Жалпы әскери ұрыс түрі сабақ жоспары

Оқу-тәрбиелік мақсаттары:

  1. Жалпы әскери ұрыс түрі шабуыл  бойынша студенттердің білімдерін тереңдету.
  2.  Студентерді тапсырма алғанан кейін, өзіндік жұмыс істеуді үйрету және картада шешім қабылдап, тапсырмалар қойуды, комадирлерге баяндама жасауда қолдануды үйрету.
  3. Студентерді шабуыл ұрысы кезінде шешім қабылдап, бөлімшелерді, бөлімдерді басқаруда, батыл, ержүрек, кез келген жағдайда қарсыласты жеңуге әзір болға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: практикалық сабақ

Уақыт:10 сағат (500 мин)

Өткізілетін орны: 410 оқу аудиториясы

Оқу құралдарымен жабдықтары

  1. Қазахстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғысы. 05.07.2007 ж. № 364

Сабақ өту тәртібі мен оқу сұрақтары және уақыт есебі 

№ п/пОқу сұрақтарыОқытушының

 іс-әрекеті

Оқушылардың

 іс-әрекеті

 

уақыт

(мин)

1.Кіріспе бөлімі5 мин.
 Жеке құрамды тексеремін. Практикалық сабақтың тақырыбы мен өту жоспарын студенттерге жеткіземін. Оқу сұрақтарын және байандаушылардың, оқу сұрақтарын талқылау тәртібін айтып өтімін. 
2.Негізгі бөлім:

1. Бригаданың қорғаныстағы тапсырмасы мен жауынгерлік реті.

2. Қарсыласпен шектеспеген жағдайдан қорғанысқа көшу тәртібі.

3.Қарсыласпен тікелей шектескен жағдайда қорғанысқа көшу тәртібі.

4. Қарсыластың ядролық және химиялық қаруларының соққысы кезінде бөлімшелерді басқару.

5.Штаттық және берілген бөлімшелерге жауынгерлік міндеттерді қою.

Қорғаныстық ұрысты жүргізу.

6. Қорғаныс кезінде тылдық бөлімшелердің орналасуы мен орын ауыстырулары.

7. Орта Азия стратегиялық ауданы жағдайындағы қарулы жанжал кезіндегі қорғаныс іс-қимылдарын жүргізу ерекшелектері.

 

 

Мотоатқыштар бригадасы командирі рольнде қорғанысты ұйымдастыру тіртібі бойынша  оқушыларды іс-әректін бағалаймын.

Топографиялық картаны қолдана отырып шешімдерін және тапсырма қоюларын тексеремін.

 

Түрлі жағдайлардағы  іс-әрекетері туралы сұрақ қойып бағалаймын.

 

 

Оқушылар мотоатқыштар бригадасы командирі рольнде әрекет етіп берілен тапсырмаға сәйкес:

-алынған міндетті түсіндіреді;

-жағдайды бағалайды;

-шешім қабылдайды (шешімін картаға сызады);

-жаынгерлік тапсырмалар қояды;

-өзара іс-қимыл және оқ ату жүйесін ұйымдастырады;

-жан-жақты қамтамасыз етуді және басқаруды жүзеге асырады.

Шешімді баяндама жасағанда, бөлімшелерге тапсыма қойғанда және басқарғанда жұмыс картасын қолданады.

 

90

30

 

30

 

 

 

30

3.ҚорытындыТақырыптың атауын, оқу сұрақтарын қайталап өтемін. Бағаларды айтамын. Өзіндік дайындыққа тапсырма беремін.Сұрақтарын береді. Өзіндік дайындығына берелгін сұрақтарды жазып алады.5мин

 Негізігі бөлім-480  мин

  1. Бірінші сұрақты баяндауға кірісемін.

Бригаданың қорғаныстағы тапсырмасы мен жауынгерлік реті.

Осы сұрақты талқылау барысында студенттердің мотоатқыштар (танкшілер) бригадаларының қорғаныстағы жауынгерлік тәртібі мен тапсырамалары туралы білімдерін тексеріп тереңдетемін.

Жауынгерлік реті- бөлімшелердің белгі ауданды ұстап тұру үшін орналасуы.

Бригада қорғанысының құрылымы:

-батальондар жауынгерлік ретін;

-тірек пунктері мен атыс бекіністерінің жүйесін;

-оқ ату жүйесін;

-инженерлік бөгеттер жүйесін қамтиды.

