Оқу-тәрбиелік мақсаттары:
- Мотоатқыштар бригадасы құрамы, қару-жарағы және әскери техникасы туралы студенттердің білімдерін тереңдету.
- Студентерді мотоатқыштар бригадасының негізгі қару-жарағы және әскери техникасын тактика-техникалық сипаттамасына байланысты шеберлікпен қолануды үйрету.
Сабақтың әдісі: практикалық сабақ
Уақыт:2 сағат
Өткізілетін орны: 410 оқу аудиториясы
Оқу құралдарымен жабдықтары
- Қазахстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғысы. 05.07.2007 ж. № 364
- АК-74 оқу автамоттары, ПМ оқу пистолеттері.
Сабақ өту тәртібі мен оқу сұрақтары және уақыт есебі
№ п/п | Оқу сұрақтары | Оқытушының іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті
| уақыт (мин) |
1. | Кіріспе бөлімі | 5 мин. | ||
Жеке құрамды тексеремін. Практикалық сабақтың тақырыбы мен өту жоспарын студенттерге жеткіземін. Оқу сұрақтарын және байандаушылардың, оқу сұрақтарын талқылау тәртібін айтып өтімін. | ||||
2. | Негізгі бөлім:
1.Мотоатқыштар бригадасының құрамы мен жұмыс мақсаты.
2.Бригаданың негізгі бөлімшелерінің тағайындалуы.
3.Бөлімшелердің қару-жарағы (қысқаша сипаттамасы).
| Баяндаманы қабылдаймын.
Оқу сұрақтарын өткізілген дәріс негізінде талдауға кірісемін. Оқушыларды сұрақтарды қою арқылы бағалаймын.
| Взвод бойынша кезекші, взодтың сабаққа дайындығы туралы баяндайды. Студенттер қойылған сұрақтарға жауап береді.
| 90
30
30
30 |
3. | Қорытынды | Тақырыптың атауын, оқу сұрақтарын қайталап өтемін. Бағаларды айтамын. Өзіндік дайындыққа тапсырма беремін. | Сұрақтарын береді. Өзіндік дайындығына берелгін сұрақтарды жазып алады. | 5мин |
Негізігі бөлім-90 мин
Бірінші сұрақты баяндауға кірісемін.
№1 Мотоатқыштар (танк, механикаландырылған) бригадасының құрамы мен жұмыс мақсаты.
Мотоатқыштар бригадасының құрамы:
- басқарма, бригада штабы;
- жауынгерлік бөлімшелер;
- жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелері;
- тылдық және техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады.
Жауынгерлік бөлімшелеріне:
- 3 мотоатқыштар батальоны;
- танк батальоны;
- артиллериялық дивизион;
- зениттік дивизион;
- танке қарсы басқарылатын зымырандар батареясынан тұрады.
Жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелеріне:
- барлау ротасы;
- байланыс ротасы;
- инженерлік-саперлік ротасы;
- радияциялық, химиялық, биологиялық қорғау взводынан тұрады.
Тылдық және техникалық қамтамасыз ету бөлімшелеріне:
- материалдық қамтамасыз ету ротасы;
- жөндеу ротасы;
- медициналық ротасынан тұрады.
Екінші сұрақты баяндауға кірісемін
№2 Бригаданың негізгі бөлімшелерінің тағайындалуы.
Мотоатқыштар және танк батальондары негізгі жалпыәскери тактикалық бөлімшелер, ал мотоатқыштар мен танк ротасы тактикалық бөлімшелер болып болып табылады. Олар мотоатқыштар мен (механикаландырылған), танк құрамаларының (бөлімдерінің) негізін құрайды және қарсыласты жақын ұрыста тікелей жою жөніндегі негізгі тактикалық міндетті дербес те, әскер түрлері мен тектерінің, арнайы, қамтамасыз ету әскерлерінің бөлімшелерімен, сондай-ақ басқа да әскерлер мен құрылымдардың бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып орындау үшін арналған.
Артилериялық бөлімшелер оқ ату міндеттерін жабық оқ ату бекіністерінен немесе тура көздеумен орындайды. Жекелеген зеңбіректердің, взводтардың және батареялардың тура көздеумен оқ атуы қарсыластың танкілері мен басқа да броньдалған машиналарын, сондай-ақ танкіге қарсы құралдарын жою үшін қолданылады.
Зениттік бөлімшелер қарсыластың ұшуда ұшақтарын, тікұшақтарын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, әуе десанттарын және басқа да әуе нысаналарын шекті төмен және төмен биіктікте жою үшін арналған. Бригаданың жауынгерлік, алдын ала жауынгерлік немесе жорықтық ретінде бола отырып, олар қозғалыста немесе қысқа аялдаулардан, жүзіп келе жатқанда, ал қорғаныста және орында орналасу кезінде даярланған оқ ату бекіністерінен әуе нысаналары бойынша оқ атуды жүргізеді.
