Сабақ жоспары

2 тақырып. Әскери қызметшілер және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастары. 

Оқу-тәрбиелік мақсаттары:

  1. Студенттерге әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы білім беру.
  2. Әскери кафедрада оқу процессін ұйымдастыру барысында жарғылар талаптарын қатаң сақтауды үйрету.
  3. Студенттерді берілген бұйрықтарға бағынуды тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: практикалық сабақ

Уақыт: 2 сағат (100 мин)

Өткізілетін орны: 410 оқу аудиториясы

Оқу құралдарымен жабдықтары

  1. Қазахстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғысы. 05.07.2007 ж. № 364

Сабақ өтү тәртібі мен оқу сұрақтары және уақыт есебі 

№ п/пОқу сұрақтарыОқытушының

 іс-әрекеті

Оқушылардың

 іс-әрекеті

 

уақыт

(мин)

1.Кіріспе бөлімі5 мин.
 Жеке құрамды тексеремін. Практикалық сабақтың тақырыбы мен өту жоспарын студенттерге жеткіземін. Оқу сұрақтарын және байандаушылардың, оқу сұрақтарын талқылау тәртібін айтып өтімін. 
2.Негізгі бөлім:

1. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері.

 

 

2. Әскери шендер, бастықтар мен бағыныштылар, үлкен және кіші.

 

 

3. Әскери сәлемдесу. Бастықтарға танысу тәртібі.

Әскери әдептілік пен әскери қызметкерлердің  мінез-құлқы.

 

 

Оқушыларды сұрақтарды қою арқылы бағалаймын. Түрлі жағдайлардағы  іс-әрекетері туралы сұрақ қойып бағалаймын.

 

 

Оқушылар жарғылардан сұрақтарды оқып жауап береді.

 

90

30

 

30

 

 

 

30

 
3.ҚорытындыТақырыптың атауын, оқу сұрақтарын қайталап өтемін. Бағаларды айтамын. Өзіндік дайындыққа тапсырма беремін.Сұрақтарын береді. Өзіндік дайындығына берелгін сұрақтарды жазып алады.5мин

 Кіріспе

Жеке құрамды тексеремін. Практикалық сабақтың тақырыбы мен өту жоспарын студенттерге жеткіземін. Оқу сұрақтарын және байандаушылардың, оқу сұрақтарын талқылау тәртібін айтып өтімін.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007жылғы 05.07. №364 Жарлығымен

-Қазахстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери        құрылымдарының ішкі қызмет жарғысы;

– Қазахстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы;

– Қазахстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының саптық жарғысы;

– Қазахстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының тәртіптік жарғылары бекітілген.

1-тарау. Әскери қызметшілер және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастар

Негізігі бөлім;

  1. Бірінші сұрақты баяандауға кірісемін.

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері

  1. Қарулы Күштердің әскери қызметшісі:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және жалпыәскери жарғыларының талаптарын қатаң сақтауға;

әскери антқа адал болуға, өз халқына шексіз беріліп қызмет етуге, Қазақстан Республикасын батыл, шебер қорғауға, әскери борышын орындауға, әскери қызметтің қиындықтарына табандылықпен төзуге;

өз Отанының патриоты болуға, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға, әскери қызметшілер арасындағы достықты нығайтуға;

адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде дұрыс бастама танытуға;

командирлерге (бастықтарға) мүлтіксіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға;

әскери кәсіби білімді ұдайы меңгеруге, өз машығы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

оған сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы білуге және қолдануға ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құралдарды сақтауға;

жауынгерлік жолдастықты бағалауға, әскери қызметшілерді қауіптен құтқаруға, оларға сөзбен және іспен көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен қорлауға жол бермеуге, олардың лайықсыз қылықтар жасауына жол бермеуге;

әскери әдептілік, мінез-құлық, әскери сәлемдесу, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін сақтауға, әрдайым және барлық жерде өзін қадір-қасиетпен және абыроймен ұстауға;

қырағы болуға, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға міндетті.

  1. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының қорғаушысы деген жоғары атақты лайықты ұстауға, Қарулы Күштердің, өз әскери бөлімінің абыройы мен жауынгерлік даңқын және өзінің әскери атағын құрметтеуі тиіс.
  2. Әскери қызметші мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтар достығын қастерлеуге міндетті.

Әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынасында олардың ұлттық сезімдеріне, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне деген құрметі көрінуі тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі болып табылады. Қарулы Күштерде қазақ тілімен тең түрде орыс тілі қолданылады.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір әскери қызметшінің борышы.