Бригадаға жолақ, батальонға қорғаныс ауданы, ал рота мен взводқа тірек пункті тағайындалады,

Қорғаныстың бригада жолақының ені 10-15 шақырымға дейін, тереңдігі-10 шақырымға дейін. Батальон ауданының ені-5 шақырымға дейін, тереңдігі- 2,5 шақырымға дейін. Рота майдан бойынша 1,5 шақырымға дейін және тереңдігі 1 шақырымға дейін, ал взвод майдан бойынша 400 метрге дейін және тереңдігі 300 метрге дейін тірек пунктіне орналасады.

Жаунгерлік құрамға, жергілікті жер жағдайының шарттары мен сипатына байланысты  қорғаныстың маңдай шебі өзгеше болуы мүмкін.

Батальонның жауынгерлік реті екі немесе бір эшелонға құрылады. Жауынгерлік реттің бір эшелонды құрылысы кезінде кемінде взвод құрамында резерв бөлінеді.

Орындалатын міндет пен жергілікті жер сипатына байланысты батальон әр түрлі орналастыруы мүмкін. Роталардың біреуі- атыс ойығын құра отырып, алға немесе артқа жылжуы, ал ашық қапталда кертпеш жасай отырып орналасуы мүмкін.

Батальонның бірінші эшелонның ротасы қарсыласқа барлық құралдармен тойтарыс беру және оның алдыңғы шепті бұзып кіруіне жол бермеу мақсатында бірінші және екінші траншеяларда тірек пунктерін даярлайды.

Батальонның екінші эшелонның ротасы қарсыластың бірінші бекіністі бұзып кірген бөлімшелерін қарсы шабуылдаумен жою мақсатында үшінші, ал қорғаныстың терең эшелондалған құрылымы кезінде төртінші траншеяда тірек пунктін даярлайды. Танк ротасы (жаяу әскер жауынгерлік машинасындағы мотоатқыштар ротасы), одан басқа қарсы шабуылдау үшін өрістету шептерімен сәйкес келуі мүмкін бір- екі оқ ату шебін даярлайды.

Екінші сұрақты баяндауға кірісемін

№2 Қарсыласпен шектеспеген жағдайдан қорғанысқа көшү тәртібі.

Сұрақты талқылау барысында стедентерге қарсыласпен шектеспеген жағдайдан қорғанысқа көшүге дайындық ерекшеліктері мен  тәртібі туралы естетемін.

Студенттер оқу тапсырмасын аладып, мотоатқыштар бригадасы командирі рольнде жұмыс  карталарында тапсырманы орындаға кіріседі.

Қорғанысқа көшу қарсыласпен шектеспеген  жағдайларда жүзеге асырылса, командир карта бойынша шешім қабылдайды, оны өзінің орынбасарларына және бөлімшелер командирлеріне дейін жеткізеді, алдын ала барлау жүргізеді, оның барысында өз шещімін нақтылайды, жауынгерлік бұйрық береді, өзара іс-қимылды және оқ ату жүйесін, ұрысты және басқаруды жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Содан кейін бөлімшелерді көрсетілген қорғаныс ауданына алып шығады және оны инженерлік жабдықтауды ұйымдастырады.

Үшінші сұрақты баяндауға кірісемін

№3 Қарсыласпен тікелей шектескен жағдайда қорғанысқа көшү тәртібі.

Сұрақты талқылау барысында стедентерге қарсыласпен тікелей шектескен жағдайдан қорғанысқа көшүге дайындық ерекшеліктері мен  тәртібі туралы айтып өтемін.

Қарсыласпен тікелей шектесу жағдайларында қорғанысқа көшу кезінде міндетті түсіндіру, жағдайды бағалау және қорғаныс ниетін жасау үлкен командир көрсеткен шепті басып алуды ұйымдастыру барысында жүргізіледі. Оны бекіту барысында командир ұрыс ниетін жасауды аяқтайды, бөлімшелерге адын ала жауынгерлік өкімдер береді, шешім қабылдауды аяқтайды, жауынгерлік міндеттер қояды, өзара іс-қимыл, жан-жақты қамтамасыз ету және басқару жөнінде нұсқаулар береді және қорғаныс ауданын инженерлік жабдықтауды ұйымдастырады.

