Сабақ жоспары

Сабақ жоспары

1.7 Оқытушылар туралы жалпы мәлімет

Гистология, Цитология және Эмбриология кафедрасы

Кафедраның  меңгерушісі,   профессор  Кикимбаева Айсулу Айтыкеновна, биология ғылымдарының  докторы, ұстаздық стажы –  32 жыл

Ғылыми жұмыс саласы:  Адам  ұйқыбезінің  және бауырдың  морфологиясы.

Ғылыми мектебі:  докторлық диссертация тақырыбы: «Қант диабетінің әр түрлеріндегі ұйқыбез, бауыр және гипоталамус нейросекреторлы жасушалардың  құрылымдық-қызметтілік өзгерістері және олардың алдын алу жолдары»,  Алматы қаласында 2008 жылы профессор  Г.Г.Мейрамовтың жетекшілігімен қорғалған. 123 ғылыми жұмыстардың авторы.  2 медициналық ғылымдарының магистрін дайындады. Қазақ тілінде дәріс оқиды,  қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.

– аға оқытушы Исаева Земфира Кахаровна, ұстаздық стажы –  32 жыл.

Ғылыми жұмыс саласы: Адам тінінің филогенезі. 23 ғылыми жұмыстардың авторы. Қазақ тілінде дәріс оқиды, қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізеді

– аға оқытушы Тулиева Алия Молдабаевна, медицина ғылымдарының магистрі, ұстаздық стажы – 7 жыл. 17 ғылыми жұмыстардың  авторы. Қазақ, орыс тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтарды орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді.

– аға оқытушы Қошыбаева Құралай Төлеуғажиновна, ұстаздық стажы –6 жыл. 6 ғылыми жұмыстардың  авторы.  Қазақ тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтарды орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді.

– оқытушы Қожахметова Ұлжан Абдуллаевна, ұстаздық стажы – 5 жыл. Тәжірибелік сабақтарды қазақ және орыс  тілдерінде жүргізеді.

– оқытушы Боксенова Салтанат Қайырбековна, жаратылыстану ғылымдарының магистрі. 10 ғылыми жұмыстардың  авторы.  Тәжірибелік сабақтарды қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

– оқытушы Тлеубекқызы Перизат, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, ұстаздық стажы – 1 жыл, 10 ғылыми жұмыстардың  авторы. Тәжірибелік сабақтарды сабақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.

– оқытушы Қасымова Ботагоз Елубаевна, педагогика ғылымдарының магистрі, 2 ғылыми жұмыстардың  авторы. Тәжірибелік сабақтарды сабақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.

1.8  Байланыс  ақпараты:

Оқу кестесіне сәйкес  сабақтар гистология, цитология және эмбриология  кафедрасында өткізіледі .  «АМУ» АҚ, №49 корпус, Бейбітшілік көш., 49,  телефон:  53-94-29

1.9 Пәннің  саясаты

Студенттер гистология, цитология және эмбриология кафедрасына оқу кестесіне сәйкес  дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей келуге міндетті.

Студентте болуы тиіс: ауыстырып киетін аяқ-киім, медициналық ақ халат және колпак, гистологиялық препараттардың, сызбалардың, электронды микросуреттердің суретін салу үшін альбом және түрлі-түсті қарандаштар, дәріс жазатын дәптер  және қаламсабы.

Әрбір  студент аудиторияда болған уақытта кафедра мүлкіне (жиҺаз, интерактивті тақта, теледидар, микроскоптар, препараттар және т.б.) залал келтірген және шығын үшін жауапты.

Дәрістердің, практикалық сабақтардың және емтиханның кезінде студенттерге ұялы телефон, смартфон және басқада аудио, видео аппаратуларды пайдалануға тиым салынады.

Оқу нәтижелерінің бақылау және бағалануы «АМУ» АҚ қабылданған бірыңғайлау рейтинг әдісі бойынша өткізіледі. Оған кіреді:  күнделікті, аралық бақылау, СӨЖ және қорытынды-емтихан.

Гистология кафедрасында білімді бағалаудың қорытынды әдістеріне жатады: студенттердің өзіндік жұмыстары барысында орындалған ағзалар мен тіндердің гистологиялық препараттардың микроскопиялауы, электроннограмма және сызбалардың тапсырмаларын зерттеуі, тестілеу және    жағдаяттық тапсырмалардың шешуі, ауызша сұрауы, гистологиялық препараттардың диагностикасы және электрондық микросуреттердің диагностикалауы, тестілеу.