Командирлер (бастықтар) мемлекеттік тілді барынша дамытуға, барлық әскери қызметшілердің мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін барлық қажетті ұйымдастыру, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті.

  1. Әскери қызметшілер бір-бірінің құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, командирлер (бастықтар) мен үлкендерге тәртіпті ұстауда жәрдемдесуге міндетті.

Қызметтестері арасындағы жалпыәскери жарғылармен айқындалған өзара қарым-қатынас ережелері бұзылған жағдайда әскери қызметші дереу оған берілген құқықтар мен міндеттер көлемінде жарғылық тәртіпті орнатуға шаралар қолдануға және сонымен бірге өзінің тікелей бастығына, ал ерекше қажет болған жағдайда үлкен бастыққа баяндауы тиіс.

Әскери қызметшімен болған, оның міндеттерін орындауына әсер ететін барлық жағдайлар мен оған жасалған ескертулер туралы ол өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті.

  1. Әскери қызметші салауатты өмір салтын жүргізуі, өз денсаулығын сақтауы және нығайтуы, әскери қызмет қауіпсіздігінің талаптарын, сырқаттанудың, улану мен жарақат алудың алдын алу шараларын сақтауы, дене дайындығы мен жаттығуды күнделікті арттыруы, ағзасын шынықтыруды жүзеге асыруы тиіс. Әскери қызметшіге қызметтік міндеттерін атқару кезінде ішімдік ішуге тыйым салынады. Шылым шегуге тек осы мақсат үшін бөлінген орындарда рұқсат етіледі.
  2. Әскери қызметші қызмет және жеке мәселелері бойынша өзінің тікелей бастығына және оның рұқсатымен команда бойынша келесі бастыққа өтініш жасауы тиіс, ал ерекше жағдайларда ол үлкен бастыққа өтініш жасай алады.

Ұсыныс, арыз немесе шағым түрінде тікелей өтініш жасаған кезде әскери қызметші Қарулы Күштердің тәртіптік жарғысының (бұдан әрі – Тәртіптік жарғы) ережелерін басшылыққа алады.

  1. Әскери қызметшілер әскери мүліктің ұрланғанын немесе бүлінгенін, ақшалай қаражатты заңсыз жұмсауды, әскерлерді жабдықтауда асыра пайдалануды, қару-жарақ пен әскери техниканы ұстаудағы кемшіліктерді немесе мемлекетке зиян келтіретін басқа да фактілерді байқаған кезде бұл туралы тікелей немесе үлкен бастыққа баяндауға, сондай-ақ құқық қорғау орындарына хабарлауға міндетті.

Әскери қызметші мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау органдары мен соттарға лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің заңсыз әрекетіне өтініш жасай алады.

  1. Әскери қызметші халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін, соның ішінде әскери іс-қимылдар жүргізудің, жауынгерлік іс-қимылдар ауданындағы жаралылармен, сырқаттармен, қарсыластың қарулы күштері құрамынан кеме апатына ұшыраған адамдармен және азаматтық тұрғындармен, сондай-ақ әскери тұтқындармен қарым-қатынас жасаудың халықаралық ережелерін білуге және мүлтіксіз сақтауға міндетті.
  2. Әскери қызметші жауынгерлік іс-қимылдар барысында, тіпті өзінің әскери бөлімінен (бөлімшесінен) қол үзіп, толық қоршауда қалғанда да тұтқынға түсуден қаша отырып, қарсыласқа батыл қарсылық көрсетуге міндетті. Ол ұрыста өзінің жауынгерлік борышын аяғына дейін орындауға міндетті.

Егер әскери қызметші өз әскерлерінен қол үзіп қалып және қарсылық көрсетудің барлық құралдары мен тәсілдерін тауысып немесе жарақаттану немесе контузия алу салдарынан дәрменсіз жағдайда қала отырып, қарсыластың тұтқынына түсетін болса, ол өзін және басқаларды тұтқыннан босату және өз әскерлеріне қайтып оралу үшін кез келген мүмкіндікті қарастыруы және пайдалануы тиіс. Қарсылас тұтқынға алған әскери қызметшінің жауап алу кезінде тек өз тегін, атын, әкесінің атын, әскери атағын, туған күнін және жеке нөмірін айтуға құқығы бар. Ол жауынгер абыройын ұстауға, мемлекеттік құпияларды қастерлеп сақтауға, табандылық пен батылдық танытуға, тұтқындағы басқа да әскери қызметшілерге көмек көрсетуге, оларды жауға жәрдемдесуден тоқтатуға, қарсыластың әскери қызметшіні Қазақстан Республикасына зиян келтіру үшін пайдалану әрекеттерін тойтаруға міндетті.