Кейіннен жағдай мүмкіндік берісімен, ол алдын ала барлауды жүргізеді, оның барысында бөлімшелердің міндеттерін, өзара іс-қимыл тәртібін, ал егер қажает болса басқа да мәселелерді нақтылайды.

Төртінші сұрақты баяндауға кірісемін

Сұрақты талқылау барысында қарсыластың жаппай жою қаруы мен химиялық қарулары соққылары кезінде   бөлімшелерді қорғап басқару тәртібі туралы студенттердің білімін бағлаймын.

Әскерлерді қорғау қарсыластың ядролық,и химиялық және биологиялық, жоғары дәлдікті қаруының әсер етуін, сондай-ақ радиациялық, химиялық, биологиялық қауіпті кәсіпорындарды бұзудың нәтижелерін барынша нашарлату, бөлімшелердің жауынгерлік қабілеттілігін сақтау және олардың жаыунгерлік міндеттерді табысты орындауын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Ол ұрысты жүргізу кезінде жаппай қырып жою қаруын қолдана және қолданбай отырып, толық көлемде ұйымдастырылады және мыналарды қамтиды:

Бөлімшелерді шоғырландыру және олардың орналасқан аудакндарын мерзімді ауыстыруды;

жергілікті жердің қорғаныш қасиеттерін ескере отырып, бөлімшелер орналасатын аудандарды фортификациялық жабдықтауды және маневр жолдарын дайыедауды;

бөлімшелерді тікелей қауіп-қатер және қарсыластың жаппай қырып жою қаруын қолдана бастауы, радиациялық, химиялық, биологиялық қауіпті кәсіпорындардың бұзылуы туралы ескертеді, сондай-ақ жеке құрамды радиациялық, химиялық, биологиялық зақымдану туралы хабардар етеді;

эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық және арнайы алдын алу медициналық іс-шараларды жүзеге асыруды;

қарсыластың жаппай қырып жою қаруын қолданусалдарларын анықтауды және жоюды; зақымдану аймақтарында, бұзулар, өрт пен су басу аудандарында сі-қимылдар жүрген кезде жеке құрамның қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз етуді.

Әскерлерді қорғауды ұйымдастыру кезінде, командир әдетте: бөлімшелерді шоғырландыру және орналасқан аудандарды ауыстыру тәртібін, сондай-ақ жергілікті жердің қорғаныш қасиеттерін және әскери техниканы пайдалану тәртібін; тікелей қауіп-қатер және қарсыластың жаппай қырып жою қаруын қолдана бастауы туралы ескерту тәртібін, сондай-ақ радиациялық, химиялық, биологиялық зақымдау туралы хабарлау тәртібі мен белгілерін және олар бойынша іс-қимылдар тәртібін; эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық және арнайы алдын алу медициналық іс-шараларды өткізу мерзімдерін; қарсыластың жаппай қырып жою қаруын қолдану салдарларын жою тәртібін; зақымдану аймақтарында, бұзулар, өрт пен су басу аудандарында іс-қимылдар жүрген кезде қауіпсіздік шараларын көрсетеді.

Бесінші сұрақты баяндауға кірісемін

«Штаттық және  берілген бөлімшелерге жауынгерлік міндеттерді қою.

Қорғаныстық ұрысты жүргізу»

Студентер шаттық және берілген бөлімшелерге жауынгерлік міндеттерді қояды шешімдері негізінде.

Жауынгерлік міндеттерді қою кезінде командир жауынгерлік бұйрық береді.

Командир өзара іс-қимылды міндеттер, қарсылас шабулының ықтимал бағыттары және өз бөлімшелерінің іс-қимылдары нұсқаулары бойынша ұйымдастырады. Өзара іс-қимылды ұйымдастыра отырып, ол батальондар арасындағы іс-қимылдарды броньды топрадың, атыс тосқауылдарының, артиллерия бөлімшелерінің, басқа да атыс құралдарының іс-қимылдарымен және көршіліермен ол қорғаныстың алдыңғы шебіне жылжу, өрістету жәнне шабылға сыналай кірген кезде қарсыласты жою жөніндегі іс-қимылдарды келіседі.

