамды тексеремін. Дәріс сабағының тақырыбы мен өту тәртібін студенттерге жеткіземін. Оқу сұрақтары мен оқу-тәрбиелік мақсаттарын баяандаймын.

Студент мырзалар, біріншіден бізге «халықаралық гуманитарлық құқытар» ұғымын түсінү  керек.

«Халықаралық гуманитарлық құқық» –  бұл құқықтық принциптер мен ережелер  жүйесі, қарулы қақтығыстар кезіндегі мемлекеттер арасындағы қатнастарды халқаралық келісімшарттарда көрсетілгендей  (келісім шарттар, ковенцияларда, хаттамаларда) реттейді.

Халықаралық гуманитарлық құқығы – белгіленед:

  • Соғысушы жақтардың қарулы қақтығыс әдістері мен қаруларды қолдануларды шектеу;
  • Соғыс құрбандарының құқы(жарақаталғандар, аурлар, тұтқындар, бейбіт халық), әскерилер  (қарулы күштерге кіретін адамдар және әскери әрекеттерде қатысатындар);
  • Мемлекеттер және жеке тұлғалардын Халықаралық гуманитарлық құқтарды бұзғандықтары үшін жауапкершіліктері;

Гуманитарлық құқығын тамырлары  ежелден болған.  Шумерлерде (ежелгі халық, Ирак аумағында өмір сүрген) әскери әрекеттер ұйымдастырылған процесс  болған және:

  • соғысты жариялау;
  • тыныштық орнатуға мүмкіндігі;
  • парламент мүшелерінін дербес құқықтылығы
  • бейбітшілік шарттары.

1859 жылы швейцар Анри Дюнан  соғыстан кейінгі жанып жатқан қаладағы мыңдаған жарақаттанған жауынгерлердің соғыс алаңында қалғандықтарын көрді. Оларға  медициналық көмек көрсетілмегендіктен  қайтыс болып жатты. Соларды көріп ол, жарақаттанған жауынгерлерді қорғайтын қоғам құру туралы ой келеді.

Болашақта ол кітап жазды, онда ол әскери санитарлық жасақтардың кемшіліктерін көрсетіп, тыныштық кезінде өз еркімен келгендерді алғашқы медициналық көрсету үшін дайындау және оларға соғыс алаңында бйтараптық дәрежесі қамтамасыз етілуін усынды.

Бұл пікірді  Анри Дюнанның көптеген жерлестері қолдады. Олар бірігіп жарақаттанғандарға көмек көрсететін Халқаралық комитет құрады «Бестік комитеті» деп танымалы, болашақта Халқаралық Қызыл Крест комитеті болыды. Осы адамдардың табандылығы арқасында швейцария үкіметін 1864 жылы 12 мемлекет қатысуымен халқаралық конференция өткізуге көндіреді. Конференция қортындысында соғыста жарақаттанғандарға көмек көрсетү туралы  Женева конфенциясы қабылданды. Бұл конфенцияда болашақта барылық жарақат алған жауынгерлерге көмек көрсету туралы, ал медицина қызметкерлер құрамы, санитарлық мекемелер құрметтеледі және ақ матада қызыл креспен ерекеше белгімен белгіленеді деп жазылды. Бұл бастама көтеген мемлекттерде қолдау тауды. 1994 жылы Қызыл Крест қоғамы 162 мемлектерде болды.

Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай ұлттық ұйымы 81 мемлекетте жұмыс атқарып келуде. Олар Халықаралық Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай қозғалысының мақсаттарын алдына қойып, солардың принциптеріне тәжірибе жүзінде сүйенеді. Елдегі гуманитарлық облыстарда үкіметпен бірлесіп, ұлттық ұйым құтқару жұмыстарынан бастап, медициналық, әлеуметтік көмек көрсету сияқты салаларда қызмет көрсетеді. Әскери жағдайда олар конфликттен зардап шеккен азаматтық тұрғындарға көмек беріп, қажет жағдайда өз мемлекетінің  әскери-медициналық қызметтеріне жәрдемдеседі.

