Реферат
Тақырыбы: Шетел мен Қазақстандағы ДМ фильтрін қолдану. ТВ программа анализінің мазмұны.
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Дәлелді медицинаның әдіснамасын қолдану
- Қорытынды
Кіріспе
Дәлелді медицина-дәрігерлік тәжірбиенің жаңа әдістемесі. ДМ –бұл жаңа ілім емес.Ол Францияда 150 жыл бұрын пайда болған.Қазіргі таңда дәрігерлер дәлелді медицинаны қолдана отырып, науқастарға сапалы, қатерсіз, тиімді медициналық көмек көрсетеді. Әр дәрігер дәлелді медицинаны күнделікті тәжірибесінде қолданады.
Әр нақты клиникалық жағдайда тиімді,қатерсіз және үнемді,қазіргі уақытқа сай,мемлекеттік,аймақтық популяциялық,субпопуляциялық және терапиялық әдістерді өңдеуге мүмкіндік береді.Дәрігерлерге ДМ-ды дамытудағы кездесетін кедергілер.Электрондық қорды пайдалана білмеу
Шет тілді білмеу.
Осыдан 150 жыл бұрын дәлелді медицина пайда болғанда медицина тәжірибелері ғылыммен дұрыс байланыса алмады.Егер себебі анықталса,осы себеп арқылы ем жүргізілді.Осы әдіс АҚШ-та ХХ ғасырда кеңінен жүргізілді.Бұл әдіс инфекциямен күресуге,өлім санын азайтуға үлкен үлесін қосты. 1970 жылы тоқыраудың әсерінен денсаулық сақтау саласы артта қалды.Ал США-да американдықтар көптеген қаржы жұмсап жетістіктерге жетті.Қазіргі кезде дәлелді медицина США-да Айова штатында,Дейвид Кьютер және Висконсин –Медисон университеттерінде оқытылады.
Медициналық тұрғыда негізделген айғақтар – бұл клиникалық зерттеулердегі, сарапталатын және қорытындылайтын методологиялық тіл табысудың құралы болып табылады. Қазіргі кезде клиникалық зерттеулер жасауда сараптама қорытындысы үшін негізделген айғақтардың қажеттігі анық. Яғни, бұл «дәлелді медицина» ұғымына терең көзқарасты меңзейді. «Дәлелді медицинаның» негізгі мағынасы – бұл дәрiгерлiк тәжiрибенiң тек қана пайдалы, сапалы, ғылыми зерттеулерде дәлелдейтiн кiрiсулерiн жеке емделушiнiң емдеуiне қолдану айырмашылығы болатын медициналық практикадағы әдіс. Медицинадағы мәселенің бір түйіні – ол жай алынған жиыннан гөрі, өңдеу мен ақпараттық жинақтаудың терең айғақтарына негізделген деуге болады. Расында, дәрігердің дүниетанымдылығының өзгеруін, айғақтарда негізделген дәрігерлік кодекстің пайда болғанымен дәл айтуға болады. Қызметтік шарттарды және қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы үнемдеуге қол жеткізу үшін дәлелді медицинаны және клиникалық-экономикалық талдауды қолдану арқылы медициналық көмек түрлерін көрсету облысын ретке келтіру мақсатында ережелерді белгілеу және қолдану үдерісін үйлестіру негіз болады.
Дегенмен, дәлелді медицина тек рандомизирленген клиникалық зерттеулердегі анализ нәтижелерімен ғана шектелмейді. Оны медициналық ғылым және денсаулық сақтау ұйымында үйлесімділік жүйесінің жалпы мәселелерінде кез келген салада қолдануы шексіз.
Дәлелді медицинаның методологиялық рандомизирлік клиникалық зерттеулерінің методологияда қолдануында , метаанализдің клиникалық практика үшін алатын орны ерекше, дегенмен, әрбір алынған нәтижеде зерттеуге қатысқан аурулардың сол немесе өзге топқа жататынын естен шығармау керектігін талап етеді.
Клиникалық зерттеулердегі нұсқаулықтардың негізгі міндеттерінің қойылуы дәлелді медицинаның негізгі тұжырымдамаларының мына бағыттарымен байланысты болады:
1) Нақтылы клиникалық ахуалдағы маман-медиктердiң әрекетін сипаттайтын клиникалық ұсыныстардың өңделуi. Мамандардың клиникалық шешiмнiң қабылдануына аурудың жеке ерекшелiктерiн ескеріп арқа сүйеуi керектігі туралы ұсыныс қойылады. Үкімет ұйымдарыда ұсыныстарды құрастырушылар кәсiби дәрiгерлiк қауымдастықтар немесе сарапшылық топ жасаушылары бола алады. Клиникалық ұсыныстардың тәжiрибеге енгiзілуі мол экономикалық эффект ретінде ең алдымен қымбат бағалы аз ақпараттандырылған диагностикалық әдістер мен емдік дәрілердің клиникалық құндылыққа ие болмайтындығын айқындап береді.
2) Мамандандырылған үйретушi программа, анықтама қағаз және электрондық журналдар, кiтаптар және интернет-қорларын шығару. Бұл бағытта көптеген еңбектер жазылып, негізге алынған.
3) Клиникалық тексерілетін зерттеулердiң жүйелi түрде шолуларына деректер қорын құрастыру. Құрылатын деректер қорында ғалымдардың халықаралық бірлестіктерімен жарияланған рандомизирленген және тексерілетін зерттеулерін айқындайтын, жүйелейтiн жалпылама нәтижелерi де кездеседі. Метаанализ көмегімен ғалымдар бұл жағдайда әр түрлi зерттеулерден мәлiметтердi талдау арқылы жинақтайды.