Командир өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде мыналарға: қарсыласты адастыруды жүргізуге, қатерлі бағыттарда қорғанысты уақтылы күшейту мақсатында күштермен және құралдармен маневр жасау, маневр жолдарын, бөгеттерге өтпелерді және кедергілер арқылы өту жолдарын белгілеу тәртібіне; қарсылас жаппай қырып-жою қаруын қолданған жағдайда бөлімшелердің іс-қимылдар тәсілдеріне және бүркемелеу жөніндегі іс-шараларға ерекше назар аударады.

Оқ атуды ұйымдастыру үшін командир картада қорғаныс жолағының схемасын әзірлейді, ол қорғанысты жүргізу жоспары болып табылады.оның көшірмесі үлкен бастыққа беріледі.

Оқ ату жүйесін командир алдын ала барлау барысында қабылданған шешімдер негізінде, сондай-ақ бөлімшелерге міндеттер қою және өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде ұйымдастырады. Бұл ретте қарсыластың шабуыл жасауы ықтимал бағыттарда командир жергілікті жердегі танкілердің, жаяу әчкер жауынгерлік машиналарының, танкіге қарсы басқарылатын зымырандар кешендерінің, гранатаатқыштарының және олардың атқылау секторының жергілікті жердегі атыс бекіністерін өзі көрсетеді, сондай-ақ атыс қаруынан оқ атуды ұйымдастыру жөнінде нұсқаулар береді.

Тікелей алдыңғы шептің алдында жаппай көпқабатты атыс аймағы дайындалады: алдыңғы шептің алдындағы 400 м дейінгі жолақтағы жергілікті жердің әрбір нүктесі атқылануға тиіс. Осындай аймақ үшінші траншеяның алдындағы маңызды учаскелерде де құрылады.

Жан-жақты қамтамасыз етудің негізгі мәселелерінде командир, әдетте: қорғаныс дайындық кезінде, сондай-ақ оның барысында өткізілетін жауынгерлік, моральдық-психологиялық, техникалық және тылдық қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шараларды айқындайды. Бұл ретте негізгі күш-жігерді шоғырландыру аудандары (бағыттары), негізгі міндеттер, оларды орындау кезеңділігі мен мерзімдерді, тартылатын күштер мен құралдар, оларды басқару тәртібі көрсетіледі.

Басқарудың негізгі мәселелерінде командир командалық-қадағалау пунктін өрістеу орны мен уақытын; командалық-қадағалау пункті істеп шыққан жағдайда басқаруды беру тәртібін; тапсырмаларды орындауды басқарудың тұрақтылығы мен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.

Бөлімшелерді жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындау: жеке құраммен толық жасақтауды, зымырандардың, оқ-дәрілердің, жанармайдың және басқа да әскери мүліктің белгіленген қорларын жасауды; командирлер мен жеке құрамды жауынгерлік міндеттерді орындауға, ал қару-жарақ пен әскери техниканы жауынгерлік қолдануға тікелей даяарлауды; жеке құраммен моральдық-психологиялық жұмыстарды және бөлімшелермен алдағы ұрысқа қатысты тактикалық оқу-жаттығуларды жүргізуді қамтиды.

Қорғаныс ауданын (тірек пунктін) инженерлік жабдықтау бөлімшелерге және атыс құралдарына бекіністерді айқындағаннан және оқ ату жүйесін ұйымдастырғаннан кейін дереу басталады. Кейбір жағдайларда ол корғанысқа орналасқанға дейін басталуы мүмкін, әдетте бөлімшелердің тірек пункттеріне орналасуымен толық көлемде жүргізіледі және барлық қорғаныс ұрысы барысында үздіксіз жалғасады. Ол қорғаныстың барлык тереңдігіне бөлімшелердің қарсыластың шабуылына тойтарыс беруге ұдайы әзірлігін камтамасыз ететін жүйелілікпен жүзеге асырылады және жасырын жиналмалы фортификациялык кұрылыстарды, конструкциялар мен жергілікті кұрылыс материалдарын барынша пайдаланумен жүргізіледі.

Қарсыласпен тікелей шектесу болмаған жағдайда корғаныс ауда­нын (тірек пунктін) инженерлік жабдыктау механикаландыру кұралдарын кеңінен пайдаланумен жүзеге асырылады.

