Әскери кафедра
ҚММУ әскери кафедрасы КСРО ДМ 1949 жылдың 5 желтоқсанындағы №19630-Р ұйғарымы бойынша 1950 жылы құрылған. Алғашқы кезде кафедра бір оқу бөлмесінде орналасты. Кафедраның бірінші бастығы ҰОС қатысушы, Ленин, Қызыл Ту және басқа да көптеген жауынгерлік наградалардың толық дәрежелі иегері, кафедраны 1962 жылға дейін басқарған медицина қызметінің полковнигі Н.И.Смердов болды. Кейінгі жылдары кафедраны медицина қызметінің полковниктері: Н.К.Махов, П.И.Ефимов, А.Я.Пугачев, О.Ф.Пахунов, А.О.Даулетов, В.К.Батпаев, С.А.Ионов басқарған, 2007 жылдың желтоқсан айынан осы уақытқа дейін Казақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі, ғылым және білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкер, жоғарғы санатты ұйымдастырушы-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, доцент, Ресей Жаратылыстану Академиясының (РЖА) корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Әскери ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, медицина қызметінің полковнигі А.М.Мұхаметжанов басқарады.
Әскери кафедраның негізгі мақсаты соғыс уақытында атқарылатын міндеттерін лайықты орындау үшін медицина қызметінің ұйымдастырылуы мен тактикасының теориялық және практикалық мәселелері бойынша жоғары білімді запастағы офицерлерді даярлау болып табылады. Осыған байланысты, кафедрада медициналық тасымалдау кезеңінде жаралылар мен науқастарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, бейбіт уақыттағы төтенше жағдайдың күрделі кезеңінде жұмыс атқара білудің дағдыларын студенттердің бойына сіңіруге көп көңіл бөлінеді.
Әскери даярлық бойынша оқу бағдарламасын орындағаннан соң студенттер кешенді бітіру емтиханын тапсырады және жоо бітірген соң запастағы офицерлер құрамына қабылданады. Тек 1979 жылдан 2015 жыл аралығында 21000-нан астам запастағы медицина қызметінің офицерлері даярланып, олардың көбі, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарында немесе жақын шетелдерде әскери қызметтерін атқарып жүр.
Әр кезеңде КСРО ҚМ, ТүркӘО, сондай-ақ ҚР ҚМ (1998, 2001, 2002, 2004, 2005, 2015 ж.ж.), өкілдерінің жүргізген инспекторлық тексерулерінде әскери кафедраның жұмысы «жақсы» және «өте жақсы» деп бағаланды.
2004 жылдан бастап әскери кафедра запастағы медицина қызметінің офицерлерін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің талапқағазы бойынша даярлауды жүзеге асыруда.
Әскери кафедрада запастағы офицерлерді даярлау келесі әскери есептік мамандықтар бойынша жүргізіледі:
– 900101 – Құрлық әскерлеріндегі медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
– 901000 – Жерүсті әскеріндегі емдеу ісі;
– 904500 – Санитарлық-гигиеналық зертханалардың зертханалық ісі;
– 801300 – Психологиялық жұмысты ұйымдастыру.
Студенттердің әскери даярлығының негізгі пәндері:
- медицина қызметінің ұйымдастырылуы мен тактикасы;
- әскери токсикология, радиобиология және жаппай жою қаруларынан медициналық қорғану.
Әскери даярлық пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылдың 11 маусымындағы «Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекіту туралы» №329 бұйрығына, гуманитарлық және медициналық жоғары оқу орындарының студенттері қатарынан запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің нұсқаулары мен бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті бастығының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасы бастығының ұйымдастыру-әдістемелік нұсқауларыларына сәйкес ұйымдастырылып, жүргізіледі.
Оқытудың басында студенттерге жалпы әскери пән сабақтары: мемлекеттік құқықтық, жалпы әскери дайындық және жалпы тактика оқытылады. Содан соң негізгі әскери-дәрігерлік пәндер: медицина қызметін ұйымдастыру және оның тактикасы; әскери токсикология, радиобиология және жаппай жою қаруынан медициналық қорғану оқытылады.
Әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу жұмыстары студенттерді әскери оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін, оқу құралдарын және оқу әдебиеттері мен әдістемелік құралдарды жете зерттеуге бағытталған.
Қазіргі уақытта әскери кафедраның бастығы – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі, ғылым және білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкер, жоғарғы санатты ұйымдастырушы-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, доцент, Ресей Жаратылыстану Академиясының (РЖА) корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Әскери ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, медицина қызметінің полковнигі Мұхаметжанов Амантай Мұқанбайұлы. 1993 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын (СММИ) бітірген, 2006 жылы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы С.М.Киров атындағы Әскери-медицина академиясын бітірген.
Қызмет атқарған лауазымдары: жеке батальонның медицина қызметінің бастығы, бригаданың медицина қызметінің бастығы, «Шығыс» әскери аймағының медицина қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің «Шығыс» өңірлік Қолбасшылығы басқармасының медицина қызметінің бастығы. Әскери кафедраға бөлім командирінің орынбасары – мобилизациялық бөлім бастығы қызметінен келді. 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап медицина қызметінің полковнигі А.Мұхаметжанов Қарағанды қаласындағы «Әскери ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы болып тағайындалды. 2014 жылғы жұмыстардың қорытындысы бойынша Қазақстандағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» болып танылды.
