Сабақ жоспары

 2 тақырып.  Мотоатқыштар бригадасы құрамы, қару-жарағы және әскери техникасы. 

Оқу-тәрбиелік мақсаттары:

  1. Студентерді мотоатқыштар (механикаландырылған) бригадасы құрамы, қару-жарағы және әскери техникасы туралы білім беру.
  2. Студентерді соғыс алаңында бригада қару-жарағын және әскери техникасын шеберлік пен қолдана отырып, кез келген жағдайда қарсыласты жеңуге әзір болға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Дәріс

Уақыт: 2 сағат (100 мин)

Өткізілетін орны: Дәріс залы 

Оқу құралдарымен жабдықтары

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерін жауынгерлік қолдану ережесі 13-18 беттері.

Оқу сұрақтары мен уақыт есебі

Оқу сұрақтарыУақыты

(мин)

1.Кіріспе бөлімі5 мин
2.1.  Мотоатқыштар механикаландырылған)бригадасы

құрамы мен арналуы.

2. Бригаданың негізгі бөлімдерінің тағайындаулары. Олардың құрамы және қару-жарағы (қысқаша сипаттамасы).

 

45 мин

 

 

45 мин

 

 

 

3.

Қортынды

5 мин

Кіріспе

         Құрлық әскерлері Қарулы Күштердің анағұрлым көп санды түрі болып табылады және агрессор әскерлері топтамаларының соққыларына тойтарыс беру және талқандау және орналасқан аумақтарды, аудандарды, шептерді ұстап тұру үшін арналған. Олардың қару-жарағында қару-жарақ пен әскери техниканың әртүрлі түрлері бар және оған мыналар кіреді: өңірлік қолбасшылықтар әскерлері; әскер тектері (Аэроұтқыр әскерлері, Ракета әскерлері мен артиллериясы, әуе шабулына қарсы қорғаныс әскерлері), арнайы әскерлер (құрамалар, бөлімдер мен бөлімшелер- барлау, инженерлік, РХБ қорғау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, техникалық қамтамасыз ету, топогеодезиялық, гидрометеорологиялық) және тыл.

Мотоатқыштар (механикаландырылған) және танк құрамалары (бөлімдері) құрлық әскерлерінің негізін құрай отырып: қорғаныста- орналасқан аудандарды, шептер мен бекіністерді ұстап тқру, агрессордың соққыларына тойтарыс беру және оның шабулына шыққан әскерлеріне соққы беру жөніндегі; шабуылда-қарсыластың қорғанысын бұзып өту, оның қорғаныстағы әскерлерін талқандау, маңызды аудандарды, шептер мен объектілерді талқандау, кейін шегінген қарсыластың ізіне түсу, қарсы шайқастар мен ұрыстар жүргізу жөніндегі міндеттерді орындайды.

Мотоатқыштар (механикаландырылған) құрамалар (бөлімдер) жоғары жауынгерлік дербестікке және әмбебаптыққа ие бола отырып әртүрлі жергілікті жер жағдайларында және кез келген ауа райында, басты және қосалқы бағыттарда, бірінші немесе екінші эшелонда, резервтер, теңіз және әуе десанттары құрамында көрсетілген міндеттерді орындауға қабілетті.

Танк құрамалары (бөлімдері) Құрлық әскерлерінің басты соққы беретін күшін құрай отырып және жаппай қырып-жоятын қарудың зақымдау факторларына үлкен төзімділікке ие бола отырып, көбнесе басты бағыттарда: қорғаныста- екінші эшелон және резервтер құрамында қарсы соққылар беру (қарсы шабуылдар жүргізу) және сыналай кірген қарсыласты талқандау үшін, ал бірінші эшелондар құрамына бөлінген кезде- қорғаныстың төзімділігі мен белсенділігін күшейту үшін; шабуылда- әдетте, соққы беретін топтамалар құрамында бірінші және екінші эшелондарда қолданылады.

Мотоатқыштар (механикаландырылған), танк бригадасы- өз саны, Жауынгерлік Туы және мөрі бар әскери бөлімше.

Мотоатқыштар бригадасы:

  • басқарма, бригада штабы;
  • жауынгерлік бөлімшелер;
  • жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелері;
  • тылдық және техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады.

Жауынгерлік  бөлімшелеріне:

  • 3 мотоатқыштар батальоны;
  • танк батальоны;
  • артиллериялық дивизион;
  • зениттік дивизион;
  • танке қарсы басқарылатын зымырандар батареясынан тұрады.

Жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелеріне:

  • барлау ротасы;
  • байланыс ротасы;
  • инженерлік-саперлік ротасы;
  • радияциялық, химиялық, биологиялық қорғау взводынан тұрады.

Тылдық және техникалық қамтамасыз ету бөлімшелеріне:

  • материалдық қамтамасыз ету ротасы;
  • жөндеу ротасы;
  • медициналық ротасынан тұрады.

Мотоатқыштар және танк батальондары негізгі жалпыәскери тактикалық бөлімшелер, ал мотоатқыштар мен танк ротасы тактикалық бөлімшелер болып болып табылады. Олар мотоатқыштар мен (механикаландырылған), танк құрамаларының (бөлімдерінің) негізін құрайды және қарсыласты жақын ұрыста тікелей жою жөніндегі негізгі тактикалық міндетті дербес те, әскер түрлері мен тектерінің, арнайы, қамтамасыз ету әскерлерінің бөлімшелерімен, сондай-ақ басқа да әскерлер мен құрылымдардың бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып орындау үшін арналған.

Артилериялық бөлімшелер оқ ату міндеттерін жабық оқ ату бекіністерінен немесе тура көздеумен орындайды. Жекелеген зеңбіректердің, взводтардың және батареялардың тура көздеумен оқ атуы қарсыластың танкілері мен басқа да броньдалған машиналарын, сондай-ақ танкіге қарсы құралдарын жою үшін қолданылады.

Зениттік бөлімшелер қарсыластың ұшуда ұшақтарын, тікұшақтарын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, әуе десанттарын және басқа да әуе нысаналарын шекті төмен және төмен биіктікте жою үшін арналған. Бригаданың жауынгерлік, алдын ала жауынгерлік немесе жорықтық ретінде бола отырып, олар қозғалыста немесе қысқа аялдаулардан, жүзіп келе жатқанда, ал қорғаныста және орында орналасу кезінде даярланған оқ ату бекіністерінен әуе нысаналары бойынша оқ атуды жүргізеді.

Барлау бөлімдері мен бөлімшелері қарсылас пен жергілікті жер туралы мәліметтерді табу үшінғ сондай-ақ арнайы міндеттерді орындау үшін арналады.

Инженерлік әскерлер Құрлық әскерлері құрамаларының, бөлімдері мен бөлімшелерінің ұрысын инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін сондай-ақ инженерлік оқ-дәрілерді қолданумен қарсыласқа шығын келтіру үшін арналған.

РХБ қорғау әскерлері бөлімдер мен бөлімшелердің радиациялық, химиялық, және биологиялық қорғау үшін, сондай-ақ өртегіш қаруды қолданумен қарсыласқа шығындар келтіру үшін арналған.

Мотоатқыштар (танк) батальоны, әдетте мотоатқыштар (танк) роталарынан, байланыс, қамтамасыз ету бөлімшелерінен және батальонның медициналық пунктінен тұрады. Мотоатқыштар батальонының, одан басқа өзінің құрамында минаатқыштар батареясы, зениттік, танкіге қарсы, гранатаатқыштар, оқшашар, барлау бөлімшелері болады. Мотоатқыштар (танк) ротасы, әдетте мотоатқыштар (танк) взводтарынан тұрады.

Минаатқыштар батареясы бірінші эшелон мотоатқыштар ротасының ұрысын қолдау үшін арналған.

Батальонның танкіге қарсы басқарылатын зымырандарды және танкіге қарсы гранатаатқыштарды орнату бөлімшелері қарсыластың танкілерімен және басқа да броньдалған нысаналарымен күрес жүргізу, қапталдарды, түйіскен жерлер мен ойықтарды бүркемелеу үшін арналады. Олар сондай-ақ оның фортификациялық құрылыстардағы атыс құралдарын, ал жекелеген жағдайларда оның жауынгерлік тік-ұшақтарын жою үшін қолданылуы мүмкін.

Гранатаатқыштар бөлімшесі мотоатқыштар батальонының тиімді атыс құралы болып табылады және қарсыластың бүркемеден тыс, ашық окоптарда (траншеяларда) және жергілікті жер қыртыстарында орналасқан адам күші мен атыс құралдарын зақымдау, қапталдарды, түйіскен жерлер мен ойықтарды бүркемелеу үшін арналады.

Гранататқыштар бөлімшесі және танкіге қарсы құралдар бөлімшесі өз міндеттерін дербес немесе бірінші (екінші) эшелон бөлімшелерімен, отшашар бөлімшесімен және броньды топпен бірлесіп орындайды.