Тұтқынға алынған, бейтарап елдерде еркінен айырылған әскери қызметшілердің әскери қызметші мәртебесі сақталады. Әскери қолбасшылық және оған уәкілетті басқа да мемлекеттік басқару органдары аталған әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау және олардың Отанына қайтып оралуы жөнінде халықаралық құқық нормаларына сәйкес шаралар қабылдауға міндетті.

Дара басшылық. Командирлер мен бағыныстылар.

Үлкендер және кішілер

  1. Дара басшылық Қарулы Күштер құрылымының, оларға басшылық жасаудың және әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың негізгі принципі болып табылады. Ол командирге (бастыққа) бағыныстыларға қатысты айқындалған құқықтар беруден және оған әскери бөлімнің, бөлімшенің және әрбір әскери қызметшінің өмірі мен қызметінің барлық жақтары үшін мемлекет алдында дербес жауапкершіліктің жүктелуінен тұрады.

Дара басшылық командирдің (бастықтың) жағдайды жан-жақты бағалауынан шыға отырып, жеке-дара шешім қабылдау, заңнаманың, жалпыәскери жарғылардың талаптарына қатаң сәйкестікте тиісті бұйрықтар беру мен олардың орындалуын қамтамасыз ету құқығынан көрінеді.

Бұйрықты талқылауға жол берілмейді, ал бұйрыққа бағынбау немесе басқадай орындамау әскери қылмыс болып табылады.

  1. Өзінің қызметтік жағдайы мен әскери атағы бойынша бір әскери қызметшілер басқаларға қатысты бастықтар немесе бағыныстылар болуы мүмкін.

Бастықтың бағыныстыға бұйрық беруге құқығы бар және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бастық бағынысты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуы тиіс. Бағыныстының адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-қимылы үшін бастық жауапты болады.

Бағынысты бастықтың бұйрықтарын мүлтіксіз орындауға міндетті.

  1. Өзінің қызметтік жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы), азаматтық персонал қатарынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшылары, атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағынысындағыларға басшылық жасауды жүзеге асыратын әскери қызметшілер бастықтар болып табылады.

Командир қызметі бойынша оған бағынысты әскери қызметшілерге бастық болып табылады.

  1. Қызметі бойынша әскери қызметшілер уақытша болса да бағынатын бастықтар тура бастықтар болып табылады.

Бағыныстыға жақын тура бастық тікелей бастық болып табылады.

  1. Қызметі бойынша бағыныстылық тәртібімен байланысты емес мынадай әскери қызметшілер өзінің әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:

армия генералдары – барлық әскери қызметшілер үшін;

генерал-полковниктер, адмиралдар – барлық аға және кіші офицерлер, сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) үшін;

генерал-лейтенанттар, вице-адмиралдар, генерал-майорлар, контр-адмиралдар, полковниктер, 1-дәрежелі капитандар – барлық кіші офицерлер, сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) үшін;

офицерлер – сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) үшін;

сержанттар (старшиналар) – олармен бір әскери бөлімдегі сарбаздар мен матростар үшін.

  1. Өзінің қызметтік жағдайы және әскери атағы бойынша (38, 39-тармақтар) басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныстылары болып табылмайтын әскери қызметшілер үлкендер немесе кішілер болуы мүмкін.

Үлкендік әскери қызметшілердің атағымен айқындалады. Әскери атағы бойынша үлкендер кішілер әскери тәртіпті, қоғамдық тәртіпті, мінез-құлық, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін және әскери сәлемдесуді орындауды бұзған жағдайда олардан осы бұзуларды жоюды талап етуі тиіс. Атағы бойынша кішілер үлкендердің осы талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті.

  1. Бір-біріне бағынысты емес әскери қызметшілер міндеттерін бірлесіп орындаған кезде командир (бастық) олардың қызметтік өзара қарым-қатынастарын айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша үлкені, ал тең лауазымдарда әскери атағы бойынша үлкені бастық болып табылады.

Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы

  1. Бұйрық – бұл командирдің (бастықтың) қызмет бойынша қандай да бір іс-қимылды орындау немесе тоқтату туралы талабы.