Студенттер СӨЖ тапсырмаларын күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыру керек. Өз уақытында тапсырма орындалмаса студентке «0» (нөл) балл қойылады және оны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Егер себепті болған жағдайда студент СӨЖ-ді мерзімінде орындай алмаса, онда ол деканаттан себебі көрсетілген рұқсатнама әкеліп 2 аптаның ішінде өтеуі тиіс.

Күнделікті және аралық бақылау кафедрада  өткізіледі. Қорытынды бақылау 2-кезеңде өткізіледі: 1-ші кезең (практикалық дағдылар) – гистологиялық препараттарды диагностикалау және жағдаяттық  тапсырмалардың шешімін табу;

2-ші кезең (теория) – ауызша тапсыру. Емтиханға СӨЖ, дәрістер және тәжірибелік сабақтардан қарыздары жоқ, жіберілу рейтингісі 50% кем емес студенттер жіберіледі.

Студенттердің дәріс және практикалық сабақтарға кешігіп келуі, сабаққа катыспауы және жоғарғы аталған талаптар орындалмауы жағдайда деканатқа хабар беріледі.

Себепті жіберілген СӨЖ, дәріс және  тәжірибелік  сабақтары толық өтелуі тиіс.

Себепсіз жіберілген дәріс  үшін баллдар шегеріледі. (әр келмеген сабаққа –минус 1 балл)

2.Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Анатомия, гистология және физиология тіршілік процесстердің  құрылымдық және функциянальді қалыпты ұйымдасуы туралы жасушалық, ағзалық және  жүйелі деңгейлерде фундаментальді теориялық білімдерді студенттерде   қалыптастырады. Олардың даму заңдылықтарын  айқындайды, осыған байланысты  оларға мақсатты түрде әсер етуін  мүмкіншілігін тудырады.

2.2 Пәннің мақсаты:

Жасушалық және жүйелі дейгейлерде тіршілік процесстердің құрылымдық және функциянальді  қалыпты ұйымдасуы  туралы фундаментальді териялық білімдерді қалыптастыру. Клиникалық кафедраларда дәрігердің кәсіптік дағдыларын меңгеруінің әрі қарай жетікті оқытуын қамтамасыз ететін олардың даму заңдылықтарын қалыптастырады. 

2.3 Пәннің міндеттері:

  • Өмірдің әр түрлі жас кезеңдері ағзалар құрамындағы тіндер гистогенезін, құрылысын, гистофизиологиясын және регенерациясын жалпы зандылықтарын анықтап білуін үйрету;
  • Әр түрлі ағзалар құрамындағы дің жасушалар мен олардың орналасуы  туралы түсінікті қалыптастыру;
  • Ә р түрлі ағзалар тіндерінің құрылыс ерекшеліктерін анықтай білуін үйрету;
  • Ағзалар құрамындағы тіндердің микроскопиялық деңгейде зерттеу

дағдыларын және ептіліктерін қалыптастыру. 

2.4  Оқытудың  соңғы нәтижелері : 

     А. Білуге және түсінуге тиісті:

  • нерв жүйесі ағзаларының гистологиялық құрылымын және қалпына келуін;
  • сезім ағзаларының гистологиялық құрылымын;
  • эндокринді жүйенің гистологиялық құрылымын және эндокринді ағзалардың эмбриональді даму заңдылықтарын;
  • жүрек және қантамырлардың гистологиялық құрылымын;
  • иммунды қорғаныс жүйе және қан жасаушы ағзалардың гистологиялық құрылымын;
  • асқорыту жүйесінің гистологиялық құрылымын;
  • бронхтар мен өкпенің гистологиялық құрылымын, респираторлы бөліктің және тыныс алу жолдары қабырғасының құрылымдық компоненттерінің өкпенің тыныс алу қызметінде атқаратын ролін;
  • несеп шығару мен жыныс жүйелерінің гистологиялық құрылымдарын;

В. Білімдерді және түсініктерді қолданып, білуге тиісті:

  • микропрепараттарда микроскопиялық деңгейде нерв жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің құрылысын айыра білуді.
  • микропрепараттарда микроскопиялық деңгейде сезім ағзаларының әртүрлі бөлімдерінің құрылысын айыра білуді.
  • микропрепараттарда эндокринді жүйесі тіндерінің жасушалық құрамдарын микроскопиялық  және ультрамикроскопиялық деңгейде айыра білуді;
  • микропрепараттарда жүрек және қантамырлардың тіндік , жасушалық және жасушаемес құрылымдарын айыра білуді;
  • иммунды қорғаныс жүйенің және орталық және шеткі қан жасаушы ағзаларының құрылымдық құрамын айыра білуді;
  • микропрепараттарда асқорыту жүйесі тіндерінің жасушалық құрылымдарын айыра білуді;
  • микропрепараттарда бронхтар мен өкпенің тіндік , жасушалық және жасушаемес құрылымдарын айыра білуді;
  • микропрепараттарда бүйрек, несеп  шығару  жолдары мен жыныс ағзалары тіндерінің жасушалық және жасушаемес құрылымдарын айыра білуді; 