Бірінші кезекте жауынгерлік күзет бекінісі алдында және корғаыстың алдыңғы шетінде инженерлік бөгеттер орнатылады; шолу және атқылау жолақтары тазаланады; мотоатқыштар бөлімшелеріне окоптар, танкілерге, жаяу әскер жауынгерлік машиналарына (бронь­ды транспортерлерге) және басқа да атыс құралдарына окоптар казылады; командалық-қадағалау және медициналық пункттер үшін қүрылыстар тұрғызылады; әрбір бөлімшеге, экипажға немесе есеп-топка жабылған саңылаулар орнатылады; взводтық жэне роталык тірек пункттерінде тұтас траншеялар учаскелері құрылады; қару-жарак пен әскери техника барлаудан және қарсыластың жоғары дәлдікті қаруынан қорғау үшін жасырылады; бөлімшелер арасындағы аралықтарда, қапталдарда және қорғаныстың тереңдігінде бөгеттер орнатылады; екінші эшелондағы (резервтегі) танк батальоны және жаяу әскер машиналарындағы мотоатқыштар батальоны үшін атыс шептері жабдықталады (танкілер, жаяу әскер жауынгерлік машиналары, танкіге карсы құралдар үшін окоптар ор­натылады және кадағалау үшін құрылыстар тұрғызылады), атыс шептеріне және қарсы шабуылдар үшін өрістету шептеріне жылжу жолдары дайындалады; сумен жабдыктау пункттері (су тоғандары пункттері) жабдыкталады.

Екінші кезекте рота және взвод тірек пункттері толық жабдық­талады; танкілер, жаяу әскер жауынгерлік машиналары (броньды транспортерлер) және қосалқы (уакытша) атыс бекіністеріндегі, атыс шептеріндегі және броньды топтарды шоғырландыру атыс шептері мен аудандарындағы баска да атыс кұралдары үшін окоптар қазылады; батальонның қорғаныс ауданындағы траншеялар мен қатынас жолдары жүйесі құрылады және жауынгерлік және шаруашылық жағынан жетілдіріледі; командалық-кадағалау және меди­циналық пункттер толық жабдықталады; әрбір бөлімшеге (экипажға, есептопқа) блиндаждар, әрбір ротаға (батареяға) паналар және ба­тальонның (ротаның) командалық қадағалау пунктінде пана, қару-жарақ пен әскери техникаға, зымырандарға, ок-дәрілер мен басқа да әскери мүлікке бүркемелер салынады; қорғаныстың батальон ауданында (ротаның тірек пунктінде) негізгі алдамшы объектілер жабдықталады; алдыңғы шептің алдында, тірек пункттері арасындағы аралықтарда және қапталдарда бөгеттер салынады, сондай-ақ маневр жолдары дайындалады.

Одан әрі қорғаныс (тірек пункті) ауданында траншеялар мен жолдары жүйесі жетілдіріледі; инженерлік бөгеттер, тасымалу және эвакуациялау жүйесі өрістетіледі; алдамшы тірек пункттері, траншеялар, атыс бекіністері мен басқа да объектілер жабдықталады.

Қарсыласпен тікелей шектескен жағдайларда корғанысқа көшу кезінде инженерлік бөгеттер бірінші кезекте алдыңғы шептің алдында маңызды бағытта орнатылады. Бөлімшелердің бекіністерін жабдыктау кезінде ең алдымен жеке окоптар қазады, одан кейін олар бөлімшеге окоппен және взводқа траншеямен қосылады.

Қорғаныс (тірек пункттері, бекіністер) ауданын инженерлік жабдыктау барлық бөлімшелермен, оның ішінде жауынгерлік, техникалык және тылдық қамтамасыз ету бөлімшелерімен жүзеге асырылады. Инженерлік әскерлердің берілген бөлімшелері анағұрлым күрделі міндеттерді орындайды.

Қарсыластың шабуылы басталғанға дейін бөлімшелерде кезекші танкілер, жаяу әскер жауынгерлік машиналары (броньды транспортерлер) және баска да атыс құралдары бөлінеді, олар қосалқы немесе уақытша атыс бекіністеріне орналаса отырып, қарсыластың
барлау жүргізуге, бөгеттерден өтпелер жасауға немесе корғаныстың тереңдігіне өтіп кетуге әрекеттенген жекелеген топтарын жоюға, сондай-ак оның төмен ұшатын ұшактары мен тікұшақтарына оқ атуды бастауға ұдайы әзірлікте болады. Одан басқа, олар қарсыластың
оның орналасқан жеріне қозғалуына кедергі келтіруге және оның инженерлік жұмыстарды жүргізуін болдырмауы керек. Мергендер қарсыластың офицерлерін, мергендерін, қадағалаушыларын, атыс кұралдарының есептоптарын және баска да нысаналарын жояды. Қалған бөлімшелер қарсыластың шабуылына тойтарыс беруге ұдайы әзірлікті ұстай отырып, бекіністердің инженерлік жабдықтарын жетілдіреді, жауынгерлік және саяси даярлық бойынша сабақтар және қару-жарақ пен әскери техниқаға қызмет көрсетуді жүргізеді.