Бұйрық әскери қызметшілердің біреуіне немесе тобына жазбаша, ауызша немесе байланыстың техникалық құралдары арқылы берілуі мүмкін.

Жазбаша бұйрық әскери бөлімдер командирлерінің дара басшылық құқықтарында шығарылатын әскери басқарудың негізгі қызметтік басқару құжаты (құқықтық актісі) болып табылады. Жазбаша бұйрықтар беру құқығын әскери бөлім командирі және одан жоғары командирлер (бастықтар) пайдаланады.

Ауызша бұйрықтарды барлық командирлер (бастықтар) береді.

  1. Өкім – бағыныстыларға міндеттерді жеткізу нысаны.

Бұйырым – жеке мәселелер бойынша бағыныстыларға міндеттерді жеткізу нысаны.

Өкім мен бұйырымды әскери бөлім командирі атынан бөлімнің штаб бастығы немесе гарнизон бастығы атынан гарнизонның штаб бастығы ауызша жеткізеді, сондай-ақ жазбаша құжаттарда болуы мүмкін.

  1. Командир (бастық) бұйрық берер алдында жағдайды жан-жақты бағалауға және оны орындауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Кейіннен командир (бастық) оның орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Командир берілген бұйрыққа және оның салдарларына, бұйрықтың заңнамаға сәйкес келуіне, сондай-ақ билікті асыра пайдаланғаны және берілген бұйрықтағы билікті немесе қызметтік өкілетіліктерін асыра пайдаланғаны үшін және оны орындау жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін жауаптылықта болады. Бұйрық қысқа және түсінікті жазылуы, екіұдай түсінуге жол бермеуі және бағыныстының күдігін тудырмауы тиіс.
  2. Бұйрықтар бағыныстылық тәртібімен беріледі. Ерекше қажет болғанда үлкен бастық оның тікелей бастығын жанай, бағыныстыға бұйрық бере алады. Бұндай жағдайда ол бағыныстының тікелей бастығына бұл туралы хабарлайды, ал бағынысты өзінің тікелей бастығына баяндайды.
  3. Командирдің (бастықтың) бұйрығы мүлтіксіз, тура және мерзімінде орындалуы тиіс. Әскери қызметші бұйрықты алып «Құп болады» деп жауап береді, одан кейін оны орындайды.

Қажет кезде командир (бастық) өзінің берген бұйрығын дұрыс түсінгеніне көз жеткізу үшін оны қысқаша қайталауды талап ете, ал бұйрықты алған әскери қызметші командирге (бастыққа) оны қайталауды сұрап өтініш жасай алады.

Алынған бұйрықтың орындалуы туралы әскери қызметші бұйрық берген бастыққа және өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті.

  1. Егер бұйрықты орындаушы әскери қызметші қызмет жағдайы бойынша басқа үлкен бастықтан жаңа бұйрық алып, оны орындауға бірінші бұйрық кедергі жасаса, ол бұл туралы екінші бұйрық берген бастыққа баяндайды және ол қолдаған жағдайда соңғысын орындайды.

Жаңа бұйрық беруші бірінші бұйрықты берген бастыққа бұл туралы хабарлауға міндетті.

Командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарына шағымдану оларды орындауды тоқтатпайды. Бағынысты алынған бұйрыққа оны орындағаннан және бұйрық берген адамға баяндағаннан кейін шағымдануға құқылы. Бағынысты командирдің (бастықтың) көрінеу заңсыз берілген бұйрығын, егер ол заңнамаға анық қайшы келсе, орындамауы тиіс. Алынған бұйрықты орындау мүмкін болмаған жағдайда бағынысты бұл туралы себептерін көрсете отырып, командирге (бастыққа) баяндауға міндетті.

  1. Әскери қызметші оған қойылған міндеттерді табысты орындау мақсатында дұрыс бастама танытуға міндетті. Ол, әсіресе жағдай әскери қызметшінің алынған міндетті орындау мүддесінде тез іс-қимыл жасауын талап еткенде қажет.

Әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы

  1. Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі ретінде қызмет етуі, өзінің қадір-қасиетін қорғауы және басқалардың қадір-қасиетін құрметтеуі тиіс.

Олардың мінез-құлқына қарап тек олар туралы ғана емес, тұтас Қарулы Күштердің абыройы туралы пікір туындайтынын олар есте сақтауы тиіс.

Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сыйластық негізінде қалыптасады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір-біріне «Сіз» деп тіл қатуы тиіс.