Зерттеулердегі айғақтықтың дәрежесi оның түріне тәуелдi болады.
Сенiмдi ғылыми негізделген нәтижелердi алу үшiн зерттеудiң құрылымының дұрыс жоспарлануы және бiрдей статистикалық талдау жасалуы маңызды болып табылады.
Кокран ынтымақтастығының кітапханасы — TheCochrane library
| Кокран жүйелі шолулардың деректер қоры медицина қызметкерлеріне, зерттеушілерге, пациенттің құқығын қорғаушыларға арналған жаһандық, тәуелсіз желі болып табылады. Сонымен қатар түрлі зерттеулердің арқасында Кокран қорында көптеген нақты мәліметтер көлемі жиналып, олардың денсаулыққа байланысты дәлелді шешімдер қабылдауында пайдасы зор. Бұл – шынайы, қолжетімді медициналық ақпарат беруге арналған, коммерциялық демеушілері және басқа да мүдделі жанжалы жоқ коммерциялық емес ұйым. Ұйымның миссиясы – жоғары сапалы, тиісті, қолжетімді жүйелі шолулар және басқа да синтезделген ғылыми мәліметтерді жасай отырып, денсаулық сақтау саласында шешім қабылдауға жәрдемдесу. |
Ұлыбританияның денсаулық сақтау және медициналық көмекті жетілдіру ұлттық институтының клиникалық нұсқаулығы (NICE) | Науқастарға қарау жөніндегі клиникалық нұсқаулықтар, денсаулықты жақсарту жайлы кеңестер жинақталған тегін ресурс. |
bestpractice.bmj.com Best practice (ақылы ресурс*) | Пациентке консультация берер алдында, беру барысында немесе бергеннен кейін шешім қабылдауды қолдаудың онлайн құралы. Құрылымдық және кезеңдік тәсілмен дәрілік заттар туралы толық ақпаратқа сілтемелер жасалған дәлелдемелері мен ұсынымдары бар сарапшылардың қорытындылары келтірілген ақылы ресурс. |
Британдық ұлттық формуляр (BNF*) (ақылы ресурс) | Британ медициналық қауымдастығы мен Ұлыбритания Корольдік фармацевтикалық қоғамының бірлескен баспасы болып табылады. Дәрілік заттар туралы негізгі ақпараттар (көрсетілімдері, дозалау режимі, бағалары) кіреді. |
www.ncbi.nlm.nih.gov PubMed – NCBI | 24 миллионнан аса MEDLINE биомедициналық әдебиеттерге, ғылыми журналдардың өміріне және онлайн кітаптарға сілтемелері бар. Дәйексөздерде PubMed Central толық мәтінді мазмұнына және веб-сайт шығарушыға сілтемелер болуы мүмкін. |
www.medicinescomplete.com (ақылы ресурс*). | Дәрілік заттар туралы негізгі ақпараттар (көрсетілімдері, дозалау режимі, бағалары) кіреді. |
ATC/DDD Index 2015 WHO Collaborating Centre for Drug Statistics Methodology | *Дәрілік заттардың анатомиялық–терапиялық химиялықжіктемесі (бұдан әрі – АТХ) (Anatomical Therapeutic Chemical, АТС). АТХ жүйесінде ДЗ ХПА қолданылады. АТХ жүйесі бойынша әрбір дәрілік заттардың белгілі бір анатомиялық мүшеге немесе жүйеге әсер етуіне, сондай-ақ оның химиялық, фармакологиялық және терапиялық қасиеттеріне байланысты бес деңгейлі сипаттамасына сәйкес коды болады. |
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы (ДЗСҰО)www.dari.kz | ҚР аумағында медициналық қолдануға және іске асыруға рұқсат етілген, Қазақстан Республикасында тіркелген барлық отандық және шетелдік дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техникалардың мемлекеттік тіркелімі ұсынылған. |
Қорытынды
Дәлелді медицинаның дамуы нәтижесінде көптеген медицина салаларына бірнеше өзгертулер енгізіледі. Дәлелді медицина орталықтарында мамандары жүргізген зерттеулер нәтижесінде бірнеше препараттар тиімділігі дәлелденіп келеді. Осыған қарап қазіргі заманда дәлелді медицина орталықтары мен мамандары ауадай қажет және оларсыз ғылымның алға дамуы қиындайды.
ҚР дәрігерлері дәлелді медицинаны пайдалануы:
ҚР дәрігерлері дәлелді медицинаны пайдалана және қолдана отырып созылмалы дерті бар науқастар диспансеризациясының жаңа ережесі бойынша негізін дайындады.Осы диспансеризацияны қалағаннан кейін созылмалы дерттер азая бастады.
15.06.2009. жылы Алматыда Орталық Азия аймағында алғашқы рет дәлелді медицина орталығы ашылды.Бұл орталық тек Қазақстанда ғана емес,бүкіл Азия елдеріндегі алғашқы орталық.Яғни осы дәлелді медицина орталығы дәрігерлердің өзінің жұмыс орнында отырып интернет арқылы осы инситутта білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.Ол АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің көмегімен ашылды.Бұл роталықта дәрігерлер артериялық гипертензияны дәлелдейді.Болашақта орталықта өзге ауру түрлері бойынша да мамандар Алматыға келіп әуре болмай өздерінің аудан орталықтарында және ауылдарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алады.