Барлау бөлімдері мен бөлімшелері қарсылас пен жергілікті жер туралы мәліметтерді табу үшінғ сондай-ақ арнайы міндеттерді орындау үшін арналады.
Инженерлік әскерлер Құрлық әскерлері құрамаларының, бөлімдері мен бөлімшелерінің ұрысын инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін сондай-ақ инженерлік оқ-дәрілерді қолданумен қарсыласқа шығын келтіру үшін арналған.
РХБ қорғау әскерлері бөлімдер мен бөлімшелердің радиациялық, химиялық, және биологиялық қорғау үшін, сондай-ақ өртегіш қаруды қолданумен қарсыласқа шығындар келтіру үшін арналған.
Мотоатқыштар (танк) батальоны, әдетте мотоатқыштар (танк) роталарынан, байланыс, қамтамасыз ету бөлімшелерінен және батальонның медициналық пунктінен тұрады. Мотоатқыштар батальонының, одан басқа өзінің құрамында минаатқыштар батареясы, зениттік, танкіге қарсы, гранатаатқыштар, оқшашар, барлау бөлімшелері болады. Мотоатқыштар (танк) ротасы, әдетте мотоатқыштар (танк) взводтарынан тұрады.
Минаатқыштар батареясы бірінші эшелон мотоатқыштар ротасының ұрысын қолдау үшін арналған.
Батальонның танкіге қарсы басқарылатын зымырандарды және танкіге қарсы гранатаатқыштарды орнату бөлімшелері қарсыластың танкілерімен және басқа да броньдалған нысаналарымен күрес жүргізу, қапталдарды, түйіскен жерлер мен ойықтарды бүркемелеу үшін арналады. Олар сондай-ақ оның фортификациялық құрылыстардағы атыс құралдарын, ал жекелеген жағдайларда оның жауынгерлік тік-ұшақтарын жою үшін қолданылуы мүмкін.
Гранатаатқыштар бөлімшесі мотоатқыштар батальонының тиімді атыс құралы болып табылады және қарсыластың бүркемеден тыс, ашық окоптарда (траншеяларда) және жергілікті жер қыртыстарында орналасқан адам күші мен атыс құралдарын зақымдау, қапталдарды, түйіскен жерлер мен ойықтарды бүркемелеу үшін арналады.
Гранататқыштар бөлімшесі және танкіге қарсы құралдар бөлімшесі өз міндеттерін дербес немесе бірінші (екінші) эшелон бөлімшелерімен, отшашар бөлімшесімен және броньды топпен бірлесіп орындайды.
Батальонның оқшашар бөлімшесі мотоатқыштар бөлімшелерінің шабуылда табысты жылжуын қамтамасыз ету және олардың қорғаныста бекіністі табанды ұстауы мақсатында қарсыластың адам күші мен атыс құралдарын жою және басу үшін арналған. Одан басқа оқшашар бөлімшесі қарсыластың төмен ұшатын нысаналарын және оның десанттарын әуеде және жерде жою үшін қолданылуы мүмкін.
Батальонның байланыс бөлімшесі бағыныстағы (берілген) бөлімшелерімен тұрақты байланысты орнату және ұстау және басқаруды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ үлкен командирмен (бастықпен) және көршілермен байланысты ұстау үшін арналған.
Батальонды қамтамасыз ету бөлімшелері қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсетуде бөлімшелерге көмек көрсету, бөлімшелердің істен шыққан қару-жарағы мен әскери техникасын эвакуациялауды және ағымдағы жөндеуді жүргізу зымырандар, оқ-дәрілер, жанармай және басқа да әскери мүлікті алу және қорларын толықтыру, оларды бөлімшелерге жеткізу, сауыттар мен атылған гильзаларды жинау және тапсыру, жеке құрамды ыстық тамақпен және сумен қамтамасыз ету үшін арналған.
Батальонның медициналық пункті ұрыс даласынан жаралыларды іздеу, алып шығу (әкету), жаралылар мен науқастарға дәрігерге дейінгі (фельдшерлік) көмек көрсету және оларды одан әрі эвакуациялау үшін дайындау үшін арналған.
Үшінші сұрақты баяндауға кірісемін
№3 Бөлімшелердің қару-жарағы (қысқаша сипаттамасы).
Мотоатқыш және танк бөлімшелерінің қару-жарағы қысқаша сипаттамасы туралы студенттердің білімін тексеремін
Қорытынды
Өткен дәріс тақырыбын қайтала өтем, сұрақтарға жауап беремін. Студенттерге өзіндік дайындыққа тапсырма беремін.
- Сауытты машиналардың сипаттамасы