Батальонның оқшашар бөлімшесі мотоатқыштар бөлімшелерінің шабуылда табысты жылжуын қамтамасыз ету және олардың қорғаныста бекіністі табанды ұстауы мақсатында қарсыластың адам күші мен атыс құралдарын жою және басу үшін арналған. Одан басқа оқшашар бөлімшесі қарсыластың төмен ұшатын нысаналарын және оның десанттарын әуеде және жерде жою үшін қолданылуы мүмкін.

Батальонның байланыс бөлімшесі бағыныстағы (берілген) бөлімшелерімен тұрақты байланысты орнату және ұстау және басқаруды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ үлкен командирмен (бастықпен) және көршілермен байланысты ұстау үшін арналған.

Батальонды қамтамасыз ету бөлімшелері қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсетуде бөлімшелерге көмек көрсету, бөлімшелердің істен шыққан қару-жарағы мен әскери техникасын эвакуациялауды және ағымдағы жөндеуді жүргізу зымырандар, оқ-дәрілер, жанармай және басқа да әскери мүлікті алу және қорларын толықтыру, оларды бөлімшелерге жеткізу, сауыттар мен атылған гильзаларды жинау және тапсыру, жеке құрамды ыстық тамақпен және сумен қамтамасыз ету үшін арналған.

Батальонның медициналық пункті ұрыс даласынан жаралыларды іздеу, алып шығу (әкету), жаралылар мен науқастарға дәрігерге дейінгі (фельдшерлік) көмек көрсету және оларды одан әрі эвакуациялау үшін дайындау үшін арналған.

Бригаданың қару-жарағы (қысқаша сипаттамасы).

Жаяу әскер жаунгерлік машинасы  БМП-2 

  Машин үлгісі                                                            шынжыр табанды, жүзетін

Жауынгерлік салмағы (кг)                                                 13 000

Экипаж (адам)                                                                    3

Десант (адам)                                                                      8

Қаруы:     30 мм пушка 2А-42                                           1

7,62 мм оқшашар ПКТ                                              1

ТҚБЗ 9П-135М1                                                        1

Атужиынтығы (дана): 30 мм выстрелов                                     500

7,62 мм патрондар                         2000

ТҚБЗ 9М-111, 113                          4

Қозғалтқыш                                                                        УТД-20

Қуаты (а/к)                                                                          300

Жылдамдығы (км/с):  қурлықта                                           65

жүзүде                                             7

Жүруқоры (км)                                                                              550

Жаяу әскер жаунгерлік машинасы БМП-3 

Машин үлгісі                                                            шынжыр табанды, жүзетін

Жауынгерлік салмағы (кг)                                                  18 700

Экипаж (адам)                                                                    2

Десант (адам)                                                                      8

Қаруы:     100 мм пушка 2А-70                                          1

30 мм пушка 2А-72                                           1

7,62 мм оқшашар ПКТ                                               2

ТҚБЗ 9П-135М1                                                         1

Атужиынтығы (дана):         100 мм выстрелов                                       40

30 мм выстрелов                                    500

7,62 мм патрондар                           6 000

ТҚБЗ 9М-111, 113                            4

Жылдамдығы (км/с):  қурлықта                                           70

жүзүде                                              10

Жүрүқоры (км)                                                                              600

Броньдытранспортер  БТР-80

 

Машин үлгісі                                                                      доңғалақта

Жауынгерлік салмағы (кг)                                                 13 600

Экипаж (адам)                                                                    2

Десант (адам)                                                                      8

Қаруы:     14,5 мм оқшашар КПВТ(ІКВО)                       1

7,62 мм оқшашар ПКТ                                              1

Атужиынтығы (дана):         14,5 мм патрондар                         500

7,62 мм патрондар                         2000

Қозғалтқыш                                                                        7403

Қуаты (а/к)                                                                          260

Жылдамдығы (км/с):  жолда                                              80

жолсыздықта                                  45

Жүрүқоры (км)                                                                            600

Танк Т-72

 

Машин үлгісі                                                                      шынжыр табанды

Жауынгерлік салмағы (кг)                                               41 500

Экипаж (адам)                                                                  3

Қаруы:     125 мм пушка Д-81ТМ                                               1

7,62 мм оқшашар ПКТ                                             1

12,7 мм пулемет НСВТ                                              1

Атужиынтығы (дана):         115 мм выстрелов                                    44

7,62 мм патронов                                    2 000

12,7 мм патронов                                     300

Қозғалтқыш                                                                       В-46-6

Қуаты (а/к)                                                                          780

Жылдамдығы (км/с):  жолда                                               60

Жүрүқоры (км)                                                                  700

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!