 С. Дағдыларды меңғеріп алуға міндетті:

  • ағзалардан дайындалған гистологиялық препараттарды микроскопиялық зерттеуін;
  • гистологиялық препараттарды диагностикалауды және суреттерін салуды;
  • хаттама құрастыруды.
  1. Қабілеттілікті көрсету және білуге тиісті:
  • зерттелінетін объектілердің құрылысын және функциясын гистохимиялық ерекшеліктерін микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде түсіндіруді;
  • ағзалардың гистологиясы және гистофункциясы туралы алған білімін клиникада диагнозды дұрыс қоюға және аурудың алдын алуға мүмкіндік беретіндігін.
  • интернетті қолдануды, отандық заманауи және шетел әдебиеттерімен жұмыс істеуді.

Е. Коммуникативтік қабілетіліктері болуға тиісті:

  • пән аралық топтарда жұмыс істей білуге;
  • өзінің зерттеулерін және әдебиеттердегі ізденісінің нәтижесін медицина және биология саласы мамандарына жеткізе білуге. 

2.5 Реквизитке дейінгі:  анатомия, физиология.

2.5 Реквизиттен кейінгі: патологиялық анатомия, патологиялық физиология 

2.6 Пәннің  қысқаша мазмұны

Пән мазмұны, гистология, цитология және эмбриологияның  ғылым ретінде дамуы. Ғалымдардың қосқан үлесі. Зерттеу әдістері.  Гистологияның басқа пәндерімен байланысы. Жасуша –  тіннің негізгі құрылымдық компоненті. Адам эмбриологиясы. Тін туралы ұғым. Эпителий, қан және лимфа, қанның түзілуі, дәнекер, қанқа, бұлшықет және  нерв тіндері.  Сезім ағзалары.

2.7  Тақырыптық жоспар

2.7.1  Дәріс тақырыптарының жоспары

Дәріс тақырыптарыӨткізу түріСағатыАпталар
1.Нерв жүйесі. Жұлынның сезімтал түйіндерінің гистологиясы. Жұлынның гистологиясы.Шолу дәрісі11
2Мишық. Бас миының  үлкен жарты  шарлар қыртысының гистологиясы.Шолу дәрісі12
3.Көру және иіс сезу ағзаларының гистологиясы.Шолу дәрісі13
4Есту,  тепе-тендікті сақтау және дәм сезу ағзаларының гистгологиясы.Шолу дәрісі14
5.Жүректің  гистологиясы. Балалардағы ерекшеліктері. Эластикалық, эластикалық-бұлшықетті және бұлшықеттік артериялардың гистологиялық құрылысы. Балалардағы ерекшеліктері.Шолу дәрісі15
6Веналар: бұлшықетті және талшықты веналар қабырғаларының құрылысы мен тіндік құрамы. Қақпақша аппараты бар веналарының ерекшеліктері. Жасқа байланысты ерекшеліктері. Микроциркуляциялық арна.Шолу дәрісі16
7Сүйек қызыл кемігінің және айырша бездің гистофизиологиясыШолу дәрісі17
8Көкбауырдың және лимфатикалық түйіндерінің гистофизиологиясы.Шолу дәрісі18
9Эндокринді жүйе ағзаларының жалпы морфо-функциональдік сипаттамасы. Энндокринді жүйе  ағзаларының  жіктелуі. Гипофиздің гистологиясы.Шолу дәрісі19
10Қалқанша және қалқаншамаңы бездерінің гистофизиологиясы. Бүйрекүсті бездің гистофизиологиясы.Шолу дәрісі110
11Ауыз қуысының және оның туындыларының сілемейлі қабықшасының гистофизиологиясы. Өнештің гистофизиологиясы.Шолу дәрісі111
12Асқазанның, жіңішке ішектің сілемейлі қабықшасының   гистофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері.Шолу дәрісі112
13Ұйқыбездің морфо-функциональдік сипаттамасы. Асқорыту процесінің гистофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері. Бауырдың морфо-функциональдік сипаттамасы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.Шолу дәрісі113
14Тыныс алу жүйесі ағзаларының жалпы морфо-функцияльдік сипаттамасы. Балалардағы ерекшеліктері. Өкпеден тыс және өкпеішілік тыныс алу жолдары. Балалардағы ерекшеліктері.Шолу дәрісі114
15Өкпелер. Респираторлық бөлім. Ацинус. Жасқа байланысты ерекшеліктері. Тері және оның туындылары.Шолу дәрісі115
16Несеп шығару жүйесінің гистофизиологиясы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.Шолу дәрісі116
17Аталық жыныс жүйесі. Жасқа байланысты ерекшеліктері.Шолу дәрісі117
18Аналық жыныс жүйесі. Овариалды-менструалды цикл. Жасқа  байланысты ерекшеліктері.Шолу дәрісі118
Барлығы:18 