Офицерлер бір-біріне әскери атағы мен тегі немесе атағына «Мырза (ханым)» деген сөзді қоса отырып тіл қатады.

Мысалы: «Полковник Сыдықов», «Капитан ханым».

Бастықтар мен үлкендер бағыныстылар мен кішілерге қызметі бойынша тіл қатуда, оларды әскери атағы мен тегі немесе тек атағы бойынша атайды.

Мысалы: «Қатардағы жауынгер Омаров», «Қатардағы жауынгер», «Сержант Қалиева», «Сержант».

Бағыныстылар мен кішілер қызметі бойынша бастықтар мен үлкендерге тіл қатуда оларды әскери атағы бойынша «мырза, ханым» деген сөздерді қоса отырып атайды. Мысалы: «Бірінші сыныпты сержант мырза».

Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттар (старшиналар) құрамының курсанттарына (оқушыларына), сондай-ақ әскери оқу бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарына тіл қату кезінде «Курсант» деп немесе «Курсант» сөзіне тегін қосып атай отырып «Сіз» деп сөйлеседі. Мысалы: «Курсант Қалиев».

Оларға бастық немесе үлкен тіл қатқан кезде әскери қызметшілер, сырқаттарды қоспағанда, саптық қалыпты қабылдайды және өзін таныстырады: өзінің лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысу кезінде үлкен қолын бірінші береді. Егер үлкен қолғапсыз болса, кіші қол алысар алдында оң қолының қолғабын шешеді. Бас киімсіз әскери қызметшілер қол алысумен қоса басын жеңіл иеді.

Ұлан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілеріне тіл қатқан кезде әскери атағының алдына «ұлан» сөзі қосылады.

Мысалы: «Ұлан полковнигі мырза».

Саптан тыс әскери қызметшілер бір-біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады.

Әскери атақтарды бұрмалау, әдепсіз сөздерді, лақап және мазақ аттарды қолдану, дөрекілік және әдепсіз сөйлесу әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиеті ұғымымен сыйыспайды.

  1. Саптан тыс, бұйрықтар берген немесе алған кезде әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдауға міндетті, ал бас киімі бар кезде бұйрық беруші оған қолын апарады.

Әскери қызметші баяндауда немесе баянат қабылдауда баяндау аяқталысымен қолын бас киімінен түсіреді. Егер баяндаудың алдында «Тік тұр» командасы берілсе, онда баяндаушы бастықтың «Еркін тұр» командасы бойынша оны қайталайды және қолын бас киімінен түсіреді.

  1. Командир (бастық) немесе үлкен болғанда басқа әскери қызметшіге тіл қатқан кезде одан рұқсат сұрауы қажет.

Мысалы «Полковник мырза. Майор Ахматуллинмен сөйлесуге рұқсат етіңіз».

  1. Қоғамдық орындарда және көлікте бос орын болмаған кезде әскери қызметші өз орнын әскери атағы бойынша үлкенге беруге міндетті.

Егер кездескен кезде бастықтың (үлкеннің) еркін өтіп кетуі мүмкін болмаса, бағынысты (кіші) жол беруге және сәлемдесіп, оны өткізіп жіберуге міндетті.

Әскери қызметшілер азаматтық тұрғындарға қатысты әдептілік сақтауы, егде адамдарға, әйелдерге және балаларға ерекше көңіл бөлуі, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға ықпал етуі, сондай-ақ оларға қайғылы оқиғаларда, өртте және табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларда көмек көрсетуі тиіс.

  1. Әскери қызметшілерге қолын киімінің қалтасында ұстауға, бастық (үлкен) болған кезде оның рұқсатынсыз отыруға тыйым салынады.
  2. Әскери киім нысаны – әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиістілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген погоны бар нысанды киім (киім-кешек) мен жабдық.

Қарулы Күштердің әскери киім нысаны мен айырым белгілерін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін Қорғаныс министрі, ал әскери киім нысанының жекелеген заттары мен айырым белгілерін тағу ерекшеліктерін басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшылары белгілейді. Әскери киім киіп жүру құқығына барлық әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер мен запастағы немесе отставкадағы және оны киіп жүру құқығымен әскери қызметтен босатылған азаматтар ие болады.

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері үшін киім нысандарының мынадай түрлері белгіленеді: салтанатты, күнделікті, далалық, жұмыстық. Бұл нысандардың әрқайсысы жазғы және қысқы болып бөлінеді.

Жазғы немесе қысқы киім нысанына көшу гарнизон бастығының бұйрығымен белгіленеді.

Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтен басқа) әскери бөлім орналасқан жерден тыс, демалуда немесе демалыста, сондай-ақ арнайы қызметтік міндеттерін орындау кезінде әскери киім нысанын кимеуге рұқсат етіледі.

  1. Әскери әдептілік, мінез-құлық ережелері мен әскери сәлемдесуді орындау, сондай-ақ запастағы немесе отставкадағы азаматтар үшін олардың әскери киім нысанын киіп жүруі кезінде міндетті. Олар оны киіп жүрудің белгіленген ережелерін сақтауы тиіс.

Әскери сәлемдесу

  1. Әскери сәлемдесу әскери қызметшілердің ұйымшылдығының үлгісі, өзара сыйластығының куәсі және жалпы мәдениетінің көрінісі болып табылады.

Барлық әскери қызметшілер кездескен (озып өткен) кезде Қарулы Күштердің саптық жарғысымен (бұдан әрі – Саптық жарғы) белгіленген ережелерді қатаң сақтай отырып, бір-бірімен сәлемдесуге міндетті.

Бағыныстылар мен әскери атағы бойынша кішілер бірінші болып, ал олардың жағдайлары тең болған кезде бірінші көрген сәлем береді.

  1. Әскери қызметшілер одан басқа:

Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне;

әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына, сондай-ақ әскери кемеге келгенде және одан кеткен кезде Әскери-теңіз жалауына;

әскери бөлімшелер ілескен қаралы топқа тағзым етуге міндетті.

  1. Әскери бөлімдер мен бөлімшелер сапта тұрған кезде команда бойынша:

Қазақстан Республикасының Президентіне;

барлық тікелей бастықтарға, армия генералдарына, генерал-полковниктерге, адмиралдар, сондай-ақ әскери бөлімде (бөлімшеде) инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарға;

Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне;

әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына, ал әскери кемеде Әскери-теңіз жалауына, ол көтерілген және түсірілген кезде;

әскери бөлімшелер ілескен қаралы топқа;

кездескен кезде бір-біріне сәлемдеседі.

  1. Саптан тыс болған кезде сабақтар уақытында және сабақтан бос уақытында әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) әскери қызметшілері бастықтарға «Тік тұр» немесе «Тұр. Тік тұр» командалары бойынша сәлемдеседі.

Саптан тыс сабақтарда, сондай-ақ тек офицерлер ғана қатысып отырған кеңес уақытында командирлерге (бастықтарға) әскери сәлемдесу үшін «Офицер мырзалар» деген команда беріледі.

«Тік тұр», «Тұр. Тік тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасын қатысушы командирлердің (бастықтардың) үлкені немесе келген командирді (бастықты) бірінші көрген әскери қызметші береді.

Осы команда бойынша барлық қатысушылар орындарынан тұрады, келген командир (бастық) жаққа бұрылады және саптық қалыпты қабылдайды.

Қатысушы командирлердің (бастықтардың) үлкені келушіге жақындап, оған баяндайды. Мысалы: «Полковник мырза. Бөлімнің офицерлер құрамы кеңеске жиналды. Бөлім штабының бастығы майор Артықов».

Келген командир (бастық) баянатты қабылдап, «Еркін тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасын береді, ал баяндаушы осы команданы қайталайды, бұдан соң барлық қатысушылар «еркін тұр» күйін қабылдайды.

  1. «Тік тұр» немесе «Тұр. Тік тұр» командасын беру және командирге (бастыққа) баяндау ол әскери бөлімге немесе бөлімшеге осы күні алғаш келгенде жүзеге асырылады. Кеме командиріне «Тік тұр» командасы оның кемеге әрбір келуі (кемеден түсуі) кезінде беріледі.

Аға командир (бастық) болған кезде кішіге әскери сәлемдесу үшін команда берілмейді және баяндау жүзеге асырылмайды.

Сыныптық сабақтар өткізу кезінде «Тік тұр», «Тұр. Тік тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасы әрбір сабақ алдында және ол аяқталған кезде беріледі.

«Тік тұр», «Тұр. Тік тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасы командирге (бастыққа) баяндау алдында, егер бұл ретте басқа да әскери қызметшілер қатысып отырған жағдайда беріледі, ал олар болмаған кезде командирге (бастыққа) тек баяндалады.

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (бұдан әрі – Мемлекеттік Әнұран) орындалған кезде сапта тұрған әскери қызметшілер командасыз саптық қалыпты қабылдайды, ал взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері қолдарын бас киіміне апарады.