Алтыншы сұрақты баяндауға кірісемін

«Қорғаныс кезінде тылдық бөлімшелердің орналасуы мен орын ауыстырулары»

Батальонның техникалық қадағалау пукті батальонның командалық-қадағалау пунктінің маңында; жөндеу-эвакуациялау тобы-батальонның бірінші эшелонының артында; медициналық пункт және батальондық қамтамасыз ету бөлімшесінің қалған бөлігі-бірінші эшелонның (жалпыәскери резервтің) артында өрістетіледі.

Ротаның жауынгерлік қоректендіру пункті және ротаның медициналық постысы көлік құралдарының жасырын жақындауы үшін қол жетерлік бүркемеленген орында ротаның тірек пунктінде өрістетеледі.

Бөлімшелерде және танкілердің, жаяу әскер жауынгерлік машиналарының атыс бекіністерінде зымырандар мен оқ-дәрәлердің қосымша қоры құрылады. Қарсыластың шабуылына тойтарыс бергеннен кейін осы қорлар дереу толықтырылады. Бөлімшеге басқа да әскери мүлікті жеткізу, әдетте түнде жүргізіледі.

Сегізінші сұрақты талқылауға кірісемін

«Орта Азия стратегиялық ауданы жағдайындағы қарулы жанжал кезіндегі қорғаныс іс-қимылдарын жүргізу ерекшелектері»

Бұл сұрақты орта Азия стратегиялық ауданының сипаттамсынан басаған жөн.

Әскери-саяси жағдай:

-Қазақстан Европа және Азия көлік-комуникация мен сауда-саттық  қиылысында орналасқан;

-табиғи байлықтарға бай мемлекет халықаралық және аудандық байланыстарды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бөлжам бойынша мемлектеттің әскери қауыпсіздігіне төнетін қауыптар

Сыртқы:

Казақстан шекаралары жақынындағы қарулы қақтығыстардың болу;

Кейбір  мемлекетердің жаппай қырып жою қаруын жасау бойынша бағдарларының болуы;

Халықаралық радикалыдық топтарының іс-әрекеттері.

Ішкі.

Экстремистік, националдық, діни және террористік ағымдардың заңға қайшы іс-әректтері;

Мемлектет аумағында заңсыз қару, оқ-дәрілерді, жарылғыш  заттарды тарату;

Ұйымдасқан қылымыстық топтар, контрабанда және де басқа экономикалық қылыстар мелект көлемінде.

Бригада арнайы операциядағы іс-қимылдарға дайындау басқа да әскерлермен және әскери құрылымдармен бірлесіп, міндеттерді орындау ескере отырып жүзеге асырылады және алдағы жауынгерлік іс-қимылдар тәсілдерін пысықтаумен жүргізіледі.

Басқа да әскерлермен іс-қимылдарды  ұйымдастыру кезінде командир әдеттегі мәселелерден басқа:

міндеттерді түсіндіру кезінде-қандай әскерлердің қарулы құрылымдармен, әскерлердің қандай топтамасында алынған міндетті орындау керектігін; бағыныстылық тәртібін; белгіліенген құқықтық режим ерекшеліктерін; міндеттерге дайындалу және оны орындау ерекшеліктерін; жауапкершілік аудандарын, басқа да әскерлер бөлімдерінің міндеттері мен орналасу орындарын, олармен бірлесіп шешілетін тапсырмаларды және оларды орындау тәртібін; бірлескен іс-қимылдар тәсілдерін; өзара іс-қимылды және басқаруды ұйымдастыруды нақтылауы тиіс. 

Қорытынды

Өткен дәріс тақырыбын қайтала өтем, сұрақтарға жауап беремін. Студенттерге өзіндік дайындыққа тапсырма беремін.

  1. Мотоатқыштар бригадасының медицина бөлімшелерінің қорғаныстағы іс-әрекеті.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!