2.7.2 Практикалық сабақ тақырыптарының  жоспары:

Практикалық сабақтардың тақырыптарыӨткізудің түрі.СағатыАпталар
1Жұлын түйіні, шеткері нерв. Жұлын.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу41
2Мишық. Бас миының үлкен жарты шарларының қыртысыМикропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу42
3Көру және иіс сезу ағзаларының гистологиясы. Есту, тепе-тендікті сақтау және дәм сезу ағзаларының гистологиясы.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу43
4Аралық бақылау1-3 сабақтың материалы бойынша. Ауызша сұрау, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу44
5Жүректің гисто- және органогенезінің негізгі кезеңдері. Жүрек қабықшалары және олардың тіндік құрамы. Жүректің өткізгіш  жүйесінің морфо-функционалдық ерекшеліктері. Артериялық тамырлардың даму көздері. Артерия қабықшаларының тіндік құрамы. Қан тамырларының ағзада орналасуына және жасқа байланысты өзгерістері.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу45
6Веналардың даму көздері, жіктелуі. Микроциркуляциялық арна тамырлары. Капиллярлар қабырғасының құрылысы және капиллярлардың жіктелуі.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу46
7Постнатальдік кезеңіндегі орталық және шеткері қанжасау ағзаларының гистологиясы.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу47
8Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің морфофункционалдық сипаттамасы. Эндокринді жүйенің орталық және шеткері бөліктерінің  жіктелуі.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу48
9Қалқанша және қалқаншамаңы бездерінің морфо-функционалдық сипаттамасы. Бүйрекүсті бездері.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу49
10Аралық бақылау4-9 сабақтың материалы бойынша. Ауызша сұрау, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу410
11Постнаталдық кезеңіндегі асқорыту жүйесі бөліктерінің морфо-функционалдық сипаттамасы. Асқорыту жүйенің алдыңғы бөлігі ағзаларының морфофункционалдық сипаттамасы.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу411
12Асқорыту жүйенің ортаңғы бөлігі ағзаларының морфофункционалдық сипаттамасы.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу412
13Ұйқыбездің және бауырдың морфофункционалдық сипаттамасы.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу413
14Постнаталдық кезеңіндегі тыныс алу жүйесінің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы.  Өкпеден тыс және өкпеішілік ауа өткізу жолдарының гистологиясы. Респираторлық бөлімінің гистологиясы. Тері, терінің туындылары. Терінің тыныс алуға қатысуы.7-13 сабақтың материалы бойынша. Ауызша сұбхаттасу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу414
15Постнатальдық кезеңіндегі бүйректің, несеп шығару жолдарының және қуықтың гистологиялық құрылысының ерекшеліктері. Нефронның гистологиясы. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктері.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу415
16Постнаталдық кезеңіндегі аталық жыныс жүйесі ағзаларының гистологиялық құрылысының ерекшеліктері.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу416
17Постнаталдық кезеңіндегі аналық жыныс жүйесі ағзаларының гистологиялық құрылысының ерекшеліктері.Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу417
18Аралық бақылау11-18 сабақтың материалы бойынша. Ауызша сұрау, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу418
Барлығы:          72 

2.7.3 Суденттердің өзіндік жұмыс  (СӨЖ) жоспары:. 

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптарМерзіміСағат 
1Балалардың нерв жүйесінің морфофункциялық сипаттамасы.қырқүйек5 
2Анаплизаторлар  ілімі жарығындағы сезімтал ағзалардың жалпы сипаттамасы. Рецепторлы жасушалар және рецепцияның механизміндері.қырқүйек5 
3Көздің көмекші аппараты. Дәм сезу ағзасы.

 

қырқүйек3 
4Жүректің өткізгіштік жүйесінің морфофункциялық ерекшеліктері.қазан5 
5Постнатальдық кезеңдегі жүрек, артериялар және веналар қабырғаларының құрылысы.қазан3 
6Постэмбриональді  иммуноцитопоэз.

 

қазан5 
7Диффузды эндокринді жүйе.