Саптан тыс тұрған әскери қызметшілер Мемлекеттік Әнұран орындалған кезде саптық қалыпты қабылдайды, оң қолының алақанын кеудесінің сол жағына (осы рәсімді орындауға кедергі келтіруі мүмкін қарумен және жабдықпен тұрған жағдайларды қоспағанда) қояды.

  1. Әскери бөлімдер мен бөлімшелерге әскери сәлемдесуді орындау үшін:

әскери бөлімді немесе бөлімшені жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде, маршта, сондай-ақ тактикалық сабақтар мен оқу-жаттығуларда;

басқару пункттерінде, байланыс тораптарында және жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызмет атқару орындарында;

оқ ату (жіберу) уақытында атыс шебі мен атыс (бастапқы) бекінісінде;

ұшуларды жүргізу уақытында әуеайлақтарда;

құрылыс, шаруашылық жұмыстарын немесе оқу-жаттығу мақсатындағы жұмыстарды орындау уақытында, сондай-ақ шеберханаларда, парктерде, ангарларда, зертханаларда;

спорттық жарыстар мен ойындар барысында;

тамақ ішу кезінде, «Ұйқыға» белгісінен кейін және «Тұрыңдар» белгісіне дейін;

моншаларда және сырқаттарға арналған үй-жайларда команда берілмейді.

Санамаланған жағдайларда бастық немесе үлкен келген бастыққа тек баяндайды.

Мысалы: «Майор мырза, төртінші танк ротасы оқу-жаттығу оқ атуларының екінші жаттығуын орындауда. Рота командирі капитан Жотабаев».

Қаралы топқа қатысушы бөлімшелер әскери сәлемдесуді орындамайды.

  1. Әскери бөлімде өткізілетін салтанатты жиналыстарда, конференцияларда, сондай-ақ спектакльдерде, концерттер мен кинода әскери сәлемдесу үшін команда берілмейді және командирге (бастыққа) баяндалмайды.

Жеке құрамның жалпы жиналыстарында әскери сәлемдесу үшін «Тік тұр» немесе «Тұр. Тік тұр» командасы беріледі және командирге (бастыққа) баяндалады.

Мысалы: «Подполковник мырза. Батальонның жеке құрамы жалпы жиналысқа келді. Батальон штабының бастығы майор Манабаев».

  1. Бастықтың немесе үлкеннің «Сәлеметсіздер ме, жауынгерлер (офицер мырзалар)» деген сәлемдесуіне сапта немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер «Сәлеметсіз бе» деп жауап береді; егер бастық немесе үлкен «Сау болыңдар, жауынгерлер (офицер мырзалар)» деп қоштасса, онда әскери қызметшілер: «Сау болыңыз» деп жауап береді. Жауаптың соңына «мырза (ханым)» сөзі және әскер тегі немесе қызметі көрсетілмей, әскери атағы қосылады.

Мысалы: «Сәлеметсіз бе, кіші сержант мырза». «Сау болыңыз, бас старшина мырза», «Сау болыңыз, лейтенант мырза».

  1. Егер командир (бастық) қызмет тәртібімен әскери қызметшіні құттықтаса немесе оған алғыс айтса, онда әскери қызметші командирге (бастыққа): «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» деп жауап береді.

Егер командир (бастық) әскери бөлімді (бөлімшені) құттықтаса, ол созылыңқы түрде үш дүркін «Урамен» жауап береді, ал егер командир (бастық) алғыс айтса, әскери бөлім (бөлімше) «Қазақстан Республикасына қызмет етеміз» деп жауап береді.

Командирлерге және инспекциялау үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі 

  1. Әскери бөлімге келген аға командирге (бастыққа) тек бөлімнің командирі ғана таныстырылады. Басқа адамдар аға командир (бастық) өздеріне тікелей тіл қатқан кезде ғана әскери лауазымын, әскери атағы мен тегін айта отырып, өзін таныстырады.
  2. Әскери қызметшілер өздерінің тікелей бастықтарына:

әскери лауазымға тағайындалған кезде;

әскери лауазымды тапсырған кезде;

әскери атақ берген кезде;

орденмен немесе медальмен наградтаған кезде;

іссапарға, емделуге немесе демалысқа кеткенде және қайтып келгенде таныстырылады.

Өзін тікелей бастығына таныстыра отырып, әскери қызметшілер өзінің әскери лауазымын, әскери атағын, тегін және таныстыру себебін айтады.