Бұл ұлттық ұйым әлемдегі барлық елдерде де бар деп айтуға болуда, және де  Халықаралық Қызыл крест пен Қызыл жарты ай федерациялық ұйымның күші де осы факт. Ұлттық ұйым ішінде 97 миллион мүше мен волонтер және жыл сайын 233 миллион адамға көмек беретін 300 қызметкер бар.

Қабылданған 181 ұлттық ұйымның 150і эмблема ретінде қызыл крест пайдаланса, 31і қызыл жарты айды пайдаланады. Халықаралық Федерацияға қабылдау процессі кезінде 6 ұлттық ұйым болды (2004).

Қызыл крест пен Қызыл жарты ай тарихы

1859 жылы 24 маусымда солтүстік Италия жақтағы Сольферинода сол кезде француздар мен итальяндықтардың әскері елді оккупациялаған австриялықтармен соғысты. Бұл қанды күресте аз уақыт ішінде 40000 құрбан болды. Сол кезде екі жақтың да санитарлық қызмет көрсетуі әлсіз еді. Соғыс майданына келген швейцарлық Анри Дюнан бұндай ауыр жағдайды көріп, көрші елді мекендерден көмек сұрады және зардап шеккендердің қай ұлтқа жататынына қарамай, бәріне бірдей әлі келгенше жәрдемдесті. Швейцарияға оралғаннан кейін, Анри Дюнан бұл оқиғаны көпке дейін ұмыта алмады. Қалам алып, баршаға бұл қайталана беретін соғыс драмасы жайында айтқысы келді. 1862 жылы Анри «Сольферино туралы естелік» атты кітапты жазып бітіреді. Өз ақшаға басылған кітап жарыққа шыққасын Дюнан оны сол кездегі европалық монархтарға, әскери адамдарға,  филантроптарға, достарына таратады. Бұл кітап Европаны қатты дүр сілкіндірді, өйткені сол кездің өзінде кейбір адамдар үшін  соғыстың нағыз қатыгездігі әлі белгісіз еді. Сол заманда Женева президенті адвокат Густав Муанье болған қайырымдылық қор құрылған. Муанье Дюнанның кітабын оқып, оған осы кітаптың негізгі идеясы жайында Ұйымның басқа мүшелерімен сөйлесуге ұсыныс жасады.

Кейін кездесу барысында 5 адамнан тұратын комиссия құрылды. Густав Муанье мен Анри Дюнаннан басқа оның қүрамына генерал Гийом-Анри және дәрігерлер Луи Аппия мен Теодор Монуар (барлығы да швейцария азаматтары) кірді. Ең алғаш рет комиссия 1863 жылы 17 ақпанда жиналып, өздерін «Жарақат алғандарға жәрдемдесетін Халықаралық комитет» деп атады. Келесі 5 айда олар көп жұмыстар атқарып, аянбай еңбек жасады. Ал 1863 жылы қазан айында Женевада халықаралық конференция өтті. Оған 16 мемлекеттің өкілі қатысып, өзіне белгі етіп ақ фондағы қызыл крестті тағайындады. Бұл белгі ерекшелену, яғни жарақат алған сарбаздарға жәрдемдесетіндерді қорғау үшін таңдалды. Бұл конференция Қызыл Крест пайда болуының негізін салды. Кейін комитет Халықаралық Қызыл Крест Ұйымы (ХҚКУ) деп аталды. Анри Дюнанмен жасалған Ұлы қадамы – басқалар сияқты гуманитарлық көмек көрсетуде емес, өз кітабында жаңа, нақты ұсыныс жасағанында:

«Бүкіл европа елдерінде соғыс жағдайында көмек көрсететін ұйымдар адамдарды ұлтқа бөлмей,  соларға жәрдемдесуге арналған ұйым неге құрылмасқа? »

Бұл ұсыныс Қызыл Кресттің, ал кейін Қызыл Жарты айдың пайда болуына негіз болды. Сонымен қатар, Дюнан жәрдем көрсету кезінде аудандарда бейтарап мәртебенің құрылуы жайында да жазды. Бұл ұсыныс қазіргі заманғы халықаралық гуманитарлық құқықтың бастауы еді. Оның алғашқы хаттамалық түрі 1864 жылғы Женевалық Конвенция түрінде болды.

Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қозғалысы Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) мекемесі болып табылады.