 

қараша3 
8Өт қабы мен өт жолдарының гистофункциялық ерекшелігі.қараша3 
9Жаңа туылған баланың (тірі немесе өлі туылған бала) өкпесінің гистологиялық құрылысы. Постнатальдық кезеңдегі өкпенің дамуы және құрылысының өзгеруі.қараша5 
10Постнатальдық кезеңдегі терінің құрылысы.желтоқсан3 
11Постнатальдық кезеңдегі бүйректің гистоморфологиялық сипаттамасы.желтоқсан5 
Барлығы:  45 45

 Консультация уақыты

Ф.И.О.ДүйсенбіСейсенбіСәрсенбіБейсенбіЖұма
1Кикимбаева А.А.  12.00 – 14.00  
2Исаева З.К. 14.00-16.00 14.00-16.00 
3Тулиева  А.М14.00-16.00 14.00-16.00  
4Қошыбаева Қ.Т 15.00-18.00 15.00-18.00 
5Кожахметова У.А.15.00-18.00 14.00-16.00  
6Дуйсеков А.Т. 14.00-16.00  14.00-16.00
7Кожахметова У.А.14.00-16.00  14.00-16.00 
8Боксенова С.Қ. 14.00-16.00  14.00-16.00
9Тлеубеккызы П.  14.00-16.00  
 Қасымова Б.Е.     

2.8. Суденттердің өзіндік жұмыс  (СӨЖ) тапсырмалары.

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптарТапсырма
1.Балалардың нерв жүйесінің морфофункциялық сипаттамасы.Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау, реферат
2.Анаплизаторлар  ілімі жарығындағы сезімтал ағзалардың жалпы сипаттамасы. Рецепторлы жасушалар және рецепцияның механизміндері.Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау, реферат
3.Көздің көмекші аппараты. Дәм сезу ағзасы.

 

Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау, реферат
4Жүректің өткізгіштік жүйесінің морфофункциялық ерекшеліктері.Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау, реферат
5.Постнатальдық кезеңдегі жүрек, артериялар және веналар қабырғаларының құрылысы.Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау, реферат
6Постэмбриональді  иммуноцитопоэз.

 

Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау, реферат
7Диффузды эндокринді жүйе.

 

Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау, реферат
8Өт қабы мен өт жолдарының гистофункциялық ерекшелігі.Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау, реферат
9Жаңа туылған баланың (тірі немесе өлі туылған бала) өкпесінің гистологиялық құрылысы. Постнатальдық кезеңдегі өкпенің дамуы және құрылысының өзгеруі.Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау, реферат
10Постнатальдық кезеңдегі терінің құрылысы.Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау, реферат
11Постнатальдық кезеңдегі бүйректің гистоморфологиялық сипаттамасы.Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау, реферат

2.10  Оқыту әдістері

Дәрістер:  шолу және проблемді, интеграцияланған.

Практикалық сабақтар: Гистологиялық препараттарды микроскопиялау және суретін салу, электронды микросуреттерді оқу, жағдаяттық есептердің шешімін табу және тестердің сұрақтарына жауап беру, мультимедиялық базалар мәліметтерімен, компьютерлік  модельдермен және бағдарларымен жұмыс жасау. Кіші топтарда жұмыс жасау: түрлі жағдайларды талдау және талқылау, ситуацияларды  модельдеу.

Студенттердің өз бетінше  жұмыс жасауы: Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын   бағдарларымен жұмыс жасау; жағдаяттық есептердің шешімін табу, тест тапсырмаларының шешімін табу, рефераттардың дайындауы және қорғауы, кеңес беру.

2.11 Білімдерді бағалауының критерийлері және ережелері:

Ағымдық бақылау: Тестілеу, ауызша сұрауы, жағдаяттық есептердің шешімін табу, студенттердің гистологиялық препараттарды микроскопиялау, электрондық микросуреттерді және сызбаларды орындауындағы берілген тапсырмаларды тексеру.

Аралық бақылау: тестілеу , ауызша сұрауы, жазбаша бақылау.

Қорытынды бақылау: Емтихан 2-кезеңде өткізіледі: 1)гистологиялық препараттарды диагностикалау және жағдаяттық  тапсырмалардың шешімін табу; 2)  ауызша сұрауы, аралық бақылаудың нәтижелері бойынша, СӨЖ тақырыптарының сұрақтарын қосқанда.

Оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі

Білім алушыларды дәстүрлі бағалау шкаласымен қоса     

Әріптік жүйе бойынша бағалауБаллдың цифрлық  эквивалентіПайыздық мазмұныДәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А4,095-100Өте жақсы
А-3,6790-94
В+3,3385-89Жақсы
В3,080-84
В-2,6775-79
С+2,3370-74Қанағаттанарлық
С2,065-69
С-1,6760-64
D+1,3355-59
D1,050-54
F00-49Қанағаттанарлықсыз

 

БаллыАуызша сұрау.
100 баллИнтерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде  студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Жауап толық, әрі дұрыс. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Спецификалық терминологияның негізгі терминдерін тірекке ала отырып, өз ойын сауатты, еркін жеткізе алады. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге  қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды; аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын. Емдеудің классикалық түрлерін жүргізуге  мүмкіндік болмаған жағдайда өзіндік көзқарасын білдіріп, емдеудің өзге де тәсілдерін ұсына алады.

90 баллИнтерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде  студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді. Деректерді бағалай біледі, өздігінен ақылға салады, қорытындыны негіздеуге қабілеттілігімен ерекшеленеді және оларды логикалық бірізділікпен түсіндіреді, бірақ жалпы мінездемелерде кейбір қателер жібереді, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде өзін жоғары деңгейде көрсетті. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар, мақалалар) терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге  қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.

85 баллИнтерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде  студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді,  бірақ кейде теориялық қорытындыларды негіздей алмайды  және логикалық негіздемелерді бере алмайды, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде жақсы деңгейді көрсетті, негізгі және қосымша материалдарды (басқа оқулық)  пайдаланады. Студент сұраққа сенімсіз жауап береді. Кейде  қателер жібереді және өзі түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып,  талдай алады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Логикалық, клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.
80 баллИнтерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде  студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды  жақсы меңгергендігін көрсетті. Бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі біліммен  жақсы меңгергендігін көрсетеді, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады, өзінің көзқарасын жеткізе алады. Студент қателер жібереді және оқытушының жаңа сұрақтар қоюы арқылы түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып,  талдай алады.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.

75

балл

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, талқыланатын сұрақтар туралы түсінігі жоқ, пайымдауда қателер жібереді, осыған қатысты бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі білім деңгейінің жақсы екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады. Студент маңызы жоқ қателер жібереді және оқытушының көмегімен түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін нақты сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Тек қана оқытушының көмегімен аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті айқын.

70 баллИнтерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде орташа білім деңгейін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының белсенді қатысуы арқылы түзетуге болатын маңызы жоқ қателер жібереді. Студенттің меңгерген материалдары алдағы оқуына жеткілікті, студент негізгі әдебиет бойынша білімін көрсетті. Нақты мысалдар келтіргенде білімін еркін қолдану оған қиынға соғады. Практикалық машықтарды орындаудың техникасы мен әдістерін біледі. Тақырып бойынша сұрақтарды талқылауда белсенді емес.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін бөлшектеп сипаттап, дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық емес.

  
60 баллИнтерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды терең түсінбейді, логикалық ойларын негіздей алмайды, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті толық емес деңгейде пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының көмегімен кейбір бөлігін ғана түзете алатын маңызды қателер жібереді, практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді (кейбір кезеңдерді білмейді). Практикалық машықтарды  қорытындылауды білмейді және тұжырымдай алмайды.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады, тексерудің қосымша әдістерін баяндай алмады. Дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге жасай алады, аурудың этиологиясы, патогенезі жөніндегі мәліметтерді толық қолдана алмады, болжаммен анықтады. Клиникалық ойлауды меңгермеген.

50 баллИнтерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды талдауда белсенділік танытпады,  сондықтан бұрынғы оқыған  пәндердің материалдарын нашар меңгеріп, білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті толық көлемде пайдалана алмайды. Жауабы толық емес, қателері көп,  оқытушының жаңа сұрақтарынан кейін де кейбір қателерді түзете алмайды.  Практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді. Қорытынды жасай алмайды, сонымен бірге зерттеудің нәтижесін де сипаттай алмайды.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін, қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады және дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасай алмады. Диагноз қоюды бөлшектеп сипаттады. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге ғана жасай алады, түрлі аурулардың этиологиясы, патогенезі туралы мәліметтерді толық қолдана алмады, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ.

0 баллСтудент сұраққа жауап бергенде тақырып бойынша білімінің жоқтығын  көрсетті. Практикалық машықтарды білмейді. Жауап бере алмайды.

РРБ-на әрбір себепсіз қатыспағаны үшін 1 балл шегеріледі.

Білім алушылар рейтингісінің бағасы ағымдық және аралық бақылаудың бағаларынан құралады.

Пән бойынша рейтинг келесі формуламен есептеледі:

РРБ=(АББх0,5 +РББх0,3 + СӨЖх0,2)

РРБ- рұқсат рейтингісінің бағасы. Сабаққа немесе емтиханға рұқсат рейтингінің бағасы.  Бұл практикалық сабақтан, аралық бақылаудан алған және СӨЖ- ден алған балының орташа көрсеткішін есептегендегі алынған орташа бағасы.