Мысалы: «Майор мырза. Бірінші мотоатқыштар ротасының командирі капитан Тайыров. Маған капитан әскери атағы берілу жағдайына байланысты өзімді таныстырамын».

  1. Бөлімге жаңадан тағайындалған (бөлім, батальондар, роталар) офицерлері, сержанттары бөлім командиріне және оның орынбасарларына, ал батальонға немесе ротаға тағайындау алған кезде батальон командиріне, рота командиріне және олардың орынбасарларына өзін таныстырады.

Бөлім командирі жаңадан келген офицерлерді бөлімнің офицерлер құрамына офицерлердің жақында өтетін кеңесінде немесе бөлім сапқа тұрғызылғанда, ал бөлім мен батальон  сержантын бөлім сапқа тұрғызылғанда таныстырады.

Әскери бөлімді инспекциялау (тексеру) кезінде оның командирі инспекциялауға (тексеруге) басшылық жасау үшін тағайындалып келген адамға, егер ол бөлім командирімен тең әскери атақта тұрса немесе атағы бойынша одан жоғары болса өзін таныстырады; егер инспекциялаушы (тексеруші) атағы бойынша бөлім командирінен кіші болса, онда ол бөлім командиріне өзін таныстырады.

Инспекциялау (тексеру) басталар алдында әскери бөлімнің командирі инспекциялаушыға (тексерушіге) инспекцияланатын (тексерілетін) бөлімшелердің командирлерін таныстырады.

  1. Инспекциялаушы (тексеруші) бөлімшелерге келген кезде осы бөлімшелердің командирлері оны қарсы алады және оған баяндайды.

Егер инспекциялаушы (тексеруші) бөлімшеге әскери бөлім командирімен бірге келсе, онда бөлімше командирі инспекциялаушыға (тексерушіге) егер соңғы әскери бөлімнің командирімен әскери атағы тең болған немесе атағы бойынша одан жоғары болған жағдайда баяндайды.

Егер инспекциялау (тексеру) уақытында аға командир (бастық) келсе, онда оған әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі баяндайды, ал инспекциялаушы (тексеруші) өзін таныстырады.

  1. Әскери бөлімге (кемеге) Қазақстан Республикасының Президенті және тікелей бастықтар келген кезде әскери бөлім (кеме) командирі осы адамдарды қарсы алады, баяндайды және әскери бөлімнің (кеменің) орналасқан жері бойынша ілесіп жүреді.

Қорғаныс министрлігі, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті департаменттерінің, бас басқармаларының (басқармаларының), басқа да әскерлер мен әскери құралымдар орталық басқару органдарының  бастықтарын, сондай-ақ әскери бөлімге шақырылған құрметті келушілерді әскери бөлім (кеме) командирі қарсы алады, өзін таныстырады және оларға әскери бөлімнің (кеменің) орналасқан жері бойынша ілесіп жүреді.

Құрметті келушілердің әскери бөлімде (кемеде) болғаны туралы естелік үшін оларға тиісті жазба қалдыруға Құрметті келушілер кітабы ұсынылады                 (2-қосымша).

  1. Әскери қызметшілер аға командирлердің (бастықтардың) жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындау үшін әскери бөлімге (бөлімшеге) келген кезде әскери бөлім (бөлімше) командирі өзін тек әскери атағы бойынша үлкенге таныстырады. Қалған жағдайларда келушілер әскери бөлім (бөлімше) командиріне өзін таныстырады және өзінің келу мақсаты туралы баяндайды.

Инспекциялаушылардың (тексерушілердің) немесе аға командирлердің (бастықтардың) жекелеген қызметтік міндеттерін орындаушы әскери қызметшілердің барлық нұсқаулары әскери бөлім командирі арқылы беріледі. Аталған адамдар әскери бөлімнің (бөлімшенің) командиріне инспекциялау (тексеру) немесе оларға жүктелген қызметтік міндеттердің орындалу нәтижелері туралы хабарлауға міндетті.

Әскери бөлімнің (бөлімшенің) әскери қызметшілеріне сұрақ қою кезінде инспекциялаушылар (тексерушілер) осы Жарғының талаптарын басшылыққа алады (3-қосымша).

Қорытынды;

Өзіндік дайындық сұрақтары:

  1. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері.
  2. Сарбаздар мен матростардың міндеттері.
  3. Бөлімше командирі, взвод сержанты міндеттері.
  4. Әскери қызметшілердің әскери атақтарының тізбесін жаттау.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!