Қазіргі уақытта кафедрада әскерде, әскери-медициналық мекемелерде жұмыс істеген тәжірибесі мол запастағы және отставкадағы офицерлер жұмыс атқарады.
Кафедраның оқытушы құрамы: әскери кафедраның цикл бастығы – запастағы медицина қызметінің подполковнигі Садченко Валерий Евгеньевич Қарағанды мемлекеттік медицина институтын 1986 жылы бітірген. Әскери кафедраға 2015 жылы бригаданың медициналық қызметі бастығы лауазымынанкелді.
Әскери кафедраның аға оқытушысы – запастағы полковник Балтынов Ғабдолла Зайданұлы Томск медицина институтының әскери-медициналық факультетін 1982 жылы, 1990 жылы С.М.Киров атындағы әскери-медициналық академияны бітірген. Әскери кафедраға 2015 жылы Алматы қаласы әскери-клиникалық госпиталі бастығының орынбасары лауазымынан келді.
Әскери кафедраның аға оқытушысы – отставкадағы медицина қызметінің капитаны Жұбаналиев Ермек Зұлқарнайұлы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын 1980 жылы бітірген. Әскери кафедраға 2001 жылы «Жалпы гигиена» кафедрасының оқытушысы лауазымынан келді.
Әскери кафедраның аға оқытушысы – запастағы майор Латыпов Назип Сабитович КССРО маршалы И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін 1987 жылы бітірген. Әскери кафедраға 2001 жылы 45934 әскери бөлімінің штаб бастығы лауазымынан келді.
Әскери кафедраның аға оқытушысы – запастағы медицина қызметінің подполковнигі Устинков Сергей Петрович Қарағанды мемлекеттік медицина институтын 1987 жылы бітірген. Әскери кафедраға 2015 жылы бригаданың медициналық қызметі бастығы лауазымынанкелді.
Әскери кафедраның оқытушысы– запастағы подполковник Бабаев Шамиль Шамси Оглы Қарағанды педагогикалық институтын 1993 жылы бітірген. Әскери кафедраға 2015 жылы 52859 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасары лауазымынан келді.
Әскери кафедраның оқытушысы – запастағы медицина қызметінің подполковнигі Нұртаев Дархан Оразаұлы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын 1996 жылы бітірген. Әскери кафедраға 2015 жылы бригаданың медициналық қызметі бастығы лауазымынанкелді.
Әскери кафедраның оқытушысы – запастағы медицина қызметінің подполковнигі Политов Александр Юрьевич Қарағанды мемлекеттік медицина институтын 1992 жылы бітірген. Әскери кафедраға 2015 жылы бригаданың медициналық қызметі бастығы лауазымынанкелді.
Әскери кафедраның оқытушысы – запастағы подполковник Шалаев Ғалымжан ӨтегенұлыС.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1990 жылы бітірген. Әскери кафедраға 2013 жылы дивизион командирінің әлеуметтік-құқықтық және тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымынан келді.
Оқу-көмекші қызметкерлер:
Рахымжанова Күлпаш Қайырбекқызы 1995 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетін бітірген. 2014 жылдың сәуір айында әскери кафедраға оқу зертханасының меңгерушісі лауазымына қабылданды.
Қуаныш Ботакөз Маратханқызы 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 2014 жылдың ақпан айында әскери кафедраға жоғары санатты зертханашы қызметіне қабылданды.
Миатаева Динара Бақытқызы 2011 жылы «Болашақ» Қарағанды университетін бітірген. 2013 жылдың тамыз айында әскери кафедраға оқу шебері қызметіне қабылданды.
Абдуллина Жазира Аманбайқызы 2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 2016 жылдың қаңтарында әскери кафедраның лаборанты қызметіне қабылданды.
Әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, өнертапқыштық және жаңашылдық жұмыстардың жағдайы:
Әскери-ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық жоспары құрылған. 2015 жылдың маусым айында әскери кафедра бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты, медицина қызметінің полковнигі А.М.Мұхаметжанов «Әскери қызметті өтеу жағдайындағы әскери қызметшілердің бейімделуін психофизиологиялық бағалау» тақырыбы бойынша медицина ғылымының докторы дәрежесіне іздену үшін диссертация жұмысын сәтті қорғап шықты.
Республика деңгейінде баспахана әдісі арқылы оқулықтар, оқу құралдары шығарылды:
– «Химиялық қарудың жалпы және медициналық-тактикалық сипаттамасы» мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– «Жалпы және әскери радиобиология» мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– «Бейбіт уақытта әскери бөлімді медициналық қамтамасыз ету» мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– «Әскери уақытта терапевтік көмекті ұйымдастыру» мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– «Бейбітшілік уақытындағы әскери бөлімнің медициналық рота жұмысының құрылымы және ұйымдастырылуы» мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– «Әскерде арнайы өңдеуді жүргізу» мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– «Әскери гигиена және эпидемиология» мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– «Әскери стоматология» мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– «Әскери-далалық хирургия» мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– «Әскери топография» орыс тілінде.
Студенттердің әскери даярлық сапасын көтеру мақсатында әскери кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы төмендегі оқу-әдістемелік құралдарды өңдеп, баспахана арқылы көбейтті:
– «Әскери даярлық бойынша дәрістер жинағы» үш пән бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– «Әскери бөлімнің медицина пунктінің емдеу-профилактикалық жұмысы» орыс тілінде;
– «Әскерді медициналық қамтамасыз етудің негіздері» мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– «Атыс дайындығы» мемлекеттік және орыс тілдерінде.