АББ – практикалық сабақтан алған орташа баға (ағымдық бақылаудың бағасы) СӨЖ – СӨЖ- дің орташа бағасы

Рұқсат рейтингісі-студенттің қорытынды бағасы,  кемінде 50 балл болуы керек.

Рұқсат рейтингісінде 50 балдан төмен болса, қорытынды баға есептелмейді.

Білім алушылардың семестрлік балы 50 не одан жоғары болса емтиханға кіруге рұқсат беріледі.

Пән бойынша қорытынды бағаға рұқсат рейтингісінің және қорытынды бақылаудың бағалары қоса есептеледі. Қорытынды бағаны есептегенде әрбір компоненттің үлесі есептеледі:

рұқсат рейтингісінің бағасы – 60%-ды құрайды, қорытынды бақылаудың бағасы – 40%-ды құрайды.

Білім алушының пән бойынша (ҚБ) академиялық рейтингісі білім алушы рұқсат рейтингісінен де, қорытынды бақылаудан да оң баға алған жағдайда ғана есептеледі. (ҚБ) есептеуде емтихан қабылдаушы келесі формулаға сүйенеді:

ҚБ = РРБ*0,6 + ҚББ*0,4 

Қорытынды бақылау 2- кезеңде өткізілген жағдайда 1 және 2- кезеңдегі емтихан бағалары ведомостың тиісті графаларына жеке-жеке қойылады және ҚБ келесі формулаға сәйкес есептеледі:

                   ҚБ= РРБ* 0,6 +(ҚББ1 + ҚББ2)/2* 0,4 

Пәндер бойынша ҚБ қорытынды бақылаудың әрбір кезеңдері бойынша  тек оң баға (ҚББ≥50 бал) алған жағдайда ғана есептеледі.

Аттестация кезеңдерінің бірінде қорытынды бақылаудан (ҚБ) қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қорытынды баға (ҚББ) есептелмейді.

ГИСТОЛОГИЯ, ЦИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭМБРИОЛОГИЯ

КАФЕДРАСЫНДАҒЫ РЕФЕРАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРЫ МЕН

СӨЖ   БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ 

                                     Рефератқа  қойылатын талаптар 

1) Титулды парақ: жоғарғы  жолда жеке сөйлемдермен ЖОО, кафедраның атауын, парақтын ортасында  рефераттың тақырыбын (үлкен әріппен) жазу керек. Реферат тақырыбының  астында – факультетті, курсты, топты және орындаушының аты-жөнін, сондай-ақ тексеруші оқытушының аты-жөнін жазу керек.  Парақтың төменгі жолында қаланы және жылды жазу керек. Титулды парақтың безендіруі студенттің қалауына қойылады.

2) Реферат жоспары (екінші парақта жазылады) – кіріспе, рефераттың қорғауына қолданылатын үш ережеден тұратын  негізгі бөлім, тұжырым, қорытынды, әдебиеттің тізімін (пайдаланылған парақтарды көрсету). Реферат құрастырылған жоспарға сәйкес болу керек.

3) Көлемі – компьютермен терілген мәтін  6-8 парақ, «Times New Roman» шрифті 12-ші кегілмен, 1,0  интервалымен жазылу керек. Парақтың сол шеті – 3см., үстіңгі және астыңғы шеттері – 2см. Егерде реферат қолымен жазылса (оқытушының келісімімен) – 12-16 парақ. Сызбалар, таблицалар, диаграммалар, суреттер, реферат бойынша графиктер – қосыла есепке алынады.

4) Сауаттылығы: грамматикасы, пунктуациясы, стилистикасы, терминологиясы мұқият тексерілген болу керек.

5) Мәтінде әдебиеттің түпдеректеріне сүйену туралы: әдебиеттің түпдеректерін міндетті түрде дұрыс пайдалану. Келтірілген әдебиет тізімі бойынша мәтінде пайдаланылған түпдерек нөмірінің реттілігі текшелі тік жақшаларда [**] көрсетіледі.

6) Әдебиеттер тізімі: 3-5 қазіргі заманның әдебиеттерінің  көзі болу керек. Интернет сайтынан мәліметтер оқытушының келісімі болғанда ғана алынады. Қолданылған монографиялардың, еңбекжинақтарының, жорналдардағы мақалалардың  және басқа жарияланымдардың тізімі библиография ережелеріне сәйкес беріледі.

7) Алдын-ала алынған тақырыпқа кез-келген еңгізілген өзгеріс оқытушымен келісіледі.