Халықаралық Қозғалыс.

Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қозғалысы өз қызметін әлемдегі барлық елдерде дерлік атқарып, негізге алынған принциптерді басшылықа ала отырып, олардың көмегімен Қозғалыстың бүкіл мүшелері үшін ортақ бағыт-бағдар жасап, ұйымдастыру құралы функциясын атқарады. Қызыл Кресттің негізгі принциптері:

АДАМГЕРШІЛІК

Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қозғалысы халықаралық және ұлттық деңгейлерде майданда барлық жарақат алғандарға көмектесуге, адам қайғысын жеңілдетуді өзіңе мақсат етіп алған.

ТЕҢДІК

Қозғалыс ұлтқа, нәсілге, дінге, жікке, саяси көзқарасқа бөліну дегенді білмейді. Ол тек қана ұйымның көмегін шынымен де қажет ететіндерге көмектеседі.

БЕЙТАРАПТЫҚ

Жалпы сенімділікті сақтау үшін, Қозғалыс қарулы қақтығыстар, саяси даулар мен нәсілдік, діни, идеологиялық салаларда пайда болатын кофликтілер кезінде ешқайсысының сөзін сөйлеп, сойылын соғуға қақысы жоқ.

ТӘУЕЛСІЗДІК

Қозғалыс – тәуелсіз. Ұлттық ұйымдар өз үкіметке гуманитарлық көмек көрсетіп, өз елінің заңына сәйкес қызмет атқарса да, автономиясын сақтауға міндетті. Себебі, Қызыл Крест принциптеріне сәйкес жұмыс жасуы тиіс.

ЕРІКТІЛІК

Қозғалыс ерікті түрде көмек көрсетіп, одан пайда табуды мақсат етпейді.

БІРЛІК

Мемлекетте көмек көрсету жағынан тек қана бір Қызыл Крест немесе Қызыл Жарты ай ұйымы болуы шарт. Ол бүкіл адамдар үшін ашық және өз гуманитарлық қызметін бүкіл территория бойынша атқаруы тиіс.

ӘМБЕБАПТЫЛЫҚ

Қозғалыс бүкіләлемдік болып саналады. Барлық ұлттық ұйымдар бірдей құқыққа ие және бір-біріне көмектесуге міндетті.

Қызыл Крест пен Қызыл Жарты айдың қызметі бір мақсатқа бағындырылған:

Әлемде бейбітшілік орнатуды көздеп, ешкімді жармай-бөлмей, көмек қажет ететіндерге көмектесу. 

3.Ұрыстық қақтығыстар кезіндегі медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері.

         Ұрыс қақтығыстар кезіндегі медицина қызметкерлерідің құқықтары:

-көмек қажет болып жатқан соғыс аданындағы адамдарға тосқауылсыз баруға;

-ешкімді жармай-бөлмей көмек қажет ететіндерге көмектесуге;

– өз үкіметтеріне көмек көрсеткенде да, автономия сақтауға;

– адам құқықтары  бұзылған жағдайда халқаралық құқық қорғау ұйымдарына шағымдануға.

Ұрыс қақтығыстар кезіндегі медицина қызметкерлері:

– Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қозғалысының, негізгі принциптерін  басшылықа ала отырып жұмыс жасауға;

– әлемде бейбітшілікті орнатуды көздеп, ұлтқа, нәсілге, дінге, жікке, саяси көзқарасқа бөлмей  ұйымның көмегін шынымен де қажет ететіндерге көмектесүге;

– қарулы қақтығыстар, саяси даулар мен нәсілдік, діни, идеологиялық салаларда пайда болатын кофликтілер кезінде ешқайсысының сөзін сөйлемей, майданда барлық жарақат алғандарға көмектесуге;

– бүкіл адамдар үшін ашық және өз гуманитарлық қызметін бүкіл территория бойынша атқаруға;

– барлық ұлттық ұйымдардың қызметкерлеріне көмектесуге міндетті.

Қорытынды;

Өзіндік дайындық сұрақтары:

  1. Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қозғалысы туралы қосымша материалдар оқу. 

Өңдеген: әскери кафедра аға оқытушысы

капитан                        М.Ташменов

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!