Рефератты бағалау критерийлері

«О» балл  қойылады: реферат болмаса, рефераттың жазылуында                     принципиальді қателер, рефераттың жоспарының сұрақтары толық ашылмаса, оқытушының келісімісіз, тақырып өзгертілсе, реферат толықтыруға қайтарылады.

«50-74» балл қойылады, егер төменде көрсетілген пункттарға сәйкес болса:

1) Рефераттың көлемі жеткілікті;

2) Жұмысты безендіруде елеусіз қателіктер;

3) Рефераттың таңдалған тақырыбына сәйкестігі;

4) Тақырыптың  сұрақтары толық ашылған;

5) Материалдың баяндауында сауаттылығындағы және бірізділігіндегі елеусіз ауытқулар;

6) Түпдеректер қарапайым түрде келтірілгенде, яғни материал өзбетінше талдалмағанда;

7) Материалды ауызша түрде  баяндағанда және  және рефератты қорғағанда сұрақтарға жауап берген кезде елеусіз қиындықтар болса;

8) Жұмысты қорғауға берілген уақыттан -5 минуттан ауытқуы.

«75-89» балл қойылады, егер төменде көрсетілген пункттарға сәйкес болса:

1) Рефераттың көлемі жеткілікті;

2) Жұмысты безендіруде жеке қателіктер;

3) Рефераттың таңдалған тақырыбына сәйкестігі;

4) Тақырып бойынша барлық қойылған сүрақтары тереңімен ашылған;

5) Жұмыс жоспарына сәйкес материал сауатты және бірізділігмен берілген;

6) Жүмыста түпдеректердің материалын бергенде жекелеген өзбетінше талдау және интерпретациялар болғанда;

7) Материалды ауызша баяндағанда және реферат тақырыбы бойынша қойылған сұрақтарға  толық немесе жартылай жауап беру

8) Рефератты ауызша қорғаған кезде баяндама материалын сауатты ұсынылуы, берілген сұрақтардың көбісіне дүрыс жауап беру;

9) Жұмысты қорғауға берілген уақыттан -5 минуттан елеусіз ауытқуы.

«90-100» балл қойылады, егер төменде көрсетілген пункттарға сәйкес болса:

1) Рефераттың көлемі жеткілікті;

2) Жұмыс безендіруінде жекелеген дәл еместігі;

3) Таңдалған тақырыбына рефераттың сәйкестілігі;

4) Тақырып барлық сұрақтарының максимальді толығымен  ашылуы;

5) Жұмыс жоспарына сәйкес материал сауатты және бірізділігмен берілген;

6) Жұмысты орындағанда түпдеректер зерттеген материалдың салыстырмалы анализ негідерін келтіргенде, өзбетінше қорытындыларды және интерпретацияларды жасағанда;

7) Материалды ауызша баяндағанда  сауатты ұсыну;

8) Қосымша көрнекі материалды қолдану (сызбаларды, таблицарды, суреттерді, диаграммаларды, графиктерді). Өзбетінше орындаған көрнекі материалында сауатты хабарда болу;

9) Жүмысты қорғаған кезде қойылған сұрақтардың көпшілігіне түпдеректерге сүйене отырып сауатты жауап беру;

10) Рефераттың  қорғауына берілген уақытынан асырмау- 5минут;

11) Материалды  көпшілік алдында  баяндаған кезінде

кафедра,  кафедрааралық, универститеттік, (пленарлық) СҒК отырыстарында

  1. Пән бойынша толтырылған альбомның бағалау критерийлері

« балл гистология  альбомына (оқытушының қалауына) қойылады, егерде:

1) альбомы болмаса;

2) альбомды ұқыпсыз ұстаса;

3) суреттердің 20%-ы болмаса;

4) суреттердің сапасы төмен, атаулары және белгілеулері жоқ болса.

«50-74» балл гистология  альбомына қойылады, егерде:

1) альбом ұқыпсыз ұсталса;

2) суреттердің 10%-ы болмаса;

3) суреттердің сапасы төмен, атаулары және белгілеулері  дұрыс емес және толық болмаса;

4) барлық суреттерге оқытушының қол таңбасы қойылған.

«75-89»  балл гистология  альбомына қойылады, егерде:

1) суреттердің бірлі-жарымы болмаса;

2) суреттері сауатты салынған, атаулары және белгілеулері  болса;

3) барлық суреттерге оқытушының қол таңбасы қойылған.

 «90-100»  балл гистология  альбомына қойылады, егерде:

1) салынған суреттердің  жиынтығы толық, атаулары және белгілеулері максимальді нақтыланған;

2) барлық суреттерге оқытушының қол таңбасы қойылған.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!